Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

амиева Г.Б.-Ежелгі дн.тар.-1-150-сратар

.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
99.73 Кб
Скачать

<question>Б.э.д. II ғ. аяғына таман император қазынасы соғыс шығынын өтей алмады. Сондықтан, қосымша табыс көзін табу үшін У-ди б.э.д. 120 ж. ұсыныс қабылдайды. Қандай?

<variant>Тұз өндіру және темір қару-жарақтар өндірісіне мемлекеттік монополия енгізу туралы

<variant>Жаңа сауда жолдарын иемдену

<variant>Құл саудасын өрістету

<variant>Сыртқы сауданы кеңейту

<variant>Көрші елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату

<question>Хань дәуірінде шонжарлардың қанша рангісі болды?

<variant>20

<variant>50

<variant>30

<variant>15

<variant>10

<question>«Қызыл қастылар» көтерілісі қай жылы болды?

<variant>Б.э. 18 ж

<variant>Б.э. 9 ж

<variant>Б.э. 14 ж

<variant>Б.э. 22 ж

<variant>Б.э. 23 ж

<question>Кейінгі немесе Шығыс Хань әулетінің бірінші императоры:

<variant>Гуан У-ди (Лю Сю)

<variant>Гао-Цзу (Лю Бан)

<variant>Цинь Шихуан (Ин Чжэн)

<variant>Лю Сюань

<variant>Лин-ди

<question>Гуан У-дидің ел басқару мерзімі қандай шараларымен ерекшеленді?

<variant>Империядағы құлдардың санын азайтуға бағытталған шаралар

<variant>Көтеріліске шыққандарға қарсы қолданған жазаларымен

<variant>Өлшем мен салмақты бір жүйеге келтіру

<variant>Армияны қайта жасақтауға бағытталған шаралар

<variant>Экономиканы дамытуға бағытталған шараларымен

<question>Хань дәуірінің көрнекті саясаткерлерінің бірі:

<variant>Бань Чао

<variant>Лю Сюань

<variant>Фань Чун

<variant>Цуй Ши

<variant>Чжан Цзяо

<question>Б.э. 2 ғ. Хань империясындағы халықтың жалпы саны:

<variant>60 млн-ға жуық

<variant>2 млн-ға жуық

<variant>25 млн-ға жуық

<variant>30 млн-ға жуық

<variant>80 млн-ға жуық

<question>«Сары орамалдылар» көтерілісін басқарушы:

<variant>Чжан Цзяо

<variant>Фань Чун

<variant>Дун Чжо

<variant>Юань Шао

<variant>Лин-ди

<question>«Сары орамалдылар» көтерілісіне қатынасушылар неліктен сары түсті таңдап алды?

<variant>Ұлы тыныштықтың жаңа эрасының рәмізі (символы)

<variant>Өздерін император әскерінен ажырату үшін

<variant>Кездейсоқ таңдап алынылды

<variant>Бақытты түс деп есептеді

<variant>Көтеріліс басшысының таңдауы болды

<question>Б.э.д. ІҮ ғ. Цинь патшалығында маңызды реформалар жүргізіледі. Авторы кім?

<variant>Шан Ян

<variant>Хаммурапи

<variant>Дарий І

<variant>Астиаг

<variant>Эхнатон

<question>Хань әулетінің негізін салушы:

<variant>Лю Бан

<variant>Цинь Шихуанди

<variant>Ван Ман

<variant>Эхнатон

<variant>Дарий

<question>«Қызыл қастылар» көтерілісінің нәтижесінде:

<variant>Кіші Хань әулеті билікке келді

<variant>Қытай үш патшалыққа бөлініп кетті

<variant>Үлкен Хань әулеті билікке келді

<variant>Цинь империясы құлады

<variant>Чжоу әулеті құлады

<question>Карфагеннің Африкадан тысқары алғашқы отары:

<variant>Эбес

<variant>Утика

<variant>Гадес

<variant>Тир

<variant>Тартесс

<question>Сицилияны жаулап алудағы сәтсіздіктерден кейін Карфаген сыртқы саясаттағы бағытын қайда ауыстырды?

