Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С-2 Диссертация.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
97.28 Кб
Скачать

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  • Ғылыми жұмыс жазу бағыттары: Тіл білімінің өзекті мәселелері мен ғылыми жаңалықтары және қазіргі қазақ тілінің фонетика, лексика, фразеология, грамматика мәселелеріндегі зерттелуге тиіс мәселелерін қамтиды.

  • Ғылыми жұмыс зерттеушінің өзіндік жұмысы болып табылады. Соның негізінде ғылыми жұмысын орындау барысында талапқа сай мынадай мәселелер жүзеге асырылады:

  • Алған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бекітіп жүйелеу, кеңейту және оларды нақты ғылыми, теориялық, практикалық мәселелерді шешу кезінде тиімді пайдалану;

  • Зерттеп отырған, қарастырылуға тиісті мәселелер мен сұрақтарды шешуге байланысты сараптама жасай білу, зерттеу әдістерін меңгеру, дербес жұмыс жүргізу дағдыларын дамыту;

  • Қазіргі кездегі ғылым мен жаңа технологияға сай дербес жұмыс атқаруға дайындығын анықтау.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН КӨЛЕМІ

  • Зерттеу жұмысында қазіргі кездегі теориялық және практикалық сұрақтар тапсырмаларға сай талдануы керек. Ғылыми жұмыс теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізуге бағытталуы тиіс.

  • Ғылыми жұмыс іздену кезінде жинаған материалдар мен зерттеуге қатысты әдебиеттерді (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар және нормативті әдебиеттер, отандық және шетелдік ғылыми- әдістемелік журналдар) тереңнен оқып - білу негізінде орындалады. Ғылыми жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі мен ғылыми зерттеудің негіздемесі болуы тиіс.

  • Кіріспеде (1-2 бет, үлгі соңында көрсетілді) ғылыми жұмыстың мәні ашылуы керек, яғни, зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, теориялық, практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы, зерттеу нысаны көрсетілуі тиіс.

  • Негізгі бөлімде (20 бет) ғылыми жұмыс жан-жақты талданып, ғылыми тұжырым дәлелденеді.

  • Қорытынды бөлімде (1бет) зерттеу жұмысында зерделенген ғылыми жетістіктері мен нәтижелері нақты көрсетіледі.

  • Зерттеу жұмысының көлемі ғылыми жұмыстарға қойылатын талапқа сай белгіленді. Оқушының ғылыми деңгейіне сай компьютермен терілген ғылыми жұмыстың көлемі 25 беттен аспауы керек.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

  • Ғылыми жұмыстың тақырыбы өзекті болуы керек және ол ғылым мен техниканың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына сәйкес келуі, ғылым мен техниканың, өндірістің нақты міндеттерін ескеру қажет.

  • Ғылыми жұмыстың тақырыбы зерттеушінің деңгейіне сай және практикалық маңыздылығы мен ғылыми жаңалықтары мол болуы керек.

  • Ғылыми жұмыстың тақырыптарын қазіргі ғылымда қарастырылуға тиісті тың мәселелерге байланыстыра құрып, уақыт талабына сай ұсыныстарды ескере отырып бекіткен жөн. Зерттеушіге ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау құқығы беріледі. Зерттеуші мақсатты негіздемесі бар өз тақырыбын ұсына алады.

  • Ғылыми жұмыс жазуға зерттеушілерді алдын-ала 1-2 жыл бұрын дайындау қажет. Мұндай жағдайда мынадай әдіс қолданған жөн. Бір тақырып төңірегінде алғаш шағын мақаладан бастап, содан кейін оны кеңейтіп, тереңдете зерттеп ғылыми жұмысқа ұластыру қажет.

КОНСУЛЬТАЦИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ

  • Консультация ұйымдастыру

  • Ғылыми жұмысын орындау барысында зерттеуші қажетті ғылыми- әдістемелік көмекті жетекшісінен және ғылыми жұмыстың бөлімдері бойынша белгіленген кеңесшілерден алуы қажет. Ғылыми жұмысқа көп жылдық тәжірибесі бар маманның жетекшілік жасауының мәні де зор болады.

  • Ғылыми жұмыстың орындалу барысын бақылау

  • Ғылыми жұмысын орындауға кіріспес бұрын зерттеуші әр бөлімнің орындалу кезеңі көрсетілген күнтізбелік график жасайды да, жетекшісі мақұлдағаннан кейін бекітуге ұсынады.

