Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
New Microsoft Office Word Document.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.46 Кб
Скачать
    1. Мәдени – тарихи рекреациялық ресурстар.

«Бәйтерек»-Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

«Жастар сарайы» (1974ж.; сәулетшілер: А.Т.Полянский, К.В.Миронов; инженер: Ц.М.Нахутина; Республика алаңы, 34). «Жастар сарай» , 1977 жылы тың игерудің 20 жылдығына орай Экспериментальды жобалаудың орталық ғыдыми-зерттеу институты ретінде жобаланып, тұрғызылды және ол жергілікті жер бойынша тарихи-мәдени сәулет ескерткішіне жатады. Ғимарат кеңес сәулет өнерінің жарқын туындыларының бірі болып табылады. Жобаның авторы Сәулетшілер одағының төрағасы болған А.Т.Полянский. «Жастар сарайы» - бұл төрт қабатты әлемде тұңғыш рет 1,2 мың орындық көру залы мен 500 орындық спорт залы өзара байланысу және трансформациялау тәсілімен салынған үлкен кешенді ғимарат. Құрылыстың ерекшелігі сол, мұнда табиғи тастар мен алюминий, гипстік рельефтік плиталар секілді материалдар пайдаланылған.

Мұнда монументальдық өнер шығармалары кеңінен қолданылған. «Жастар» сарайы – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретші-монументалист, академик Дмитрий Маврикиевич Мерперттің авторлық шығарма-қолтаңбасы. Кезінде КСРО суретшілер академиясы бұл сызбаны қарап, мақұлдаған. Бұл шығарма үш бөлікті (триптих): сол бөлігі – менің отаным –Қазақстан, оң бөлігі – космостың Қазақстан, ортаңғы бөлік – Қазақстан жастары деп аталған композициялық шешімге құрылған. Живопистің тамаша туындыларының бірі ретінде орындау техникасына қарай жапсырманың темперлік қолтаңбасы көп жылдар МСО басқарған академик Анатолий Трофимович Полянскийдің теңдессіз сәулет шығармасының қолтаңбасы. Аталмыш қолтаңба – аса ірі қайталанбас колориттік шешімдермен, жоғары кәсіптік шеберлікте орындалған композициялық-құрылымдық монументалды шығарма құрылысы болып табылады. Бұл «Жастар» сарайының сартқы да , ішкі келбеті үшін басты композициялық элемент. Аталмыш жұмыстың барлық суреттері 1970 жылдардың нағыз бейнесін көрсетеді. «Жастар» сарайының өзіндік қайталанбас қолтаңбасы монументальды өнердің авторлық шығармасы ретінде мәдени, көркем тарихи құндылық болып табылады. Ғимарат КСРО Министрлер кеңесінің сыйлығына ие болды. Қайта жөндеу жұмыстарынан кейін қасбеттері қазіргі заманғы жабдықтармен әрленді, алайда конструктивті шешімдері өзгертілген жоқ. Себебі ғимараттың сәлеттік келбетін сақтау аса маңызды.

«Конгресс-холл» бұрынғы кезеңдерде дүниеге келген тамаша сәулет үлгісінің бірі – Тың игерушілер сарайы еді. КСРО Министрлер кабинетінің қаулысымен ескі қала құрылысын қайта жөндеу және қаланың оңтүстік шығыс бөлігінде жаңа құрылысты дамыту туралы жоспар жасалды. Осы қаулыға сәйкес, қала мен жасыл парк аумағын Есіл өзені арқылы жаңа көпірмен жалғаған болатын. Қалада Тың игерушілер сарай мен Телеорталық осындай үлкен жоспардың ауқымында дүниеге келген. Астана төріне көрік беріп, түрлі мәдени шаралардың ордасына айналғанкөркем ғимарат 1963 жылы пайдалануға берілді. Заманында теңдессіз ғимараттардың біріне саналған, 2500 орындық көрермен залы бар бұл сарайда көптеген әлемге танымал артистер өнерлерін ортаға салды. Солардың бірі КСРО-ның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, ұлы дарын иесі, талантты биші Махмуд Эсамбаев 1969 жылы 15 маусымда жазып қалдырған қолтаңбасында: «Мен мынадай керемет сарайда өнер көрсеткеніме бақыттымын. Сіздерге тағы да келіп өнер көрсетуге қашанда асығамын» деп жазған екен. Қазақстан Республикасының астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілуіне орай, аталмыш ғимарат Республика сарайы, кейіннен Президенттік Конгресс-холл ретінде атауын өзгертті. 1997-1998 жылдары бұл ғимаратқа шетелдік «техно-арт» фирмасы түгелдей қайта жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Ғимараттың жалпы аумағы 6697 шаршы метрді алып жатыр. 6 қабаттан тұратын үлкен құрылымда 158 қызметтік бөлме, 1600 орындық концерт залы, мейрамхана, бар орналасқан.