<variant>Солтүстік Африкаға

<variant>Оңтүстік Азияға

<variant>Орталық Италияға

<variant>Кіші Азияға

<variant>Испанияның оңтүстігіне

<question>Б.э.д. V-IV ғ.ғ Карфаген:

<variant>Жерорта теңізіндегі делдалдық сауданың ең ірі орталығы болды

<variant>Экономикалық құлдырау жолына түсті

<variant>Таяу Шығыстағы жағдайдың өзгеруін тиімді пайдаланып, Парсы державасымен байланыс орнатты

<variant>Сицилия, Сардиния, Корсика аралдарында белсенді саясат жүргізе бастады

<variant>Этрускілермен одақтасып, өзара ықпал аймағын бөлісе бастады

<question>Криттегі сарайлық өркениеттер дәуірі неше кезеңге бөлінеді?

<variant>2 кезеңге

<variant>3 кезеңге

<variant>5 кезеңге

<variant>7 кезеңге

<variant>9 кезеңге

<question>Криттегі «жаңа сарайлар» дәуірі қай жылдарды қамтиды?

<variant>Б.э.д. 1700-1400 ж.ж

<variant>Б.э.д. 2000-1700 ж.ж

<variant>Б.э.д. 2000-1600 ж.ж

<variant>Б.э.д. 1900-1700 ж.ж

<variant>Б.э.д. 1700-1300 ж.ж

<question>Ежелгі Грекие тарихын неше үлкен кезеңге бөлуге болады?

<variant>3 үлкен кезеңге

<variant>2 үлкен кезеңге

<variant>4 үлкен кезеңге

<variant>5 үлкен кезеңге

<variant>6 үлкен кезеңге

<question>Микен мәдениетінің ең ерте ескерткіштері:

<variant>Шахталы молалар

<variant>«Минойлық вазалар»

<variant>Кірпішті үйлер

<variant>Пилос сарайы

<variant>Қорғаныс құрылыстары

<question>Микены өркениетінің гүлденген мезгілі:

<variant>Б.э.д. ХҮ-ХІІІ ғ.ғ

<variant>Б.э.д. ХҮІІ-ХҮІ ғ.ғ

<variant>Б.э.д. ХҮІ-ХҮ ғ.ғ

<variant>Б.э.д. ХҮ-ХІІ ғ.ғ

<variant>Б.э.д. ХІІІ-ХІ ғ.ғ

<question>Трояға қарсы жорықтың басында тұрған Микены патшасы:

<variant>Агамемнон

<variant>Кир

<variant>Камбиз

<variant>Дарий

<variant>Агесилай

<question>Б.эд. ІІ м.ж. ортасында Грекиенің жекелеген орталықтарының дамуында елеулі роль атқарған:

<variant>Теңіздің игерілуі

<variant>Өзен суларының көбеюі

<variant>Құнарлы жазықтықтардың болуы

<variant>Кен рудаларын игеру

<variant>Батпақтардың құрғатылуы

<question>Ежелгі Грекие тұрғындарының өмірінде басты роль атқарған теңіз:

<variant>Эгей теңізі

<variant>Қара теңіз

<variant>Жерорта теңізі

<variant>Адриат теңізі

<variant>Қызыл теңіз

<question>Ежелгі Грекие тарихындағы ерте немесе үлкен тирания кезеңі:

<variant>Б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғ.ғ

<variant>Б.э.д. ҮІІ-Ү ғ.ғ

<variant>Б.э.д. ҮІ-Ү ғ.ғ

<variant>Б.э.д. ҮІ-ІҮ ғ.ғ

<variant>Б.э.д. Ү-ІҮ ғ.ғ

<question>Ежелгі Грекиеде кез-келген полистегі өкімет билігін күшпен басып алып, өз ықпалына басқарушы органдарды бағындарған адам қалай аталды?

