Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала экономикасы лаба методичкасы.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
446.46 Кб
Скачать

1.3 Бригаданың әрбір мүшесінің кәсіби шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып, еңбекақысын табу

Кәсіби шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдер 3, 4, 5, 6 разрядтарға сәйкес тарифтік жүктемеден 12, 16, 20, 24 % мөлшерінде бекітіледі. Электр энергиясын үнемдегені үшін бригадаға берілетін сыйақыларды есептеу үшін үнемделген электр энергиясы құнының 80% деп алынады және оны жұмысшының нақты істеген уақытына пропорционалды және мамандығына байланысты бригадалар мүшелерінің арасында бөліп тарату арқылы жүзеге асады

Енi=Ti*Si*Kж+α*Тi*Si+∆Э*0,8*Б*Ксый, теңге, (4)

мұндағы Kж - 1-кейіптеме бойынша анықталатын бригаданың нақты істеген еңбегіне алатын еңбекақысын бөліп тарату коэффициенті;

α – кәсіби шеберлігі үшін бекітілетін үстеме төлем коэффициенті (0.12, 0.16, 0.20, 0.24);

∆Э – үнемделген электр энергиясының мөлшері, кВтсағ;

Б – орташаланған электр энергиясының тарифі, теңге/кВтсағ;

Ксый – электр энергиясын үнемдегені үшін бекітілетін сыйақыны бөліп тарату коэффициенті.

`

Сыйақыны бөліп тарату коэффициенті төмендегідей анықталады

Ксый=(∆Э*0,8*Б)/Енбр. (5)

2 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

Зертханалық жұмыс келесі кезекпен орындалады:

2.1 Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіледі (1,2-кесте) және 1.1-1.3 баптарда келтірілген алгоритм бойынша бригаданың әрбір мүшесінің кәсіби шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып еңбекақысын анықтау.

2.2 Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған есептеулер келесі түрде өзгеруі керек:

а) бригадамен өндірілген оқшаулағыш материалдың өндіріс көлемі 15%; 20%; 30% артқан кезде;

б) бригадамен өндірілген оқшаулағыш материалдың өндіріс көлемі 10%; 15%; 20%; 30% кеміген кезде;

в) екінші разрядты жұмысшының қысқаруы;

г) төртінші разрядты жұмысшының қысқаруы.

3 Алынған нәтижелерді талдау

Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бабына сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін бригаданың әр мүшесінің еңбекақысының қалай өзгеретінін түсіндір.

5 зертханалық жұмыс

Жабдықты жаңартудың экономикалық тиімділігін анықтау

Жұмыстың мақсаты: жабдықтарды жаңартудың экономикалық тиімділігін анықтау. Алынған нәтижелерді талдау.

  1. Тапсырма

1.1 Цехтағы автоматты роторлы линияның салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау.

1.2 Цехтағы автоматты роторлы линияға капиталдық салымдарды өтеудің мерзімін анықтау.

1.3 Жаңартуға дейін және кейінгі кезі үшін шығынсыздық нүктесінің графиктерін тұрғызу.

  1. Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

  2. Алынған нәтижелерді талдау

    1. Цехтағы автоматты роторлы линияның салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау

Тапсырманы орындау үшін пайдаланған шығындарды анықтау керек, олар келесілерден тұрады:

а) амортизациялық аударылымдар;

б) жабдықтардың пайдалану мен ағымдық жөндеуге кететін шығындар;

в) шикізат құны (өндірістің сәйкесті көлемінде);

г) жұмысшылардың негізгі еңбекақысы;

д) жұмысшылардың қосымша еңбекақысы;

е) негізгі және қосымша еңбекақысына әлеуметтік сақтандыру аударылымдары;

ж) жұмсалған электр энергиясының құны;

з) үстеме шығындар.

Жабдықтарды пайдалану мен ағымдық жөндеуге кеткен шығындарды жабдықтар құнынан 10%-ға тең деп алу керек: автоматты линияны енгізуге дейінгі жабдық бірлігінің саны - 6 дана; енгізуден кейін-1 дана.

