- •2.Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •9. Жазбаша деректердегі үйсіндердің этносаяси тарихы.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8.. Түрік қағанаты (552-603ж)
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •10.. Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •11) Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •12) Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •13..Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті
- •17..Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •21. Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •22. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •25. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •26. Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының рөлі
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31«Қазақ» этнонимінің зерттелуі
- •34. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •36. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және
- •38 Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз
- •43. XV-XVIII ғғ. Қазақтардың материалдық мәдениетін талдап көрсетіңіз.
- •45. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47.. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •52 Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз
- •53. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз
- •54. 1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз
- •55. 1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз..
- •57. «Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58 Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •60. 1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •61.1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз
- •1916 Жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
- •65. А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •79. 1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •83. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •89. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •92. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз
- •99. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •102. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
10.. Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі).
Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:
Дулу – Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бес тайпа
Нушиби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпа
Қоғамдық құрылымы
Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.
Қаған
Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)
Бек (ру, тайпа басқарушысы)
Тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)
Тұдын (салық жинаушы)
Қара бұдын (қарапайым халық)
таттар (құлдар)
Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар.
Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді.
Қағанаттың күш-қуаты Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады.
Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену.
Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар жасады.
Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді.
16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж.
Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704 ж Түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.
Батыс-түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу мен оның інісі Тонның кезінде болды. Тон қаған озінің батыстағы ықпалын нығайтуды және одан айырылып қалмауды ешқашан есінен шығармаған, әсіресе Иран мен Виантия сияқты ірі мемлекеттердің арасындағы жағдайды бақылап отырған. Екі елдің арасындағы келіспеушілік туа қалса, өзінің одақтасы Византияға көмектесуге дайын тұрған. Тон жабғу озінің Византиямен келісіміне берік болып оны іске асыру үшін имперетор Ираклидің 627-628 жылдары Кавказ бойына жасаған ушінші жорығына қатынасқан. Ол Дербент, Тбилисиді алып, қолға көптеген олжа түсіреді. Император оны Тбилисиге қарсы алып, оған озінің тәжін кигізіп, қызы Евдокияны беруге уәде берген. Бұл көмек БТ қағ.ның халықаралық жағдайдағы саяси беделін көтеріп, үстемдігін арттырады. 630 жылы түріктер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды