Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала экономикасы лаба методичкасы.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
446.46 Кб
Скачать

1.1 Эксплуатациялық (пайдалану) және жөндеу жұмысшылары-ның нақты санын анықтау

Жұмысшылар 2 топқа бөлінеді: пайдалану және жөндеу. Сонымен қатар жұмысшылардың құрамы нақты және тізім бойынша да бөлінеді.

Тізімдік құрамға электрлік шаруашылыққа қызмет көрсету үшін кәсіпорынның штатына қажетті жұмысшылар саны кіреді.

Нақты құрам деп берілген жұмыс режимінде барлық жұмыстарды атқару үшін қажетті жұмысшылар санын айтады.

Электротехникалық жұмысшылар саны электрлік жабдықтың жөндеу қиындығына (жөндеу бірлігінің санына) байланысты анықталады.

Эксплуатациялық жұмысшылардың нақты саны келесі кейіптеме бойынша анықталады

Rэн=∑(m*N*Pқ)/Рэ , адам, (1)

мұндағы п- жабдықтар түрлерінің саны;

m- бір типті жабдық жұмысының ауысым саны;

N- бір типті жабдықтың бірлік саны;

Pқ- жабдық бірлігінің жөндеу қиындығы;

Рэ- бір эксплуатациялық жұмысшыға келетін жөндеудің бірлік саны (қалыпты орталы цехтар үшін 900-ге тең деп алынады, ал ластанған орта үшін 650-ге тең деп алынады).

Жабдықтың түрі, оның жұмыс істеу ауысым саны, жұмыс істеу ортасы, бір типті жабдықтар саны және оның жөндеу қиындығы №1 зертханалық жұмыстағы 1 және 2-кестелерден алынады.

Жұмысшылардың нақты келу саны келесі кейіптеме бойынша есептеледі

Rжн=Tж/(tаунн), адам, (2)

мұндағы Tж- ағымдық және күрделі жөндеудің еңбек сыйымдылығы (№1 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері бойынша алынады);

tау- жұмыс уақытының номиналды ұзақтығы (аптада бес күндік жұмыс кезінде 8,2 сағ. Тең);

Кн- нормаларды орындаудың жоспарлық еселеуіші (1,1-ге тең деп алуға болады);

Мн- жоспарланып отырған мерзімдегі номиналды күндер саны және ол келесідей анықталады

Мн=Ж-Д-М, күн, (3)

мұндағы Ж- жылдағы күндер саны;

Д- демалыс күндердің саны (аптадағы бес күндік жұмыс кезінде 104 күнге тең деп алуға болады);

Ж және М мәндері жылдың нақты нормалары бойынша алынады (демалыс күндерімен сәйкес келген мейрам күндері есепке алынбайды).

1.2 Пайдалану және жөндеу жұмысшыларының тізім бойынша санын анықтау

Жұмысшылардың тізімдік құрамы келесі кейіптемелер арқылы анықталады

Rэт=Rэнп, Rжт=Rжнп, (4)

мұндағы Rэн, Rжн – пайдалану және жөндеу жұмысшыларының нақты саны 1 және 2 кейіптемелер бойынша есептелген;

Кпжұмыс уақытының пайдалану еселеуіші, жұмыс уақытының күтілген балансын талдау негізінде анықталған.

Жұмыс уақытының балансын құрастыру әдістемесі 1-кестеде көрсетілген.

1 Кесте - Жұмыс уақытының балансы

Көрсеткіштер атауы

сағат

  1. Жұмыс уақытының номиналды қоры Фн=М’н*8,2+Мқ*7,2 (мұндағы М’н- қалыпты жұмыс күндерінің саны (қысқартылған күндерді қоспағанда);

М’қ- қысқартылған жұмыс күндерінің саны)

  1. Пайдаланылмаған уақыт

а) негізгі және қосымша демалыстар (20*7)

ә) босануға байланысты демалыстар (0,005*Фн)

б) ауруға байланысты демалыстар (0,03*Фн)

в) мемлекеттік міндеттерді орындау (0,005*Фн)

Барлығы пайдаланылмаған уақыт, Тп (а,ә,б,в қосындысы)

  1. Бір жұмысшының нақты уақыты (Тннп)

4 Ауысым ішіндегі шығындар (Тш=0,015*Фн)

5 Жұмыс уақытының таза пайдаланатын қоры (Ттпнш)

6 Жұмыс уақытының пайдалану еселеуіші (Кптп н)

1 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

    1. Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіліп (1, 2-кесте, №1 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері) және 1.1-1.2 баптарда келтірілген алгоритм бойынша пайдалану және жөндеу жұмысшыларының саны анықталады.

