Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сячсячсяс.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
96.8 Кб
Скачать

1.Қоғамның әлеуметтік құрлымы.

Қоғамның әлеуметтік қүрылымы әлеуметтік жүйенің бөлімі және екі компоненттен түрады: әлеуметтік байланыс жөне әлеуметтік қүрам. Әлеуметтік қүрам - әлеуметтік құрылымды қүрайтын элементтердің жиынтығы."Структура" (қүрылым) термині - structura латын тілінеп алынған - ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, қүбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір түтастығын білдіретін термин."Әлеуметтік қүрылым" үғымы сөздің кең және тар мағанасында қодданылады. Кең мағынасында әлеуметтік қүрылым дегенде қоғамның жалпы қүрылысын, оның демографиялық, таптық, территориялық (латын тілінен аударғанда "жер кеңістігі" деген), этникалық, кәсіби, діни, т.о. күрылымын түсінеді. Тар магынада әлеуметтік қүрылым дегенде таптарға, әлеуметтік жіктер мен топтарға бөлу түсініледі.Қоғамның әлеуметтік қүрылымының негізі - белгілі мәртебесі бар және белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын жеке адамдар, ал жеке адамдар - мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді. Әлеуметтік қүрылым қоғамның бірліктерге, тапқа, топқа жікке бөлінуін көрсетеді, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынын да көптеген критерияларына сәйкес әртүрлілігін корсетеді.Әлеуметтік күрылымнын әрбір элементі өз тарапынан, өзінің байланыстарына қарай күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамдық жүйе деп қарау көптеген белгілі социологтарға тән. Жүйе - өз элементтерінің жиынтығына сәйкес келетін түтастық. Түтастықтык ерекшелігі арнаулы тәсілмен қамтамасыз етіледі, оның бөлімдерінің озара байланысу және озара тәуелділігі арқылы.

Э.Дюркгейм үшін қоғамның мазмүндықты туындайтын элементі, түтастығы үжымдық санамен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік факты, оның өмір сүруі жеке адамдарға эсер етеді. Шындықтың көзі, оның пікірінше, әлеуметтік факт, оны тек қана бақылау процесімен шектемей, зерттеу кажет.

Т.Парсонстың пікірі бойынша қоғам жүйе есебінде төмендегі кызметті атқарғанда ғана өмір сүреді: 1) коғам өзгерген жағдайға және адамдардьн өскен материалдық тілегі бейімделу қабілетіне ие болуы керек, ішкі ресурстарды тиімді үйымдастыруға және болуге қабілеті болуы; 2) оның негізгі мақсат және міндет іске асыруға қабілетті болуы және оларды іске асыратын процестерді қолдауы; 3) жеке адамдардын кабылдаған жалпы нормалары мен қүндылыктардың түрақтылығын сактауы; 4) қоғамның интеграциялау қабілетіне, жаңа үрпақты жүйеге тарту қабілетін іске асыруы.Т.Парсонс жүйенің негізгі қызметтерін аныктай отырып, соларды қоғамда іске асыратын орындаушыларды іздеді. Алдымен 4 жүйе көрсетеді: (экономика, саясат, мәдениет және ағайындық). Одан әрі әрбір жүйе көлемінде тікелей бейімдеуші, мақсатты турактандырушы,интеграцияландырушы әлеуметгік институттарды көрсетеді (завод, банк, партия, мемлекеттік ақпарат, шіркеу, мектеп, отбасы т.б.). Әлеуметтану, қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы кептеген түжырымдамалар бар. Олардың бірі - марксистік ілім.Маркстік социологияда қоғамның әлеуметтік-таптық қүрылымына жетекші орын беріледі. Бүл бағыт бойынша қоғамның әлеуметтік-таптык күрылымы негізгі үш элементтік топтар. Әлеуметгік қүрылымның негізгісі -таптар. Маркс таптардың пайда болуынын экономикалық себептерін зерттеген. Олар қоғамның тапқа белінуін еңбектін коғамдық бөлісінің және жеке меншіктік катынастың нәтижесі деді.Сонымен, әлеуметтік қүрылым біздін өмір шындығымызды түсіндірудің негізі болып есептеледі. Әрбір адамнын өз статусы бар, яғни әлеуметтік орны бар, себебі олардын әрқайсысы белгілі "әлеуметтік топқа жатады. Олардын жыныс, жас, шығу тегі, білім колемі, кәсіби атқаратын қызметі, түратын жері, отбасылық этностық басқадай жағдайында байланысты солармен сипатталады. Сонымен бірге әлеуметтік топтардың территориялық және демографиялық сипаты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]