  • Жетекші зерттеушінің ғылыми жұмысының орындалуы туралы есебін өткізу мерзімін белгілейді. Осы мерзімдерде зерттеуші жетекшісіне есеп беріп отырады. Ғылыми жұмыстың барысы айына 1-2 рет қажеттілікке қарай кеңесшілер мен зерттеушінің қатысуымен талқыланады.

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІНІҢ МІНДЕТІ

  • Ғылыми жұмыстың жетекшілері зерттеушінің деңгейіне қарай тақырып ұсынады.

  • Ғылыми жұмысын орындау барысындағы күнтізбелік жұмыс кестесін жасауға көмек көрсетеді;

  • Тақырып бойынша күнтізбелік жұмыс кестесін, ағымдық бақылау үшін консультация кестесін жасайды;

  • Жетекші зерттеушінің жұмысын тексеріп, қол қояды.

  • Ғылыми жұмыстың тақырыбына сай зерттеушіге материал жинауға, сондай-ақ ғылыми жұмысын орындауға байланысты тапсырмалар беруі керек;

  • Зерттеушіге қажетті әдебиеттер тізімін, анықтама материалдарын, тақырыпқа қатысты басқа да қажетті материалдарды беруі керек;

  • Ғылыми жұмысын орындау барысында зерттеушіге әдістемелік көмек көрсетуі, қорғау кезінде баяндама дайындауға көмек көрсетуі керек;

  • Ғылыми жұмыстың орындалу барысын үнемі бақылап отыруы керек;

  • Өз жетекшілігіндегі зерттеушінің ғылыми жұмысын орындау барысы туралы ақпарат дайындап отыруы керек;

  • Барлық кеңесшілердің өз кезінде кеңес берулерін бақылауы керек;

  • Өз жетекшілігіндегі зерттеушімен қосымша жұмыстар жүргізуі керек;

  • Зерттеушінің ғылыми жұмысы туралы пікір құрастыруы керек;

  • Зерттеушінің ғылыми жұмысын алдын-ала қорғауына қатысуы керек;

Кеңесшінің міндеті: Ғылыми жұмыстың бөлімі бойынша зерттеушіге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетуі керек. Ғылыми жұмысының орындалу барысы туралы жетекшіге хабарлап тұруы керек.

ЗЕРТТЕУШІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

  • Ғылыми жұмысын орындамас бұрын зерттеуші жұмыс бөлімдерінің орындалу кезеңдері көрсетілген күнтізбелік кестені даярлап, жетекшісіне көрсетеді.

  • Жетекшісі қабылдағаннан кейін ғана ғылыми жұмысын бастайды.

  • Ғылыми жұмысын орындауға қажетті материалдарды дер кезінде жинауы керек;

  • Жинаған материалдарының төңірегінде жетекшісімен, кеңесшісімен кеңесуі керек;

  • Кестеге сай жүйелі түрде консультацияға келіп тұруы керек;

  • Жасаған ғылыми тұжырымдарын жетекшіге баяндап тұруы керек;

  • Ғылыми жұмыстың күнтізбелік жоспарын орындауы керек;

  • Қажетті жағдайда ғылыми жетекшісінен кеңес ала алады;

  • Ғылыми жұмысқа қойылатын талаптарды орындауы керек.

  • Ғылыми жұмысындағы шешім мен ондағы берілген материалдардың дұрыстығына ғылыми жұмыстың авторы, яғни, зерттеуші жауап береді.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ РӘСІМДЕЛУІ

  • Ғылыми жұмыс жалпы мына материалдарды қамтуы тиіс:

  • Барлық қолтаңбасымен алғашқы (титульный) 1 бет;

  • Жұмыстың бөлімдері мен беттері көрсетілген мазмұны (1-2 бет);

  • Қарастырылып отырған мәселе бойынша жарық көрген ғылыми – практикалық жетістіктердің қысқаша анализі, берілген тақырыпты талдау қажеттілігінің негіздемесі берілген, міндеттері айтылған, тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігіне мінездеме берілген жалпы сипаттамасы (кіріспесі)(5-7 бет).

  • Негізгі бөлім .

  • Қорытынды.

