Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Лекциялар (1)

.pdf
Скачиваний:
175
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
812.36 Кб
Скачать

ROM анықтамасы бірінші басылымда барлығы 34 нұсқа шыққан болса, 1998 жылдарының басында олардың саны 300 ге жеткен болса, қазір бұл тізім бірнеше мыңдаған атауларды өз ішіне алады. Әрине, бұл көрсетулер мультимедиа құралдарымен қамтамасыз етілгендігңн нақты суреттеп бере алмайды, бірақ жасалынған және пайдаланып жатқан мультимедиа құралдар санының өсуіне біржақты дәлелденді. Мультимедиа құралдарымен технологиялары оқытудың пайдалы мүмкіндіктерін және төмендегідей аудиовизуальды ақпараттарды өңдеудің жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқыту себептерін көбейтуді қамтамасыз етеді.

Визуальды ақпаратты «басқару» (орналастыру, қою);

Әртүрлі аудиовизуальды ақпараттарды контаминациялау (ығысу);

Анимациялық эффектердің жүзеге асуы;

Визуальдық ақпараттың деформациялануы (белгілі бір сызықтық параметрдің үлкеюі несесе кішіреюі, бейненің созылуы немесе жиналуы);

Аудиовизуальдық ақпараттың дискреттік берілуі;

Бейненің (қараңғылануы) көлеңкеленуі;

Визуальды ақпараттың талданған бөлігін оны келесі ығысуы немесе «лупамен» қарастырылуы үшін тіркеу;

Бір экрандағы кез келген бөлігін активтендіру мүмкішілігі бар аудиовизуаль ақпараттың көп терезелі көрінісі.

Шынымен өтіп жатқан процесстердің шын уақыттағы оқиғалардың демонстрациясы.

Мультимедиа және білім берудегі ақпараттанудың сәйкес құралдарын пайдалануға байланысты бірнеше түсініктер бар. Мультимедиа құралдарын білім беруде қолданғанда иллюстрацияның ролі өседі. Иллюстрация бұл:

Текстке түсіндіретін немесе толықтыратын ақпараттың басқа типін енгізу (бейне және дыбыс)

Көрнекті және көзжеткізерлік түсіндіру үшін мысалдарды келтіру (басқа типтегі ақпаратты қолданбауға да болады.)

Иллюстрация терминін талқылаудың екеуіде бірдей дәрежеде әдеттегі қағаз оқулықтар мен оқыту құралдарына, сондай – ақ заманға сай мультимедиа оқыту электрондық баспалар және ресурстарға қатысы бар екенін түсіну керек. Бұдан басқа иллюстрацияның маңыздылығы, оқытуды оқу материалының қиын маментерін ақпараттандырудың барлық құралдары көрнекті көзжеткізетіндей және жеңіл түсіндіруге мүмкіндік береді[40]. Мультимедиа дәл осыған ықпалын тигізеді. Мультимедиа баспаларда және ресурстарда иллюстрациялар мысалдар (оның ішінде тексттерде ), екі өлшемді және үш өлшемді графикалық бейнелер (суреттер, фотосуреттер схемалар, графиктер, диограммалар) дауыстық фрагменттер, анимациялар, видеофрагменттер түрінде көрсетіледі. Білім беру мультимедиа құралдарында иллюстрацияның жаңа түрлерінің пайда болуы қазаз дәстүрлі оқулықтардан бас тарту деген сөз емес. Дәстүрлі оқулық кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық безендіру обылысында баспа элементтерін кеңістіктік группаларға бөлу ерекшеліктері оның алатын мол тәжірибе жиналған. Осы бойынша кейбір элементтерге акцентпен қарайды, қабылдаудың физиологиялық жақтарын және басқа факторлар назарға алынады. Қазір көптеген оқу дисциплиналары және оқыту бағыттары бойынша мультимедиалық энциклопедиялар түзілген. Оқытудың жаңа әдістерін пайдаланып, оқу процессін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ойын ситуациялық тренажерлер мен мультимедиалық оқыту жүйелері өндірілді.

