Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

6.6 Орындық - арбамен тасымалдау

Кейбір жағдайда науқасты бөлімге орындық-арбамен тасымалдау пайдалы. Науқасты бұл әдіспен тасымалдау  – жайлы және ыңғайлы. Көбіне арнайы орындық-арбамен әлсіреген науқастарды, егде және қария жастағы науқастарды тасымалдайды. Мысалы, науқасты жатқан қалпында тасымалдау және өз бетінше жүру қарсы көрсеткіш болып табылса тасымалдауды орындық-арбамен жүзеге асырады (бронх демікпесі, өкпе ісінуі) (сурет 19).

reton-n.ru

Сурет 19.

Науқастарды тасымалдауға арналған орындық-арба

Қауіпсіздік мақсатында орындық-арбаның дұрыстығын тексеріп, науқасқа орындық-арбаға отырудың тәсілін түсіндіру керек.

Орындық-арбаға науқасты отырғызу реттілігі

Кереуетте науқасты отыруына көмектесу қажет. Науқастың халатын, шәркейін дайындап, киінуіне көмектесу.

  • Орындық-арбаны науқастың физикалық күшінің көптеу жағына кереуетке аздаған бұрышпен қойяды. Орындық-арбаның шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін алып тастап, тежеуіштерді бекіту керек.

  • Науқас тасымалдауға дайын болғанда, оның бөксесі кереует жиегіне таянуы керек, себебі ауыстырғанды тепе-теңдікті сақтау мақсатында. Науқас аяқтары еденде тұрып, өкшелері қозғалыс жағына қарай бағытталуы керек. Бұл отыруға ыңғайланған науқас денесін бұрған кезде аяқтарының шатаспауына әкеледі.

  • Медқызметкер орындықтан алыс тұрған аяғын науқас тізелері арасына, ал екіншісін қозғалыс бағыты бойынша қояды. Құрсақ және бөксе бұлшықеттерін күштеп, тізелерін бүгіп, арқаны тік ұстауы керек.

  • Науқасқа жақын тұру қажет. Науқасты "3" реттік саны айтылғанда тұруы керектігін ескертеміз. Әрбір реттік санда науқас алдыға немесе артқа шайқалып тұруға серпін алады, "3" реттік саны айтылғанда тасымалдаушы науқасты өзіне қысып және арқасын тік ұстап науқасты көтеруі керек.

  • Әрі қарай медқызметкер науқас денесімен бірге бұрылып, науқас санының артқы беткейі орындық жиегін сезінгенше ұстайды.

  • Абайлап науқасты орындыққа отырғызады. Бұл үшін тізелерді бүгіп, арқаны тік ұстау керек. Науқас орындыққа отырған соң шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін орнына қойып, науқас аяқтарын аяқ тіреуішке орналастырады.

  • Тасымалдауды жүзеге асырамыз.

  • Егер науқас қозғала алмаса, ауыстыруға екі немесе одан көп адам қатысады (сурет 20).

y-ra.com

ppt4web.ru

Сурет 20.

Науқасты кереуеттен орындық-арбаға отырғызу

6.7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері

Медициналық мекемелерде науқасты тасымалдауды жеңілдету үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады: балдақтар, ит арба, таяқ және қолдаушы белдемелер.

Ит арба қозғалыс координациясын жақсартады, тепе-теңдікті сақтайды және аяқтарына жүктемені азайтады. Ит арбаның адымдаушы және адымдаушысыз моделдері бар. Адымдаушысыз модель - қатты конструкция болып келеді, бір бүтін әсер етеді. Адымдаушы моделдер түтікті, яғни ит арбаның оң жағымен сол жағын бекітеді, шарнирлері бар, ол арқылы науқас алдыға қарай қозғалғанда сүйенеді.

Ит арбаның биіктігі науқас бойымен түзетіледі. Науқас қолдары, ит арбаның ұстағышында жатады, шынтақ 20 дан 30°- қа дейін бүгіледі. Науқастар тұрақты, жақсы таңдалған аяқ киім киюі керек. Барлық ит арбалар сатымен көтеріліп немесе түскенде қауіпсіз емес. Сонымен қатар, ол абажадай және қолайсыз, есіктерге сыймай тіреліп қалуы мүмкін (сурет 21).

vitaly.in.ua

lit.convdocs.org

а б

Сурет 21.

Ит арба көмегімен қозғалу

а – дөңгелейтін, б – қозғайтын

Қозғалыстағы әлсіреген немесе координациясы бұзылған науқастарды құлап қалудан сақтау үшін сенімді бекіту мақсатында көмекші жалпақ мықты белдемені қолдана алады, ол науқасқа киім сыртынан киіледі және құлыппен бекітіледі (сурет 22).

Науқас қозғалғанда бір қолымен көмекшінің мойынынан ұстайды, ал көмекші науқасты бір немесе екі қолымен белдемеден ұстайды. Мұндай белдеме көмекшіге науқасты қозғалтқанда аз күш жұмсауға және дұрыс бақылауды жүзеге асырауға әсер етеді.

