Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aspekty_zhauap (1).docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
81.67 Кб
Скачать

3) Экологияның бірінші қағидасы. Оның орындалуы үшін не қажет.

Жер бетінде бір қалыпты өмір сүру шарттары «организм – қоршаған орта» жүйесіндегілердің бір-бірінің әрекеттесуімен, әсерлесуімен қамтамасыз етілетін тұрақтылық болып табылады. Химиялық реакциядағы тепе-теңдік тура және кері реакциялардың жылдамдықтарының теңдігімен қамтамасыз етілетіні анықталатыны мәлім. Дәл осы секілді биологиялық жүйелердегі тепе-теңдікте биогендердің түсу жылдамдығы мен оларды тұтыну энергиясының және соңғының тарқауы жылдамдықтарының теңдігімен анықталады. Мысалы, автотрафтордың (өсімдіктер және қарапайымдар фотосинтезі) оттек бөлу жылдамдығы гетеротрафтордың оны сіңіру жылдамдығына тең болады.

 V(O2 бөліну) = V(O2 сіңірілу)

 Дәл осындай аналогияны басқа көптеген биогендерге және биосфераға түсетін энергияға да келтіруге болады.

 Е(күн + жер) = Е(тұтыну + шашырау)

Жердегі ең маңызды тепе-теңдіктердің бірі көміртек бойынша тепе-теңдік болып табылады. 

Органикалық көміртек бейорганикалық көміртек

 Мұндай тепе-теңдік XVIII-ғасырдың соңына және XIX-ғасырдың басына дейін сақталып келді. Бұдан кейін бұл теңдік екі себептен бұзыла бастады: а) техникалық прогресс; б) халық санының өсуі. Экологиялық бірлестіктің немесе биосфераның барлық мүшелері күрделі де кең түрде бір-бірімен байланыс және әсерлесу ішінде. Бұл шарттарды дұрыс бағалау жүйелі ойлауды – дарадан бір тұтасқа, объектілерде олардың әсерлесуін қарастыруды талап етеді. Тек солар арқылы кез-келген организм тіршіліктік маңызды қасиеттеріне ие болады және оны қамтамасыз етеді.

Оның орындалуы үшін не қажет.

Табиғат та, адам да тұрақтылыққа ұмтылады. Бірінші қағиданы орындау үшін, Техникалық прогресті тоқтата алмасақ та, оның негативті әсерін тоқтатуымызға болады және ол қажет. Ол үшін:

1)Халық санының өсуін шектеу. Мысалы Қытай , Индия сияқты мемлекеттерде

2)ҒТП қолдануға шек қою(Атом бомбаларының орнына атом электростанциялары)

3)Ластау шектерін анықтак және оны шектеу. Олардың бір біріне әсерін анықтау.(синергизм жіне антогонизм)

4) Экологияның негізгі ұғымдары мен концепциясы.

Экология – тірі ағзалардың өзішілік және оларды қоршаған органикалық емес табиғатпен, органикалық жүйелермен байланысы, олардың құрылысы мен жүйелердің қалыптасуы туралы ғылым.

Экология ғылым ретінде жер бетіндегі тірі ағзалардың әртүрлілігі мен олардың өмір сүру жағдайларының ерекшеліктері туралы көптеген деректер жинақталған соң ғана, өткен жүзжылдықтың ортасында ғана қалыптасқан ғылымдар қатарында. «Экология» деген терминді алғаш рет белгілі неміс зоологі Э.Геккель (1866 жылы) енгізді.