Оқыту электрондық баспалар мен ресурстардың интерактивтілігі дегеніміз, қолданушыларға, яғни үйренушілер және педагогтарға бұл құралдармен белсенді әсерлесуге тура келеді дегенді білдіреді. Интерактивтілік оқыту диологы үшін шарттардың болуын білдіреді, оның қатысушыларының бірі электрондық баспа немесе ресурс.

Интерактивтілікті беру мультимедиалық құралдарының ең мәнілі артықшылықтарының бірі. Интерактивтілік белгілі шектерде ақпаратты көрсетуді басқаруға жағдай жаратады: оқушылар жеке икемденуін өзгерте алады, нәтижелерді тексереді, сондай – ақ, қолданушының нақты сұрақтарына жауар беретін программаны шақыруға мүмкіндік береді. Оқушылар жек академиялық талаптарын қанағаттандыратын материалдың берілу жылдамдығын, кайталаулардың санын және басқа параметрлерді кіргізе алады. Бұл мультимедиа технологияларының иілгіштігі жөнінді қорытынды шығаруға болады.

Мультимедиа технологиялар ақпараттың көп түрлерін ойша және гормониялық интегрлеуге мүмкіндік береді. Бұл компьютердің көмегімен ақпаратты әртүрлі формаларда беруге мүмкіндік береді, олар төмендегідей;

бейнелер, оған сканирленген фотосуреттер, чертеждар, карталар және слайдтар кіреді;

дауыстың дыбыстық жазылуы, дыбыстық эффекттер және музыка;

видео, күрделі видеоэффектілер.

Білім беруде мультимедианы қолданудың тиімділігін көптеген мысалдармен көрсетуге болады. Ереже бойынша, әдемі бейнелер немесе анимациялар мен өтетін прецентациялар статикалық текстке қарағанда, визуал тартымды және олар қажет болған эмоционалдық деңгейді ұстайды, сонымен оқыту тиімділігін арттырады. Мультимедианы қолдану мектеп жағдайында физика немесе химия бойынша оқушыларға бір қатар тәжірибелерді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедианың көмегімен кеңістікте қозғалуға болады және оқушыларға сыныптан шықпай – ақ, тарих курсындағы муражай экспонаттарын немесе археологиялық ескерткіштерін көрсетуге болады. Заманға сай самолеттардың ұшқыштарын арнайы мультимедиалық тренажерларда сабақ өткізбей дайындау мүмкін емес, себебі бұл әдіс шынайы жағдайларды және келешек ұшқыштан талап етілетін интерактивті әсерлесуді модельдейді.

Мультимедианы пайдалану оқушыларға оқыту материалдары мен әр түрлі жұмыс істеуге мүмкіндік береді – адам матералды қалай оқып үйренетінін, ақпараттандыру құралдарының интерактивтік мүмкіндіктерін пайдалануын және өзінің сыныптастарымен бірге қалай жұмыс істейтінін өзі шешеді. Осылайша, оқушылар білім беру процессінің белсенді қатысушыларына айналады. Мультимедиа оқыту электронды баспалар және ресурстар мен жұмыс істей отырып, оқушылар өздерінің қабілеті және талабына сай әсер ете алады. Олар өздеріне қызық материалды ғана оқиды, оқығанын қанша рет қажет болса, сонша рет қайталайды, ал бұл дұрыс қабылдауға жеткілікті ықпал етеді. Осылайша, сапалы мультимедиа баспаларын және ресурстарды қолдану оқыту процесін оқушылар арасындағы олардың білім алуының өэдік стильдеріне және темптеріне қызығушылығына әлеуметтік және мәдени ерекшеліктеріне қатысты иілгіш болуын қамтамасыз етеді. Мультимедианы қолдану оқыту процесінің бірнеше аспектілеріне позитив әсер етеді. Мультимедиа ықпал етеді:

1.Ақпаратты қабылдау және түсіну оқыту сияқты когнитивтік аспектілерін ынталандыруға;

2.Оқушылардың мотивациясының артуына;

3.Оқушыларда бірінің жұмыс істеу дағдыларын және ұжымдық танымдық

дамуына;

4.Оқушыларда оқуға терең жолмен келуді дамытуға және оқылатын материалдың терең түсінікті болуын қалыптастыруға;

Бұдан басқа мультимедиа құралдарын білім беруде қолданудың артықшылықтарын қатарына мыналарды кіргізуге болады:

Оқыту процесінде оқушы қабылдауының бірнешеконалын бірмезгілде

қолдану, оның есебінен бірнеше әртүрлі сезу ағзалары жеткізетін ақпараттық интеграциясы қолға келтіріледі.

