Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Лекциялар (1)

.pdf
Скачиваний:
175
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
812.36 Кб
Скачать

нысанасына жетуге болады; "игеру" мазмұныңда оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап, қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; "колдану, талдау және жинақтау" нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар кою, жаттығулар меи есептер беру арқылы

жетуге болады.

 

 

4. Оқушы өзінің

алған білімін мұғалім көрсеткен нысанаға

салыстыру

арқылы жүйелеп есте сактайды.

Мұғалім бұл барыста оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен жерін түзуіне

көмекте-седі және

оқулықтың қай бөлігін

тиянақтап оқу керектігін, қосымша

қандай материал қарау керектігін көрсетеді.Әдетте

бұған минуттай уақыт беріледі.

5. Нысанаға

жеткен-жетпегенін тексеру-Оқушылардың нысанаға жеткен-

жетпегенін тексеру үшін мұғалім әр түрлі сұрақтар қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқлықтар байқалса, толықтау жасауы қажет. Әдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.

6. Тапсырма беру- Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан алғаш білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін, даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. бұған әдетте 1-2 минуттай уакыт ажыратылады.

Жоғарыда көрсетілген бес басқаша жалпылама барыс болып, ол мүлде өзгермейтін қағида емес, оқытудың іс жүзіндегі ыңғайына карай оны толықтап тағы да басқыштар қосуға немесе кей басқыштарды алып тастап, өзіңнің оқыту жоспарына тіке байланысты басқыштарды ғана пайдалануына әбден болады.

Жалпы алғанда "Нысаналы оқыту технологиясы" қазіргі заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жаксы үйлеседі. Бұл оқыту технологиясының дәстүрлі окытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.

Деңгейлеп оқыту технологиясы. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқыт удың жаңа технологиясы бойынша, дифференциялды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналган жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқ у құралдары қажет.

Бұлар:әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі

тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші -оқ улық бойынша оқ ушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шыгарады.

Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы имформатика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады :

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1)Жаттап алуға лайықталған болуы керек.

2)Алдағы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

3)Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті ж әне ө мірмен байланысты болуы керек.

Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқ ушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекіт уге арналады.

Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде -олардың таным дылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1.Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардагы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ олард ы орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалан у қажет болады. Мұндай іс -әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс ф ункциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.

2.Оқ ушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп , танымдық және

үйретімділік маңызы болуы қажет болады.Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:

1)танымдық ізден у (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды

орындау барысында оқ ушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдет умен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.

Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай т уындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек .

2)әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру: және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргіз у, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорыт уға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

3)Өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорыт уғ а арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1) Оқ ушылардың алған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқ улыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару). Сонымен, айтатын болсақ бұлар:

Бірінші деңгей үшін - игерілгенді пысықтау мен қайталауға, командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған . Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге

оларды,

тереңдетіп

дамытуға және

тәжірибеде қолдануға арналған

тапсырмалар. Оқытудың осы жаңа технологиясы жағдайында:

 

-оқ ушылардың

өздігімен

жүргізетін

танымдық

іс -әрекеті

үшін

тапсырмалар күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылып;

 

 

-оқыт у-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;

 

 

 

-барлық

деңгейдегі

тапсырмалар

қызғылықты

мазмұндалған

болса,

оқ ушыларда ынталану пайда болады.

 

 

 

 

 

Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер,

үзіліс

кезінде

де

оқ ушылардың

сабақтан

бас

алмайтындығын

байқаған.Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбак, сөзжұмбақ, ребус математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертен жаңа тақырып басталады.

Нәтижесінде «екіліктер » жойылуымен қатар, «үштік » алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған .Осы жерде, "үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын ок ушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет? " - деген сұрақ т уады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.

Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқ ушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқ ушыларға дербес көмек көрсет уіне уақыты табылады. Ол сынып оқ ушыларының өздік жұмыс іс -әрекеттерін тек ұйымдастырып , басқару, жалпы бақы лау жасау және балалардың өз -өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мек бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыт у барысындағы бақылау тек бағалаудың ерекшелігі неде? Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат сынып оқ ушыларын "қабілетті " және "қабілетсіз " деп жасанды түрді әртүрлі топтарға болуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыт у принциптерімен қатар, барлық оқ ушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.Денгейлеп оқыт у

барысында

оқ ушының

бірінші

деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс

орындағаны

"есепке" алынып отырылады. Қандай оқушы

болмасын,

мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан , жұмысын

"оқ ушылық ",

"міндетті ",

1 -дегі деңгейдің, ол. үшін

жеңіл болса да, тапсырмалары н

орындаудан бастайды.