  • Шығарылған қаласы, баспасы, жылы көрсетілген мақаланың немесе кітаптың аты, автордың фамилиясы мен инициалдары көрсетілген әдебиеттер тізімі (журнал мақалалары үшін журналдың аты, жылы, номері, беті көрсетілуі керек);

  • Ғылыми жұмыстың сол жағынан –30 мм, оң жағынан –10 мм, жоғары жағынан 20 мм, төмен жағынан –25 мм орын қалдырулары керек;

  • Түсінік хаттың беттері араб сандарымен нүктесіз белгіленеді. Алғашқы бет те жалпы нумерацияға қосылады, бетке номер төменгі оң жақ бұрышқа қойылады;

  • Мәтін бойынша берілген сілтеме көрсетілген ретімен беріледі;

  • Ғылыми жұмысының қысқаша мазмұны, ғылыми жұмыстың жаңалығы, өзектілігі, мақсат, міндеттері көрсетілген орыс, ағылшын тілдеріндегі резюме.

Қосымша 1

Қазақ атауларының этнолингвистикалық және этноәлеуметтік сипаты

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғасырлар бойы жер бетінде тіршілік етіп келе жатқан қай халықтың болмасын күнделікті тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, кәсібін ұлттық сана мен талғам негізінде қалыптасқан мәдениетін бейнелейтін өзіне тән материалдық дүниесі болатыны белгілі. Осыған орай, жұмыстың өзектілігін айқындауда, тақырыпқа сай тілдік деректердің ономасиологиялық, этнолингвистикалық, этноәлеуметтік қырларын сабақтастықта зерттеудің мәні ерекше. Киім-кешек атауларына этнолингвистикалық талдау жасауда сол атаулардың шығу тәркінінің ономасиологиялық негізін этнос табиғатының тарихымен, мәдениетімен байланыстылығын сабақтас зерттеу. Қазақ қоғамында ертеден қалыптасқан дәстүрлі этникалық әлеуметтік құрылымының халықтық атауларын тілдік, лингвомәдени контексте қарастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Зерттеу мақсаты қазақ тіліндегі киім атауларын этнолингвистикалық және ономосиологиялық тұрғыдан зерттеу. Қазақ тіліндегі киім атауларына қатысты халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, түрлі сөздіктерден, этнографиялық және ғылыми зерттеулерден және осы тақырыпқа қатысты мәлімет беретін көркем әдебиеттегі тілдік деректерді жинақтап, жүйелеу, киім атауларының этнолингвистикалық табиғатын этномәдени және этнопсихологиялық факторлар арқылы айқындай отырып, оның ұлттық сипатының қалыптасуы мен ұлттық мәдени-рухани өмірдегі орнын лингвомәдениеттану тұрғысынан көрсету. Қазақ тіліндегі этноәлеуметтік құрылым деңгейлерін сипаттайтын атауларды саралау, тарихи-тілдік, лексика-семантикалық талдау жүргізу; қазақ тіліндегі этноәлеуметтік номенклатураға қатысты тілдік бірліктердің құрылымының семантикалық ерекшеліктерін көрсету; қазақ тіліндегі этноәлеуметтік атауларға қатысты тұрақты тіркестердің, фразеологизмдер мен ақын-жыраулар, жазушылар қолданысындағы тілдік бірліктердің мазмұнын ашу.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Зерттеу мақсаты қазақ тіліндегі киім атауларын этнолингвистикалық және ономосиологиялық тұрғыдан зерттеу. Қазақ тіліндегі киім атауларына қатысты халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, түрлі сөздіктерден, этнографиялық және ғылыми зерттеулерден және осы тақырыпқа қатысты мәлімет беретін көркем әдебиеттегі тілдік деректерді жинақтап, жүйелеу, киім атауларының этнолингвистикалық табиғатын этномәдени және этнопсихологиялық факторлар арқылы айқындай отырып, оның ұлттық сипатының қалыптасуы мен ұлттық мәдени-рухани өмірдегі орнын лингвомәдениеттану тұрғысынан көрсету. Қазақ тіліндегі этноәлеуметтік құрылым деңгейлерін сипаттайтын атауларды саралау, тарихи-тілдік, лексика-семантикалық талдау жүргізу; қазақ тіліндегі этноәлеуметтік номенклатураға қатысты тілдік бірліктердің құрылымының семантикалық ерекшеліктерін көрсету; қазақ тіліндегі этноәлеуметтік атауларға қатысты тұрақты тіркестердің, фразеологизмдер мен ақын-жыраулар, жазушылар қолданысындағы тілдік бірліктердің мазмұнын ашу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Қазақ тіліндегі киім атаулары ономосиологиялық лексикология тұрғысынан арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылды. Киім атауларының себепші уәждері қарастырылып, олар уәждік белгілері бойынша топтастырылады, киім атауларына қатысты тіліміздегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың этномәдени сипаты анықталды. Киім атауларына қатысты кейбір этнографизмдердің қалыптасуына ұйытқы болған әлеуметтік уәждер айқындалды. Киім атауларына қатысты жеке сөздердің фразеологизмдер мен паремиологизмдердің және көркем шығармалар мен фольклор тілінде кездесетін қолданыстарының этномәдени мәнін ашу арқылы этносқа тән «ғаламның тілдік бейнесі» көрсетілді. Аталмыш топқа қатысты тіліміздегі рухани мәдениетке байланысты ырым-жоралғылар мен әдет-ғұрыптарға, символдарға лингвомәдениеттаным тұрғысынан талдау жасалды, кейбір киім атауларының этимологиясы анықталды. Қазақ тіліндегі этноәлеуметтік құрылым деңгейлерін сипаттайтын атауларды саралау, тарихи-тілдік, лексика-семантикалық талдау жүргізу; қазақ тіліндегі этноәлеуметтік номенклатураға қатысты тілдік бірліктердің құрылымының семантикалық ерекшеліктерін көрсету; қазақ тіліндегі этноәлеуметтік атауларға қатысты тұрақты тіркестердің, фразеологизмдер мен ақын-жыраулар, жазушылар қолданысындағы тілдік бірліктердің мазмұны ашылды.

