Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора_казяз_тексты.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
33.6 Кб
Скачать

Ақпаратты қорғау және бақылау

Ақпараттық жүйенің тиімділігі ондағы өңделінетін ақпараттың қауіпсіздігімен (қорғалғандығымен) байланысты. Себебі кез келген мемлекеттік органның, кәсіпорынның, мекеменің, жеке адамның қызметінде жасыратын құпия мәліметтері немесе деректері болады. Олардың жария болуы мемлекет қауіпсіздігіне, кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы-экономикалық жағдайына, жеке адамдардың жұмысына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Әрбір мемлекеттің ақпаратты қорғау туралы заңдары қабылданған. Мысалы, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңының жаңа редакциясы 2007 жылдың қаңтар айының 11- жұлдызында қабылданған. Ақпараттың қауіпсіздігі дегеніміз оған амалдар орындалғанда немесе оны қабылдағанда, өңдегенде, сақтағанда, беріліс кезінде және пайдаланғанда әртүрлі қауіп-қатерден қорғалғандығы. Есептеу техникасында қауіпсіздік туралы сөз болғанда алдымен келесі мәселелер қарастырылады: - компьютер мен оның құрылғыларының жұмысының сенімділігі; - құнды ақпараттың бұзылмай сақталынуы; - ақпаратқа рұқсатсыз өзгерістер енгізілмеуі; - электрондық байланыс кезінде құпияның сақталынуы. Қауіп-қатердің пайда болу себептері адамдардың әрекеттеріне, автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын аппараттық және программалық құралдарға, сонымен қатар сыртқы факторларға байланысты болуы мүмкін. Аталынған себептерден туатын қауіп-қатерді екі сыныпқа бөлуге болады: - қасақана емес; - қасақана. Қасақана емес қатер көбінесе табиғи апаттан және зіл-заладан, техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулық пен олардың істен шығып қалуынан, алгоритмдер мен программалардың кешендерінде жіберілген қателерден, сонымен бірге пайдаланушылар мен қызмет етуші адамдардың қатесінен болуы мүмкін. Табиғи апат пен аварияға өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б. жатады. Осылардың себептерінің нәтижесінде ақпарат сақтаушы құрылғылардың бұзылуына немесе жойылуына келтіріледі. Техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулықтар немесе кейде олардың мүлдем жұмыс істемей қалуы ЭЕМ-нің аппараттық құралдарының бұзылуы мен жаңылуынан, электр тогының немесе кәбелдің үзілуінен және т.б. себептерден болуы мүмкін. Осындай себептер программалар мен деректердің жойылуына, құрылғылардың жұмыс істеу алгоритмдерінің бұзылуына, сонымен бірге ақпараттың құпия болмауына (конфиденциалдығының бұзылғандығына) келтіреді. Алгоритмдер мен программаларда жіберілген қателер де осыған келтіруі мүмкін. Ал қауіпсіздікке ең көп нұқсан келтіретін себептер – пайдаланушылар мен қызмет етуші адамдардың жіберетін қателері. Қасақана емес қатерлердің алдын алу үшін қазіргі кездегі аппараттық және программалық құралдар мен автоматтандырылған жүйелерді тиімді пайдалану, ақпараттың көшірмелерін жасау сияқты іс-шаралар қолданылады.

Информация және оны таратудың халық шаруашылығындағы орны

Соңғы жылдарда информация, оны өңдеп, сұрыптау және тарату туралы көптеген еңбектер жазылған. Оның себебі шаруашылықты басқару саласындағы информацияның алатын орнының ерекшелігінде болып отыр. Өйткені, ғылыми-техникалық революция ғылымда және басқа салаларда, оның ішінде халық шаруашылығын басқару информация тасқынының күрт өсуін талап етіп отыр. Оны «информациялық жарылыс» деп атайды. Информациялық жарылыстың негізі тек қана информацияның көлемінің көбеюінде ғана емес, оны өңдеп, сұрыптаудың және таратып жеткізудің күрделілігінде болып отыр. Өзімізді қоршаған айналаны сезу түрі мен олардың өзіміздің саламызда сақтау белгілерін информация деп атаймыз. Өмірде іс жүзінде кездесетін информация материалдық ортаның жағдайы, оның қасиеті, өркендеу заңы, қоғамның және оның мүшелерінің мақсаты мен соған жету әдістері туралы хабар ретінде кездеседі. Информация, оларды түрлендіру, өңдеу, бір жерден екінші жерге жеткізудің қоғам өндірісіндегі еңбек тиімділігін арттырудағы маңызы өте зор. Информацияны түрлендіру, өңдеу және тарату көлемінің өсу қарқыны өндірістің өсу қарқынынан артық болмайынша, ғылыми техникалық прогресс болуы мүмкін емес. Егер осы уақытқа дейінгі елдің күші оның әскери күшімен, алтын қорымен, электр энергия күшімен өлшенсе, қазіргі уақыттағы мықты көрсеткіштің бірі ретінде информация өндірісі көтеріліп отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]