<variant>Тиран

<variant>Олигарх

<variant>Монарх

<variant>Демократ

<variant>Ақсүйек (аристократ)

<question>24 таңбадан тұратын ежелгі грек жазуының алфавиттік жүйесі қашан пайда болды?

<variant>Б.э.д. ІХ-ҮІІІ ғ.ғ. аралығында

<variant>Б.э.д. ІХ-ҮІ ғ.ғ. аралығында

<variant>Б.э.д. ҮІІІ-ҮІІ ғ.ғ. аралығында

<variant>Б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғ.ғ. аралығында

<variant>Б.э.д. ҮІ-ІҮ ғ.ғ. аралығында

<question>Б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғ.ғ. аралығында грек мәдениетінде қандай өзгеріс пайда болды?

<variant>Грек әдебиеті туындады

<variant>А тізбелік жазуы пайда болды

<variant>Грек алфавиті пайда болды

<variant>Математика ғылымының бастауы

<variant>Діни ғимараттар тұрғызыла бастады

<question>Пелопоннес Грекиенің қай бөлігінде орналасқан?

<variant>Оңтүстік

<variant>Солтүстік

<variant>Орталық

<variant>Шығыс

<variant>Батыс

<question>Аттика Грекиенің қай бөлігінде орналасқан?

<variant>Орталық

<variant>Солтүстік

<variant>Оңтүстік

<variant>Шығыс

<variant>Батыс

<question>Периэктер деген қандай мағынаны білдіреді?

<variant>«Төңірегінде тұрушылар»

<variant>«Құлдыққа сатылғандар»

<variant>«Азат етілгендер»

<variant>«Борышкерлік кіріптарлық»

<variant>«Саудамен айналысушылар»

<question>Ойкос дегеніміз не?

<variant>Оқшау шаруашылықпен өмір сүруші патриархалдық моногамалы жанұя

<variant>Гомер дәуіріндегі ең көп үлесті бай адамдар

<variant>Жерсіз шаруалар қауымдастығы

<variant>Ру шонжарларының шағын тобы

<variant>Патшалар шаруашылығы

<question>Поликлер дегеніміз кімдер?

<variant>Гомер дәуіріндегі көп үлесті бай адамдар

<variant>Шаруалардың аталуы

<variant>Ру шонжарларының аталуы

<variant>Құлдардың аталуы

<variant>Тайпа көсемдері

<question>Ариста немесе агата,- деп Гомер кімдерді атады?

<variant>Ру шонжарларының үстемдік жүргізуші бөлігін

<variant>Көп үлесті бай адамдарды

<variant>Шаруаларды

<variant>Тайпа көсемдерін

<variant>Патшаларды

<question>Герусия дегеніміз не?

<variant>Спартадағы ақсақалдар кеңесінің аталуы

<variant>Афиныдағы халық жиналысының аталуы

<variant>Спартадағы халық жиналысының аталуы

<variant>Афиныдағы ақсақалдар кеңесінің аталуы

<variant>Беотиядағы халық жиналысының аталуы

<question>Эвпатридтер дегеніміз кімдер?

<variant>Афины қоғамындағы ру шонжарлары

<variant>Афиныдағы егіншілер

<variant>Афиныдағы қолөнершілер

<variant>Афиныдағы тайпа көсемдері

<variant>Афиныдағы еріксіздер

<question>Геоморлар дегеніміз кімдер?

<variant>Афиныдағы егіншілер

<variant>Афины қоғамындағы ру шонжарлары

<variant>Афиныдағы қолөнершілер

<variant>Афиныдағы тайпа көсемдері

<variant>Афиныдағы еріксіздер

<question>Демиургтар дегеніміз кімдер?

<variant>Афиныдағы қолөнершілер

<variant>Афины қоғамындағы ру шонжарлары

<variant>Афиныдағы егіншілер

<variant>Афиныдағы тайпа көсемдері

<variant>Афиныдағы еріксіздер

<question>Басилейлер дегініміз кімдер?