Күрделі, қымбат немесе қауіпті экспериментті модельдеу мүмкіндігі;

Процесстерді динамикалық көрсету есебінен абстракт ақпаратты визуалдау;

Микро және макро дүниелердегі процесстерді және объектерді визуалдау. Мультимедиа құралдарын нақты пәндер облысында да, бірнеше пәндер облысының

топтарындағы орналасқан дисциплиналарда оқыту процессін жақсарту үшін қолдануға болады.

Білім беру жүйесінің эффектілерігіне белгілі дәрежеде оқу үдерісі жүріп жатқан ортада әсер етеді. Бұл түсінікке оқыту процессінің құрылымы оның шоттары және оңайлығы кіреді (қоғам, кітапханалар, мультимедиалық ресурс орталықтары, компьютерлік зертханалар және т.с.с. )

Мұндай жағдайда мультимедиа баспалары және ресурстар көп санды мүмкін болған оқыту құралдарының бірі ретінде қолданылады. Демек, заманға сай мультимедиа құралдарының дамуы білім беру технологияларын жаңа деңгейде қолға келтіруге мүмкіндік береді., бұл мақсат үшін ең прогрессивті техникалық инновациялар қолданылады. Білім беру аясына кіретін мультимедиалық құралдардың заманға сайы болып әртүрлі модельдеу құралдары және қызмет көрсетуі технологияларға негізделген, виртуал ақиқат деп аталатын құралдар табылады. Виртуал объектілер немесе үдерістерге нақты немесе елестетілетін объект немесе үдерістердің электрондық моделдері жатады. Виртуал сөзі қағаз және басқа материалдық тасушыларда көрсетілген білімдік және басқа объектілердің электрондық нұсқаларының сипатын айтып көрсету үшін қолданылады. Виртуалды шындық – бұл дыбыстық, көру, тактильды тағы басқа ақпарат түрлерін беретін және қолданушыға виртуалдық кеңістікке кіру елесін тудыратын мультимедиа құралдары. «Виртуалды шындық» жүйелері адам мен орта арасында тура «тікелей» контактті жүзеге асырады. Олардың ең жетілгендеріне қолданушы датчикті жасалған қолғапты киіп, тек компьютер жадысындағы объектке қолын тигізе алады. Басқа жағдайларда экранда бейнеленген нәрсені «айналдырып» және оны басқа жағынан көруге болады. Қолданушы «ақпараттық костюм» «ақпараттық қолғап» «ақпараттық және көзілдірік» басқа құралдар мен құралданып «виртуалдық кеңістікке» қадам басады.

Осындай мультимедиа құралдарын білім беру жүйесінде қолдану қолданушы қабылдайтын ақпараттың мағынасы және қабылдау мехонизмін өзгертеді. «Виртуальды ақиқат» жүйелерімен жұмыс жасау кезінде, білім беруде ақпаратты қабылдау кезінде сапалы өзгерістер болады. Бұл жағдайда қабылдау тек көру және есту арқылы ғана емес, сондай – ақ сезу және иіскеу арқылы да жүзеге асады. Принципиалды жаңа деңгейде білім берудегі көрнекіліктің дидактикалық принципиптерін жүзеге асыруда сілтеулер пайда болады.

Білім беруде мультимедиа технологиясына пайдаланудың кеңістіктік ойлауын дамытуда, нақты шындыққа максимал жақындаған жағдайда мамандардың машықтануын ұйымдастыруда маңызы зор. «Виртуал ақиқат» жүйесін медицинада хирургтарды күрделі опе№ърацияларды жүргізуге, ауруларды реабелитациялау мәселелерін шешуге үйрету үшін қолдануы таң қаларлықжүйе. «Виртуалды шындық» берген ақпаратты түсіну тек тоериялық емес, практикалық болуы да мүмкін, дәлірек айтқанда: көрнекті – бейнелі немесе көрнекті - әрекетті.

