Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ожа Ахмет Ясауи атындаы.doc
Скачиваний:
290
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
77.82 Кб
Скачать

Ашық пікір

Міне, педагогикалық іс-тәжірибе де аяқталды.

Мен Ганишева Севара Хамидуллақызы, ІІ курс студенттерімен қоштасамын.

Менің ойымша, студенттермен жұмыс жасау, яғни оларға білім және тәрбие беру, өмірде әркімнің қолынан келе бермейтін батырлық. Колледжде мұғалім болып жұмыс істеу ең қиын әрі қызық мамандықтардың бірі деп ойлаймын.

Маған ұнағаны, колледждегі іс-тәжірибе жетекшім болған Жәнібекова Ардақ апайымның студенттерге сабақ беру методикасы, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыра білуі, студенттерге білім бере отырып тәрбиелеуі.

Қиын болған сәттер, математика пәнінен студенттердің сұрағына жауап бере алмай қалам ба, сабақты өзім түсініп тұрған болсам да студенттерге түсіндіре алмай қалам ба деген қорқыныштар болғаны рас. Бірақ өзіме болған сенімділікті жоғалтпауға тырыстым.

Мен өз мүмкіншілігім мен қабілетімді тексере отырып, яғни университетте алған теориялық білімдерімді іс-тәжірибеде жан-жақты пайдалана алдым деп ойлаймын. ІІ курс студенттерінің еңбек, қоғамдық, саяси іздену қабілетерін арттыру үшін әр түрлі педагогикалық әдістерді қолдандым.

Математика – ғылымдар патшасы. Математика – қиын әрі қызықты ғылым. Сондықтан да математикалық білімдерімді әлі де болса нығайту керек.

Болашақ ұстаз ретінде мектептерде оқулықтардың жеткілікті болуын және де оқулықтардағы материалдардан басқа да материалдарды пайдалану қажеттілігі туып отыр деп ойлаймын. Қазіргі таңда барлық мектептерде интернет желісіне қосыла алатындай жағдай жасалған. Интернеттен, математикалық газет-журналдардан қызықты есептерді тауып, олардың шығарылу жолдарын оқушыларға оңай әрі түсінікті тілде жеткізу керек. Мектептерде компьютерлер санын көбейтіп, оқушылардың компьютермен жұмыс жасауына жағдай жасау қажет. Мектептерде мультимедиялық кабинеттер санын арттырып, электронды оқулықтарды қолдану қажет.

Ашық пікір

Міне, педагогикалық іс-тәжірибе де аяқталды.

Мен Мұхаметжанова Дильфуза Раушанханқызы, 9-«A» сынып оқушыларымен қоштасамын.

Менің ойымша, оқушылармен жұмыс жасау, яғни оларға білім және тәрбие беру, өмірде әркімнің қолынан келе бермейтін батырлық. Мектепте мұғалім болып жұмыс істеу ең қиын әрі қызық мамандықтардың бірі деп ойлаймын.

Маған ұнағаны, мектептегі іс-тәжірибе жетекшім болған Өтетілеуова Алтын апайымның оқушыларға сабақ беру методикасы, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білуі, оқушыларға білім бере отырып тәрбиелеуі.

Қиын болған сәттер, математика пәнінен оқушылардың сұрағына жауап бере алмай қалам ба, сабақты өзім түсініп тұрған болсам да оқушыларға түсіндіре алмай қалам ба деген қорқыныштар болғаны рас. Бірақ өзіме болған сенімділікті жоғалтпауға тырыстым.

Мен өз мүмкіншілігім мен қабілетімді тексере отырып, яғни университетте алған теориялық білімдерімді іс-тәжірибеде жан-жақты пайдалана алдым деп ойлаймын. 9-«A» сыныбында оқушылардың еңбек, қоғамдық, саяси іздену қабілетерін арттыру үшін әр түрлі педагогикалық әдістерді қолдандым.