Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SSS_kaz.doc
Скачиваний:
797
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
1.84 Mб
Скачать

Практикалық жұмыс №2. Жүрек- қан тамыр жүйесінің функционалды сыналуы.

Жұмыс мақсаты: Қан айналымы функционалды жүйесінің күйінің бағасы мен зерттеу әдістерімен танысу. Функционалды сынаулар сау адамның жүрек- қан тамыр жүйесінің резервті және бейімделуші мүмкіншіліктерін (еңбек,спорт физиологиясы) және диагностика процесінде жүрек- қан тамыр жүйесінің тұйық жетіспеушілігін анықтайды.

Ортостатикалық сынау.

Әдістеме: Зерттелуші 2-3 минут көлденең күйінде жайбарақат жатады. 15 секунд ішінде оның қан тамыр соғысын санап, алынған санды 4-ке көбейтеді(1 минуттағы қан тамыр соғысы).Кротков әдісімен артериялық қысымды анықтайды. Иықтан сфигмамонометр манжетінің шншпей тұрып, зерттелушіден ақырын тұруын сұрайды. Оның бұл күйінде қан тамыр соғысын санайды (15 секунд ішінде және оны 4-ке көбейтеді) және артериялық қысымды анықтайды. Сынау қалыпты деп есептеледі, егер 10 мм сын.бағ.- нан жоғарыласа, ал минималді өзгермейді немесе 5-7 мм сын.бағ.- нан төмендесе. Жағымды белгілер деп қан тамыр соғысы қысымының үлкеюі саналады (систолалық және дистолалық қысымның айырмашылығы). Жұмыс нәтижесін хаттамаға жазып, қорытындысына баға беру.

Функционалды сынау.

Әдістеме: Отырған зерттелушіден аралығы 10 секунд болатын аралықта қан тамыр соғысы жиілігінің тұрақтылығына дейін бірнеше рет қан тамыр соғысының жиілігін анықтаймыз. Коротков әдісімен артериялық қысымды өлшейміз. Сфигмоманометрдің манжетін шешпей тұрып, зерттелушіге 30 секудте 20 рет отырып тұруын немесе 60 рет бір орында секіруін сұрайды. Күш түсіргеннен кейін зерттелуші отырып оның сол сәтте (10 секунд ішінде) қан тамыр соғысын санайды және қан қысымын анықтайды ( анықтау уақыты 40 секундтан аспауы керек ). 1-ші минуттын 50-ші секундында куш түсіруден кейін тағы да қан тамыр соғысын 10 секунд тоқтамай, бастапқы көрсеткішке келгенше өлшейді. Қан тамыр соғысы бастапқы өлшемге келгенде 3-ші рет қан қысымын өлшейді.

Нәтижелерді жазу тәртібіне мысал:

Зерттелуші Жынысы Жасы

Бастапқы көрсеткіші (күш түсіруге дейін) :

10 секунд ішіндегі қан тамыр соғысының жиілігі:

Артериялық қысым:

Күш түсіруден кейін

Қан тамыр соғысының жиілігі

Бірінші минуты

Екінші минуты

Үшінші минуты

10 секундтан кейін

20секундтан кейін

30секундтан кейін

40 секундтан кейін

50 секундтан кейін

60секундтан кейін

Артериялық қысым мм сын.бағ.

Күш түсіруден кейін бірінші минуттегі қан тамыр соғысының санаудан уақыт аралығындағы кідіріс артериялық қысымды өлшеуге арналған (оған 40 секунд бөлінеді). Жағымды деп келесі көрсеткіштерді санауға болады: күш түсіруден кейін 10 секунд ішінде қан тамыр соғысының 6-7 соғысқа жиіленуі, систолалық артериялық қысымның 12-22 мм сын.бағ.-ні жоғарылап, систолалық қысымның 5-7 мм сын.бағ-ні жоғарылауы, пульстік қысымның жоғарылауы. Орташа қан тамыр соғысының реституциясының уақыты 1 минут 40 секундтан 20 минут 30 секундқа дейін, артериялық қысымның бастапқы қалпына келуі ақырындап жүреді. Әйел адамда көрсеткіштер жылжуы анығырақ байқалады. Физиологиялық күш түсіруден кейін қан тамыр соғысының қысым динамикасының жиілігін сызу.

Жұмысты қорытындылау.

3 тәжірибелік жұмыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]