Практикалық ойлау тоериялық ойлаумен салыстарғанда тырысуды аз талап етеді, ереже бойынша, бейнелік ақпаратты түсіну символдық ақпаратты түсінуге қарағанда жеңіл. Виртуал ақпарат технологиясын пайдаланып құрылған электрондық басылымдар мен ресурстар оқыту үдерісінде оқу метериалын жақсы түсіну және меңгеруді қамтамасыз ете алады[41]. Бірақ, виртуалды шындық жүйесінің деңгейі қанша жоғары болған сайын, оларды жасауға сонша көп еңбектену керек, педагогтар мен оқушыларға берілетін ақпараттанудың техникалық құралдарының мінсіз болуы тиіс.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үдерісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Компьютерлік оқыту үдерісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық. Сызба 6.1

мұғалім

дидактикалық материал компьютер

оқушы

Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. (Сызба 6.1) Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:

1.Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;

2.Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім – оқушы арақашықтығын ұстау болмайды.

5.Физика сабағында дербес компьютерді пайдалану. Компьютерлік оқыту мәселелері. Оқу үдерісінде қазіргі ақпараттық технологияларды физикадағы оқу

және ғылыми-әйгілі ақпараттарды іздеу, өңдеу мақсатына пайдалану

Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.

Компьютерді мектепте оқытудың практикаға енгізілген әлеуметтік, экономикалық, теориялық жіне практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап

айтқанда, ғылыми-техникалық процестің өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін жолға қоюда. Бұл мәселелердің шешудің бірден бір жолы оқу процесін компьютерлендіру. Компьютерді оқыту процесінде тиімді пайдалану үшін оны қолданудың әдістемелік жүйесін жасау керек.

Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің ауқымы кең және көп салалы. Бұл мәселе төңірегінде кейінгі жылдары көптеген ғалымдар мен әдіскерлер зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды-құнды еңбектер шығарды.

Қазіргі кезде информатика курсын мектептерде оқытудың айтарлықтай тәжірибелері жинақталды. 1960-1970 жылдарда жалпы білім беру саласында информатика және есептеуіш техникаларын оқытуды мектеп бағдарламасына енгізуге мүмкіндік болмады. 80 жылдардың аяғына қарай программалау элементтерін пайдаланып алгебра курсын мектеп оқушыларына таныстыру әдістемесі, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесі жасалынды. (В.И.Монахов).

Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде оқытудың компьютерлік технологиясы жасалды (Қараев Ж.)[22]. Сондай-ақ математиканы тереңдетіп оқытуда прграммалауды енгізу мәселелерімен А.Г.Коган, А.Х.Шень, оқушыларды есептеуіш техникаларының элементтерімен таныстыру бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізу жайлы Б.М.Игошев, Д.М.Камский, В.Очков зерттеулер жүргізді. Математика мен информатиканың арасындағы пән аралық байланысты жүзеге асыруда А.Абылқасымованың, Б.Баймұхановтың, С.Исаевтің, Ж.Қараевтің, және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Физика сабағында компьютерлік техникаларды пайдалану мәселелері В.А.Извозщиковтың, А.С.Кондратьевтің, Ж.А.Қараевтің, М.Ә.Құдайқұловтің, В.В.Лаптевтің және т.б. зерттеулерінде кездеседі. Компьютердің оқу процесіне енгізілуіне байланысты қазіргі кезге дейін қалыптасқан психологиялық-педагогикалық тұжырымдардың жоқ екендігі де анықталып отыр[22].

Қоғамды ақпараттындырудың негізгі бағыттарының бірі – оқыту процесін ақпараттандыру. Ал ақпараттандыру болса үздіксіз білім берудің бір бөлігі болып табылады.

Қоғамды ақпараттындырудың жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:

-білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;

-өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызды.

