Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора_казяз_тексты.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
33.6 Кб
Скачать

Ақпарат және информатика

Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында, біздің қоғамымыздың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі –елдің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру –деп айтылған. Қоғамды ақпараттандыру өндірісті түбірімен жаңа бағытта өзгертуге, білім мен ғылымды дамытуға мүмкіндік береді, сонымен бірге бүкіл әлемде шексіз ақпараттық кеңістікті қалыптастырады. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамуы және жаһандық жүйе – Интернет үкіметтің және халық шаруашылығының барлық салалары қызметінің айтарлықтай тиімді жұмыс істеуіне әсер етеді. Компьютерді және ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысы қазіргі заманға аса қажет. Осыған орай, Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендетудің Бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда халықтың компьютерлік және Интернет желісін пайдалану сауаттылығын 20% жеткізу. Бағдарламаны жүзеге асыру жоспарлы шараларды орындау арқылы іске асырылады. Атап айтқанда, жергілікті атқару ұйымдарындағы қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдардағы жұмыскерлерді және жұмыссыздарды, әскери қызметтегілерді және басқа да санаттағы азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуді ұйымдастыру. Бұл дегеніміз қоғамымыздағы кез келген адам дербес компьютердің не екенін, барлық амалдық жүйелерді пайдалануды, жаһандық жүйе-Интернетті пайдалана білетіндей болуы керек.

Информатика

Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз Информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну үрдістерін зерттеумен қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, өндіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі. Информатика ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында француз тілінде ( Information – ақпарат және automaticoque – автоматика) қоғамда ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайда болды. Ақпараттарды жинақтаудан бастап, нәтиже алуға дейінгі процестерді адамның қатысуынсыз, алдын ала жасалған бағдарлама көмегімен өңдейтін процесті ақпараттарды автоматты түрде өңдеу деп атайды. Информатика: - ақпарат жинау, сақтау, жіберу,өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты – техникалық; - ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін – семантикалық; - ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – семантикалық; - ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматтандыру мәселелерін шешуді зерттейді. Информатиканың қалыптасуы мен дамуында ғылыми-техникалық даму басты бағыттарының бірі болып табылады. Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағыттарын қамтитын ғылыми-техникалық пәндер кешені: кибернетика, жасанды интеллект, қоғамдағы информатика, теориялық информатика, ақпараттық жүйелер, бағдарламалау, есептеуіш техника, табиғаттағы информатика.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]