Жабдықтың жылдық уақыт қоры -5000сағ/жыл; үстеме шығындар -100% жұмысшыларға негізгі еңбекақы қорының мөлшеріне тең; жұмыс күнінің ұзақтығы -8 сағат.

Энергетикалық шаруашылықтағы ұйымдастыру-техникалық іс-әрекеттердің жоспары кәсіпорынның техникалық жоспарының негізгі бөлімі болып табылады. Ұйымдастыру-техникалық іс-әрекеттердің жоспарын жасау цехтардан басталады.

Жоспарға кіретін іс-әрекеттер өзінің техникалық-экономикалық негізделуін қажет етеді, яғни оларға капитал салымдарының экономикалық тиімділігін анықтауды қажет етеді.

Іс-әрекеттер мен ұсыныстарды жүзеге асырғаннан кейін болатын экономикалық тиімділікті анықтау жобаланған нұсқаның негізгі мәндерімен алғашқы немесе бірнеше жобалар нұсқалар мен салыстыру нәтижесіне негізделген. Экономикалық тиімділікті анықтау үшін келесі көрсеткіштер есептелінеді:

Капиталды салымдардың толық (абсолютті) экономикалық тиімділігі Этол кәсіпорын үшін келесі кейіптеме бойынша (салыстырмалы түрде) анықталады

Этол=(Ө-S)/К, (1)

мұндағы Ө- жоба бойынша көтерме сауда кәсіпорындарының жылдық өндірген өнімінің құны, мың теңге;

S- жылдық өндірген өнімінің өзіндік құны, мың теңге; К- өнімнің нақты түрін шығаруға кеткен капиталды шығындар, мың теңге.

Техникалық-экономикалық мәліметтер

Нұсқалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1 Дайын өнімді шығару, т/жыл

2600/

3350

3000/

3500

2800/

3350

2500/

3500

2700/

3400

2700/

3300

2500/

3400

3000/

4000

2500/

3500

2800/

3500

2000/

3000

2800/

3350

2800/

3400

2 Аминопласт құны, теңге/т

840

800

840

800

850

830

840

800

800

900

900

840

800

3 Өнімнің 1 тоннасына келетін шығымдық еселеуіш

1.12/1.1

1.2/1.2

1.12/1.1

1.2/1.1

1.15/1.2

1.12/1.1

1.15/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.2/1.1

1.15/

1.1

4 Жабдық құны, млн.теңге

26/32

20/23

26/31

30/41

30/37

27/33

27/36

28/36

27/37

28/34

30/43

27/31

27/32

5 Амортизация нормасы, %

8.9

8

8.9

9

8

9

8.5

8

9

8

9

8.9

9

6 Жабдық бірлігін қыздыру қуаты, кВт

2.2/8

3/10

2.2/8

2/10

4/12

2.5/9

2.3/8

2/10

4/12

2/10

3/12

2.2/4

3/12

7 Уақыт ішінде жабдықты пайдалану еселеуіші

0.75/0.85

0.8/0.9

0.75/0.85

0.7/0.85

0.7/0.9

0.75/

0.85

0.75/

0.87

0.7/

0.85

0.7/

0.85

0.71/

0.82

0.75/

0.85

0.7/

0.9

0.8/

0.9

8 Жұмысшылар саны, адам

9/6

10/6

9/6

9/5

10/5

9/6

10/4

9/5

9/6

9/4

9/5

9/6

9/4

9 Тарифтік жүктеме, теңге/сағ

161

161

168

168

161

168

178

161

168

178

161

168

178

10 Бір жұмысшының эффективті уақыт қоры, күн

230

220

230

230

230

240

230

220

230

230

240

220

230

1 Кесте - Алғашқы мәндер

Этол=(S1-S2)/ΔК, (2)

мұндағы S1 және S2 - шараларды орындауға дейінгі және кейінгі жылдық құны, теңге;

ΔК – өнімнің нақты түрін шығарумен байланысты қосымша салымдар, теңге.

