Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус-құқық негізі.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
159.23 Кб
Скачать

11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ

«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»

ПӘНІНІҢ СИЛЛАБУСЫ

АЛМАТЫ

2011 г.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Халықаралық бизнес акадеимясы

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ” КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор

_____________ Дүйсенғұлова Н.С.

«____»_______________2011ж.

Білім бағдарламасы –бакалавриат

5В050900 – «Қаржы» мамандығы

Оқу түрі - күндізгі

«Құқық негіздері» пәнінің силлабусы

Курс: 2

Семестр: 3

«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Расилов Б.Ж.

Телефон: 3022155

Алматы, 2011

Құрастырушы: ХБА аға оқытушысы Расилов Б.Ж.

Силлабус 5В050900 – «Қаржы» мамандығы студенттеріне арналып «Құқық негіздері» курсының типтік және жұмыс бағдарламалары негізінде құрастырылды

Силлабус «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының отырысында қаралды

№______хаттама «____»_______________2011 ж.

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент ____________________Осколков В.С.

Силлабус Халықаралық Бизнес Академиясының Оқу Әдістемелік Кеңесінің отырысында бекітілді

№_____хаттама , «____»_______________2011 ж.

«Құқық негіздері» пәні

Аға оқытушы: Расилов Берік Жайырбекұлы

Пәннің пререквизиттері: Қазақстан Республикасы құқықтық демократиялық мемлекет және азаматтық қоғам құру жолында. Біздің мемлекеттің демократиялық және өркениетті дамуының негізгі факторларының бірі – азаматтарда дамыған құқықтық сананы қалыптастыру және олардың тұрақты құқықтық білімін алу болып табылады.. Пән құқықтың түрлі салаларының құқықтық негіздерін оқытады. Пәнді ұғыну үшін ойлау, дүниеде және елде орын алатын оқиғаларды халықаралық құқық жағынан, қазақстандық заңнамасы жағынан бағалау, талдау қабілеттері қажет.

Пәннің постреквизиттеі: «Құқық негіздері» пәні жоғары оқу орында оқытылатын жалпы білім пәні ретінде тұлғаның қалыптасуында, Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жағдайларда негізгі құқықтық білімдерін алуда маңызды болып келеді. Пән гуманитарлы пәндерге негізделеді: Қазақстан тарихы, философия, этика, психология. Философия барлық қоғамдық пәндер үшін ортақ теоретико-методологиялық негіз.

Курстың қысқаша сипаты:

Пән мақсаты: Аталған оқу пәнін оқыту мақсаты –студенттердің құқық және мемлекет, Қазақстан құқығы салаларының негіздері бойынша қажетті білімдер алу. Аталған пәнді оқып-үйрену арқылы келесі мәлелелер шешіледі:

  1. Мемлекеттік–құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктерін қалыптастыру;

  2. Мемлекет және құқықтың пайда болу, даму және әрекет ету заңдылықтарын түсіну;

  3. Негізгі заң түсініктерінің мәнін және мазмұнын ұғыну;

  4. Арнаулы заң терминологиясын үйрену;

  5. Конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық сияқты қазақстандық құқықтың негізгі салалардың негіздерін оқып білу.

Студенттер курстан мемлекет және құқықтың негізгі заңдылықтарын; құқықтық жүйенің құрылымының тәртібі және қағидаларынемлекеттік-құқықтық құбылыстардың және құқықтық болмыстың тұлғаға ықпалын оқып біледі; құқық болмысының құбылыстарын аналитикалық талдауды үйренеді; алған құқық білімдерін іс жүзінде пайдалана алады; талдау жүргізу және өз бетінше шешім қабылдауды, пайда болған құқықтық жағдайдың мәнін түсіну, таным көкжиегін кеңейту, құқыққолдану қызметіне қабілеттерін өз бетінше дамытуды үйренеді; нормативті-құқықтық актілер мәтінімен жұмыс істеу; пайда болатын ситуацияларды құқықты пайдаланып шешу; белсенді өмірлік ұстанымды дамытуда дағды алады.

.