Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1011.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.87 Mб
Скачать

13 Сурет - Жел жылдамдығының күндізгі жүрісі

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің метеостанциясының жел жылдамдығының күндізгі жүрісі сипатталған. 10 - 12 метр биіктікте жел жылдамдығының максимумы 18 сағатта 4 м/с, минимумы 09, 12 және 15 сағаттарда 2м/с болып тіркелген.

Атмосфералық қысымның күндізгі жүрісі төменде көрсетілген (9 кесте, 14 сурет).

9 кесте - Атмосфералық қысымының күндізгі жүрісі

Бақылау мерзімі

09

12

15

18

Атмосфералық қысым

913,8

915,3

914,7

915,8


9 кестеге сәйкес төмендегі график тұрғызылды (14 сурет).

14 сурет - Атмосфералық қысымының күндізгі жүрісі. Бұл cуретте әл-Фараби атындагы КазҰУ-нің метеостанциясының атмосфералық қысымының күндізгі жүрісін сипатталған. Атмосфералық қысымның жүрісінің максимумы кешкі 18 сағатта 915,8 гПа болса, минимумы таңғы 09 сағатта 913,8 гПа болды.

. 10 кесте - Бұлттылық мөлшерінің күндізгі жүрісі

Бақылау мерзімі

09

12

15

18

Бұлттылық

2

3

4

7


10 кестеге сәйкес бұлттылық мөлшерінің күндізгі жүрісінің графигі тұрғызылды (15 сурет).

15 Сурет - Бұлттылық мөлшерінің күндізгі жүрісі

Бұлттылықтың жүрісіне талдау жасайтын болсақ, жалпы аспанды жауып жату дәрежсінің максимумы 7 балды , ал минимумы 09 сағатта 2 балды құрады.

11 кесте Салыстырмалы ылғалдылықтың күндізгі жүрісі

Бақылау мерзімі

09

12

15

18

Салыстырмалы ылғалдылық

40

29

23

29

11 кестеге сәйкес салыстырмалы ылғалдылықтың күндізгі жүрісінің графигі тұрғызылды (16 сурет).

16 Сурет - Салыстырмалы ылғалдылықтың күндізгі жүрісі

Бұл графикте жергілікті уақыт бойынша салыстырмалы ылғалдылықтың көрсеткіштері бейнеленген. Салыстырмалы ылғалдылықтың жүрісіне талдау жасайтын болсақ, онда салыстырмалы ылғалдылықтың максимум мәні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09-да 40 пайыз болып тіркелді. Минимум мәні жергілікті уақыт бойынша түскі 15 сағатта 23 пайыз құрады. Себебі, таңғы уақытта ауа температурасының мәні төмен түседі және буланушылық процесі аз байқалады.

6 АУА РАЙЫ КҮЙІНЕ ШОЛУ ЖАСАУ

2014 жылы 29 мамырда Үлкен Алматы Көлі метеостанциясында бұлтты, ауа райы байқалды. Оңтүстік батыстан әлсіз жел соғып тұрды. Жалпы бұлттылықтың мөлшері 10 балды құрады. Шарбы, шарбы - будақ, биік қатпарлы, қатпарлы - будақ, қатпарлы, қатпарлы - жаңбыр бұлттары байқалды, төменгі шекарасының биіктігі 900 километр болды. 18, 21, 00, 03 сағаттарда жоғарғы қабат бұлттары байқалса, 06, 09, 12, 15 сағаттара төменгі қабат бұлттары байқалды. Метеостанцияда 06 және 15 сағаттарда ауа температурасының ең төменгі мәндері тіркелді. Ал, 03 және 21 сағаттарда жоғарғы мәндері байқалды. Ауа температурасының минималды температурасы түскі уақытта 7,9 ºС, ал максималды температурасы 12,8 ºС болды, тәуліктік жүрісінің амплитудасы 4,9 ºС болды. Салыстырмалы ылғалдылық таңертең 06, 09, 12 сағаттарда жоғарыласа, кешкі 18, 21 сағаттарда төмен мәндер байқалды. Минимум 18 және 03 сағаттарда 43 пайыз , ал максимум мәні 12 сағатта 84 пайыз тіркелді, ал амплитуда 41 пайызға тең болды. Салыстырмалы ылғалдылықтың жүрісі ауа температурасының жүрісіне қарама - қарсы болды. Метеостанцияда атмосфералық қысым 18 сағаттан 03 сағатқа дейін 755,0-ден 753,8-ге дейін төмендеді. Қысым 06 сағаттан 15 сағатқа дейін 755,5 гПа-ға жетті.

Айдарлы метеостанциясында 2014 жылы 28 мамырда бұлтты ауа райы байқалды. 00, 03 сағаттарда шарбы, биік - будақ, будақ-жаңбырлы бұлттар байқалды. 06, 09, 12 сағаттарда биік - будақ және будақ - жаңбырлы бұлттармен аспан әлемі жабылып жатты. 18, 21 сағаттарда шарбы және биік-будақ бұлттар байқалды. Бақылау мерзімі ішінде бұлттардың ең төменгі шекарасының биіктігі 600 м құрады. Метеостанцияда ауа температурасының максималды мәні 09 сағатта 32,1 ºС, ал минималды мәні 00 сағатта 21,4 ºС болса,тәуліктік амплитудасы 10,7 ºС-қа тең болды. Салыстырмалы ылғалдылықтың жоғарғы мәні 18 сағатта 30 пайыз, ал минимумы 12 сағатта 14 пайыз болды. Атмосфералық қысым сағат 00-ден 06-ға дейін 951,5 гПа -958,0-ге дейін көтерілді. Ал, сағат 09-да 951,2-ге дейін төмен түсті. Сағат 12 -ден 21-ге дейін қысым 950,9-дан 953,2-ге дейін көтерілді.

Алматы метеостанциясында 2014 жылдың 27 мамырында бұлтты ауа райы байқалды. Метеостанцияда ауа температурасы сағат 00-ден 09-ға дейін 18,2 ºС-дан 29,3 ºС-қа дейін көтерілді, ал сағат 12- 21-ге дейін 28,4 ºС-дан 20,4 ºС-ға кеміді. Атмосфералық қысымның ең жоғарғы мәні сағат 18-де 920,2 гПа болды, ең төменгі мәні сағат 12-де 914,8 гПа болды. Салыстырмалы ылғалдылық сағат 00-ден 09-ға дейін 39 пайызға дейін кеміді. Метеостанцияда максимум мәні сағат 15-те 41 пайызға жетті. Жел жылдамдығының ең жоғарғы мәні сағат 06-да оңтүстік-шығыстан 3 м/с жылдамдық тіркелді. Ал, төменгі мәні 00, 15, 21 сағаттарда штиль тіркелді.

2014 жылдың 12 маусымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу метеостанциясында күндізгі бақылау жасалынды. Метеостанцияда ауа температурасы сағат 09-дан 15-ке дейін 26,1 ºС-дан 31,1 ºС-қа дейін жоғарылады. Ауа температурасының максимум мәні 31,1 ºС, ал минимумы 26,1 ºС болса, күндізгі амплитудасы 5 ºС болды. Салыстырмалы ылғалдылықтың максимумы сағат 15-те 48,0 пайыз, ал минимумы сағат 09-да 31,7 пайыз болса, күндізгі амплитудасы 16,3 пайыз болды. Аспанды бұлттардың жауып жату дәрежесі 4 балл болды. Ал, төменгі қабат бұлтының дәрежесі 2 балл. Шарбы, шарбы – будақ, ортаңғы қабат бұлты биік – будақ, төменгі қабат бұлты будақ – жаңбырлы бұлттары байқалды. Метеостанцияда атмосфералық қысымның ең төменгі мәні 914,7 гПа, ал жоғарғы мәні 915,5 гПа болды. Желдің бағыты жергілікті уақыт бойынша солтүстік – батыстан 2 м/с жылдамдықпен соқты.

ҚОРЫТЫНДЫ

Біздің практикалық сабағымыз 2014 жылдың 26 мамырында “Техникалық қауіпсіздік ережесімен” танысу арқылы басталды. Практикамыздың екінші, үшінші және төртінші күндері Алматы қаласында орналасқан “Алматы” метеостанциясына, Айдарлы метеостанциясына және Үлкен Алматы Көлі метеостанцияларына бардық. Ондағы құралдармен, жұмыс істеу барысымен таныстық. Бұл станциялармен танысып болған соң, келесі практикалық сабақ әл-Фараби атындағы метеостанцияда жалғасын тапты. Метеостанцияда әр бригада 4 реттен кезекшілік жасады.

Үш станцияға бару себебіміз, Алматы облысының әр аумағындағы ауа температурасы, атмосфералық қысым, салыстырмалы ылғалдылық, жел жылдамдығы, бұлттылық және топырақ температурасының таралу ерекшелігін салыстыру. Станциялардан мәліметтер алып, өзіміздің кезекті есебімізді дайындадық. Практика кезінде әр құралмен дұрыс бақылау жасауды, телеграмма құрастыруды үйрендік. Алматы МС, Айдарлы МС, Үлкен Алматы көлі МС-нан алынған мәліметтерді салыстырдық. Ауа температурасының максимум мәні Айдарлы метеостанциясында ОГУ бойынша 09 сағатта 32,1 ºС Үлкен Алматы көлі МС тіркелді, ал минимумы Үлкен Алматы көлі МС-да 09 сағатта 6,0 ºС болып тіркелді. Атмосфералық қысымның жоғарғы мәні Айдарлы метеостанциясында ОГУ бойынша 18 сағатта 953,2 гПа, төменгі мәні Үлкен Алматы көлі МС-да ОГУ бойынша 18 сағатта 750,0 гПа болды. Салыстырмалы ылғалдылық Үлкен Алматы көлі МС-да ОГУ бойынша 09 сағатта 84 пайыз, Айдарлы метеостанциясында ОГУ бойынша 09 сағатта 14 пайыз болып тіркелді. Жел жылдамдығының максимумы Үлкен Алматы көлі МС-да ОГУ бойынша 21 сағатта 5м/с, ал минимумы Алматы МС ОГУ бойынша 00, 15, 21 сағаттарда штиль байқалды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. А.Г. Бройдо. Руководство к учебной практике по метеорологии. -Гидрометеоинститут, 1971. - 160 б.

  2. С.С. Байшоланов. Метеорология және климотология (оқу-әдістемелік құрал). - Қазақ университеті, 2000. – 129 б.

  3. П.Ж. Қожахметов, С.С. Байшоланов. Жалпы метеорология (1-бөлім) Қазақ университеті, 2005. – 151 б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]