- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •2013 Ж.
- •1.Тақырыбы: Жүрек оралымы және оның кезеңдік құрылымы. Жүрек соғу дыбысытарының пайда болу механизмдері. Электрокардиография. Балалардағы ерекшеліктері.
- •4. Тақытыптың негізгі сұрақтары:
- •№1 Тәжірибелік жұмыс. Жүрек ұшының серпіндісін табу
- •№2 Тәжірибелік жұмыс. Жүрек АускультацияСы
- •МысалСіздің нәтижелеріңіз
- •7.Бақылау:
- •Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік өндеулер (тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)
- •Астана, 2013ж.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Практикалық жұмыс №1. Адамның артериялық қысымын анықтау.
- •Практикалық жұмыс №2. Жүрек- қан тамыр жүйесінің функционалды сыналуы.
- •Ортостатикалық сынау.
- •Функционалды сынау.
- •«Реограф» құрылғысындағы сфигмограмма анализі
- •6. Әдебиет.
- •7.Бақылау:
- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •2013 Ж.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •№1 Тәжірибелік жұмыс. Жүрек рефлекстері.
- •№2 Тәжірибелік жұмыс.
- •№3 Тәжірибелік жұмыс. Тыныштық күйде және физикалық қысымнан кейін қан тамырлардағы перифериялық қарсыласуын есептеу.
- •6. Әдебиеттер
- •7. Бақылау:
- •Қорытынды бақылау тестілері:
|
«Астана медицина университеті» АҚ
|
Форма№ ОБ-07.1.13 | |
Шығарылған күні:31.08.2009 | |||
Қалыпты физиология кафедрасы |
Тексеріс күні:31.08.2012 | ||
Тексеріс #: |
|
Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
Физиология-2пәні 051301 «Жалпы медицина» мамандығы
Тарау:Жүрек-қантамыр жүйесі
Тәжірибелік сабақ: №1
Тақырыбы: Жүрек оралымы және оның кезеңдік құрылымы. Жүрек соғу дыбысытарының пайда болу механизмдері. Электрокардиография. Балалардағы ерекшеліктері.
Курс: 3 курс
Факультеті: Жалпы медицина
Құрастырушылар:
2013 Ж.
Кафедра отырысында талқыланған
№ 2 хаттама , 29 .08 2013 ж.
Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.
1.Тақырыбы: Жүрек оралымы және оның кезеңдік құрылымы. Жүрек соғу дыбысытарының пайда болу механизмдері. Электрокардиография. Балалардағы ерекшеліктері.
2.Мақсаты: Дені сау адамда жүрек қантамырлар жүйесінің қызметінің заңдылықтары, олардың реттелу тетіктері мен жүрек қызметінің жұмысының бұзылу жолдарын студенттерге түсіндіру.
3. Оқыту мақсаты: Жүректің қызметін реттейтін физиологиялық процестерін, балалардағыжүрек қызметтерінің негізгі тетіктерін түсіндіру. Жүрек шегін, жүрек аускультациясын, электрокардиография мен қалыпты жағдайда ЭКГ талдауын анықтауды дағдылау.
4. Тақытыптың негізгі сұрақтары:
Қантамыр жүйесінің функционалдық сипаты. Жүрек қақпашасының аппараты.
Жүрек бұлшыкетінің физиологиялық қасиеттері. Қозу, әрекет потенциалының генерациясының ерекшеліктері. Жүрек автоматиясының градиенті. Балалардағы ерекшеліктер.
Жүрек айналымы және оның фазалық құрлысы.
Систолық және минуттық қан көлемі, жүрек көрсеткіші. Балалардағы ерекшеліктер.
Жүрек қызметінің физиологиялық және клиникалық зерттеу әдістері. Шектік және жүректік соғыстары, олардың көріністері, локализация және оны анықтау әдістері.
Жүрек тондарының пайда болу тетіктері, есту орындары. Балалардағы ерекшеліктері.
Жүрек қызметінің электрикалық көріністері. Электрокардиография. Қалыпты жағдайдағы ээлектрокардиограмма.
ЭКГ-ның физиологиялық негіздері. Балалардағы ерекшеліктері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Практикалық жұмыстарды орындау : жүрек және қантамытлардың жұмысының клинико- физиологиялық зерттеу әдістері (жүрек аускультациясын, шектік соғысын анықтау), электрокардиографпен жұмыс жасау (электродтарды қою техникасы, 12 стандартты тіркелімдегі ЭКГ-мен жазып алу, қалыпты ЭКГ-ның анализі, тістердің параметрлері мен қалыпты жағдайдағы ара қашықтығы), жұмыстың қорытындысын талқылау, хаттаманы толтыру, жағдайлық есептерді шешу.