Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

Г классты қалдықтарды құрайды:

1) емдік-диагностикалықбөлімшелері;

2) химиотерапия бөлімшелері;

3) патологиялық-анатомиялықбөлімшелері;

4) аптекалар;

5) қоймалар;

6) лабораториялар.

Гклассты қалдықтарды жинау ережелері:

  • Г кластың 2 және 3 класс улы қалдықтарын жинап, тығыз герметикалық ыдысқа, 4 класс – пластикалық қаптарға оралады.

  • Қолданылған люминесцентті лампалар, сынабы бар құралдарды сақтағанда және тасымалдағанда сынып қалмас үшін, жабық герметикалық ыдысқа жинау қажет. Люминесцентті лампалар, сынабы бар құралдарды салған ыдыстарды уақытша сақтау үшін мекемеден арнайы бөлінген бөлмеге қою қажет. Қолданылған люминесцентті лампалар, сынабы бар құралдарды қайта өңдеуге өткізу журналына есепке алу керек (демеркуризация)

Д классты қалдықтарды құрайды:

1) диагностикалық лабораторияда (бөлімшеде);

2) радиоизотопты лабораторияда және рентген кабинеттері.

Д классты қалдықтарды жинау ережелері:

  • Д класс қалдықтарын жинау, сақтау және жою Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен бекітілген №97 31 қаңтар 2003 жыл, №2198 1 наурыз 2003 жылда мемлекеттік тіркеу құқықтық акті реестрінде тіркелген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған санитарлы-гигиеналықталаптар» (№5.01.030.03) санитарлы-гигиеналық ережелері мен талаптарына сай орындалады.

5.2 Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері

Қалдықтарды тасымалдау және уақытша сақтау талаптары

А класты қалдықтар пайда болғаннан бастап, ЕСМ аймағында орналасқан контейнерге бағытталуы керек және тығыз тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылуы қажет.

  • Б, В, Г, Д класты қалдықтарды уақытша сақтауға, медициналық мекемеден жеке бөлме қарастырылуы қажет.

  • Б және В класты қалдықтарды бөлмеде уақытша сақтау 3 тәуліктен аспау керек. Биологиялық қалдықтар плюс 5°С жоғары емес температурада сақталуы керек.

  • Б және В класты қалдықтарды сақтау бөлмесі 2 –ден кем болмауы керек: қалдықтарды сақтау, екіншісі-көп рет қолданылатын ыдыстарды жууға және таза ыдысты сақтауға. Қалдықтарды сақтау бөлмесінде болуы керек: желдеткіш, биологиялық және тамақ қалдықтарын сақтауға арналған мұздатқыш, стеллаж, бөлімшеден қалдықтары бар қаптарды (пакеттер) жинауға арналған контейнерлер, ыстық және суық суы бар қол жуғыш.

  • Жууға арналған бөлмеде ыдысты жуатын сыйымды ыдыс, тараны залалсыздандыру, судың ағуына арналған трап, таза ыдыстарды сақтауға арналған стеллаждар болуы керек. Бөлменің едені, қабырғасы, төбесі жуатын және залалсыздандыратын заттарға төзімді материалдан болуы керек. Бөлме қалдықтарды шығаруға ыңғайлы жерде болуы керек. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау бөлмесі корпустан шыға беріс жерге жақын орналасуы керек, ал сатылары бөлмеден қалдықтарды алып шығатын траппен қамтамасыз етілуі керек. Әр елде аурухана қалдықтарының жиналуы 1,3 -тен 20 кг/күніне аралықта.

  • Б, В, Г және Д класты қалдықтарды ашық, медициналық бөлімшеден тыс жерлерде сақтауға болмайды.

  • Залалсыздандырылған тығыз биологиялық қалдықтар, қалдықтарды сақтайтын бөлмеге шығарылуы немесе көмуге немесе өртеуге бағытталу керек, сұйық биологиялық қалдықтар-септикке немесе канализацияға құйылады. Медицинада бір реттік қолданылатын заттары бар ҚУҚ қалдықтарды сақтайтын бөлмеге немесе өртеуге бағытталу керек.