Ақпараттандыру процесінде компьютерлендіру аса маңызды бөлім болып табылады. Бұл ұғымды сипаттай келе А.Ракитов компьютерлендіру – адамның ЭЕМ-мен дербес қатынас жасай білуін қамтамасыз ету деп есептейді. Компьютерлендіру өндіргіш күштер және оны техникалық құрастыруға қатысты жүзеге асырылады. Оған қоғамдық өмірді жан-жақты қамтитын ақпараттандыру процесі жалғасады. Қазіргі ақпараттық жүйені қолдану іс-әрекеттің әлеуметтік мәнінің тиімділігін жоғарылату, жетілдіру негізі болып табылады.

Орта білім беруді ақпараттандыру процесі мен оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы арасындағы байланыс орта мектепте физиканы оқытудың мазмұнына әсер ететіні байқалды.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

-методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;

-әдістері мен формаларын ұйымдастыру;

-қоғамды ақпараттындырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;

-оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;

-оқушының интеллектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;

-өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;

-информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі ісәрекеттерін жүзеге асыру;

-тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін

бағалау.

Алдымен жаңа ақпараттық технологияға көшпей тұрып оқу-тәрбие процесінде білім беруді информатикаландыру мүмкін емес.

Білім беру дегі ЖАТ – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есптеуіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдетуде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі.

Оқытудағы ЖАТ аса қажетті педагогикалық прблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

ЖАТ-дың негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көзқарасынаәсер ете отырып, оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.

ЖАТ -тың білім беру саласына енуі педагогикада оқытудың мазмұнын, әдістерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.

Білім беруде ЖАТ:

-оқып үйренушілердің адамға тән тұлғалық сапасының негізгі үйлестігі

болып табылатын қабілеттерінің дамуына, ашылуына, сақталуына; - оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге

тырысуға;

- оқыту мен тәрбие процестерінің мазмұнын, формасы динамикалық дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда білім беруді ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді дамытумен байланысты болып отыр. Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:

-ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге

жеткізу;

-жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте интеграциялау;

-біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;

-білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ете отырып дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.

Оқытудың дистанциялық формасы оқушыларды даярлауда және білім беруде маңызды формасына айналып отыр.

Білім беру жүйесінде телекоммуникация желілерін жасау Қазақстан Республикасының орта білім беруді, практикалық жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын негізгі құрал болып табылады. Біртұтас телекоммуникациялық желіні білім беру жүйесінде пайдалану басты ақпараттық ағыны мен жұмысшы ақпараттық ағынды әдеттегі іс-әрекетке сәйкес деректер қорын таратуға пайдалануы тиіс. Бұл жүйені дамытудың бастауыш мектепте информатика курсын оқытудан басталады.

Ғылыми дүние тану негізін қалыптастыру. Бұл негіз болатын үш түрлі ұғымдар: зат, энергия, ақпарат туралы түсінік қалыптасады – осының өзінде әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, біртұтас ақпараттық принциптер құрылымы мен өзін-өзі басқару жүйесінің әртүрлі табиғатының тұтастығы, оның дамуындағы жаңа ақпараттық технологиялар ролі, адамның қызметінің мазмұны мен сипаты көрсетіледі.

Мектеп оқушыларының ой-өрісін дамыту. Психологияда компьютерді пайдалану

мектеп оқушыларының теориялық және шығармашылық ой-өрісінің дамуына

айтарлықтай ықпалы бар екенін көрсетеді. Кейбір психологиялық зерттеулер (Машбиц Е.И. және т.б.) компьютерді оқу процесінде пайдаланудың тиімділігін арттыруға ойлаудың модульдік - рефлексивтік стилі қалыптасады деп атап көрсетеді.

Мектеп оқушыларын білім алуға, еңбекке, практикалық қызметке даярлау. Бүгінде бұл міндетті жүзеге асыру информатиканы оқытқанда компьютерлік сауттылықты қалыптастыру мен мектеп оқушыларының ақпараттықмәдениетін, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану дағдысы, практикалық қызметк е даярлаудың аса маңызды компоненттері ақпараттық қоғам өмірімен байланыстырады. Бұл компоненттер қазіргі кездегі оқушыларға білім беруде, танымдық әрекеттің әдістерін өзгертуге компьютерді пайдаланудың орны ерекше екендігін көрсетеді.

