- •3.Евразия материгінің табиғат ландшафттарының антропогендік модификациясы және ландшафтық ерекшеліктері.
- •4. Солтүстік Америка материгін физикалық-географиялық аудандастыру.
- •5.Евразия материгінің тектоникалық құрылымы және жер бедерінің негізгі ерекшеліктері.
- •7. Шетелдік Азияның ауа массаларының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар.
- •8. Батыс Еуропаның географиялық белдеулері мен табиғат зоналары
- •9. Батыс Еуропаның ауа массаларының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар.
- •11. Батыс Еуропаның геологиялық құрылымының ерекшеліктері.
- •12. Шетелдік Азияның тектоникалық және геологиялық құрылымының ерекшеліктері.
- •13. Батыс Еуропаның негізгі топырақ типтері.
- •14. Шетелдік Азияның табиғатының қалыптасу кезеңдері.
- •15. Шетелдік Азияның негізгі топырақ типтері.
- •16. Батыс Еуропаның ішкі сулары.
- •18. Исландия физикалық-географиялық аймағына сипаттама.
- •19. Жапон аралдарына физикалық географиялық сипаттама.
- •21. Шығыс Қытай аймағына физикалық-географиялық сипаттама.
- •22.Жерорта теңізі аймағының аудандарына физикалық географиялық сипаттама.
- •25. Иран таулы өлкесіне физикалық-географиялық сипаттама.
- •27.Герциндік Еуропа мен Апеннин түбегі физикалық-географиялық аймақтарына салыстырмалы сипаттама.
18. Исландия физикалық-географиялық аймағына сипаттама.
Исландия түгелден ежелгі жас және қазіргі вулкандық жыныстардан тұратын, вулкан әрекетінен пайда болған арал. Аралдың негізгі түрлі түсті базальттық лава қабатынан тұрады, олар неоген дәуірінде дүмпуге жарылысқа ұшыраған.
Қазіргі кезде Исландия Жердің ең вулканды аймақтарының бірі болып табылады. Онда вулкандық әрекеттің барлық белгілері: вулканның атылуы, ыстық сулар мен газдардың шығуы, тіпті жаңа вулкандардың пайда болуы кездеседі.
Арал рельефі көбінесе таулы, ойпатты жерлер, тек батыс және оңтүстік батыста кездеседі. Аралдың көпшілік бөлігі теңізге қарай тік төніп тұрған биіктігі 400-600 метр базальтты үстірт.
Климатына тоқталатын болсақ, Солтүстік Атлантика жылы ағысының тармағы аралдың оңтүстік жағалауларының тұсынан өтеді. Ол Исландяиның оңтүстік және батыс бөліктерін жылытып қысқы температурасының айтарлықтай оң аномалиясын тудырады. Солтсүтік Исландияға жағалау маңына қалқыма мұздарды ағызып әкелетін Гренландяи суық ағысы келеді. Жылы ағыс пен суық ағыс тоғысатын жерде ауа райы өте құбылмалы, дауылды, тұманды болады.
Аралдың оңтүстік және оңтүстік батыс бөліктеріндегі ең суық айдың орташа температурасы 0С-тан сәл ғана төмен( +2-тан -3С дейін) болады. Аралдың ішкі бөліктері мен теңіз деңгейінен көп биік жерде қыс едәуір суық болады. Орташа температурасы -5-тан -15C-қа дейін жетеді. Жаздың орташа температурасы +7-ден -12С-дан аспайды. Жауын-шашын әсіресе оңтүстік пен оңтүстік батыста мол. Жылдық мөлшері 1000мм-ге жетеді. Ал биік массивтерінің беткейлерінде 3000мм-ге жетеді. Ішкі бөліктеріне жауын-шашын мөлшері 300-500мм-ге төмендейді. Исландия циклондардың жолында орналасқандықтан оның ауа райы бүкіл жыл бойы тұрақсыз болады, әртүрлі ауыспалы бағыттарда күшті жел соғып тұрады. Исландияның өсімдігі көбіне мүк, қына, вереска, қарақат және бүлдіргендерден тұрады. Исландияның табиғат жағдайы ауыл шаруашылығы, әсіресе егін өсіру үшін қолайсыз. Аралдағы тұрғындардың көпшілігі оңтүстік пен оңтүстік батыс аудандарға шоғырланып, балық аулаумен айналысады.
19. Жапон аралдарына физикалық географиялық сипаттама.
Шетелдік Азияның Шығыс Азия немесе Қиыр Шығыс аймағы Шығыс Қытай, Солтүстік-шығыс Қытай, Корей түбегі және Жапон аралдарын қамтиды. Осы физико-географиялық аймақты біріктіретін табиғаттың белгісіне - материктің шығыс бөлігіндегі географиялық орны, табиғи кешендердің дамуы мен қалыптасуы, муссондық циркуляция мен арктикалық ауа ағымының әсері, қыс мезгіліндегі Азия антициклоны мен Алеут минимумының әсерлері жатады.
21. Шығыс Қытай аймағына физикалық-географиялық сипаттама.
Шетелдік Азияның Шығыс Азия немесе Қиыр Шығыс аймағы Шығыс Қытай, Солтүстік-шығыс Қытай, Корей түбегі және Жапон аралдарын қамтиды. Осы физико-географиялық аймақты біріктіретін табиғаттың белгісіне - материктің шығыс бөлігіндегі географиялық орны, табиғи кешендердің дамуы мен қалыптасуы, муссондық циркуляция мен арктикалық ауа ағымының әсері, қыс мезгіліндегі Азия антициклоны мен Алеут минимумының әсерлері жатады.
Аймақ литогенезініңәртүрлі жаста дамуы және территориясының тектоникалық тұрғыдан күрделілігімен ерекшеленеді. Оның қалыптасуы үш орогенезде, яғни докембрий, мезозой және неоген дәуірлерінде қалыптасқан. Міне, осы климаттық факторлардың күрделенуі мен табиғат кешендерінің мозаикалы және комплексті болып келуіне себепші болады. Биоталық сипат жылу сүйгіш флора мен фаунаға пана болатын аймақ ретінде плейстоцен дәуірінен кейін қалыптасқан. Аймақтың көптеген территориясына антропогендік факторлардың ұзақ жылдар бойы әсер етуінің нәтижесінде ағаш формациясы жойылып, тек қайта пайда болған бұталы өсімдіктер таралған.
Шығыс Қытайдың бөлінуі:
Ұлы Қытай жазығы (Шығыс және Батыс ауданы).
Шаньдунь таулы массиві.
Оңтүстік Қытай таулары (Оңтүстік Қытай және Примор).
Сычуань қазаншұңқыры (Қызыл бассейн).
Циньлинь (Солтүстік Циньлинь, Оңтүстік Циньлинь).
Жайылмалы-Синзян (ылғалды тропикалық)
Оңтүстік-батыс таулы қыраты (Гуйчысоу үстірті, карсты Юньнань)
Тайвань аралы (шығыс-таулы және батыс жазықты).
Жапон аралдары (Солтүстік Жапон, Рюкю