    1. Цехтағы автоматты роторлы линияға капиталды салымдарды өтеудің мерзімін анықтау

Өзін-өзі өтеу уақытын келесі кейіптемелер арқылы табамыз

Ттол=К/(Ө-S), ай, (3)

Ттол=ΔК/(S1-S2), ай. (4)

    1. Жаңартуға дейін және кейінгі кезі үшін шығынсыздық нүктесінің графиктерін тұрғызу

Жабдықты жаңарту уақыты бір жылдан кем болған кезде нұсқаулардың экономикалық тиімділігін анықтау үшін шығынсыздық нүктесін анықтау әдісін қолданамыз. Ол үшін жаңартуға дейінгі және кейінгі тұрақты және айнымалы шығындар нұсқалар бойынша анықталады

Штұра+0,05*К+0,1*Шеанег+0,3*Шүстеме, теңге, (5)

Шайншик+0,5*К+0,9*Шеанегеақосәлэл.эн.+0,7*Шүстеме,теңге. (6)

Жаңартуға дейін және кейінгі жалпы пайда келесідей анықталады

П1=S1+S1*0,25, теңге, (7)

П2=S2+S2*0,25, теңге, (8)

мұндағы П1 және П2 - жаңартуға дейін және кейінгі жалпы пайда, теңге;

S1 және S2 - әрекеттерді орындауға дейінгі және кейінгі жылдық өзіндік құн, теңге.

2 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

2.1 Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіліп (№1-кестеден) және 1.1-1.2 баптарда келтірілген алгоритм бойынша цехтағы автоматты роторлы линияның салыстырмалы экономикалық тиімділігі және капиталды салымдардың өтелу мерзімдері анықталады.

2.2 Есептеулердің нәтижесінде алынған мәліметтер келесідей өзгереді:

а) жаңартудан кейін дайын өнімнің шығаруын: 10%; 15%; 20%; 25% жоғарылату;

б) жабдықтарды қолдану еселеуіші уақыт бойынша жаңартудан кейін: 9%; 10%; 15%; 20% үлкейеді;

в) жабдықтарды қолдану еселеуіші уақыт бойынша жаңартуға дейін: 9%; 10%; 15% үлкейеді.

3 Алынған нәтижелерді талдау

Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бабына сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін жаңартудың экономикалық тиімділігінің қалай өзгеретінін түсіндір.

6 зертханалық жұмыс

КЭС-сынан өндірілетін электр және жылу энергияларының өзіндік құндарын анықтау

Жұмыстың мақсаты - КЭС-сынан өндірілетін және жіберілетін электр және жылу энергияларының өзіндік құндарын анықтау. Зертханалық жұмысты орындауға дайындық - әртүрлі типті стансалардан өндірілетін электр энергиясының өзіндік құндарының құраушыларын оқып үйрену; ең үлкен құраушыларды білу; шығындар құраушыларының шамаларын анықтай білу.

Бүгінгі күні Қазақстандағы әрбір станса бәсекелестік ортада, яғни электр энергиясы нарығында жұмыс істейді. Оның жұмысының тиімділігі негізінен электр энергиясын өткізу көлеміне байланысты болады. Ол сұранысқа, ал сұраныс стансаның сататын бағасына байланысты болады.

Станса неғұрлым көбірек электр энергиясын өндірсе, соғұрлым оның негізгі және көмекші жабдықтары да көбірек жүктеледі және соғұрлым оның өзіндік құны төмендейді. Жабдықтың толықтай жүктелуінің негізгі нәтижелерінің бірі электр энергиясын өндірудің өзіндік құнында ең үлкен үлес (50-70% дейін) алатын отынды үнемдеу болып табылады. Сондықтан отынның бағалық факторы станса жұмысының экономикалық көрсеткіштеріне көбірек әсер етеді және бірінші кезекте, энергия нарығындағы оның бәскелестігіне әсер етеді. Қазақстанда қатты және сұйық отындардың сату бағасы әлемдік энергетикалық ресурстар нарығындағы бағаға байланысты, сондықтан станса басшылары өздерінің келешек даму жоспарларын анықтағанда есепке алып отыру керек.

Есептер жүргізу үшін бастапқы мәліметтер 1-кестеде берілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]