Есептеудің нәтижелерін талдау үшін алынған мәліметтер №1 зертханалық жұмыстың 2.2 бабына сәйкес өзгертіледі.

2 Алынған нәтижелерді талдау

Алынған нәтижелерді талдау кезінде №1 зертханалық жұмыстың 2.2 бабына сәйкес ағымдық және күрделі жөндеулердің еңбек сыйымдылығы өзгергендегі пайдалану және жөндеу жұмысшыларының нақты санының қалай өзгеретінін түсіндір.

№3 зертханалық жұмыс

Электрлік цехтың кезекші мен жөндеу персоналдарының еңбекақысын жоспарлау

Жұмыстың мақсаты: пайдалану және жөндеу персоналының орташа еңбекақысы мен еңбекақы қорын табу, алынған нәтижелерді талдау.

  1. Тапсырма

    1. Жұмысшылардың еңбекақы қорларын анықтау.

    2. Бір жұмысшының орта сағаттық, орта апталық, орта жылдық еңбекақысын анықтау.

  1. Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

  2. Алынған нәтижелерді талдау

Еңбекақыны жоспарлаудың мәні оның қорларын жұмысшылар категорияларына және орта мәні бойынша анықтау болып табылады.

Еңбекақы қорларының түрлері келесідей болып бөлінеді: тарифтік, сағаттық, күндізгі және жылдық (айлық). Бұл қорлар сондай-ақ, сол белгіленген бір мерзімдерге құрастырылады (ай, квартал, жыл).

Бірақ әр қор құрамына еңбекақының әртүрлі элементтері кіреді. Сондықтан олар өзара тең емес.

Еңбекақының негізін сағаттық қорға кіретін төлемдер құрайды, ал басқа төлемдер мен компенсациялар қосымша еңбекақыны құрайды.

    1. Жұмысшылардың еңбекақы қорларын анықтау

Тарифтік қорларды есептеудің негізі ретінде жасанды төлеммен істейтіндер үшін нормаланған жұмыс уақытының тек қажетті бөлігі (жұмыстың еңбек сыйымдылығы) мен олардың сағаттық тарифтік жүктемелері алынады, ал уақыттық төлеммен істейтіндер үшін бір жұмысшының нақты уақыты, олардың нақты саны және сағаттық тарифтік жүктемелері алынады

ФжатортжТж, теңге, (1)

мұндағы Фжат - жасанды төлеммен істейтіндердің (жөндеу персоналдарының) бір жылдағы еңбекақыларының тарифтік қоры;

Сортж – жасанды төлеммен істейтіндердің сағаттық тарифтік жүктемесі (электрлік цех үшін орташа есеппен - 4-разряд тарифтік жүктемесі 300 теңге/сағ);

Тж – жоспарланған жұмыстың еңбек сыйымдылығы (№1 жұмыстан алынады).

ФутортуТнRнэ, теңге, (2)

мұндағы Фут - уақыттық төлеммен істейтіндердің (пайдалану персоналдардың) бір жылдағы еңбекақыларының тарифтік қоры;

Сорту – уақыттық төлеммен істейтіндердің сағаттық тарифтік жүктемесі (электрлік цех үшін орташа есеппен 250 теңге/сағ деп алуға болады);

Тн , Rнэ – сәйкесінше бір жұмысшының нақты уақыты және сол пайдалану қызметкерлерінің нақты саны (№2 жұмыстан алынады).

Еңбекақының сағаттық қоры дегеніміз - тарифтік қор мен қосымша төлемдерді білдіреді, олар: сыйақы жүйесі бойынша төленуі, жіберілмей ұсталған бригадирдің бригаданы жетекшілік еткені үшін үстеме төлемдері, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, басқа мамандықты уақытша алмастырғаны үшін, мереке күндері жұмыс істегені үшін, оқушыларды оқытқаны үшін төленетін төлемдер.

Еңбекақының күндік қоры дегеніміз - сағаттық қор мен қосымша төлемдерді білдіреді, олар: жасөспірімдерге қысқа күн үшін төленетін төлемдер, балаларын емізетін аналар үшін жұмыстағы үзілісті төлеу.

Еңбекақының айлық қорына кәсіпорынның барлық жұмысшыларына төленетін еңбекақының барлық түрлері кіреді. Оған толығымен еңбекақының сағаттық қоры және қосымша төлемдер кіреді, олар: кезекті және қосымша демалыстарды төлеу, мемлекеттік міндеттерді орындау, оқуға босатылған күндер, демалыстық жәрдем ақылар, сіңірген еңбегі үшін қосымша төлемдер.

Жұмыскерге байланыссыз тоқтап қалған жұмыстар үшін кеткен уақыттар жоспарланған еңбекақы қорына кіргізілмейді, бірақ кәсiпорын есебiнде көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]