<variant>Афиныдағы тайпа көсемдері

<variant>Афины қоғамындағы ру шонжарлары

<variant>Афиныдағы егіншілер

<variant>Афиныдағы қолөнершілер

<variant>Афиныдағы еріксіздер

<question>Леонид дегеніміз кім?

<variant>300 спартандықтың басында тұрған патша

<variant>Афины демократиясының негізін салушы

<variant>Марафон жазықтығындағы шайқаста грек әскерлерін бастаушы

<variant>Бірінші Афины теңіз одағын ұйымдастырушы

<variant>Милет қалаларының көтерілісін басқарушы

<question>Б.э.д. 478-404 ж.ж. өмір сүрген одақ:

<variant>Бірінші Афины теңіз одағы

<variant>Пелопоннес одағы

<variant>Беотия одағы

<variant>Екінші Афины теңіз одағы

<variant>Аркадия одағы

<question>Демдардың азаматтарының тізіміне ілігіп, арнайы мұғалімдерден білім алып, әскери-дене тәрбиесінен өтетін жастардың тобы қалай аталады?

<variant>Эфебтар

<variant>Софронистер

<variant>Таксиархтар

<variant>Филархтар

<variant>Гиппархтар

<question>Атты әскерлердің командирлері қалай аталады?

<variant>Гиппархтар

<variant>Эфебтар

<variant>Софронистер

<variant>Таксиархтар

<variant>Филархтар

<question>Афинының неғұрлым танымал адамдарынан алынған мұғалімдер қалай аталады?

<variant>Софронистер

<variant>Эфебтар

<variant>Таксиархтар

<variant>Филархтар

<variant>Гиппархтар

<question>Неғұрлым ұсақ атты отрядтардың командирлері қалай аталады?

<variant>Филархтар

<variant>Эфебтар

<variant>Софронистер

<variant>Таксиархтар

<variant>Гиппархтар

<question>Гелиея дегеніміз не?

<variant>Афинының ең жоғары сот органы

<variant>Спартадағы халық жиналысы

<variant>Афиныдағы халық жиналысы

<variant>Спартаның ең жоғары сот органы

<variant>Спартандық тәрбие беру жүйесі

<question>Үш сатылы тәрбие беру жүйесі қай қалада таралды?

<variant>Спарта

<variant>Афины

<variant>Фивы

<variant>Милет

<variant>Мантинея

<question>Ежелгі Грекиеде демостың жағдайын нығайтқан реформаның авторы:

<variant>Солон

<variant>Писистрат

<variant>Гекатей

<variant>Гесиод

<variant>Клисфен

<question>Аттикаға демдер, триттийлер, филылар түріндегі жаңа әкімшілік бөлулер енгізген реформаны шығарған:

<variant>Клисфен

<variant>Солон

<variant>Писистрат

<variant>Гекатей

<variant>Гесиод

<question>Спартаға тиесілі құлдар қалай аталды?

<variant>Илоттар

<variant>Периэктер

<variant>Колондар

<variant>Плебейлер

<variant>Феттар

<question>Аттиканың басты қаласы:

<variant>Афины

<variant>Спарта

<variant>Фивы

<variant>Мессения

<variant>Итака

<question>Грекиенің Спарта орналасқан аумағы:

<variant>Пелопоннес

<variant>Фессалия жазықтығы

<variant>Аттика

<variant>Македония

<variant>Беотия

<question>Гректердің парсылармен күресу үшін құрған одағы:

<variant>Бірінші Афины теңіз одағы

<variant>Пелопоннес одағы

<variant>Беотия одағы

<variant>Екінші Афины теңіз одағы

<variant>Аркадия одағы

<question>Б.э.д. 490 жылы қандай оқиға болды?