Қазақ тіліндегі киім атаулары арқылы жасалған мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер.

"Көлеңкеге қарап, Көйлек пішпес болар"; "Тігілмеген етігіңді мақтама, Орылмаған тарыңды мақтама";"Кеңесті ел азбас, Кеңінен пішкен тон тозбас "; "Тонның ішкі бауындай " "Шақырусыз тойға барғанша, Шарығыңды ки де қойға бар " (өте жақын, өз адамындай); "Шен алып, шекпен киді" (атаққа, мансапқа ие болды); "Кебіні жоқ, кәрі жоқ " (өлігі айдалада қалды, көмусіз).

Фразеологиялық тіркестердің, мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамындағы киім атауларының этнолингвнстикалық мәні:

  • тонның ішкі бауындай (өте жақын); байпағынан басқа сүйенері жоқ (ешбір арқа сүйері жоқ); қардан кебіс, мұздан құрсау (қатты тарығу); ақ көйлек (ақ көңіл); кебініңді жалмағыр (қарғыс); малма тымақ (ынжық кісі туралы); шен алып, шекпен киді (атаққа ие болды); ақ жаулық (әйел, жұбай); "Бөріктінің намысы бір"; "Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді"; "Қасқыр ішік киген, Қасындағы жолдасының тонғанын білмес"; "Бөрікті тастап, бөріден құтылды."

Түсініктемелер

  • Этнолингвистика (грек.ethnos – халық, тайпа) – тіл және мәдениет арақатынасын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт. Этностың материалдық және рухани мәдениетін, оның менталитетін, тарихы мен қазіргі қалпын бейнелейтін тілдік элементтер энолингвистиканың зерттеу нысаны болып табылады. Этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған тілі білімінің жаңа да дербес саласы.

Түсініктемелер

Ономасиология (грек. Onyma – ат, атау туралы ілім) жаңа пайда болған ұғымның алғашқы суреттемелі түрде аталуынан басталып, атауға жеткенге дейінгі әрекетті зерттейді. Ономасиология тіл білімінде екі түрлі бағытта қолданылады, оның бірі тар ұғымда, екіншісі кең ұғымда қолданылуы. Ономасиология тар ұғымда қолданылғанда, ол атаудың өмірдегі белгілі затты білдіруін қамтиды. Ономасиология кең ұғымда қолданылғанда, ол тілдегі бүкіл атаулардың зерттелуін қамтиды.