  • Г класты қалдықтардыаша алмайтын жағдайда герметикалық контейнерде тасымалдау қажет. Қалдықтардың орамасы бұзылған жағдайда басқа орамаға салу керек, егер де қалдықтар төгіліп, шашылатын болса зақымдалған аймақты залалсыздандырады.

  • Мекеменің аумағында орналасқан контейнерлерді қою алаңының беті су өтпейтін (асфальт, бетон) қатты, автотранспорттың келуіне, артып-түсіру жұмысына ыңғайлы, емдеу корпусынан 25 метр және тамақ блогынан 100 м арақашықтықтан кем болмауы керек. Ашық алаңда 5 контейнерден артық болмауы қажет.

  • А, Б, В,класты қалдықтардымекеменің аумағынан тасымалдайтын осы жұмысты істеуге лицензиясы бар, шартқа отырған мекеменің арнайы транспортымен тасымалданады.

  • Аймақтан қалдықтарды шығару контейнердің үштен екі бөлігі толғанда немесе үш күнде бір рет шығарылуы керек.

  • Медициналық қалдықтар (А, Б, В класты қалдықтар) тығыз тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылып, арнайы қойылған пештерде немесе қондырғыларда залалсыздандырылады немесе өртейді.

Қалдықтармен жұмыс істейтін қызметкердің еңбек жағдайының санитарлы-эпидемиологиялық талаптары

  • Денсаулық сақтау қалдықтарымен, қанмен және биологиялық сұйықтықпен кірленген заттарымен жұмыс істейтін қызметкердің алдын-алу шараларын жақсы білуі керек, оны ақпараттандыру және оқыту, жұмысты дұрыс ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасын сақтау, жеке тазалықты сақтауы керек .

  • Қалдықтардың қауіпсіздік классына сай мекеменің қалдықтарды жинау, залалсыздандыру және тасымалдаумен айналысатын қызметкерлердің арнайы киімі мен жеке қорғаныс заттары (көзілдірік, қолғап, маска, респиратор, қалпақ, етік) болуы керек. Қолы қанмен және биологиялық сұйықтықпен кірленетін жұмыстарды резиналық қолғаппен істеу керек. Жұмыс кезінде қолында зақымдалулар болса, оны резиналы қолғаппен немесе лейкопластырмен жабулы болуы керек. Қан, сарысу немесе басқа биологиялық сұйықтықтың шашырау қаупінде төрт қабатты маскада және қорғаныс көзілдірікте жұмыс істеу керек.

  • Қызметкер жұмысқа алынған кезде және кезеңді түрде медициналық тексеруден өту керек.

  • Қалдықпен жұмыс істеуге жіберілген тұлға жұмысқа қабылданғанда және әр 6 ай сайын қалдықтармен қауіпсіз айналысу инструктажын өтеді, журналға инструктаж өткендігін тіркеп, қолын қою керек. Қызметкер гепатит В қарсы екпе жасату керек.

  • Жұмыс соңында санитарлық киімді жууға өткізу керек. В класты қалдықтарды жинап, залалсыздандырып, тасымалдаумен айналысатын адамның санитарлық киімін жумас бұрын, оны зарарсыздандыру қажет. Санитарлық киімді медициналық мекеменің кір жуатын бөлмесінде жуылуы қажет.

  • Қанмен және биологиялық сұйықтықпен жұмыс істейтін қызметкер арнайы киіммен, аяқ киіммен жұмыс істеуі қажет және арнайы киіммен жұмыс бөлмесінен тыс жерге шығуға болмайды. Үй киімін және арнайы киімді бөлек шкафқа салып, кезеңді түрде залалсыздандырып отыру керек. Қызметкерге жұмыс бөлмесінде тамақ ішіп, темекі тартуға болмайды.

  • Қалдықты жинауға арналған көп қолданылатын ыдысты алдымен залалсыздандырып, сосын жуып- шаюды резина қолғаппен және алжапқышпен жүргізу қажет.

  1. Пациент және қызметкер үшін қауіпсіз орта