Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
242.18 Кб
Скачать

8 Тақырып. Материалдарды тіркеу

Материалдардың түсуі. Өндіріске арналған материалдардың қоймаға түсуі келесі құжаттармен жүргізілуі тиіс: «ТМЗ мен қызметтердің түсуі» («Сатып алу» менюі — «ТМЗ мен қызметтердің түсуі») және «Аванс есебі» («Банк және касса» менюі – «Аванс есебі»). Түскен материалдар құжаттарда «Тауарлар» бөлімшесінде көрсетіледі. Материалдарды тіркеуді есепке алу ретінде 1310 «Шикізат және материалдар» счеты көрсетіледі.

Сатып алынатын жартылай фабрикаттардың қоймаға түсуі де «ТМЗ мен қызметтердің түсуі» құжатымен жүргізіледі. Сатып алынатын жартылай фабрикаттарды есепке алу үшін 1310 «Шикізат және материалдар» счеты көрсетіледі.

Материалдар мен жартылай фабрикаттарды аналитикалық есепке алу үшін «Номенклатура» анықтамасы қолданылады.

Материалдарды өндіріске өткізу.

Материалдар мен жартылай фабрикаттарды өндіріске өткізу «Талап-жөнелтпе құжат» («Өндіріс» — «Талап-жөнелтпе құжат» менюі) құжатымен жүргізіледі.

Құжаттың тақырыпшасында материалдарды өндіріске шығарған қойманы көрсету қажет.

«Материалдар» бөлімінде өндіріске өткізілетін материалдар мен жартылай фабрикаттар тізімі, олардың саны мен шығынға жазылған материалдарды есепке ала жасалған счеттар болады.

«Шығындар счеты» бөлімінде бухгалтерлік және салық есептеріне арналған әрқайсысына бөлек-бөлек шығындар есебінің счеты және аналитикалық есеп объекттері көрсетіледі.

Егер шығындар есебінің счеты ретінде өндірістің шығындар есебінің счеты көрсетілсе, аналитикалық есептің объекттері ретінде келесілер жүреді:

- бөлімше,

-номенклатуралық топ (атауы сәйкес келетін «Номенклатуралық топтар» анықтамасының элементі болып табылады. Ол анықтама негізгі және қосымша өндірісті детальды есепке алу үшін қажет. «Номенклатуралық топтар» анықтамасын «Кәсіпорын» — «Тауарлар (материалдар, өнім, қызмет» — «Номенклатуралық топтар») менюінен таба аласыз;

- шығындар мақалалары (атауы сәйкес келетін «Шығындар мақалалары» анықтамасының элементі болып табылады. Ол салық есебі үшін шығынның түрі бойынша бөлінген шығындар мақалаларының тізбегін сақтау үшін қолданылады. Анықтаманы «Кәсіпорын» — «Шығындар мақалалары» менюінен таба аласыз.

Материалдарды өндіріске шығынға жазу. Материалдарды өндіріске шығынға жазу «Талап-жөнелтпе құжат» құжатымен тіркеледі.

1 «Талап-жөнелтпе құжат» құжаттар журналын («өндіріс» —«Талап-жөнелтпе құжат» менюі) ашамыз да, журналдың командалық панеліндегі «Қосу» батырмасына басу арқылы жаңа құжат жасаймыз.

2 Құжат формасының тақырыпшасында күнін, біздің ұйымды және жөнелтуші қойманы көрсету қажет. «Материалдар» бөлімшесінің таблицалық бөлігінде өндіріске өткізілетін материалдарды тізіп, олардың санын көрсетеміз.

3 «Шығындар есебінің счеттары» бөлімшесін толтырамыз: бухгалтерлік және салық есебінің счеттарын, бөлімшесін, номенклатуралық топты, шығындар мақалаларын көрсетеміз.

4 жазып, жүргізіп, «ОК» батырмасына басу арқылы құжатты жабамыз.

Материалдарды өндіріске шығынға шығаруды енгізуді жеңілдетуге болады. Егер осындай өнімнің осындай да, осындай бұйымының санын өндіру үшін өндіріске осындай материалды осындай көлемде өткізу керек деп айқын айтуға болса, спецификация механизмін қолданған ыңғайлырақ болар еді.