Барлық оқ ушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай , өз билігіне жетеді бұл нақты пән бойынша ең нашар үлгіретін оқушыга тірек білімін ғана Меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні жоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт үнемдеуіне себеп болады.

Нақтырақ айтсақ :

Әр оқ ушының , әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқ у пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді иге руін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Респ убликасының Білім т уралы Заңының талаптарына сай келеді, және дәстүрлі оқыт удағы оқ ушылардың артық жүктеме тарт у пробл емасын шешеді .

Олардың әрқайсысы 1 -ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау құқылы, Осылайша, бір деңгейден бір денгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетінде жетілдіреді. Бұл жағдайда жоға ры деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқ ушының күнделікті мақсатына айналады.

Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқ ушылар сол деңгейді игергені сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 15 ұпай, үшінші деңгей үшін - 30 ұпай. Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқ ушы орындай алады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыт у принципі орындалады. Нәтижесінде оқ ушылардың табиғи қабілеттері мен дарынды қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

Сонымен , әр деңгейдегі тапсырмаларды оқ ушы жанында ілулі тұратын жалпы ведомосқа және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведом осқа (шеңбер) -мен белгілеп отырады.

Бұл оқ ушылар арасында, олардың бір -бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жұмыс тудырады. Бірақ, оқ ушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан демеп жіберуге жол беріледі.

Сондықтан бақыл ау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар үшін табылады. Сабак дұрыс орындалған барлық тапсырмалар үшін жинаған ұпайларды есептеумен аяқталады.

Жинаған үпайларын оқ ушылар 2 -ші кестеде әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады.

Осы нүктелердің арасын түз у сызықтармен біртіндеп қосса, график шығады. Ол - оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқ ушының өткен материалды қ андай деңгейде меңгерген қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.

Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, шпаргалкасыз орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыла нып, өздерінің нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады.

Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылаумен сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму мониторингтеріне белгіленеді .

Оқ ушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілегіне қарай, тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді . Осы жағдайда оқ ушының даму деңгейі - басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен - өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқ ушыларға деген ізгілік қатынасты көрсетеді.

Бағалау жүйесінің негізі болып оқ ушы білімнің ең төменгі деңгейі алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді.

Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқ ушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті.

Сонымен, саралап , деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері - оқыт уды ізгілендіру мен демократияландыру ж ағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші , өзін -өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.

3. Физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану. Ақпараттық технологияларды физика пәнін оқытуда қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері.

ΧΧI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадығ дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруды педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» -

деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқулық құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады. Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдарды пайдалану мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті интерактивті сөзі inter-бірлесу, act-әрекет жасау ұғымын білдіреді.

Ақпараттық технология деп, арнайы техникалық ақпараттық жүйелерді қолданатын технологиялардың барлығын айтады.

Ақпараттық технология бағдарлы оқыту әдісін жалғастырушы және дамытушы болып табылады. Ақпараттық технологияны қолданатын оқу әдістері компьютердің орасан зор мүмкіндігін пайдалану арқасында білім берудің жаңа, ерекше түрлерін туғызады.

Ақпараттық технология – бұл оқушыға қажет ақпаратты компьютерлік құралдар көмегімен дайындау және ұсыну үрдісі.

Ақпараттық технология төмендегідей 3 нұсқада жүзеге асуы үшін:

1.Ақпараттық технологияны жеке тақырыптар, бөлімдерді оқытуды және жеке дидактикалық мәселені шешуге қолдану.

2.Оқытуда қолданылатын технолгияның негізгі бөлігі болып ақпараттық технология қолданылады.

3.Ерекше, жеке технология түрінде (бұл кезде оқу үрдісінің барлық бөлімдері:

оқыту, басқару, ұйымдастыру, бақылау, тексеру ақпараттық технология көмегімен жүзеге асады).

«Оқытуды компьютерлендіру» термині әртүрлі ұстанымдардан із қалдырады. Кең ауқымды мағынада - бұл дидактиканың дамуының және оқытудың дәл әдістемесінің қазіргі заманғы беталысы. Бұл түсінікке, жасалынып жатқан теориялық тұжырымдамалардың және компьютерлік оқыту технологияларының жиынтығы кіреді.

«Оқытуды компьютерлендіру» термині,тар мағынада, «компьютерлік оқыту» деп түсіндіріледі, яғни оқытудың бір амалы компьютер болып табылатын оқытудың жүйесі.

