Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
New Microsoft Office Word Document.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.46 Кб
Скачать

2012 Жылғы қонақ үйлер жұмысының негізгі көрсеткіштері

Бір жолғы

сыйымдылығы,

төсек-орын

Барлық

нөмірлер

саны, бірлік

Ұсынылған

төсек-тәулік

Қонақ үйлердің

толықтырылуы,

есеп беру

кезеңінің соңына,

пайызбен

Астана қ. жалпы

8031

4885

1 012 769

34.5

Соның ішінде:

Алматы ауданы

3601

2149

367 278

27.9

Есіл ауданы

1432

996

228 721

43.6

Сарыарқа ауданы

2998

1740

416 770

38.0

Туристерге қызмет көрсетуде негізгі үлес салмақ (96,8%) жекеменшік кәсіпорындарға тиесілі, туристердің 1,3%-ына мемлекеттік, қалғандарына бірлескен және шетелдік кәсіпорындар қызмет көрсеткен. 2012 жылы Астананың 55184 тұрғыны шетелге шықты. БАӘ және Түркия елдерінің үлесіне ТМД-дан тыс елдерге шыққан қазақстандықтардың 71,9%-ы тиесілі. Бұрынғыдай, 2012 жылы шығудың негізгі үлесін шоп-турлар (Түркия, БАӘ) құрайды [13].

Кесте 6

Туристер өте жиі баратын елдерге шыққан туристер саны

2012

2011

адам

Шығатындардың жалпы санына пайызбен

адам

Шығатындардың жалпы санына пайызбен

Барлығы

55 184

100

31 008

100

олардан:

Германия

1954

3.5

1400

4.5

Тайланд

2822

5.1

1484

4.8

ОАЭ

6917

12.5

3006

9.7

Туркия

32 782

59.4

19 165

61.8

Кытай

1518

2.8

1100

3.5

Баска елдер

9191

16.7

4853

15.7

Келушiлердiң саны 2011 жылғы қаңтар-маусым кезеңімен салыстырғанда 98,5%-ға азайды. Туристiк салада көрсетілген қызметтердiң жалпы көлемi 7236069,4 мың теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 840708,9 мың теңге құрады. 2011 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда шығу туризмінің туристiк ағыны 18,3%-ға артты, 15569 адамды құрады.

Ал 2013 жылы Астана қаласында келушiлерді орналастырумен шұғылданатын 136 кәсіпорын және жеке кәсiпкерлер 273 383 адамға қызмет ұсынып, 6 371 896,6 мың теңгеге қызмет көрсетті. Орналастыру нысандарында 5 150 нөмір бар, олардың біржолғы сыйымдылығы 8 747 төсек-орынды құрады. Орналастыру нысандары қызметтерінің көлемi есептi кезеңде 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 11% - ға артты.

Әлемдегі белді де беделді ұйымдардың бірі Халықаралық көрмелер бюросының шеші­мімен Астанада Бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесі өтетін болып шешілді. ЕХРО-2017 халық­аралық көрмесі қатардағы көп шараның бірі емес. Оны өткізуге ынталы азулы елдер қарасы да көп болды. Бірақ Астана жеңімпаз атанды. Бұл халықаралық айтулы шараның еліміз үшін берері мол. Соның ішінде ЕХРО-2017 көрмесі елі­міздегі туризм саласын дамы­туға тың серпін берері сөзсіз.

Әлемдік аренада Астананың беделі артқанын басқасын айтпағанда, бір ғана аса маңызды халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін өткізуді жеңіп алуды айтсақ та жеткілікті сияқты. Бұл – Қазақстанның беделінің одан әрі арта түсуіне, Астана қаласының одан әрі көркейіп, дамуына септігін тигізері сөзсіз [17].

ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесі – бұл индустрияландырудың символы және техникалық, технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық алаң болып табылатын ірі халықаралық іс-шара.       ЭКСПО – 2017 өткізу Қазақстан Республикасы мен оның елордасының халықаралық деңгейде айтарлықтай ілгерілеуіне ықпал етеді. Алайда аталған көрмені ұйымдастырушы елдердің тәжірибесіне салыстырма талдау аталған оқиғаның іскерлік табысы көбінесе ішкі нарыққа байланысты екенін көрсетеді.       Астана қаласында толымдылық деңгейі орташа көрсеткіштен төмен 5 000-ға жуық қонақ үй нөмірлері бар екенін ескерсек, жаңа қонақ үй нөмірлерін енгізу жоба дамуына қарай қосымша айқындалатын болады.

ЭКСПО-2017 ұйымдастыруға байланысты күш-жігер жеткіліксіз туристік инфрақұрылым құруға, өзгерістер енгізуге және Қазақстанның туристік өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты негізгі міндеттерді шешуге: елге келу шарттылықтарын жеңілдету, туристік көліктік инфрақұрылымды құру, тартымды бағалармен қамтамасыз ету мүмкіндігі және дестинацияны басқару және т.б. бағытталуы тиіс.

Жүйелі жоспарлар мен мастер-жоспарда айқындалған жоғарыдағы төрт туристік жобалардан басқа, ойластырылған туристік өнімдерді болжамды дамыту ұлттық маңызы бар өзге туристік жобаларды дамыту қажеттілігін тұспалдайды.      

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]