«Балдырған» — балалар циркі. 1968 жылы Целиноград (қазіргі Астана) қаласында ұйымдастырылған, ал 1972 жылы халық циркі атағына ие болды. Цирк құрамында — студенттер және мектеп оқушылары өнер көрсеткен. С. Әубәкіров, Ә.Рақымжанов, С.Шынтаева, Д, Елтаева, А. Әдіғалиева, т.б. “Балдырған” балалар циркінің дарынды өнерпаздары республикаға танымал болды. “Балдырғанның” көркемдік жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңерген мәдениет қызметкері В.Д. Анисин (1968 жылдан); балетмейстері — Ғ. Ерғалиева, музыка жетекшісі — С. Өзденбаев. Цирк ұжымы “Артек” пионер лагерінде, Қарағанды, Теміртау, Шымкент, Бішкек және Алматыда өнер көрсетті. Қазақтеледидары 1981 жылы осы ұжым туралы “Достық аренасы” деген атпен фильм түсірді.

Биыл «Балдырған» халық циркінің 45 жылдығына орай мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында концерттік номерлер мен құттықтаулар болады. Іс-шараға «Балдырған» халық циркінің жас әртістері, Астана қаласының мектеп, лицей және гимназия оқушылары қатысады.

«Балдырған» халық циркі өзінің қойылымдарымен 45 жыл бойы көпшілікті қуантып келеді. Соның ішінде 40 жыл бойы «халық» құрметті атағымен қызмет етуде. «Балдырған» халық циркінің негізін қалаған Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Вячеслав Анисин. Бұл жылдары «Балдырған» Қазақстан мен ТМД елдерінде көптеген қойылымдарын көрсетіп, көптеген республикалық байқауларда, Бүкілодақтық шығармашылық фестивальдерінде лауреат атанған. ҚР Президенті мен әкім шыршаларына қатысады. Бұдан басқа, цирк тәрбиеленушілері III және IV Ұлттық Дельфий ойындарында (2007, 2008 жж.) алтыннан алқа тағынды, сондай-ақ цирктің жас әртістері Минск қаласында өткен ТМД мемлекеттерінің V Жастар Дельфий ойындарында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті (2008 ж.). Айта кетсек, жыл сайын цирктің жас әртістері қарттар үйіне, балалар үйіне, жазғы лагерьлерге, әскери бөлімдерге барып, өнер көрсетеді.

«Океанариум» Думан ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Осындағы түрлі көрме аймақтарында Оңтүстік Америкадағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тұщы сулардың, жағалау маңдарының, тұңғиықтар мен кораллды рифтердің тұрғындары тіршілік кешуде. Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.

Бірінші көрме аумағына Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тұщы суларын мекен етушілер қойылған. Мәселен, пираньиа тұқымдастары олардың жыртқыш та, қомағай өкілдерімен де, пираньяның өздерімен де, сондай-ақ, момын, әрі вегетариан ағайындары - пакулермен де сап түзеп, келушілер назарына ұсынылады. Тап осы жерден бұларға қоса, теңіздер мен мұхиттар жағалауларының теңіз жұлдыздарын, бағзы замандар өкілі - хелицерилерді-ершікшаяндарды, саяқ-шаяндарды, ұзынмұрттарды және теңіз шаянын көруге болады.