Спецификация — дегеніміз дайын өнімнің (қызметтің) белгілі бір бірлігін дайындау үшін қажетті материалдар (жартылай фабрикаттар) тізбесі. Спецификациялар «Спецификациялар» анықтамасында орналасқан. Қолданылып жатқан спецификациялар туралы ақпаратты «Номенклатураның негізгі спецификациялары» ( «Кәсіпорын» — «Тауарлар (материалдар, өнім, қызметтер)» — «Номенклатураның негізгі спецификациялары» менюі) ақпараттар регистрінен алуға болады.

Дайын өнімнің (өндірістік мінездегі қызметтерді жүзеге асыру) қоймаға түскенін көрсету кезінде спецификацияларды қолдану арқылы осы өнімді жасауға кеткен материалдардың құрамын және көлемін автоматты түрде анықтауға болады.

Спецификациялар механизмі келесі жолмен жұмыс істейді. «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» құжатын толтырған кезде өндірілген өнім мен оның спецификациясы көрсетіледі. Осы құжаттың негізінде «Талап-жөнелтпе құжат» құжаты жасалады. Ал оның «Материалдар» деген таблицалы бөлігі, өндірілген өнімнің саны мен көрсетілген спецификацияларды есепке ала отырып есептелген материалдар туралы мәліметтермен, автоматты түрде толтырылады.

Номенклатура спецификацияларын жасауға және «Өту» кнопкасын басу арқылы «Номенклатура» анықтамасының элементінің формасы ретінде көріп шығуға болады.

Дайын өнімді өндіріп шығару. Дайын өнімді дайындап шығару және оны қоймаға алу кезінде «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» («Өндіріс» — «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» менюі) құжаттары жасалады.

Бір ай мезгілінде өнім (жартылай фабрикаттар) қоймаға жоспарлы бағалар бойынша кіріске жазылады.

Жасалып шығарылған өнімнің фактілік құны «Айды жабу» құжатын жасау кезінде «Өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнын есептеу және түзету» регламентті операциясымен есептеледі.

«Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» құжатының тақырыпшасында өнімнің шығуын жүзеге асыратын ұйымның өндірістік бөлімін, өнім (жартылай фабрикаттар) әкелінетін қойманы, өндірілген өнімді немесе жартылай фабрикаттарды жасаудың шығындары жазылған шығындар есебін көрсету қажет.

«Өнім» деген таблицалық бөлігінде әрбір өндірілген өнім (жартылай фабрикат) бойынша келесілер көрсетілуі қажет:

- өндірілген номенклатуралы позиция — «Номенклатура» анықтамасының элементі;

- щығарылған өнімнің саны;

- бірліктің жоспарлы құны және жалпы жоспарлы құны;

- есептің счеты — дайын өнімнің есебінің счеты;

- номенклатуралық топ — жасалған өнімнің түрі;

- спецификация — нормативтерге байланысты берілген номенклатуралы позицияны жасап шығаруға қажет материалдар тізімі.

«Қызметтер» деген таблицалық бөлігінде өзіндік өндірістік бөлімшелерге жасалған әрбір қызмет түрі үшін келесілер көрсетілуі қажет:

- қызметтердің осы түріне сәйкес келетін номенклатуралық позиция;

- сандық өлшеуіштер немесе олардың жоспарлы құны (есепке алу политикасының күйлеріне байланысты);

- щығындарды есептеу счеты және аналитика — қызмет көрсетілетін бөлімшенің шығындарын көрсету счеты мен аналитикасы;

- номенклатуралық топ — көрсетілген қызмет түрі.

«Қайтқан қалдықтар» деген таблицалық бөлігінде қайтқан қалдықтардың әрбір түріне келесілер көрсетіледі:

- қайтқан қалдықтардың осы түріне сәйкес келетін номенклатуралық позиция;

- саны;

- бекітілген бағасы;

- қайтқан қалдықтарды есептеудің счеты;

- қайтқан қалдықтардың барлық санына байланысты азаю керек материалдық шығындарды көрсететін шығындар мақаласы.