Науқастарды тасымалдайтын заттар болмаса, басқа да әдістерді қоладнуға болады. Науқасты тасымалдайтын әдіс жарақат сипатына және ауырлығына, зардап шегушінің салмағына, көмек көрсетуші адамдардың санына және олардың физикалық қабілеттіліктеріне, қолда бар заттардың барлығына сәйкес болады. Маман емес адамдардың зардап шегушілерді тасымалдауы, тек дәрігерлер мен құтқарушылардың келген уақытына дейін науқасқа төніп тұрған қауіпті алдын алу кезінде қолданылады.

www.pomocedlaseniora.pl

sklep.poradnia.pl

Сурет 22.

Қолдаушы белдемелер

Алыс қашықтыққа науқастарды тасымалдауы иықбау қолдану арқылы жеңілдетіледі, бұл қол басына жүктемені азайтады.

Науқасты иықбау көмегімен тасымалдау

Бір тасымалдаушы иықбау арқылы науқасты тасымалдай алады, иықбау сегіздік немесе соңымен қосылады. Тасымалдаушы иықбауды өз бойымен өлшеп, науқас аяғына кигізеді де оны сау бүйіріне жатқызады, науқасқа арқасымен тығыз қысып ұстайды да иықбауды өзіне кигізеді, иықбау кеуде қуысына айқасып келуі керек. Осыдан кейін төрт аяқтап тұрып, бірінші бір тізесін содан кейін бар бойына баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушының иығынан ұстайды. Доға болып бүктелген иықбауды өз бойына шақтау қажет. Иықбауды екі қолының бас бармағына іліп алып, шынтақ буынын тік бұрышпен бүгеміз (сурет 23).

dic.academic.ru

Сурет 23.

Иықбау көмегімен науқасты тасымалдау:

а — иықбауды дайындау; б — иықбауды кию; в — иықбаудың және алдыңғы тасымалдаушының қолының қалпы; г — иықбаудың және артқы тасымалдаушының қолының қалпы; д — бір тасымалдаушының тасымалдауы; е — екі тасымалдаушымен тасымалдау.

Науқас иықбауын дұрыстап, сау бүйіріне жатқызады, тасымалдаушы иықбаусоңымен қосылып, бір жақ жартысы бөксе астына, ал екінші жартысы қолтық астына беріледі — арқада; иықбаудың бос ұшы жерде жатуы қажет. Осылайша науқас бүйірлеріне тұзақ құрылып, оған тасымалдаушы өз қолдарын өткізеді де иықбауды өз иығына тартады, содан кейін науқасты арқасына салып баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушыға тартылған иықбауда отырады.

Екі тасымалдаушы болғанда науқасты иықбауды сегіздік ретінде қолданып тасымалдайды. Иықбауды айқастыра тағып, оның деңгейі жамбас-сан буынына сәйкес келуі керек, ал иықбау ұштары тұзақ ретінде біреуінің оң жақ, екіншінің сол жақ иығы арқылы өтуі керек. Тасымалдаушылар науқасқа артқы жағынан келіп, бір – біріне бетімен қарап бір тізелеріне отырады (біреуі оң жағына, екіншісі сол жағына), науқасты көтеріп, қосылған тізелеріне отырғызады да иықбауды науқас бөксе астына өткізіп, аяқтарына көтеріледі.

Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау иықпен, қолмен немесе арқамен жүзеге асырылады. Алыс емес қашықтыққа науқасты тасымалдау үшін тасымалдаушы бір тізесіне отырып, бір қолымен науқастыңбөксе астынан, келесі қолымен жауырын астынан ұстайды; науқас тасымалдаушы мойынынан ұстап алады.  Тасымалдаушытұрып, тасымалдайды. Бұл жағдайда күш қолға және кеуде қуысына түседі (сурет24 а).

dic.academic.ru

Сурет 24.

Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау:

а — қолмен; б — арқада; в — иықта.

Алыс қашықтыққа науқасты тасымалдау арқаға салу арқылы жүргізіледі. Науқас биіктеу жерге орналасып, тасымалдаушы бір тізеге төмендеп арқасымен науқас аяқтарының арасына қарап тұрады да сандарынан ұстап көтеріледі, науқас тасымалдаушының кеудесінен ұстайды (сурет 24 б).

Ессіз жатқан науқасты қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда иыққа салу арқылы тасымалдайды (сурет 45).

Науқасты екі тасымалдаушының қолдары арқылы тасымалдауы

Тасымалдау екі әдіспен жүзеге асады: 

  1. Бір тасымалдаушы науқастың кеуде жағын көтеріп, білегін шынтақта бүгіп оның денесін құшақтап білектерінен «маймыл тәсілмен» ұстайды, ал екіншісі науқас аяқтарының арасына арқасымен тұрып тізе буынынан төмен көтереді. Осыдан кейін екеуі де тіктеліп науқасты тасымалдайды. Аяқ-қол сынықтарында және омыртқа зақымдалғанда бұл амалды қолданбайды (сурет 25 а). 

dic.academic.ru

а б в

Сурет 25

Науқасты екі тасымалдаушымен тасымалдауы

а — «бірінің артынан бірі» әдісі; б — үш қолдан «құлып» әдісі;

в — төрт қолдан «құлып» әдісі

  1. Тасымалдаудың ең тиімді әдісі «қол құлпы» болып саналады. Бұл әдіс науқастың есі бар және құтқарушылар мойнынан ұстай алатын жағдайында қолданылады. Бос қолдарымен науқасты ұстай отырып тасымалдаушылар қозғала алады (сурет 26 б).

“Құлыппен”- тасымалдау екі қолдан орындық жасау арқылы жүзеге асырылады (сурет 26).

pda.mchsmedia.ru

Сурет 26.

«Қол құлпы»:

1 — үш қолдан «құлып» әдісі; 2 — төрт қолдан «құлып» әдісі

”Құлыпты” төрт қолды байланыстыру арқылы жасайды; ол үшін ір тасымалдаушы оң қолдарымен қздерінің сол қолдарын ұстайды (қол басынан), ал сол қолымен – келесі тасымалдаушының оң қолын ұстайды (қол басынан). Егер науқас аз салмақта немесе тасымалдауда қолдау қажет болса, онда “құлып” екі қолмен жасалады (бір қол біріншінің, екіншісі екіншінің) немесе үш қолдан (тасымалдаушының екі қолы және келесе тасымалдаушының бір қолы).

Науқасты «бір қырымен жату» қалпымен және

«аяқтарын салбыратып отыру» қалпымен тасымалдау

(бір мейірбикемен орындалады)

Іс-шараның орындалуы:

  • Науқасқа қарама-қарсы тұру: сол қолын иық астына жіберу, оң қолын тізе астына, жоғарыдан ұстау арқылы. Аяқтарын тізеде бүгу. Еңкеймеу керек!

  • Науқастыкөтеру, аяқтарын төменге түсіру және бір уақытта 90°горизонатальді қалыпта төсегінде аудару.

  • Науқасты бір қолымен иығынан ұстап, келесімен денесінен ұстап отырғызу.

  • Науқастың тұрақты және сенімді отырғандығына көз жеткізу. Арқасына тірек қою.

  • Науқасқа шәркей кигізу, егер оның аяғы еденге тиіп тұрса немесе еденге жетпесе аяқ астына орындық қою (сурет 27).

healthworker.ru

Сурет 27.

Науқасты «бір қырымен жату»қалпымен және

«аяқтарын салбыратып отыру» қалпымен тасымалдау

«Иықпен көтеру» әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа отырғызу арқылы тасымалдау

(екі адам қатысуымен орындалады)

Іс-шараның орындалуы:

  • Орындықты кереуеттің қасына қояды

  • Науқасты ауыстырып, аяқтарын бос салбыратып отырғызады

  • Науқастың екі жағынан бетіне қарап тұру

  • Науқасқа жақын қолдарын сан астына жіберу

  • Сандарынан бөксеге қарай науқасты қолдап ұстау

  • Науқас қолтық астына иықтарын қою, ал науқас қолдарын медқызметкерлер арқасына салады

  • Бос қолды шынтақта бүгіп, кереуетке тіреу ретінде қолданып науқастың бөксе артынан көтеру

  • «3» саны реттігінде мейірбикелер тік тұрғанша тізе мен шынтақты тіктеу

  • Науқасты бос қолымен арқасынан қолдай отырып орындыққа отырғызу

  • Тіреуші орындық отырғышына және шынтақ асты тіреуішіне қолдықояды

  • Тізе мен шынтақты бүкпей науқасты орындыққа отырғызу (сурет 28).

healthworker.ru

Сурет 28

«Иықпен көтеру» әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа отырғызу арқылы тасымалдау

Кереуеттен «иықпен көтеру» әдісі (австралиялық көтеру)

(екі адам қатысуымен орындалады)

Іс-шараның орындалуы:

  • Науқасқа отыруға көмектесу: бір мейірбике науқасты қолдап, келесі бас жағына жастық қояды (немесе кереует бас жағын көтереді).

  • Екі жағынан бір-біріне бетімен қарап науқас кереуетіне жақын тұрады.

  • Мейірбикелер иықтары науқас арқасының деңгейінде, аяқтары алшақ, арқаларын тік ұстайды, аяқтарын тізе буынында бүккен, қозғалыс бағытына қарай бас жағындағы аяқтары бұрылған.

  • Науқас қолтық астына және кеудесіне иықтарын қояды. Қол басы науқас санының астына енгізеді. Науқас қолдарын мейірбикелер иығына салады.

  • Бір қолымен кереует бас жағына тіреліп (шынтақ бүгілген), келесі сан астындағы қолы көмекшінің білезігінен ұстайды екі реттік білезіктік ұстау»)

  • Науқас қасындағы аяғын тіктеу, дене салмағын келесі аяққа ауыстыру, науөасты көтеру. Треуші шынтақты жазу.

  • Науқасты төсегінен толық тұрғызу, аз арақашықтыққа ауыстыру және тағы да науқасты төсегіне аяқтарын бүгіп тұрып отырғызу

Науқасты керек қашықтыққа ауыстыру (сурет 29).

healthworker.ru

healthworker.ru

Сурет 29

Кереуеттен «иықпен көтеру» әдісі