«Думан» ойын сауық орталығындағы «Күмбез Аясы» - орталықтың II кезегінің нысаны. Құрылыс 2004 жылдың ақпанында қолға алынды. Оның құрлыс мерзімі - 24 айға белгіленген болатын. Дегенмен, құрылыс 13 айда аяқталды. Шеңбер көлемі - 90 метр. Күмбез көлемі - 70 метр. Қабаттарының биіктігі 4,75 метр. Күмбез аясының биіктігі темірбетон сақинасының жоғарғы белгісінен есептегенде - 12 метр. Қабаттылығы - күбез жамылғысымен қоса есептегенде 2 кқабаттан тұрады.ағы - 16 000 шаршы метр. Көлемі - 3 000 текше метр Өткізу мүмкіндігі - 197 адам. Түпкілікті сыйымдылығы - 3360 адам. Құрлыстың ең тиімді шешімі - жоғарғы және төменгі болат сақиналар арқылы шірей тартылған иілген болат арқаулардың үстіне төселген алюминилі тұтас темірбетон екені айқын.

Екінші Орталық кіреберістің қабырғасындағы оның авторы - Суретшілер Одағының төрағасы Сембіғали Смағұловтың "Құс жолы" - деп атаған композициясы осы заманғы монументальды бейнелеу өнерінің өзіндік қайталанбас үлгісі болып табылады. Композияның мерекелік ажардағы түрлі-түсті бояулы шешімі Ойын-сауық Орталығының мақсаты мен орынын айқындап тұр. Компзиция геральдикалық, безендірушілік салмақты көтеріп тұруы себепті одан ұлттық бұйымдардың, сәндік заттардың, қазақтың көне аңыздарындағы танымал кейіпкерлер жүздерінің ырымдық белгілерінің және күн сипатты тәңірлік дидарларының нышандары да кездесіп қалады.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің нұсқасын Астанадағы суретшілер Одағының мүшелері Сембіғали Смағұловтың жетекшілігімен дайындады. Бұл - Қазақ халқының Түркістан қаласында, XIY ғасырда ірге көтерген қасиетті ескерткішінің киесін әйгілеп тұрған қазақ сәулет өнері алып ғиаратының кішірейтілген нұсқасы. Кесене есігі де қазіргі қасиетті ғимараттың қолдан жасалған айна қатесіз көшірмесі.

Алтын диадема - Қарғалы мекенінен табылған /б.д. Ү ғ./ диадеманың фрагменттік қайталуы. Сак дәуірінің аң нұсқасында жасалған сән бұйымының мазмұны көне египет өрнектерінен асып түспесе, кем емес. Бар қырларыныңөзара үндесіп, жымдасып жатуы - оның композициялық шешімі мен көркемдігіне еш нұқсан кілтірмеген.

Қазақстан Тәуелсіздігінің Монументі - Әділет Жұмабаевтың осы заманғы технологияны /полимер смоласы/ пайдаланып жасаған әйгілі мүсіннің көшірмесі.

"Басты кейіпкер - Тазша баланың қатысуымен "Қырык өтірік" қазақ халық ертегісінің фрагменті - қазақ халқының тапқырлығы мен өнерпаздығының бейнелеу өнерінен сәтті көрінісін тапқан сәті. Осы заманға дейін орыс не, басқа да тілдерде дәл тәржімасы жасалмаған "Қырық өтірік" ертегісінде қырық өтірік айтып, қызына үйленіп, әрі уәзір атануы мүмкіндігіне жету жолындағы қатал хан жарияланған жарыста бақташы жас жігіт жеңіп шығады.

"Бәйтерек" Аттракционы - "Байқоңыр" ғарыш айлағының көру алаңынан қарағандағы зымыранның дәл көшірмесі.

Сондай-ақ, Қазақстан тақырыптық аумағында сақ халықтарының бірлігіне арналған көне шахардың макеті және "Қазақстан" субұқағы да бар.

Америка тақырыптық аумағындағы аспанғимараттың арғы бетінде, оң қанатта- ацтек өнеріне арналған, сол бетінде - Американың ашылуына бағышталған көркем сызбалар бар. Бостандық статуясының макеті - Американың Нью-Иорк айлағына кіре берісте асқақтап тұрған әйгілі меймандостығының бірі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Мұражайы» 2004 жылдың 28 тамызында Президенттің Жарлығымен құрылды. Елбасның бұрынғы Резиденуиясы ғимаратындағы алғашқы келушілерді Мұражай 2005 жылдың наурызында қабылдады.