Шығу құжатының өзінен «Талап-жөнелтпе құжат» құжаты жасалуы мүмкін. Ол «Өнім» бөлімшесінде көрсетілген өнімді өндіруге қажет шикізатты шығынға жазу үшін керек.

Жөнелтпе құжаттарды жасау үшін жасалған өнімнің тізбегінің жоғарғы жағында орналасқан «Өнім» бөлімшесінде «Талап-жөнелтпе құжаттарды жасау» батырмасына басу керек. Ашылған өңдеу терезесінде әрбір жасалатын өнімге шығындардың мақаласын көрсету қажет. Оған шығынға шығарылатын материалдар бойынша келетін материалды шығындар сәйкес келеді. Осыдан кейін өңдеудің сол жақ жоғарғы бұрышындағы «Жасау» батырмасын басу керек, сонда жасалатын өнімнің әрқайсысына бір бірден «Талап-жөнелтпе құжат» құжаттары жасалады. «Жүргізу» батырмасына басқан кезде, тулармен белгіленген жасалып қойған құжаттар жүргізілетін болады.

Дайын өнімнің шығуын тіркеу. Ұйымның өндірістік бөлімшелеріне дайын өнімнің шығуын тіркеуге арналған құжат «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру».

1 «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» құжаттар журналын ашамыз («Өндіріс — «Осы кезек кезінде болған өндіріске есеп беру» менюі) да, журналдың командалық панелінде орналасқан «Қосу» батырмасын басу арқылы жаңа құжат жасаймыз.

2 Құжат формасының тақырыпшасында күнін, біздің ұйымды, дайын өнімді алушының қоймасын, өндірістік бөлімшені және номенклатуралық топты көрсетеміз.

3. «Өнім» таблицасына бір кезек кезінде дайын болған өнімдердің және жартылай фабрикаттардың тізімін енгіземіз. Әрбір номенклатуралы позиция үшін саны мен жоспарлы бағасын көрсетеміз.

4. «Жазып алу» батырмасына басу арқылы (бірақ сонда да құжат ашық күйінде қала береді) құжатты жүргізусіз жазып аламыз.

5. Дайын өнімнің қоймаға түсуі расталғаннан кейін құжатты жүргізіп, «ОК» батырмасына басу арқылы құжатты жабамыз.

Дайын өнімді өткізу. Қоймаға кіріс ретінде кіргізілген өнімді өткізу «ТМЗ мен қызметтерді өткізу» құжатымен көрсетіледі. Құжаттың таблицалы бөліктері «Номенклатура» анықтамасын қолдану арқылы өткізілетін өнім туралы мәліметтермен толтырылады.

Есеп беру «Дайын өнімді шығару, жұмыстардың аяқталуы». Есеп беру дайын өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнын шығындар мақалалары бойынша анализдеу үшін, жасалу жолдарына байланысты шығындардың расшифровкасы және Номенклатуралы топ пен шығындар мақалалары кесіндісінде аяқталмаған өндірісті анализдеу үшін қажет. «Күйге келтіру» батырмасымен «Дайын өнімді шығару, жұмыстарды аяқтау» есеп беруі жасалатын детализация қалып күйіне келеді.

9-тақырып.Тауарлар есебі.

Тауарлардың келіп түсуі.«Қазақстанға арналған 1С бухгалтерияда тауарлы материалды запастар мен қызметтердің жеткізушілер мен құрылымдық бөлімшелерден келіп түсуі «ТМҚ және қызметтердің келіп түсуі» құжатымен, әртүрлі операция түрлерімен рәсімделеді. (меню «Покупка» - «Поступление ТМЗ и услуг»).

ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуін бейнелеу үшін «покупка» операция түрін таңдау керек. «В переработку» операция түрі кәсіпорын ТМҚ-ды контрагенттерден ары қарай өңдеу үшін қабылдаған кезде орнатылады. Шетелден келіп түскен ТМҚ-ды «импорт» операция түрі орнатылған құжат арқылы жүзеге асырылады. Құрылымдық бөлімшелерден ТМҚ-лар келіп түскен жағдайда «Поступление от структурного подразделения» операция түрі орнатылады.

