Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Монғолдар салған ойранға қарамастан, Онтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалалық мәдениеті дамуының дәстүрлі бағыты жойылған жоқ. XIII—XV ғасырлар мәдениетінде пайда болған өзгерістер оның алдындағы кезең мәдениетінің даму серпінінде үзіліс болғанын көрсетпейді. Мұндай құбылыс монғолдар жаулап алған, дамыған қалалары бар басқа аумақтарға да тән болатын. Г. А. Федоров-Давыдов төменгі Еділ бойының алтын ордалық қалалары мен Қырымның, Хорезмнің, Еділ Бұлғариясының Алтын Орда өктемдігіне түскен қалаларының синкретикалық мәдениеті арасындағы айырманы өте дұрыс атап өткен. «Төменгі Еділ бойынан айырмашылығы, — деп санайды ол, — оларда ежелгі отырықшы және қала дәстүрі орын алды, қалалар мәдени жағынан да, әлеуметтік жағынан да, аумақтық жағынан да монғолдарға дейінгі қалалардың жалғасы болды». Қазақстанның оңтүстігінде бұл барлық жерден: сәулет өнерінен де, іргелі және қолданбалы өнерден де байқалады.

XIV—XV ғасырлардың сәулет өнері жоғары деңгейге жетеді, зерттеушілер оны дүниежүзілік сәулет өнерінің ең жарқын құбылыстарының бірі деп атайды. Сәулет өнерінің жетекші шеберлері ұрпақтар тәжірибесін таратушылар әрі жеткізушілер болды, бірақ ешқашан да осы тәжірибенің ғана шеңберімен шектеліп қалмай, оны тұңғыш жаңалықтар табу арқылы байытып отырды. XIV ғасырдың аяғы — XV ғасырдың басында Ахмет Йассауидің кесенесі салынды. Ахмет Йассауи кешені аумағы 46,5x65,5 м болатын порталды-күмбезді үлкен ғимарат болып табылады. Үйдің аралық ені 50 м үлкен порталы мен аралығы 18,2 болатын арқалары бар. Үйдің еденінен орталық залдағы күмбезінің ең биік жеріне дейінгі биіктігі 37,5 метрге тең. Күмбездің өз диаметрі 18,2 м.

Кесененің ішіне әдетте екі қатарлы оюлармен жөне сүйектен ойылған ернектермен безендірілген аспалы есігі бар басты орталық есік арқылы кіретін болған. Табалдырықтан аттаған бойда, келуші кешеннің ең үлкен, орталық бөлмесіне кіреді, оның көлемі 18,5x18,5 м. Кіреберістегі және қарсы қабырғадағы терең екі қуыс залды крест сияқты етіп көрсетеді. Күмбез ішкі жағынан сталактиттермен қапталған, оларда оюлы өрнектердің іздері сақталған. Залдың ортасында адамның бойындай үлкен қола қазан тұр, сондықтан зал қазандық деп аталады.

30. Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістің негізігі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғӘуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]