Мұражай экспозициясының негізгі идеясы – республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы мен тәуелсіз демократиялық мемлекет құрылысындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін көрсету болып табылады. Мұнда жалпы және тақырыптық экскурсиялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мұнда ҚР қалыптасуына арналған экспозициясы, «ҚР Мемлекеттік рәміздері» экспозициясы және уақытша экспозициялар орнатылған.

«Президенттік мәдениет орталығы» Астананың екі ірі магистральдарына - Республика даңғылы мен Бараева көшесінің қиылысындағы – Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығын көруге болады. Астананың архитектурасында – бұл ең әдемі ғимараттардың бірі. Құс ұшатын биіктіктегі көрінісі қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті үшін символды әлемнің төрт жаққа тарайтын сәулелердің бейнесі көрінеді. Түрік архитектуралық дәстүрі – қаланы шығыстыққа тәнті ететін жер үстінен 38,5 метрді құрайтын, көк күмбез орналасқан. Радиусы 19,5 метр бес этажды музей – барлық композицияны қиыстыратын орталық. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік музейімен С.Сейфуллин атындағы Республикалық жариялымды кітапханасының бірігуінен жасалған комплекс қазақ халқының мәдени дәстүрінің және дина мирастықтың белгісі болды. Музейдің фонды 143 223 бірлікті құрап, тематикалық коллекциялар біріктіріліп, сақталуда: археологиялық, этнографиялық, қазақтың дәстүрлі зергерлік бұйымдарының, аттың жегілу рәсімін, ескі жиһаз, тұрмыс заттарын, жиі кезпейтін кітаптарды, ққару-жарақ, фотоқұжаттар, нумизтиматика және бонистика, бейнелеу өнерін қамтыған. ОРталық залында Қазақстан Республикасының Президентінің сыйлықтарының коллекциясы ұсынылады. Ол мемлекет және түрлі үкімет және арнайы делегациялар басшыларынан Н.Ә.Назарбаевқа ұсынылған заттардан құралған. Президенттік мәдениет орталығының кітапханасы 700 мыңнан астам кітапқа – беттерінде көшпенділерден қазіргі күнге дейінгі Қазақстаннның барлық тарихын суреттейтін бай фонды бар орталық.

«Цирк» орталығы. Астаналық циркте барлығы жүзеге асты: архитектуралық, жоғарытехнологиялық, ішкі орнату эргономикасы, кеңейтілген инфраструктура дамыған. Шәшке формасында диаметрі 92,6 метр кең темір конструкциясында құрылып жасалған. Арена диаметрі 13 метрді құрайды. Қазіргі цирк өнерінің талаптарына сай: цирк күмбезінің астында акробатикалық ұшу қондырғысы, манеж – трансформер, мұзды алаңға айналатындай лазерлі шоу үшін жабдығымен қамтамасыз етілген.

«Қазақстан» концерт залы. Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында өзінің бірегей сәулет және акустикалық сипаттары бойынша үш мың бес жүз (3.500) орынға арналған «Қазақстан» Орталық концерт залы» орналасқан. Отыз сегіз мың алты жүз шаршы метр (38.600 ш.м.) аталған нысанға, жалпы көлемде 28 миллиард теңге (187 миллион доллар) жұмсалған.