«Поступление ТМЗ и услуг» құжаты әмбебап құжат болып табылады, себебі, оның көмегімен ТМҚ-лар мен қызметтер, негізгі құралдардың келіп түсуі бейнеленеді. Бұл мақсат үшін құжат бірнеше кестелік бөлік болып табылады.

«ТМҚ» закладкасында сатып алынған ТМҚ, «Негізгі құралдар» закладкасында негізгі құралдар, «Қызмет көрсету» закладкасында тура кететін кәсіпорынның шығындары көрсетіледі. Бұл құжатқа жеткізушілерден алынатын кірістік накладнойдан ақпарттар енгізіледі. «ТМҚ» құжатының закладкасында келіп түскен тауарларды – «Номенклатура» справочнигінің элементтері көрсетілуі керек.

«Поступление ТМЗ и услуг» құжатының формасында басқа да құжаттарды құруға болады: «Платежное поручение исходящее», «Требование-накладная», «Перемещение ТМЗ», «Возврат ТМЗ поставщику», «Установка цен номенклатуры», «ГТД по импорту» и др.

«Поступление ТМЗ и услуг» құжатының формасына ҚҚС-ның есебін дұрыс жүргізу үшін «Счет-фактура полученный» құжатын тіркеуге болады.

Жеткізушілерден жеткізу бойынша шығындар және басқа да шығындарды сатып алынған тауарларды өзіндік құнына енгізу керек. Бұл операция «Поступление доп. расходов», яғни бұл құжат тауарлардың өзіндік құнына әсер ететін сыртқы кәсіпорынның қызметін есепке алу үшін арналған. Бұл құжаттың кестелік формасының «ТМЗ» бөлімінде қосымша шығындарды жапқызатын ТМҚ-ның тізімі, саны және сомасы көрсетіледі. «Поступление доп. расходов» құжаты «Поступление ТМЗ и услуг» құжатының негізінде жасалған болады.

Бұл құжаттың кестелік бөлігінде «ТМҚ» закладкасында тауарлы-материалды құндалықтар көрсетіледі және оларға қосымша шығындарды , сонымен қатар

Олардың саны мен бағасын жатқызуға болады. «Сумма расходов» жолында қосымша шығындардың сомасы көрсетіледі.

Тауарларды өткізу. Тауарларды, дайын өнімдерді өткізген кезде «Реализация ТМЗ и услуг» құжатымен рәсімделеді және бұл құжатта келесі шаруашылық операциялар көрсетіледі: «Реализация» және «Передача структурному подразделению».

Бұл құжаттың «ТМЗ» бөлімінде өткізілетін тізімдер көрсетіледі. Бұл құжат өткізілген кезде автоматты түрде номенклатураның қалдықтары мен есеп саясатында таңдап алынған ТМҚ-ды есептен шығару әдісіне сәйкес сомалары есептелінеді. Егер құжат бойынша ТМҚ-ның саны қоймадағы ТМҚ-ның санынан көп болса құжат өткізілмейді.

«Реализация ТМЗ и услуг» құжатының негізінде келесі құжаттарды жасауға болады: «Ппиходный кассовый ордер», «Платежное поручение входящее», «Сатып алушыдан ТМҚ-ды қайтарып алу».

Қоймалық есеп. ТМҚ-ның қойма арасында орын ауыстыруы. «Қазақстанға арналған 1С бухгалтерияда әртүлі қоймалар арасында ТМҚ-ның және басқа да номенклатуралық позицияларының орын ауыстыруы «Перемещение ТМЗ» құжатымен рәсімделеді.

«Отправитель» - тауарлар жіберілетін қойма, «Получатель» - тауарларды қабылдап алатын қойма.

Құжаттың кестелік бөлімінде бір қоймадан екінші қоймаға жіберілетін тауарлардың атауы мен саны көрсетіледі. Тауарлардың атаулары мен сандарын дұрыс жүргізу үшін «Подбор» кнопкасын қолдану керек.

«Перемещение ТМЗ и услуг» құжаты «Поступление ТМЗ и услуг» құжатының негізінде жасалады.

Қоймадағы ТМҚ-ды түгендеу. Қоймадағы түгендеу бойынша «Инвентаризация ТМЗ на складе» құжатымен рәсімделеді және бұл құжаттардың 2 операциясы бар: «Склад», «Организация».

Бұл құжаттың негізінде тек қана қоймалар бойынша ғана емес кәсіпорынның толығымен түгендеуді жасауға болады. Егер қойма көрсетілмесе онда құжаттың кестелік бөлімінде кәсіпорынның есебінде тұрған барлық тауарлар енгізіледі.

«Инвентаризация ТМЗ» құжатының негізінде есептен шығару актісі («Списание ТМЗ» құжаты) және тауарлардың артықшылықтарын қабылдау.(«Опреходование ТМЗ») құжаттарын толтыруға болады.

Түгендеу тізімдемесінің мәліметтерін «Заполнить» кнопкасымен толтыруға болады. «Счет учета» графасында есепшот қалдықтарының номенклатурасы енгізіледі. «Количество» графасына түгендеу нәтижесі бойынша іс жүзінде сандық қалдықтар енгізіледі. «Отклонение» графасында түгендеу нәтижесінде анықталған ауытқулар жазылады.

«Сумма» графасына қоймада номенклатуралық позициясының жалпы өзіндік құны есепке алынады. Бұл параметр мен нақты саны негізінде «Цена» жолы есептелінеді. Нақты сомалық өзіндік құн туралы ақпарат инвентаризациялық ведомосттің «Фактическое наличие» графасында басып шығарылған түрінде көрсетіледі.

«Инвентаризация ТМЗ на складе» құжаты бухгалтерлік және салықтық есебінің проводкаларын және регистлеу бойынша қозғалыс жасалмайды. Бұл құжат «ИНВ-12» салыстырмалы тізімі және «ИНВ-3» түгендеулік тізімдеме құрастыруға мүмкіндік береді.

10 – тақырып. ТМҚ есебі бойынша жалпы құжаттар.

Сатып алушыға есептемені рәсімдеу. Егерде жаңа сатып алушы болса, онда құжатты рәсімдеуден бұрын сатып алушы туралы мәліметтерді енгізу қажет. «Контрагенты» анықтамасында сатып алушы туралы мәліметтерді «Покупатели» тобына тіркеу керек.

«Счета на оплату покупателю» құжатын ашып (меню «Продажа» - «Счет на оплату покупателю»); журналда «Добавить» кнопкасына баса отырып жаңа құжат ашамыз.

Ашылған құжат формасының бір бөлігі толтырулы болады: онда біздің кәсіпорын жайлы, банктік шот, шот нөмірі және датасы жайлы мәліметтер енгізіледі. Бұл мәліметтерді керек кезде өзгертуге де болады. Содан соң «Контрагент» графасында сатып алушы туралы мәліметтер, ал «Договор» графасында контрагентпен келісімшарт туралы мәліметтер белгіленеді.

«Номенклатура» анықтамасынан алынған мәліметтерді «Товары» закладкасының кестелік бөлігінде толтырамыз. Әр номенклатураның позициясы үшін мөлшерін, бағасын және ҚҚС ставкасын белгілейміз.

«Печать» немесе «Счет на оплату» кнопкасына баса отырып, құжаттың төменгі бөлігінде баспа формасын қалыптастырамыз.

Тауарлар мен қызметтерді өткізуді рәсімдеу. «Реализация ТМЗ и услуг» құжатының журналы (меню «Продажа» - «Счет») және «Добавить» кнопкасына баса отырып, жаңа құжат ашылады. Операция құжатының түрі («Операция» кнопкасы) алғашында сақталғандай түрде қалады.

«Реализация ТМЗ и услуг» құжатының «Контрагент» графасында жеке кәсіпкер, ал «Договор» графасында жеке кәсіпкермен жасасқан келісімшарт белгіленеді (іс жүзінде келісімшарт жасалмаса да, келісімшарт жайлы мәлімет жүйелі түрде енгізіледі). «Номенклатура» анықтамасынан алынған тауарлар туралы мәліметтер «Товары» закладкасының кестелік бөлімінде толтырылады. Әр номенклатураның позициясы үшін мөлшерін, бағасын және ҚҚС ставкасын белгілейміз.

