Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontr_na_kaz (1).doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
431.1 Кб
Скачать

Есеп №1

Науқас 35 жаста, маляр. Еңбек стажы 10 жыл, ертінді ретінде бензолды пайдаланады. Қызыл иектің қанауына, жылына 2 рет жатырдан қан кетуге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ұртының шырышты қабығында қантамалар байқалайды, пульс -70 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм сын бағ. Көңіл-күйі құбылмалы, жылағыш, сіңір рефлекстері сақталған, жалпы гипертдроз, тұрақты қызыл дермографизм, саусақтар треморы аңықталады. ҚЖА: Нв – 66 г/л, ЭР-3,7, ТК-0,75, ЭТЖ-5, тромбоциттер-110000. Сіздің диагнозының және еңбекке қабілеттілігіне сараптама жасаныз.

1. Бензолмен уланудың жеңіл дәрежесі, еібекке жарамсыз парағы

2. Созылмалы бензолмен уланудың орташа дәрежесі; аурханада емделу, еңбекке жарамсыздық парағы, кәсіби ауру бойынша

3. Созылмалы бензолмен уланудың ауыр дәрежесі, МСЭК-ке жолдама беру қажет.

4. Верльгофа ауруы, емханада емдеу, еңбекке жарамсыздық парағы жалпы аурулар бойынша

5. Геморрагиялық васкулит, еібекке жарамсыздық парағы жалпы аурулар бойынша.

Есеп № 2

Науқас К. 35 жаста, 8 жылдан бері маляр болып жұмыс істейді, құрамында 50% бензолы бар ертіндіне қолданады. Жалпы әлсіздікке, басының ауыруына, мазасының болмауына, терісіндегі көгерудің пайда болуына, қызыл иектің қанауына, етеккірінің ұзаққа созылуына және көп қан кетуіне шаңымданады. Қарағанда: терісінде әр-түрлі көлемдегі геморрагиялар, қызыл иектің қанағыштағы аңықталады. Жүректің барлық нұктелерінде систомалық жұмсақ шуы естіледі. Бауыры 2,5 см қабырға доғасынан төмен, көк бауыр пальпацияланбайды. Бастапқы диагноздың қайсысы дұрыс:

1. Геморрагиялық васкулит, Шенлейн-Геноха ауруы

2. Верльгофа ауруы

3. Бактериалды эндокардит

4. Бензолмен уланудың орташа дәрежесі

5. Нейроциркуляторы вегетодистония

Есеп №3

Науқас С. қызыл иектің қанағыштығына, парастезияларға шағымданып ауруханаға түсті. 8 жылдан бері маляр болып жұмыс істейді. Қарағанда: шырышты қабықтарда майдаошақты қанкетулер байқалады, пульс – 70 рет минутына, АҚҚ -100/60 мм.сын.бағ. Ішкі ағзаларда көніл-күйі құбылмалы. Бас мыйы жүйкелері қалыпты. Сіңір рефлекстері қалыпты, гипергидроз, тұрақты қызыл дермографизм, қол саусақтарында тремор аңықталады. ҚЖА: Нв – 120 г/л, ЭР – 4,0, ЭТЖ – 12 мм/сағ, п- 2, с-43, э-1, б-0, л-49, мон.-5. Сіздің диагноздаңыз:

1. Жедел бензолмен уданудың орташа дәрежедегі ауырлығы

2. Созылмалы бензолмен уланудың жеңіл дәрежесі

3. Созылмалы бензолмен уланудың орташа дәрежедегі ауырлуғы

4. Созылмалы қорғасынмен уланудың орташа дәрежедегі ауырлығы

5. Созылмалы қорғасынмен уданудың жеңіл дәредесі

Есеп № 4

Кезекті медициналық тексеруде, аккумулятор зауытында жұмыс жасайтын, қорғасын пластинкасын майлаушының шектілік қан көрсеткіштері төмендегіндей: Нв – 14,8 г/л, ЭР – 4,2 *109 / л, ТК – 0,98, лейкоциттер – 5,8 * 109 /л, ретикулоциттер – 20%, базофильді дәндермен эритроциттер саны – 38%. Несептегі қорғасын 0,08 мг/л. Жұмысшыда ешқандай шаңым жоқ. Қараған кезде ішкі ағзаларда өзгеріс жоқ.

Тапсырма: бастапқы диагнозды анықтап, қосымша тексеру жоспарын құрыңыз. Қандай қосымша мәліметтер қажет.

Есеп № 5

Науқас П. 42 жаста, аккумуляторлар дайындайтын өндірісте жұмыс істейді. Жедел жәрдем машинасымен ауруханаға, іш аймағындағы өте қатты ауырсынумен жеткізілген. Анамнезінде: аккумулятор зауытына жұмысқа орналасқанңһға дейін 12 елі ішектің ойық-жара ауруымен ауырған. Соңғы 20 жыл аралығында аурудың әртуі байқалмағандығы, гастрологиялық зерттеулермен дәлелденеген.

Ауруханаға түскен кезде іш аймағындағы толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: іші тартылған, пальпация кезінде іштің ортаңғы және төменгі бөліктерінде, кіндік айналасында қатты ауырсыну анықтылады. Ауырсынуға дейін ауыздағы жағымсыз дәм, лоқсу, сілкейдің ағуы, ұйқысыздық, іштің қатуы мазалаған. Ішті айдайтын дәрілерді қолданған, бірақ үлкен дәретке бірнеше күн бойы отыра алмаған. Өкпеде перкуторлық дыбыс өзгермеген, тынысы везикулырлы, жүрек шекаралары өзгеріссіз, жүрек тондары анық, таза. АҚҚ – 180/90 мм. Сын. Бағ. ҚЖА: Нв- 110 г/л, ретикулоциттер саны 40 %, ЭР – 4,1*1012 /л, базофильді дәнесшіктермен эритроциттер саны 66 %, ЭТЖ 11 мм/сағ.

Тапсырма: диагнозды тұжырымданыз және құрастырыныз. Қосымша диагностикалық зерттеулер қажет пе. Егер қажет болса, қандай. Ем тағайынданыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]