Идеяның авторы маэстро Манфреди Николетти болып табылады. Ол әлемдегі ең озық жобалаушы ғана емес, сондай-ақ құрылысының табиғи принциптерімен әлемге танымал болған қазіргі заманғы ең талап етілетін сәулетшілердің бірі. Николетти жасап шығарған «Қазақстан» Орталық концерт залына» қазіргі күнде австралиялық Сиднейдің опера театрының атағын құрмет етеді. Ғимаратта ең маңызды орынды 2.970 ш.м. көлемді пьяцца-фойе алады, ол мыналардан тұрады: Үш көріністі лифт (әрқайсысының жүк көтергіш қабілеті – 630 кг.) Екі киім ілетін жай: v.i.p. және қалыпты, жалпы орны – 4500 Тауарлардың эксклюзивті түрлерін ұсынатын сегіз бутик (8 бутик) Техниканың соңғы сөзімен жабдықталған 200 және 400 орындарға арналған екі конференц-зал Қоғамдық тамақтану орындары: мейрамхана (80 орын), дәмхана (200 орын), тағандағы дөңгелек бар (35 орын) және домбыра астындағы бар (50 орын).

Ол өткізілетін іс-шараларға қарай ондағы жай-күй мен акустиканың өзгеруін қоса, барлық функциялармен қамтылған. Мұнда естілмеген акустикалық әсерлерге домбыраның арқасында қол жеткізілді. Көрермен залы, нақты айтсақ, бұл бүтін атриум, музыкалық аспап үлгісінде жасалған және симфониялық концерт болсын, опера не кинокөрсетілім болсын, кез келген шоуға «бейімделе алады». Мұнда барлық жаңа технологиялар жинақталған және ешқандай да артық материал немесе тігін жоқ. Атриум ішкі және сыртқы жағынан акустикаға еш кедергісіз өзінің міндетін аиқаруға мүмкіндік беретін арнайы ағашпен қапталған. Тіпті концерт залының едені жоғары тозуға төзімді арнайы паркетпен жасалған және аса бейнелі акустикалық бейімділікпен жатқызылған. Аса көп назарды бір аралық пульті арқылы бір адаммен басқарылатын көп функциялы сахнаға (сахна аумағы 274 ш.м.) аударған жөн. Сахнаның алдыңғы жағында оркестрге арналған шұңқыр орналасқан, оның түсу және көтерілу уақыты 4 минутты құрайды. Оркестр шұңқырының тереңдігі 4,5 метр болады және оркестр үшін жеке шығар есіктер қарастырылған. Сахнаның артқы жағы хорға арналған және 7 хор ярусынан тұрады, олар да аралық пульт арқылы басқарылады және толық көтерілгенде биіктігі үш метрге дейін жетеді. Қазіргі күнде мұндай бірегей жоба ТМД-ның бірде-бір елінде жоқ және ол сөзсіз Қазақстан Республикасының мәдениет орталықтарының және сәулет ғимараттарының ең маңыздыларының бірі болып табылады.