Форманың төменгі жағындағы «Записать» кнопкасына баспай-ақ құжат автоматты түрде жазылады.

Шот фактураны рәсімдеу. ҚР Салық Кодексіне сәйкес кәсіпорын ҚҚС төлеуші болып табылса, тауарларды өткізу кезінде шот-фактура өткізуге міндетті. Бұл операцияны бухгалтерден басқа өнімдерді сату жөніндегі менеджер де жүргізе алады.

«Реализация ТМЗ и услуг» құжат журналында операция жазылған жазуды тауып, тышқанды екі рет баса отырып, форманы ашамыз.

Ашылған «Реализация ТМЗ иуслуг» құжатының формасында «Ввести Счет-фактура» құжатының жаңа формасы ашылады.

Ашылған «Счет – фактура» құжатының формасында «Платежно – расчетный документ» графасын «Приходной кассовый ордер» құжатының мәліметтерімен толтырамыз. Құжаттың баспа формасын алу үшін «Записать» және «Печать» (немесе «Счет-фактура») кнопкасына басамыз.

Тауарларды қайтару. Сатып алушыдан алдында сатып алынған тауарларды қайтарып алу «Возврат ТМЗ от покупателя» (меню «Продажа» - «Возврат ТМЗ покупателю») құжатымен рәсімделеді.

Тауарларды қайтарып алу сатып алушы үшін де рәсімделуі мүмкін.

Сатып алушыдан қайтарып алуды сатып алушыға тауарларды өткізу құжатының негізінде жасауға болады. Бұл құжатты толтырған кезде құжаттың құрамы көшіріледі. Тауарларды қайтару кезінде құжатсыз да рәсімдеуге болады. Сонда «Заполнить» кнопкасы арқылы жүкті түсіру құжатының негізінде құжаттың кестелік бөлімін толтыруға мүмкіндік бар.

Егер құжатта «Покупка» операциясы таңдалса «Услуги» бөлімінде қайтарылатын қызметтер бөлімінде көрсетіледі.

«Счета учета возвратов» закладкасында «Счета учета возвратов» белгілемеуге де болады, бұл жағдайда қайтарып алу есебі шоты ретінде құжат шотсыз проводкаларды қалыптастырады (мысалы, 3391 шоты «өткізілген дайын өнім, тауар, жұмыс және қызметтерді қайтарып алу бойынша қарыздар»). Көп жағдайда тауарларды жеткізушілерден қайтарған кезде кестелік бөліктегі тауардың өзіндік құнына сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл жағдайда, кіріс/шығыс айырмасы өзіндік құнын шығындау шотына енгізіледі.

Басқа да ұйымдардың қызметі.Кәсіпорыннан көрсетілген қызметттерді рәсімдеу үшін бірнеше құжат қажет:

  • «Покупка» операциясымен бірге «Поступление ТМЗ и услуг» құжаты. Бұл құжатта «Услуги» бөлімі толтырылады. Құжат өткізілген кезде бухгалтерлік жазу жазылады, яғни, дебетте «Услуги» сілтемесінде көрсетілген шығындар шоты, ал кредитте – жеткізушілермен есеп айырысу шоты көрсетіледі.

  • «Поступление доп.расходов» құжаты. Бұл құжат арқылы қызметтердің келіп түсуі, алдын-ала келіп түскен ТМҚ-дың құнына кіретін шығындар сомасы көрсетіледі. Бұл құжаттың өткізілу барысында дебетінде – келіп түскен ТМҚ есебі, кредитінде – жеткізушілермен есептесуі көрсетілетін бухгалтерлік жазу жазылады.

  • «Авансовый отчет» құжаты. Бұл құжатта «Прочее» сілтемесін толтыру қажет.Мынадай бухгалтерлік жазу жазылады: кредитінде – есепті тұлғалармен есептесу шоты, дебетінде – осы сілтемеде көрсетілген пайдаланушылардың шоты. Мұнда ТМҚ-ң құнынна енгізілген шығындарды да көрсетуге болады. Егер құжатта «Оплата» сілтемесі толтырылған болса, онда «Авансовый отчет» құжаты есепті тұлғалардың алған қызметтері үшін төлемдерін рәсімдейді.

