Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИДТЕРМ.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
58.18 Кб
Скачать

11. Батыс Еуропаның геологиялық құрылымының ерекшеліктері.

Кайнозойдың Альпі қатпарлығында көтерілген аумақтарға қатпарлы жақпарлы орта биіктікті және қатпарлы биік тауларға тауаралық ойыстарға сәйкес келетін оңтүстік Европа түбектері мен таулары мен Альпі таулары кіреді. Адьпілік жас қатпарлы аймақ геологиялық геоморфологиялық ерекшеліктеріне қарай бірнеше морфоструктуралық құрылымдарға ажыратылады.

  1. Альпілік қатпарлық кезінде алғаш рет қатпарлану нәтижесінде көтерілген, ірі анклинорийперге сәйкес келетін қатпарлы жас таулар : Пиреней, Андалуз, Альпі, Карпат, Аппенин, Стара-Планина, Динар таулы қыраты және Албания Альпісі кіреді.

  2. Фундаменті палеозойдың герцин қатпарлығында қаланған Альпілік тау жасалу кезінде неотектоникалық қозғалыс әсеріне ұшырап, қайта көтерілген қатпарлы жақпарлы орта биіктікті таулар, оларға: Кентабрий,Эльберт. Т.б. жатады.

  3. Альпілік жас қатпарлы таулармен көмкеріліп, солармен бірге тұтастай көтерілген орта массивтер жұйесі

  4. Тау аралақ қазаншұңқырлар мен синклинорийдерге сәйкес келетін ойпаттар мен жазықтар. Олар басым түрдке пластылы, аккумляциялы жолмен қалыптасқан. Мысалы Пиренейдегі Андалуз бен Падан ойпатын жатқызуымызға болады.

12. Шетелдік Азияның тектоникалық және геологиялық құрылымының ерекшеліктері.

Азияның шығыс бөлігіндегі тегістелу процестері басым жерлер бір-бірімен терассалы аңғарлармен бөлініп аласа таулар жиынтығын құрайды. Нанлинь Оңтүстік Қытай таулары Қытай платформасы шегіндегі вулканизм процесі мезозойда аяқталған аймақтарда орналасқан. Олар ұзақ уақыт бойы денудациялық өңдеуден өтіп, эрозиялық процестердің қарқынды жүруіне байланысты жер бедерінің өте күшті тілімденуімен ерекшеленеді. Азияның қиыр шығысын Тынық мұхиттық геосинклинальді белдеуге кіретін ең жас қатпарлы құрылымдар алып жатыр. Сахалин, Куриль және Жапон аралдары арқылы, оңтүстікте Индонезия аралдарына дейін созылады.

Жапон аралдарында бір-біріне параллель меридиан бағытында орналасқан үш тау белдеуі орналасқан. Олардың биіктігі 3000метрге дейін жетеді, оларды бір-бірінен тереңдігі 2000 метрден асатын тектоникалық және эрозиялық аңғарлар бөліп жатыр. Шетелдік Азияың шығыс жағалық бөлігіндегі жер бедеріне тән басты белгі өте күшті эрозиялық тілімдену жағдайында қазіргі тектоникалық процестердің қарқынды жүруі. Жре бедерінің гипсометриялық деңгейінде өте үлкен айырмашылықтар байқалады. Аралдардағы таулар мен теңіз табанындағы щұңғымалардың биіктік айырмашылығы 12000 метрден асады.

13. Батыс Еуропаның негізгі топырақ типтері.

Дүние бөлігі топырағының қалыптасуы жағынан арктикалық (полюстік), бореалдық, суббореалдық, субтропиктік белдеуге бөлінеді. Шпицбергенде, Франц-Иосиф Жерінде, Жаңа Жердің солтүстік бөлігінде арктикалық, Фенноскандияның солтүстік бөлігінде, Жаңа Жердің оңтүстік бөлігінде, Шығыс Еуропа жазығында, Солтүстік полюстік шеңберден солтүстікке қарай — тундралық топырақ дамыған. Бореалдық белдеу Исландияның, Фенноскандияның, Британия аралдарының, Орта Еуропа жазығының, Шығыс Еуропа жазығының Львов — Киев — Курск — Пермь — Екатеринбург шегінен солтүстік бөлігін қамтиды.

Суббореалдық белдеудің қоңыржай континенттік аймақтарында қара топырақ және қызыл қоңыр топырақ тараған. Орманды дала мен даланың солтүстік бөлігі күлгінделген, сілтісіз, шіріндісі мол (8% және одан да көп) қара топырақты. Ал далалық қуаң аймақтарда — шіріндісі аз және оңтүстікке тән орташа қара топырағы дамыған. Қырым жазығында, Төменгі Еділ бойының, Каспий маңының анағұрлым қуаң далаларында шірінді қабаты жұқа, карбонатты қабаты өте тығыз қызыл қоңыр, кейбір жерлері сортаңды топырақпен алмасып келеді. Топырақ қалыптасуының субтропиктік белдеуіне жататын Оңтүстік Еуропа мен Қырымның оңтүстік жағасы мәңгі жасыл ксерофитті ормандар мен бұталар өсетін қара қоңыр топырақты. Жерорта теңізі маңындағы анағұрлым қуаң жерлер сұр, қара қоңыр топырақты, Балқан түбегінің тауаралық жазықтарының топырағы өте тығыз, шіріндісі аз болады. Еуропа топырағы егіншілікке қолайлы. Қара, қара қоңыр топырақты жерлерінің көбі жыртылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]