Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Организационные+документы.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
25.09.2019
Размер:
512 Кб
Скачать

БЕКІТЕМІН

_____________ ауданының әкімі2

___________ ___________________________

(қолы) (аты-жөні)

200__ жылғы «____»____________

Коммуналды шаруашылық бөлімінің бастығы

_____________________________________________________________________________

(аты-жөні)

Лауазымдық нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

1.1. Коммуналды шаруашылық бөлімінің бастығын аудан әкімі тағайындайды және босатады. Бірыңғай бастама негізінде бөлімге жүктелген тапсырмалардан туындайтын барлық міндеттерді атқарады. Заңда белгіленген тәртіп шегінде операциялар, мәмілелер, шарттар жасауға басшылық жасайды, сотта және төрелік сот органдарында бөлім атынан сөйлейді.

1.2. Аудан әкімі аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас- тығы әкімге және оның орынбасарларына бағынады.

1.3. Коммуналды шаруашылық бөлімі бастығының негізгі міндеттері:

- ауданның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына сәйкес бөлімнің өндірістік қызметін басқаруды іске асыру;

- ЖПБ-ның жұмысын үйлестіру және ауданның жол-көпір шаруашылығын қаржыландыру мәселелері бойынша тапсырысшы болу;

- «Көріктендіру» ӨҚБ, «Қаласуқұбыры», «Алматықалажылукоммун-энергия», «Алматыэнергия», «Алматыгазотын», АПК жүргізген жұмыстарды үйлестіру.

2. Біліктілік талаптары және қажетті білім деңгейі

2.1. Коммуналды шаруашылық бөлімінің бастығы лауазымына жоғары немесе орта арнаулы білімі, 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

2.2. Коммуналды шаруашылық бөлімінің бастығы төмендегі талаптарды білуі шарт:

- ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулыларын, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құжаттарды орындау мәселелеріне қатысты шешімдері, өкімдері;

- құрылыс мәселелері бойынша ҚнмЕ, инженерлік жүйелерді пайдалану ережелері;

- жылу және электр қуатын пайдалану ережелері;

- үй құрылысын күтіп-ұстаудың санитарлық нормалары.

3. Міндеттері

- аймақтық және аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;

- жол-көпір шаруашылығын жөндеу, көшелерді тазалау, қоғамдық көлік аялдамаларын, суару жүйелерін тазалау мәселелері бойынша тапсырысшы болу;

- жолдардың, су-кәріз құбырларының, газ, жылу және электр жүйелерінің, көше жарықтарының күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарларының орындалуын бақылау;

- аудан аумағын көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі жүргізілетін жұмыстарды бақылауды іске асыру;

- жүргізілетін қазба жұмыстарын және жаяу жүргінші жолын, жол төсеніштерін және жасыл желектерді уақытында қайта қалпына келтіру, көшелерді, саябақтар мен көгалжайларды көгалдандыру және қайта жаңғырту, арық жүйелерін, бұрқақтар мен бассейндерде жүргізілген жөндеу жұмыстарын бақылау;

- ауданның тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын дамыту, оларды көркейтуге көмек көрсету, құрылыс салуға бөлінген қаражат салымдарын пайдалану және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық нысандарын пайдалануға берудің тиімділігін арттыру;

- көше жарықтарын дамыту, жолдарды, су-кәріз құбырларын, газ, жылу және электр жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жылдық және келешектегі болжау жоспарларын құруға қатысу;

- ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, құрылыс салу және жер телімдерін рұқсатсыз иелену фактілерін анықтау, алдын алу және болдырмау жұмыстарын жүзеге асыру;

- аудан әкіміне қосымша құрылыстар салуға рұқсат беру және заңдастыру үшін құжаттар дайындау;

- әкім аппараты комиссиясының отырысына көріктендіру, тазалық мәселелері және коммуналдық қызметтердің жұмысы жөнінде материалдар дайындау;

- жеке үйлерді пайдалануға беруге қабылдау;

- тұрғындарды қабылдау, қызметшілердің хаттары мен шағым-дарын қарау.

4. Құқықтары

Коммуналды шаруашылық бөлімі бастығының құқықтары:

4.1. Әртүрлі мекемелерде (оның ішінде сотта, төрелік сотта, прокуратурада), жоғары тұрған органдарда қызметіне қатысты мәселелер бойынша бөлім атынан сөйлеу;

4.2. Талап ету құқықтары:

- жоспарлау-қаржы ережелерінің және еңбек заңнамаларының міндетті түрде сақталуы;

- орындалған жұмыс көлемі мен шарттың міндеттемелері бойынша уақытылы есеп берілуі.

5. Жауапкершілігі

Коммуналды шаруашылық бөлімінің бастығы:

5.1. Осы нұсқаулықтың заңға сәйкес орындалуы үшін жауапты болып табылады.

Аппарат басшысы2 _____________ _____________________________________

(қолы) (аты-жөні)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]