Қызмет көрсету.8110 «Основное производство» және 8310 «Вспомогательное производство» шоты арқылы көрсетілген өндірістік қызметке кеткен шығындарды рәсімдеу үшін «Акт об оказании производственных услуг» құжаты қолданылады.(меню «Продажа» - «Акт об оказании производственных услуг»).

Басқа да қызметтер көрсету , мысалы, сауда ұйымдарына көрсетілген қызметтер «Реализация ТМЗ и услуг» құжаты арқылы рәсімделеді.(меню «Продажа» - «Реализация ТМЗ и услуг»). Сонымен қатар, бұл құжатта «Услуги» сілтемесінің кестелік бөлімі толтырылады.

Аяқталмаған өндірісті түгендеу. Әрбір айдың соңында кәсіпорында аяқталмаған өндірісті түгендеп отыру қажет. Түгендеу нәтижесі аяқталмаған өндіріске қатысты шығындар ағымдағы айда өндірілген өнімнің (жартылай фабрикат, қызметтің) өзіндік құнына есепкеалынғандығын көрсетеді.

Аяқталмаған өндіріс қалдықтарын мәлімдеу үшін «Инвентаризация незавершенного производства» құжаты арналған. (меню «Производство» - «Инвентаризация незавершенного производство»).

Бұл құжат ай соңында аяқталмаған өндіріс қалдықтары бар әрбір өндірістік бөлімшелерде қолданылады. 8110 «Основное производство» шоты, 8210 «Полуфабрикаты собственного производство» шоты немесе 8310 «Вспомогательное производство» шоттары көрсетілетін «Счет затрат» реквизитінде бұл өндірістің негізгі немесе қосымша екендігін осы құжат көрсетеді. Әрбір номенклатуралық топтың аяқталмаған өндірісінің құндық бағасы нормативтік құжаттарға сәйкес номенклатуралық топтарға жеке-жеке есептеледі және құжаттың кестелік бөлімінде көрсетіледі. Құжаттың өткізілу барысында ешқандай бухгалтерлік жазу жазылмайды. Мұнда көрсетілген мәліметтер өнімнің (жартылай фабрикат, қызметтердің) өзіндік құнын есептегенде ескеріледі.

Басқа да тапсырыс берушілерге қызмет көрсету. Өндірістік қызмет көрсету бойынша операциялар «Акт об оказании производственных услуг» құжатымен рәсімделеді. (меню«Продажа» - «Акт об оказании производственных услуг»).

Құжаттың жоғарғы жағына қызмет көрсететін контрагентті,контрагентпен келісімшарт және қызмет көрсетілетін өндірістік бөлімшелерді көрсету қажет. «Услуги» сілтемесінде әрбір қызмет үшін мыналар көрсетілу қажет:

  • Көрсетілген қызмет түріне сәйкес номенклатуралық позиция – сөздік элементі – «номенклатура».(«Услуга» флагы көрсетілген);

  • Көрсетілген қызмет мөлшері;

  • Көрсетілген қызметтен түскен түсім;

  • Жоспарлы құны;

  • Кіріс шоты – көрсетілген қызметтен түскен түсім көрсетілетін шот;

  • Шығыс шоты – көрсетілген қызметке байланысты ай соңында шығарылатын шығын сомалары көрсетілетін шот.

Бір ай көлемінде қызметтер жоспарлы құны бойынша есептеледі. Көрсетілген қызметтің нақты құны өнімнің өзіндік құнына кеткен шығындарды бөле отырып, айдың соңында жоспарлы құнға пропорционалды түрде есептеледі. Егер құжатта көрсетілген қызметтің жоспарлы құны қарастырылмаса, онда ай соңында қызметтің нақты құны шықпайды. Егер көрсетілген қызметтің өндірістік қызметпенбайланысы жоқ болса және олардың өзіндік құнын есептен шығарып немесе есепке алуға негіз жоқ болса, онда «Реализация ТМЗ и услуг» құжаты рәсімделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]