Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1011.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.87 Mб
Скачать

4 Сурет - Алматы метеостанциясының көрінісі

Метеостанция 1947-1953 жылдар аралығында екі рет аз арақашықтыққа көшірілді. Бірақ, станция атауы, биіктігі және координаттары өзгерген жоқ. Третьяков жауын өлшегіші 9 сәуір 1953 жылы, ауыр тақтайшалы флюгер орналастырылды. Алматы қаласы станциядан 12-15 километр солтүстік, солтүстік шығыста, Тянь-Шань тау массивінің етегінде Іле Алатау жотасында орналасқан. Жотаның кейбір шыңдары теңіз деңгейінен 3500-4500 метр жетеді және мұзбен жабылған. Солтүстік беткейі тасты, шатқалдармен кесілген, беткейінің ортаңғы бөлігінде ағаш тектес өсімдіктер көп өседі, жоғарғы бөлігінде Тянь-Шань шыршасы, төменіректе жеміс-жидек ағаштары: өрік, шие, алма ағаштары өседі. Топырағы – ашық қоңыр, ашық сұр гумус қабаты анық бөлінген. Топырақ беткейі дәнді өсімдіктермен, ағаш тектес өсімдіктермен жабылған.Өсімдік жамылғысы–жусанды өсімдіктер. Алма, шие, терек ағаштары өседі. Грунтты су 6 метр тереңдікте орналасқан.

3.4 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқу метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (ҚазҰУ) оқу метеостанция алаңы 1962 жылы, яғни метеорология кафедрасы құрылғаннан бастап жұмыс істеп жатыр (4 сурет). Алаңның орны университеттің оқу корпустары секілді бірнеше рет өзгерген.

1988 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін оқу метеорологиялық алаңның орны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті аумағындағы спорт комплексінде орналасқан, яғни орталық Алматының батыс бөлігінде. Қоршалған жері оңтүстіктен оңтүстік‑шығысқа қарай біркелкі көтеріледі. Осы бағыттан 3-4 километр жерінен бастап қиылысқан, көп тау бөктерлері басталады, кейіннен бұл тау бөктерлері биік Іле Алатау жотасына өтеді. Жота шығыстан батысқа қарай созылып жатыр, оның максимальді ұзындығы 5 километр.

5 Сурет - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқу метеостанциясының көрінісі

Оның теңіз деңгейіндегі биіктігі 882,4 метр. Алаңның үстінгі қабатының орналасуы біркелкі, шөптік, ол торлы, металдық дуалмен жабылған, оның көлемі 26 х 34 метр. Станцияның ауданындағы топырақтың құрамы қара, ұсақ тас араласқан болады. Солтүстік бөлігінде және алаңнан 40 метр жерінде трибуналық стадион орналасқан. Ал батыс бөлігінде спорткомплекстің ішіндегі теннистік корттар орналасқан. Оңтүстік бөлігінде метеостанциядан 500 метр жерінде автомобиль трассасы орналасқан, әрі қарай тау бөктерлері басталады.

4 МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ТӘУЛІКТІК ЖҮРІСІН ТАЛДАУ

Метеорологиялық алаңдағы ережелер мен тәртіптерді ескере отырып Үлкен Алматы көлі МС және Айдарлы МС, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ МС, Алматы МС-ның КМ-1 кітапшасына түсірілген орташа гринвич уақыты (ОГУ) бойынша барлық бақылау мерзімдеріндегі мәліметтер алынды (Қосымша А). Алынған мәліметтерді сараптай келе негізгі көрсеткіштерді іріктей отырып, метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісіне сипаттама жасадық.

4.1 Бұлттылық мөлшерінің тәуліктік жүрісі

Бұлт деп – атмосферадағы белгілі бір биіктікте орналасқан көрінетін конденсация немесе сублимация өнімдерінің жиынтығын айтады. Бұлттардың мөлшері барлық аспан әлемінде бұлттармен жабылып тұрған аспан үлесі жинағымен анықталады. Айдарлы және ҮАК МС бұлттылық мөлшерінің тәуліктік жүрісі төменде көрсетілген (1 кесте).

1 кесте - Бұлттылық мөлшерінің тәуліктік жүрісі

Бақылау мерзімі

00

03

06

09

12

15

18

21

Айдарлы МС

10

10

10

10

10

10

7

8

ҮАК МС

10

10

10

10

10

10

2

3

Көрсетілген кестеге сәйкес, бұлттылық мөлшері ОГУ бойынша бақылау мерзімінде 10 балды қамтыды. Кестеге сәйкес график тұрғызылды (6 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]