<variant>Гректердің Марафон жазықтығындағы парсылармен шайқасы

<variant>Милет қалаларының парсылардың үстемдігіне қарсы көтерілісі

<variant>Парсылардың Балқан Грекиесіне қарсы бірінші жорығы

<variant>Сицилия экспедициясы басталды

<variant>Пелопоннес соғысы басталды

<question>Никий, Алкивиад және Ламах қандай оқиғаға басшылық жасады?

<variant>Сицилия экспедициясының жоғарғы қолбасшылары болды

<variant>Марафон жазықтығындағы шайқасқа басшылық жасады

<variant>Фермопиль шатқалын қорғады

<variant>Парсылардың үстемдігіне қарсы Кіші Азиялық қалалардың күресіне басшылық жасады

<variant>Грек-парсы соғысын аяқтаған бітім шартының жасалуына басшылық жасады

<question>Анталкид бітімінің қорытындысы:

<variant>Грекиенің барлық қалалары азат деп жарияланып, барлық одақтары (Пелопоннес одағынан басқа) таратылды

<variant>Пелопоннес одағы таратылды

<variant>Грек-парсы соғыстарын аяқтады

<variant>Бірінші Афины теңіз одағын таратты

<variant>Екінші Афины теңіз одағын таратты

<question>Екінші Афины теңіз одағының құрамында қанша қала болды және неше жыл өмір сүрді?

<variant>70-ке жуық қала; 23 жыл

<variant>120 қала; 50 жыл

<variant>100 қала; 45 жыл

<variant>60-тай қала; 23 жыл

<variant>60-тай қала; 20 жыл

<question>Грек трагедиясының атасы:

<variant>Эсхил

<variant>Евбун

<variant>Софокл

<variant>Фукидит

<variant>Ксенофонт

<question>Саяси комедияны шарықтау шегіне жеткізген ұлы Афины драматургі:

<variant>Аристофан

<variant>Евбун

<variant>Софокл

<variant>Фукидит

<variant>Ксенофонт

<question>Б.э.д. 337 ж. Филиптің бастамасымен Коринфте шақырылған жалпыгректік конгресстің нәтижесінде құрылған одақ:

<variant>Эллин одағы

<variant>Беотия одағы

<variant>Аркадия одағы

<variant>Делос одағы

<variant>Самос одағы

<question>Ипс түбіндегі ұрыстың нәтижесінде:

<variant>Македондық Александр диадохтарының өзара соғысы аяқталды

<variant>Филипп ІІ-ң Шығысқа жорығына бастау салынды

<variant>Македондық Александр державасы құрылды

<variant>Филипп ІІ шайқас даласында қаза тапты

<variant>Балқандық Грекиеге Македонияның үстемдігі орнады

<question>Жалпы ұзақтығы 300 жылды қамтитын Ежелгі Грекие тарихының кезеңі:

<variant>Эллинизм дәуірі

<variant>Миной өркениеті

<variant>Архаикалық кезең

<variant>Классикалық кезең

<variant>Гомер дәуірі

<question>Олимпиия ойындары кезінде Грекиеде:

<variant>Соғыс тоқтатылды

<variant>Сауда ісі тоқтатылды

<variant>Құрбандық шалды

<variant>Халыққа азық-түлік берілді

<variant>Құлдар босатылды

<question>Тұтас жүйе ретінде эллинизм дәуірін неше кезеңге бөлуге болады?

<variant>3 кезеңге

<variant>4 кезеңге

<variant>5 кезеңге

<variant>6 кезеңге

<variant>7 кезеңге

<question>Эллинистік Египетке қай әулет билік жүргізді?