Жер бетіндегі тіршіліктің ерекшеліктері, олардың сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі, жан–жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіне таралуы мен ерекшеліктері туралы мәліметтер өте ерте кезден–ақ жинақталған. Тіпті Аристотель (біздің э.д. 384-322 ғ.) 500–ден астам жануарлардың өзіне белгілі болған түрлері мен олардың мінез–құлық ерекшеліктері туралы, балықтар тіршілігіндегі қысқы ұйқыға кету мен көбею кезіндегі өрістеулері, құстардың суық мезгіл жақындағанда жылы жаққа қоныс ауыстыруы, жануарлардың тіршіліктегі іс-әрекеттері, көкектің паразиттік тіршілік нышаны мен каракатицалардың өзін-өзі қорғау ретіндегі өзгерістік іс-әрекеттері жайында көптеген мәліметтер қалдырған екен. Аристотельдің оқушысы, «ботаниканың атасы» атанған Теофраст Эрезийский (б.э.д. 371-280 ғ.) өсімдіктердің топырақ пен тұрғылықты жер климатына байланысты формалары мен өсу ерекшеліктерін салыстыра келе, олардың өсу ортасына тәуелділігін атап көрсетеді.

Алғашқы систематиктер А.Цезальпин (1519-1603), Д.Рой (1623-1705), Ж.Турнефор (1656-1708) және басқалар өсімдіктің өсу ортасына және оған жасалған жағдайларға, өнуіне және отырғызу ерекшеліктеріне, өсірілген жеріне және қоректенуіне тікелей байланысты деп атап көрсеткен.

17-18 ғасырдағы экологиялық мәліметтер А.Реомюр еңбектерінде жәндіктер (1734), Л.Трамбле еңбектерінде гидра мен тышқандар (1744) жайында сақталған.

18 ғасырдағы С.Т.Крашенинников, И.И.Лепехин, П.С.Паллас еңбектеріндегі мәліметтер жергілікті Ресей жерінің әртүрлі бөліктеріндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің климатпен өзара тығыз байланысы айтылады.

Жануарлардың құрылысына сыртқы ортаның әсері жайында 18 ғасырдың екінші жартысындағы француз жаратылыстанушы Бюффон (1707-1788) еңбектерінде де жазылған.

Эволюциялық ғылымның бірінші авторы болып саналатын Жан-Батис Ламарк (1744-1829), жан-жануарлар мен өсімдіктердің эволюциялық дамуында «сыртқы жағдайлар» - ағзаның бейімделушілік қасиеттерінің негізгі себептерінің бірі деп атап көрсеткен.

19 ғасыр: А.Гумбольт (1807), ғылымға ландшафт «физиономиясын» өсімдіктердің сыртқы қалпымен анықтауға болады деген пікір енгізді.

Сондай-ақ экологиялық мәліметтер К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885) еңбектерінде де беріледі.

1859 жылы Ч.Дарвин, тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасы және олардың сыртқы ортадағы неорганикалық компаненттерімен байланысы («тіршілік үшін күрес») – ғылымдағы өз алдына жеке қаралатын бөлім екендігін дәлелдеді.

Даттық ботаник Е.Варминг өсімдіктің тіршілік формалары деген ұғымды негіздеді.

Неміс гидробиологі К.Мебиус (1877) биоценоз туралы ұғымды енгізді.

20 ғасырдың басында гидробиолгтардың, фитоценологтардың, ботаниктер мен зоологтардың жеке экологиялық мектептері шығып, әрқайсысы осы саладағы өздері меңгерген мәселелер туралы экология ғылымының сол сала бойынша негізін салды: мысалы, СССР-да В.Н Сукачев, Б.А.Келлер, В.В.Алехин, Л.П.Шенниковтардың, шет елдерде: Америкада Ф.Клементс, Данияда К.Раукиер, Швецияда Г.Дю Рие, Швейцарияда И.Браун-Бланкалар болды.

1938 жылы Д.Н.Кашкаров елімізде бірінші рет жануарлар экологиясы негіздері оқулығын басып шығарды.

Популяциялық экологияның негізін салушы Элтон (1927) болды. Ал 1935 жылы ағылшын ғалымы А.Тенсли экожүйе ұғымын ұсынса, 1942 жылы В.Н.Сухачев биогеоценоз туралы пікірлердің негізін қалады.

20 ғасырда белгілі жаратыластану биосфера туралы ғылыми еңбегін жасады.

1964 жылдан бастап барлық елдер экологтары халықаралық биологиялық бағдарлама (ХББ) бойынша жұмыс істейді.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]