Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontr_na_kaz (1).doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
431.1 Кб
Скачать

Есеп № 14

Науқас Т, 32 жаста, аурханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Ыстық күнде егістікте ұзақ уақыт жеміс жинап жүріп, басының айналуын, ауыруын, жалпы әлсіздікті, ауызының құрғауын байқаған. Бастапқы кезде науқас өзінің жағдайына мән берместен жұмсты жалғастырған. Кейәнәрек көзгі қарауытып кұса бастаған, балтыр еттерінде қатты ауырсыну пайда болған. Соңында науқас сандырақтап есінен танған.

Тапсырма: диагнозды тұжырымдап, жедел медициналық көмек көрсету сұрақтарын шешініз.

Есеп № 15

Науқас Ф. 46 жаста, шойынбалқыту цехында шойынбалқытушы болып 20 жыл бойы жұмыс істейді. Дене қызуы 39,40 С жоғарылып, кұрғақ жөтел, жалпы әчһлсіздік, қалтырау мазалаған. Ауру осылай жедел басталған.

Қарағанда: өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыс қысқырған және осы аймақта тыныс әлсіреген, крепитация естіледі.

Науқас клиникағажатқызылды, бензилпенициллиннің натра тұзын ет ішіне енгізгеннен кейін. 4 мин өткен соң науқастың денесі қызыпинъекция жасаған аймақтың терісі қызарып, басы ауырып, тұншығу және жөтел пайда болған. АҚҚ – 85/40 мм.сын.бағ дейін төмендеген, пульс өте әлсіз.

Тапсырма: диагнозды тұжырымданыз және құрастырыңыз. Жедел медициналық көмек көрсету сұрақтарын шешіңіз.

Есеп № 16

Науқас С. 38 жаста, сирек кездесетін металдар алу өндірісінде жұмыс істейді, кадми, талли, висмут, инди металдарын балқытуға қатысады. Жұмыс барысында жоғарыда аталған металдар бу, газ және аэрозол түрінде ауаға таралуы мүмкін. Жұмыс уақытында және қорғану ережелерін сақтайды. Цехта тамақтанбайды, темекі шекпейді, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жуынып, киімін ауыстырады. 5 жылдай жұмыс істелгеннен кейін шарашғыштық, ашуландық, басының ауыруы, ұйқының бүұзылуы, тамаққа тәбетінің төмендеуі, лоқсу, құсу, үлкен дәреттің тұрақсыздығы, буындардағы ауырсыну, аяқ -қолдарының әлсіздігі, балтыр еттерінің тырысуы мазалай басталған.

Қарағанда: кірпік треморы, полиневрит белгілері, алопеция, терідегі атрофиялық өзгерістер, тырнақтардағы трофикалық зақымданулар, депрессиялық көңіл-күй анықталады.

Тапсырма: диагнозды тұжырымданыз және құрастырыны; ем тағайындаңыз.

Есеп № 17

Науқас Щ 38 жаста, 16 жыл бойы шаңмен кесуші жұмысын атқарады. Оның жұмыс орнында шаңның концентрациясы 8-10 есе бекітілген көрсеткіштен жоғары.

Медициналық тексеру кезінде құрғақ жөтелге, кейде шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Жөтел соңғы 2-3 жыл көлемінде мазалайды. Дәрігерге қаралмаған респираторлық аурумен ауырмаған. Темекі шекпейді. Қарағанда: өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыс қорап тәрізді, тыныс қатайған, кейде құрғақ сырылдар естіледі. Флюрограмма өзгеріссіз, қалыпты. Өкпенің сыртқы қызметі: ӨСҚ-90% құрайды, тиффно сынамасы 81 %. ҚЖА- қалыпты.

Тапсырма: бастапқы диагнозды анықтап, диагнозды дәлелдеуге қажетті тексеру. Жоспарын жасаңыз.

Есеп № 18

Науқас Қ. 40 жаста, құрал-жабдықтау зауытының медициналық бөліміне көмек сұрап келген.

Токарь болып жұмыс істейді 11 жыл бойы, мыс-берилий құймасынан жалын шығармайтын кесінділер дайындаумен айналысқан. Жұмыс орнындағы ауада, зауыт лабораториясының көрсеткіші бойынша берилий концентрациясы 0,001-0,003 мг/м3 құрайды. Тыныс жолдарын шаңнан сақтау құралдарын тұрақты пайдаланбаған. Бір жыл көлемінде науқасты тез шаршағыштық, әлсіздік,жүрген кезде ұстамалы құрғақ жөтел мазалайды. Респираторлық аурулардан кейін жоғарыда аталған шағымдар күшейген. Науқас темекі шекпейді. Қарағанда акрационез, салмақ жоғалту байқалады. Өкпе қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды майда көпіршікті сырылдау естіледі.

Тапсырма: бастапқы диагнозды анықтап, әрі қарай диагнозды дәлелдеу үшін тексеру жоспарын құрыңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]