<variant>Птоломейлер

<variant>Селевкидтер

<variant>Антигонидтер

<variant>Эврипонтидтер

<variant>Атталидтер

<question>Эллинистік Пергам патшалығының негізін салушы:

<variant>Атталдың ұлы, грек Филетел

<variant>Қолбасшылар Агафокл және Гиерон ІІ

<variant>Реформатор патшалар Агис және Клеомен

<variant>Селевк І Никатор

<variant>Птоломей Ү Эпифан

<question>Апеннин түбегінің ең ежелгі халқы:

<variant>Лигурлар

<variant>Италиктер

<variant>Иллириялықтар

<variant>Гректер

<variant>Этрускілер

<question>Ежелгі Римде азаматтық құқықтар үшін күрескендер:

<variant>Плебейлер

<variant>Патрицийлер

<variant>Клиенттер

<variant>Периэктер

<variant>Колондар

<question>Ежелгі Римдегі халық жиналысының аталуы:

<variant>Комиция

<variant>Сенат

<variant>Ареопаг

<variant>Герусия

<variant>Эфорат

<question>Ежелгі Римнің ертедегі тұрғындарының ұрпақтары өздерін қалай атады?

<variant>Патрицийлер

<variant>Италиандар

<variant>Латындар

<variant>Плебейлер

<variant>Римдіктер

<question>Б.э.д. Ү ғ. Римдегі плебейлердің мүддесін қорғаушылар:

<variant>Халық трибундары

<variant>Консулдар

<variant>Сенаторлар

<variant>Ақсақалдар

<variant>Абыздар

<question>«Ганнибал соғысы» Ежелгі Рим тарихындағы қай соғыстың екінші атауы?

<variant>Екінші Пуни соғысы

<variant>Бірінші Пуни соғысы

<variant>Бірінші Македон соғысы

<variant>Екінші Македон соғысы

<variant>Үшінші Пуни соғысы

<question>Ежелгі Рим қайда орналасты?

<variant>Апеннин түбегінде

<variant>Пиреней түбегінде

<variant>Балқан түбегінде

<variant>Кіші Азияда

<variant>Солтүстік Африкада

<question>Этрускілер өздерін қалай атады?

<variant>Расендар

<variant>Тускілер

<variant>Тиррендер

<variant>Тирсендер

<variant>Лигиялар

<question>Рим плебейлерінің үлкен жеңісі болған заңдар:

<variant>XII таблица заңдары

<variant>Сервий Туллий реформалары

<variant>Марк Октавий реформасы

<variant>Тиберий Гракх реформасы

<variant>Гай Гракх реформалары

<question>Ежелгі Римдегі плебейлер не үшін күресті?

<variant>Азаматтық құқықтар үшін күресті

<variant>Плебейлер құлдықтан босағысы келді

<variant>Плебейлерде жер болған жоқ

<variant>Барлық салықтан босау үшін

<variant>Әскерде қызмет жасау үшін

<question>Комиция дегеніміз не?

<variant>Халық жиналысы

<variant>Судиялардың кеңесі

<variant>Абыздар алқасы

<variant>Нобилитет жиналысы

<variant>Консулдар кеңесі

<question>Рим республикасының ең жоғарғы мемлекеттік органы:

<variant>Сенат

<variant>Магистратуралар

<variant>Курияттық комициялар

<variant>Центурияттық комициялар

<variant>Трибтер бойынша жиналыстар

<question>Бірінші Пуни соғысының себебі:

<variant>Рим мен Карфагеннің Сицилия үшін күресі

<variant>Нумидия және Карфаген арасындағы жанжал

<variant>Латын қалаларының Римнің гегемониясын құлатуға ұмтылуы

<variant>Иберияда, теңіз маңына орналасқан Сагунт қаласымен байланысты оқиғалар

<variant>Карфагеннің Италияны басып алуы

<question>Тиберий Семпроний Гракх кім болды?

<variant>Халық трибуны

<variant>Эдил

<variant>Претор

<variant>Квестор

<variant>Консул

<question>Римдік конституциялар бойынша барлық магистратуралар алқалы болды. Солардың ішінде консулдардың саны қанша?

<variant>Екі

<variant>Төрт

<variant>Он

<variant>Алты

<variant>Он бір

<question>Римдік конституциялар бойынша барлық магистратуралар алқалы болды. Солардың ішінде преторлардың саны қанша?