«Отан қорғаушылар» мемориалы, «Отан-Ана»монументі - 2001 жылы 7 мамырда Астана қаласының казіргі Тәуелсіздік және Қ.Мұңайтпасов даңғылдарының қиылысындағы алаңда тұрғызылды. «Отан қорғаушылар» мемориалы символикалық мазмұны кешегі мен бүгінгі, ертеңгі ұрпақтар жалғастығын білдіреді. «Отан қорғаушылар» мемориалының өзегі - биіктігі 37,5 метр, салмағы 63 тонналық алып монумент - ана бейнесі. Ақ кимешекті әйел-ана алтындатылған зерлі кесесіне ақ құйып оны, ұлттық дәстүрге толы көңілімен, келе жатқандарға қос қолдап ұсынуда.Сондай- ақ соғысқа аттанған жарын, алысқа кеткен ұл-қыздарын алаңдай күтіп тұрған ананың бейнесінен бүкіл қазақ әйеліне тән ұлттық болмыс-бітім аңғарылады. Қола бағанның (ескерткіш діңінің) ұшар басында 121 алтын масақтан тұратын нысан - көпұлтты қазақстандықтардың тереңнен тамырланған бірлігі мен берік достығының нышаны. Масақтардың іргесі қазақ жерінде әр ұлттың рухани және мәдени мұрасын бейнелейтін ою-өрнектермен безендендірілген. Бұл сонымен бірге жаңа өскін-өмір, бейбітшілік, молшылық пен тұрақтылық белгісі. Үш бөлікті тұтқырдың тағы бір ерекше көңіл аударатын тұсы - жер шарының бейнеленуі: онда сонау ескі дәуірден бастау алған Жібек жолымен сапар шеккен керуендер түркі халықтарының ертедегі кіндік шаһары - Түркістан мен рухани орталық болған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне соғып, одан ары талай тарихи кезеңдерді артқа тастап, жаңа Елордамыз Астана қаласына ат басын тірегені мүсіндік тәсілмен тайға таңба басқандай айшықталған. Қырық метрдей қола бағанның екі жақ қапталының бірінде-ата-бабаларымыздан қалған кең байтақ мекенімізді әртүрлі басқыншылардан қорғаған хас батырлар, екінші жағында - Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік көрсеткен қазақстандық әскерилер бейнеленген. Бүл - қаһарлы соғыс жылдары майданда елінің бостандығы үшін мерт болған жауынгерлер мен арамызда өнеге көрсетіп жүрген соғыс ардагерлеріне деген ерекше кұрмет ескерткіші. «Отан қорғаушылар» мемориалы тәуелсіздігіміздің 10 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 56 жылдығына және ҚР ҚК іргетасы қалануының 10 жылдығы мерекесі қарсаңына орай ашылды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Отан қорғаушылар күні - 2001 жылы 7-9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шеру мерекесіне қатысып, сөйлеген сөзінде ел тарихына шолу жасай келіп, халқымыздың бастан өткерген жылдары қашан да ерлікке толы болғанына тоқталды. Аталған мерекенің барлық қазақстандықтар үшін киелі екеніне ерекше мән берді. Бұдан соң «Отан қорғаушылар» мемориалы жайында: Бұл - жауды тізе бүктірген Жеңіс мерекесі болуымен бірге жалпыхалықтық еске алу күні, аға ұрпақтың өшпес ерлігіне бас иію күні. Сондықтан бұл мемориал ұрпақтарымыз бейбіт өмірімізді құрметтеп, қан құйлы соғыстың зардабының қандай болатынын естен шығармау үшін ұлағатты ескерткіш болуы керек. 

«Бейбітшілік пен келісім сарайы»– архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.

Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарайөзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған. Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы,мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан.

Абай ескерткіші. Ұлтымыздың рухани ағартушысы, халқына мәңгі өшпес мұра қалдырып, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде мойындатқан, майталман классигіміз Абайға тағзым ету біз үшін аса жоғары мәртебе. 2010 жылы 19 маусымда Абай мен Бейбітшілік көшелерінде бой көтерген ұлы ақынның еңселі ескерткіші стилобат, постамент және мүсіннен тұрады. Монументтің жалпы биіктігі - 17,750 метр, ал Абай мүсінінің биіктігі - 7,550 метр. Мүсіндік композицияның барлық элементтері бір қалыпта әзірленіп, таза қоладан құйылған. Салмағы - 10 тонна. Ескерткіш авторы - алматылық мүсінші Болат Досжанов.

К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры - саяси және мәдени орталығы Астана қаласын әрі қарай өркендету мақсатымен 2000 ж. қаңтарында ҚР Президөнті Н. Ә. Назарбаевтың ықыласымен «Ақ Орда» опера және балет театры атымен құрылды. 2000 ж. шілде айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымөн 2000 ж. Мәдениетті қолдау Жылы деп жариялануына орай, сонымен қатар Астана қаласының опера және балет театрына қазақтың әйгілі әншісінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Күләш Байсейітованың есімі және Ұлттық мәртебе берілді. Бүгінгі күні, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры — еліміздегі қазақтың және әлемдік музыка мәдениеті дәстүрлерін арқалаған, жаңарып келе жатқан Қазақстан жұртшылығының рухани талаптарын жүзеге асырушы — ең жас музыкалық театр. Ұлттық театрдың ең алғашқы қадамынан бастап алған репертуарлық бетке ұстар бағыты, отандық және әлемдік музыкалық театрдың маңдайалды туындыларымен айқындалды, сонымен қатар Қазақстандағы опера — балет жанрын дамытуға ықпал жасайтын жаңа шығармаларды жарыққа шығару болды. Алғашқы әртістік құрам Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, сонымен қатар келешегі айқын талантты әртістерден және тәжірибелі сахна шеберлерінен құралды [10].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]