Компьютерлік оқытуға қазіргі уақыттағы көзқараспен қарасақ оның қызмет функциялары компьютерге беріледі (О.Т.Талызина, Т.В.Габай). Оқытуды компьютерлендіру кезінде оқушылардың қалыптасуға тиісті әрекеті мен операциясын нақты суреттеу керек. Оқу қызметінің операционалдың жағын қалыптастыруда, қандай жағдай болса да, компьютерді пайдалануды орнықтыру қажет. Компьютер бұған орасан зор мүмкіндік береді.

Біріншіден, ол кез-келген әрекетті көрнекті түрде елестетуге және оның орындалу жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютер оқу материалына сүйене отырып, интелектуалдық әрекетті елеулі түрде өзгертетін құрал. Сондықтан да зерттеу барысындабіліктіліктің негізгім операционалдық құрылымындағы өзгерістерді ерекше бөліп көрсетіп, жекелеген операциялар компьютерге жүктеледі.

Компьютерлік оқыту құралдарын жасау пәнді оқытудың мазмұнына, логикасына және әдістемесіне байланысты болады. Ондай құралдарға қазіргі кезде педагогикалық программалық құралдар және инструменталдық педагогикалық құралдарға жатады.

Оқытуды компьютерлендіру кезінде үйретуші программаларымен жұмыс істегенде ғана компьютер балалардың оқуға деген позитивтік қатынасын қалыптастыруды тиімді шешуге ықпал етеді. Ондай программалар оқушыларға өздеріне ыңғайлы оқып үйрену темпін таңдап алуына мүмкіндік береді. Ойын элементтерін енгізіп, иллюстративтік материалдарды көрсету олардың білім алуға деген қызығушылығын арттыратыны белгілі.

Физиканы компьютерлік дидактикалық ойындар арқылы оқыту жайлы О.Т.Шанаевтың зерттеулерінен кездестіруге болады. Есептердің қойылуы зерттеу сипатында болуы балаларды жалықтырмайды, қажет болған кезде компьютер оларға көмек беріп отырады. С.А.Кондратьев пен В.В.Лаптьев физика курсының механика, молекулалық физика, электростатика, оптика тараудлры бойынша есептерді шығаруға ЭЕМ-ді тиімді пайдалану жолдарын қарастырды[29].

Үйретуші программалардың құндылығы сол программамен кез келген кезеңде оқушылар балама жауаптарды таңдап алу, әрбір қадам сайын алған білімін қадағалап отыру мүмкіндігін иеленуі болып табылады. Әсіресе өз бетімен білім алу процесінде аса қажет деп саналады.

Үйретуші программаларды құрғанда білім берудің қызықтылығын ұмытпаған жөн. Оқу процесінің сапасын арттыруда музыкалық сүйемелдеудің ерекше мәні бар, сонымен қатар түстерді дұрыс таңдай білу мультипликация, қазіргі бейне техникалық құралдардың барлығы нақты қызмет жағдайын жаңадан жасауға мүмкіндік береді.

Бірақта, бүгінгі негізгі міндеттің бірі оның қызығушылығы компьютерді пайдалануфокторынан басым түсе алмайтындығымен, шындығын айтқанда оқу мақсатын жақсарта алуымен қорытындыланады. Компьютерлік оқыту белгілі мөлшерде программалық оқытудың аналогы, ол мектеп курсында оқытылатынпәндердің мүмкіндігін кеңейтеді және оған қосымша өте икемді оқыту жүйесі бола алады.

Сондықтан да, біз теориялық негізін құрайтын мына принциптерді бөліп көрсетеміз:

а) материалды кішкентай, өзара өте тығыз байланысқан бөліктерге бөлеміз; б) программаланған мәтінді оқуда оқушылардың белсенді әрекеті;

в) оқушылардың әрбір жауабын бірден бағалап отыру; г) программалық мәтіндердіэмпирикалық тексеру.

Компьютерді оқу процесінде пайдалану комплексті түрде болуы тиіс. Сондықтан мұғалім компьютерлік техникалар негізінде оқушыларға жаңа білімді меңгерту немесе оны бекіту үшін, «мұғалім-компьютер» жүйесі арқылы компьютерлендірілген оқыту ортасын құру үшін оқытудың компьютерлік технологиясы (Қараев Ж.А.) [42]құрылды.

Оқытудың компьютерлік технологиясы көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек оқушылардың өз бетімен дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы туғызады екен. Қойылған міндеттерді шешу үшін жағдай жасау мақсатында объектінің ақпараттық кадастері ұғымы енгізілді. Объект әрекетін тиімді қамтамасыз ету үшін ақпараттық кадастр арқылы деректердің құрылымдық толық және жақсы түсіне аламыз.

Физиканы оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану оқытуды интенсивтендірудің негізгі факторларының міндеттерін комплексті шешуге мүмкіндік береді. Олар жалпы физика және механика курсының информациялық мақсаттылық, сыйымдылық мазмұнын көтеру, әдістердің белсенді формасын қолдану, оқу еңбек дағдысын дамыту.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын (оқытудың компьютерлік технологиясын) жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциялын жоғарылатуға мүмкіндік береді, өз бетімен танымдық және эксперименттік-зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады.

«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасы ұзақ мерзімді басылымдардың ең негізгілерінің бірі, сонымен қатар мұғалімдердің алдына қойған

міндеттерінің бірі – жоғары интелектуалды жастарды

жан-жақтылыққа тәрбиелеу,

олардың потенциялдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу.

 

Әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талант,

дарын деп аталатын үлкен бір

психологиялық міндетті тәрбиелеу, оқыту жолында мұғалімнің жаңашылдығы, патриоттығы, іскерлік, т.б. қасиеттеріне байланысты болады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану – ғылымның жеке салаларындағы білім интеграциялап оқыту. Осыған байланысты интерактивті тақтаны пайдалану, оқушылардың шығармашылықпен айналысуына көптеген септігін тигізері сөзсіз.

Мемлекеттік білім беру стандартына сүйенсек әр мұғалім зертханалық жұмыстарды міндетті түрде жоспарға сай өткізуі керек. Рсыны ескере отырып, физика интербелсенді тақтамен байланыстыра оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сабақ үстінде пайдаланған жөн. Ондағы мақсат:

1.Физика пәнін оқыту процесін компьютерлендіру;

2.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3.Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру;

4.Оқытудың сапасын арттыру;

5.Жан-жақты дамыған, өмір талабына сай озық, ойлы оқушы етіп тәрбиелеу.

Физика пәніне арналған электрондық оқулықтар оқушылардың әр деңгейдегі

білімдерін сапалы түрде оқып үйренуге арналған құралдардың бірі деп есептеуге болады. Ақпараттық технологияның оқыту жүйесінің тиімділігі – уақытты үнемдеу. Оған

қойылатын мақсаттары:

-жас ұрпақтың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыру, ойлауын және қабілеттерін дамыту;

-оқушының ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалануға дағдыландыру;

-формалдылық модельдерді, компьютерлік тәжірибені т.б. ғылыми танымның қазіргі заманғы талабына сай әдістерін меңгеру.

Сабақ үстінде оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділігін арттыруда жаңа ақпараттық құралдардың қолданылуы зор роль атқарады. Оған дәлел болатыны: компьютерлік графиканың объектілері мен дыбыстың жүйелері, оқушылардың сабақ барысында дисплей экранынан жылдамдықты, қозғалысты, түр-түсін, ұзындық өлшемдерін тез қабылдануына көмегін тигізеді.

Интербелсенді тақтаны сабақтың барлық кезеңінде пайдалануға болады: жаңа сабақты түсіндірген кезде, сабақты бекіткен уақытта, қайталауда, жүйелеуде және бақылауда[30]. Интербелсенді тақтаны оқушыға әртүрлі жұмыс құралы ретінде, оқыту объектісі ретінде және ұжымдық қарым-қатынас жасау сияқты функцияларын атқарады.

Компьютер және ақпараттық технологиялар оқушыны тілдесуге, кең ауқымды ақпарат алуға нақты пән салаларын түсініп үйренуге, қорытынды жасауға дағдыландырады.

Оқушылардың қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияны пайдалану. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Білім беру саласында жаңа идеялар мен білім

беру технологияларын сарқа пайдалану қажет.

Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолдану мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны даусыз.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық салалары жаңа ақпараттық технологияларды жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интеграциялауды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Интеграл (лат. Integration - қалпына келтіріру, толықтыру – бүтін) дегеніміз педагогикалық тұтастықпен топтастырынбілімді жүйелеу мен жинақтауды әр түрлі ғылымдарды біріктіру.

Ақпараттық технологияның міндеті – оқушылардың білімге қызығушылығын тудыру, ізденушілікке баулу.

Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактика мен әдіс-тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қалыптастырылады.

Бүгінгі таңда еліміздегі физикалық білім берудің басым бағыттары:

a) Оқушыларды іргелі физикалық теориялардың негізімен таныстыру, оларды физикалық құбылыстарды түсіндіруге пайдалану;

ә) Әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыру.

Сабақта электронды оқулықты пайдаланудың тиімді жағы көп; физикадан құралдар жетіспеушілігі сабақта өз деңгейінде білім беруге кері әсерін тигізеді, ал электронды оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аламыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар бұл оқушылар білімін бағалауда бағалар қорын көбейтуге көмек. Оқушылардың үлкен ізденіспен жұмыс істеуге жағдай туғызады.

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

1)Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану

тиімділігі;

2)Мұғалімнің педтехнологияны игеруі;

3)Оқушының пәнге деген қызығушылығы;

4)Білім, білік, дағды деңгеін қалыптастыруы;

5)Білімнің тереңдігі;

6)Тексеру түрлері, бағалауы;

7)Практикалық дағдыларды игеруі артады.

Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімге қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқулықтың пайдасы өте зор.

8. Электрондық оқулықтың құрылымы және оны физика сабағында пайдалану әдістері. Физика пәні бойынша электрондық оқулықтарды талдау мазмұны.

Сабақта электронды оқулықты пайдаланудың тиімді жағы көп; физикадан құралдар жетіспеушілігі сабақта өз деңгейінде білім беруге кері әсерін тигізеді, ал электронды оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аламыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар бұл оқушылар білімін бағалауда бағалар қорын көбейтуге көмек[42]. Оқушылардың үлкен ізденіспен жұмыс істеуге жағдай туғызады.

Электронды оқулықтыты пайдалану арқылы:

8)Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану

тиімділігі;

9)Мұғалімнің педтехнологияны игеруі;

10)Оқушының пәнге деген қызығушылығы;

11)Білім, білік, дағды деңгеін қалыптастыруы;

12)Білімнің тереңдігі;

13)Тексеру түрлері, бағалауы;

14)Практикалық дағдыларды игеруі артады.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.

Кесте – 2.1

 

 

Тиімді жақтары

 

 

Тиімсіз жақтары

Оқушының

уақытын

Психология-педагогикалық

үнемдейді,

оқу

материалын

іздеп

талаптардың жоқтығы.

отырмайды.

 

 

 

Пән аралық байланыстың

Оқушы оқулықты қажет аздығы.

етпей-ақ информатика негіздерінен кез

Көрнекілік

материалдарда

келген мәліметті алып, оқып үйренуіне

бірыңғай таңдау.

 

 

болады.

 

 

 

Оқып үйренудегі

мамандық

Тақырыптың үлкен, қиын

бойынша бағыты ескерілмеген.

 

бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар,

Материалды

толық қамтуы

клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

немесе оқулықтарды толық аудару.

Таңдап

алған

хабарды

Оқушының

жеке

ерекшелігі,

көшіруге мүмкіндік бар.

 

 

денсаулық жағдайы ескерілмеген.

Сарамандық

жұмыстар

Берілген

материалдағы

жылдам түсіндіріледі.

 

 

санитарлық-гигиеналық

нормалардың

Бағдарламаны

меңгеруге

сақталмауы.

 

 

 

арналған

тест сұрақтармен

қамтамасыз

Компьютердің

графикалық

етілген.

 

 

 

мүмкіншілігінің

қолданылуының

Көрнекілік құралдарға деген нашарлығы және әлсіздігі.

мұқтаждықты азайтады.

Оқушының тіл мәдениетінің

Мүғалім әр оқушымен дербес

төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе

жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік

алмауы.

туғызады.

 

Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі

жоғары