<variant>Екі

<variant>Төрт

<variant>Он

<variant>Алты

<variant>Он бір

<question>Римдік конституция бойынша барлық магистратуралар алқалы болды. Солардың ішінде халық трибундарының саны қанша?

<variant>Он

<variant>Төрт

<variant>Екі

<variant>Алты

<variant>Он бір

<question>Римдік конституция бойынша барлық магистратуралар алқалы болды. Солардың ішінде эдилдердің саны қанша?

<variant>Төрт

<variant>Он

<variant>Екі

<variant>Алты

<variant>Он бір

<question>Римдік конституция бойынша барлық магистратуралар алқалы болды. Солардың ішінде квесторлардың саны қанша?

<variant>Төрт

<variant>Он

<variant>Екі

<variant>Алты

<variant>Он бір

<question>Римдегі аграрлық заңдардың бастамасын салып берген кім?

<variant>Тиберий Гракх

<variant>Публий Рупилий

<variant>Публий Корнелий Сципион

<variant>Гай Гракх

<variant>Юлий Цезарь

<question>Аграрлық реформаның қарсыластарының бірі сауда – өсімқорлық топтар еді. Себебі неде?

<variant>Тиберий Гракх әрбір жер иеленушіге жерді өмірлік деп белгіледі, бұл жер сатуда қиындықтар келтіретін болды

<variant>Сыртқы саудаға нұқсан келтіретін болды

<variant>Саудагерлердің құқықтарын шектеді

<variant>Саудагерлердің жер иеліктерін мұрагерлік пайдаланудан алып тастады

<variant>Саудагерлерге салынатын салықтың мөлшерін өсіріп жіберді

<question>Тиберий Гракхтың заң жобасына қарсы шыққан халық трибуны:

<variant>Марк Октавий

<variant>Публий Корнелий Сципион

<variant>Гай Гракх

<variant>Публий Рупилий

<variant>Юлий Цезарь

<question>Тиберий Гракхтың халық трибуны қызметіне тағайындалуы:

<variant>Б.э.д. 134 жыл желтоқсанда

<variant>Б.э.д. 138 жыл

<variant>Б.э.д. 132 жыл

<variant>Б.э.д. 128 жыл

<variant>Б.э.д. 125 жыл

<question>Аграрлық комиссияның құқығын шектеген ірі әскери басшы, саяси қайраткер:

<variant>Сципион Эмилиан

<variant>Марк Октавий

<variant>Публий Корнелий Сципион

<variant>Гай Гракх

<variant>Публий Рупилий

<question>Гай Гракхтың саяси қызметі:

<variant>Б.э.д. 153-121 жыл

<variant>Б.э.д. 138 жыл

<variant>Б.э.д. 134 жыл желтоқсанда

<variant>Б.э.д. 128 жыл

<variant>Б.э.д. 125 жыл

<question>Гай Гракхқа бар көмеген аямағандардың бірі село плебсі болды. Неліктен?

<variant>Гай Гракх оларды біраз жермен қамтамасыз етіп отырды

<variant>Дәнді дақылдарды төмендетілген бағамен сату туралы заң қабылдады

<variant>Тегін нан үлестіруді қолға алды

<variant>Сауда артықшылықтарын берді

<variant>Қолөнер шеберханаларын ашуларына мүмкіндік берді

<question>Өз жағына қала халқын тарту мақсатында Гай Гракх қандай шаралар қолданды?

<variant>Дәнді дақылдарды төмендетілген бағамен сату туралы заң қабылдады

<variant>Гай Гракх оларды біраз жермен қамтамасыз етіп отырды

<variant>Тегін нан үлестіруді қолға алды

<variant>Сауда артықшылықтарын берді

<variant>Қолөнер шеберханаларын ашуларына мүмкіндік берді

<question>Гай Гракхтың басты мақсаты:

<variant>Аграрлық реформаны аяқтау

<variant>Консулдыққа өту

<variant>Жеке мемлекетін құру

<variant>Халық трибуны қызметін өмірлікке сақтап қалу