Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - KZ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
594.94 Кб
Скачать
  1. Мәтінді оқыңыз. Жоспар құрыңыз. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

Кейбір адамдардың мінез-құлықтарында жағымсыз қасиеттер болады. Мысалы, біреуді-біреу көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық және т.б.

Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім» – депті. Атаққұмарлар пен мансапқорлар атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкіректеу және өзімшіл болып келеді. Ондай адамдардың алдарына қойған басты мақсаты – шен-шекпенге, сый-құрметке бөлену, оңай даңққа, жеңіл атаққа және мол табысқа қол жеткізу, сондай-ақ лауазымды қызметке көтерілу. Олар өз бойындағы іскерлік пен білімділік, парасаттылық қабілеттерінің бар-жоғына қарамай атақ пен мансапқа қарай ұмтылады, ал қоғамдық жұмыстарға немқұрайды, атүсті қарайды және халықтың мұң-мұқтажымен санаспайды.

Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді.

(Қ. Өрісбаев. «Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер», «Қазақстан-Заман» газеті, 27 желтоқсан, 2007ж.)

2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

3. Адам бойындағы жағымды қасиеттерді оң бағанға, жағымсыз қасиеттерді сол бағанға жазып шығыңыз.

Жағымсыз қасиеттер

Жағымды қасиеттер

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.

6.

6.

7.

7.

8.

8.

9.

9.

4. Жаттығулар

1) Мінезді сипаттайтын сөздерді теріп жазыңыз.

2) Қатыстық сын есімді пайдаланып, өз мінездеріңізді сипаттаңыз.

3) Сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик темпераменттерін қазақ тілінде суреттеңіз.

Грамматика: Лебізде синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардың мағыналық сипатын пайымдау

Сегізінші тақырып уақыт және адам

1. Мәтінді оқыңыз, ұғыныңыз.

Әр нәрсенің өз уақыты бар

Уақыт адам ұғымы бойынша өткен шақтан, осы шақтан және келер шақтан тұрады. Жер шарының күн төңiрегiндегi айланысына байланысты уақытты күндiз бен түнге, айлар мен жылдарға, одан әрi барсақ ғасырлар мен дәуiрлерге бөлемiз. Бiрақ материя мен кеңiстiк үшiн уақыттың қалай басталғанын және де қалай аяқталатынын мүлдем бiлмеймiз. Себебi, қандай бiр нәрсенiң жасалуынан бүлiнуiне дейiнгi, немесе қандай бiр құбылыстың басталуынан аяқталуына дейiнгi аралықтарға белгiлi бiр уақыттар сәйкес келедi. Осыдан болып “әр нәрсенiң өз уақыты бар”  деп айтамыз.

 Уақытқа тәуелсiз ешбiр физикалық дене, ешқандай табиғи құбылыс жоқ. Уақытқа тәуелдiлердiң бәрiне жалғандық тән. Өйткенi, басталған уақыт ерте ме кеш пе аяқталады, жасалған нәрсе заңды түрде бұзылады.

Уақыттың осы шағы алға қарай тоқтаусыз зымыраған сайын өткен шақ ұзарып, келер шақ қысқара бередi. Ең қысқа уақыт – осы шақ. Адам үшiн осы шақ дегенiмiз сағат та емес, минут та емес, тiптi секунд те емес, ол – жалғыз ғана қасқағым сәт. Шындығына келгенде, қасқағым сәттiң өзi де осы шақ емес. Мысалы, найзағайдың жарқылын бiр қасқағым сәтке теңесек, сол найзағай жарқылының да басталған, болған, аяқталған уақыттары бар. Бiрақ осы қасқағым сәттiң өткен, осы, келер шақтарын өлшеуге адам қабiлетсіз. Сондықтан, адам уақыттың осы шағы туралы ойланып болғанша, ол өткен шаққа айнала бередi. Сөйтiп, адам үшiн уақыттың ең қысқа мерзiмi – осы шақ болып саналады ( Т.Өмірзақ).

Сұрақтарға жауап беріңіз:

Уақытты адам қалай бөледі?

Уақытты адам қалай ұғынады?

Уақыт тәуелді әлде тәуелсіз құбылыс па?

Өткен шақ дегенді қалай ұғындыңыз?

Ал осы шақ деген не?

  1. Мәтінді оқып, өзіңіз уақытыңызды қалай үнемдейтініңізді айтып беріңіз.