Компьютерлік оқытудың негізгі мақсаты-оқушылардың компьютерлік сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз ету. Компьютерлік сауаттылық деп-қоғамды ақпараттандыру шарттарында, әркімге қажетті білім және шеберлікті түсіндіреді.

Жаппай жалпы білім беретін мектептерге оқушылардың компьютерлік сауаттылығына шынайы қол жететін үш деңгей:

1.Адамның тәжірибелік қызметінде оқу тапсырмаларын шешудегі алгоритмдердің ролін және орнын түсіну,яғни алгоритмдік ойлаудың қалыптасуы.

2.Дербес компьютермен жұмыс істеу шеберлігін игеру (деректерді енгізе білу,дисплейді,пультті қолдану).

3.Компьютерде дайын оқу бағдарламаларын қолдана білу шеберлігін игеру (нақты тұжырымдамалардың шешуі,нұсқаулары,есептеп шығарылуы).

Оқытуда есептеуіш техникасын қолдана білу, мұғалімнің кәсіптік сапасының бірі болады.

Егер оқытуды компьютерлендіру үдерісін мектеп сабақтарын беру әдістемесінің қазіргі заман беталысының бірі ретінде қарастыратын болсақ, компьютерлік оқыту әдістемесіне,принципіне және әдістеме ғылымына ие болу,әрбір мұғалімнің кәсіби сипаты болып табылады.

Оқытуды компьютерлендіру,қазіргі білім жүйесінің барлық сипаттарына: мақсатына, міндетіне, мазмұнына, әдістемесіне, технолгиясына белгілі бір әсерін тигізеді.

Мектеп оқушыларды күнделікті қызметінде күрделі компьютерлі техниканы қолданумен тікелей байланыста болатындығын сезінуге үйретуі қажет. Олар қазіргі дербес компьютермен қатынас дағдысын игеруі қажет. Оны тиімді пайдалану білу және де, оның қолдану аймағын және шекараларын өзіне елестете алуы керек.

Ақпараттық технологияның жүйелік параметрі:

а) қолдану деңгейі бойынша-жалпы педагогикалық.

б) философиялық негізі бойынша-бейімделуші + ғылыми технократтық. в) негізгі даму факторы бойынша-қоғамдық + психогендік.

г) білімді игеру бойынша-ассоциативті-рефленторлы.

д) тұлғалық құрылымға бағдарлануы бойынша-ақпараттық + амалдық (БЕД + іс әрекет)

е) мазмұны бойынша-кез келген мазмұнға лайық.

ж) танымдық әрекет басқаруы бойынша-компьютерлік з) ұйымдастыру фомалары бойынша –жеке+топтар и) оқушымен қарым-қатынасы бойынша-қызметтестік к) оқыту әдісі бойынша-ақпараттық + амалдық

л) жаңарту бағыты-бойынша-ұйымдастыру және басқарудың нәтижелігі м) оқушылардың категориясы бойынша-барлық түрлері

Ақпараттық технологияның мақсаты:

1.Ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, коммуникативті қабілеттерін дамыту.

2.Ақпаратты қоғам тұрғысын қалыптастыру.

3.Оқушыға игере алатын,мүмкіндігінше мол материал беру.

4.Зерттеушілік ебдейліктері мен дұрыс шешім табу дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық технологияның тұжырымдамасы:

Оқыту-баланың компьютермен қарым-қатынасы. Бейімділік принципі - компьютерді бала ерекшелігіне бейімдеп оқытудың диалогты сипаты.

Басқарымдылығы: оқу үрдісін мұғалім кез келген уақытта өзгерте алады.

Жеке және топтап оқытуды дұрыс үйлестіру: компьютермен жұмыс істейтін оқушының психологиялық көңіл күйі жақсы болуы керек.

Шектеусіз оқыту: оқыту мазмұны оның талқылану және қолданылу аясы шектеусіз.

Ақпараттық технологияның мазмұны:

 

 

 

Ақпараттық технология

– компьютер

жадында жазылған

педагогикалық

бағдарламалық құралдарда бейнеленген формальды мазмұн нобайына негізделеді.

 

Білім берудің нақты мазмұны жетектеуші ақпаратты еселеп ұлғайту,компьютерлік

ақпаратты

ортаның

болуы;

(оларға

жататындар:ақпарат

қоры,

гипер

мәтін,мультимедия,электронды жүйелер,аралаушы жүйелер). Ақпараттық технологияның әдістемелік ерекшеліктері:

Компьютерлік оқыту құралдары интерактивті (өзара-белсенді), олар мұғалімнің не оқушының әрекетіне жауап бере алады.

Компьютерлі оқыту құралдары оқушымен өзара қатынасқа түсе алуы ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі болып табылады.

Компьютер білім беру үрдісінің барлық көздерінде қолданыла алады: жаңа тақырыпты түсіндіргенде, бекіткенде, қайталауда, БЕД-н (білім, иебдейлік, дағды) бақылағанда.

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың қажеттілігі өте жоғары,бірақ физиканы оқытуды аз қолдануда. Оның себебі, біріншіден, компьютерлі оқыту құралдары ауқымы санаулы зертханалық жұмыстармен шектеліп, оқу-әдістемесінде көмекші рөль атқарады. Ауқымның кемдігі деп, арнаулы педагогикалық мәселелерді шешуге арналған компьютерлік бағдарламалардың аздығын айтамыз.

Екіншіден, бар бағдарламалардың көпшілігінің сапасы сын көтермейді.

Үшіншіден, өзгеріп отыратын білім беру қажеттерін өтейтін, оған тез бейімделетін бағдарламалардың аздығы. Мәселенің төркіні мынада, ақпараттық технологиялар нарқы тұтынушыларға-оқушыларға бағытталған, ал оларға қандай компьютерлік оқыту құралдарын сатып алу мен қолдануды оқу орнының ұстаздары ақпараттық технологиялар оқу үрдісіне терең енгенде ғана айта алады.

Сондықтан, ұстаздардан ақпараттық теннологияларды дұрыс қолдануды ғана емес, оқушылардың ақпараттық технологияларға негізделген өздік жұмыс жасауға көп көңіл бөлетін,жаңа педагогикалық әдістер мен тәсілдерді дамыту мен қолдануға ұмтылуды талап етеді.

Компьютерлі оқыту құралдарының жеткіліксіздігі, оларды жасау әдістемесінің жүйеге келтірмегендігіне, ал әдістемесінің дамуы ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне аз қолданумен шектелуде. Мұның өзі компьютерлі оқыту құралдарының сапасының төмендігімен және қазіргі оқу жүйесінің инерттілігімен түсіндіріледі. Бұл тұңғиықтан компьютерлі оқыту құралдарын жасау мен белсенді түрде қолдануға оқу орындарының оқытушыларын қатыстырмай шыға алмаймыз.

Қатысу деп – компьютерлік оқыту құралдарын жасау мен қолдану әдістемесін, ақпараттық технологияларға негізделген оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясын, жаңа ақпараттық технологиялардың қажеттігін анықтай білуді, әдіскер немесе автор есебінде компьютер оқыту құралдарын жасауға қатысуды айтады. Оқу әдістемесі оқу материалымен ғана емес, компьютерлі бағдарламалардың модельдері және алгоритмдерімен де, терең байланыста болуы керек.

Қазіргі кезде, компьютерлі оқыту құралдарын жасау технологиядан гөрі өнерге жақын деген көзқарас қалыптасқан. Мұны көпшілік қолданатын, оқытқанда тұрақты нәтиже бертін технологияға айналдыруға, компьютерлі оқыту құралдарын жасау мен оқу үрдісіне енгізу әдістемесінің жеткіліксіздігі кедергі келтіруде.Ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу, оны жасаушылардың мамандануын талап етеді. Бұл мамандықтардың ішінен компьютер толық меңгерген әдіскерлер мен компьютерлік оқыту құралдарының жүйелі техниктерін ерекше атап өту керек.

Компьютерлі әдіскер – бұл компьютерлі оқыту құралдарына қолданылатын бағдарламалар мен жұмыс істей алатын және компьютерлі оқыту әдісін білетін маман.Оның мақсаты психико-педагогикалық жоспар, оқыту әдістемесін, оқушыларды бақылау мен білімін тексеру әдістерін жасау және оқулық авторларына әдістемелік көмек беру.

Компьютерлі оқыту құралдарының технигі – бұл компьютерлі дидактикадан хабары бар, білім берудегі ақпараттық технологияның маманы.

Бұл мамандықтарды қазіргі білім беру жүйесіне дайындамайды, олар өз мамандықтарын нақты компьютерлі оқыту құралдарын жасай жүріп игереді.

Мамандар болғанның өзінде, егер оқу материалының авторларының компьютерлі оқыту құралдарын хабары болмаса, не компьютер мамандары оқу әдістемесін жүзеге асыра алмаса ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану дұрыс нәтиже бермейді.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаhандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Интерактивті құралдарды сабақта пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

-пән бойынша базалық білімді меңгеру;

-алған білімді жүйелеу;

-өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- оқушыға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және бейнеақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Елбасы атап көрсеткендей: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Сабақ беру саласында интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызының зор екендігін байқадым.

-Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;

-Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын сабақта жиі қолдану,

-Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық –техникалық базасын жетілдіру.

Интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын-ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Фон ретінде физикалық аспаптың суреттерін алуға болады және сабақ барысында белгі салуға, жазуға мүмкіндік туады.

Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презентациясы болуы мүмкін. Мысалы Microsoft құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің “ төртбұрыш ” объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режиміде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office-нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес, құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз[9]. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады (“тік төртбұрыш” объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады. Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Өткен материалды

қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе прграммалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды;

Тақта мен бордың көмегімен әртүрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес;

1.Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

2.Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға

болады.

3.ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғары бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

4.Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. Сабақтың өнімділігі артады.

5.Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Қазіргі кезде бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім жүйесі қалыптасып келеді. Бұл процесс психологиялықпедагогикалық теорияда және оқутәрбие жұмыстарында бірсыпыра өзгерістер жүргізумен қатар жүргізіп келеді.

Білім беру парадигмасы өзгеріп, жалпы әлеумет бұрынғыдан басқаша формалар, тәсілдер, өзге көзқарастар, басқа қатынастар мен құқық негіздер, өзгеше тәртіптжәне педагогикалық менталитет талап ете бастады.

Білім мазмұны жаңа процессуальды біліктілікпен, ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін дамытумен толықтырылып, ғылым мен нарықтық практика мәселелерінің білім беру бағдарламаларын балаларды жекелеп оқыту түрінде жүргізе отырып, шығармашылық тұрғыдан шешу істеріне көңіл бөлінетін болды.

Информация бұрынғыша өңдеу тәсілдерін компьютерлік оқу жүйелерін, кең ауқымды телекоммуникациялық желілір ығыстыра бастады. Педагогикалық процестің негізгі бөлігі болып педагог пен оқушы арасындағы жеке тұлғаға бағытталған қарымқатынас саналатын болды. Қоғамның дамуына сәйкес педагогикалық технологиялар жасау кезінде ғылымның рөлі артып келеді.

Психологиялық - педагогикалық тұрғыдан қарағанда білім беру технологияларын жетілдірудің негізгі тенденциялары мынадай өзгерістермен сипатталады:

- оқытудың есте сақтау арқылы жүргізілетін функциясынан адамның ойлау қабілетін дамыту процесі тәріздес оқыту жүйесіне көшу;

- білімнің таза ассоциактивтістатистикалық моделінен ойлау қабілетінің динамикалық құрылымды жүйелеріне ауысу;

-орташа білімді оқушыға бағытталған үйрету жүйесінен дифференцияланған жеке-дара оқыту бағдарламаларына қарай бетбұрыс жасау;

-оқытудың сыртқы ынталылығынан гөрі ішкі ерікті-рухани реттеуге көшу. Қазақстан Республикасы білім жүйесінде педагогикалық ұжымдарға педагогикалық

процесті әр түрлі модельдерді пайдалана отырып қалыптастыру арқылы өзгермелі (вариативті) принципті қолдану негізге алынған. Сондықтан оқыту прцесі осы бағытта келе жатырдеп айтуға болады. Бұған мысал ретінде білім мазмұнының түрлі нұсқаларын жасауды, оқыту құрылымдарының тиімділігін арттыруда қазіргі дидактика мүмкіндіктерін

кеңінен пайдалануды, ғылыми түрде жаңа идеялар мен технологияларды жасау және оларды практикалық түрде тексеріп негіздеу істерін келтіруге болады.

Мұндайда әртүрлі педагогикалық жүйелер мен оқыту технологияларының бірбірімен араласып сұхбаттасуы тәрізді ұйымдастыру ісін жүргізудің, практикада оқытудың дәстүрлі мемлекеттік жүйсінен басқа соларға баламалы түрде қосымша білім беру түрлерін тәжірибеден өткізудің және бұрынғы толық қанда педагогикалық жүйелерді пайдаланудың маңызы жоғары.

Информациялық технологиялар қазіргі білім беру жүйесінің барлық сатыларының негізгі бөлігі болып табылады және осы технологияны пайдалану ісі еліміздің бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіруіміздің нақты көрсеткішіне айналып отыр.

4. Қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктері

Ақпараттық-коммуникациялық технология – электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі, білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан, кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық - техникалық кешен болып саналатын «Активті экран » болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту