Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Progr_uchebn_prak_kaz_2010.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
24.09.2019
Размер:
2.59 Mб
Скачать

2.1. Практиканың мақсаты мен міндеттері

Студенттердің практикалық дайындықтан өтулерінің мақсаты – алған теориялық білімдерін, аналитикалық және басқарушылық жұмыстарында қалыптасқан қабілеттіліктерін кәсіпорын деңгейінде (меншік формасына тәуелді емес), басқа да шаруашылық ұйымдарда немесе басқару органдарында қорытындылап бекіту. Сонымен қатар курстық жұмысты, ғылыми баяндаманы орындауға және есепті жазуға қажетті деректерді жинақтау мен өңдеу.

2.2 Практикадағы студенттердің міндеттері:

- кәсіпорынның негізгі технологиялық процестерін оқып білу және де экономика, жоспарлау мен өндірісті ұйымдастыру сұрақтарын қатар меңгеру;

- ұйымдастырушылық құрылым мен басқару қызметтерін кәсіпорын, ассоциация, концерн, акционерлік қоғам деңгейінде игеру (студенттің практиканы қайда өтетіндігіне байланысты);

- ұйымдастырушылық құрылымдардың басқару органдарының өндірістік, қаржылық, маркетингтік қызметін сипаттайтын соңғы үш жылғы нақты материалдарын рыноктық қатынас талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен талдау;

- ұйымның жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, бәсекелестермен, қаржы-несиелік және салық қызметтерімен коммуникациялық байланыстарын білу;

- ұйымдағы мақсатқа жетуде қолданатын стратегия мен тактиканы таңдаудағы басқару әдістері мен тәсілдерін игеру;

- курстық жұмысты, ғылыми баяндаманы жазуға және практиканы өткені жөніндегі есепке қажетті нақты материалдарды жинақтау, талдау, бір жүйеге келтіру.

2.3. Практика мазмұны

Студент практика өту барысында келесідей материалдармен танысып және оларды оқып білуі қажет:

  1. Жоғары оқу орнының қызмет көрсету бағыттары, жоғары оқу орындарында жүзеге асырылатын білім бағдарламалары, болашақтағы кәсіби қызмет міндеттері, функциясы.

  2. ұйымның мақсаты мен міндеті, оның мәртебесін анықтайтын құжаттар (жарғысы, ережелері және т.б.);

  3. басқару құрылымы және оны жетілдіру бағыттары, басшылық пен негізгі бөлімдердің міндеттері мен қызметтері, штаттық кесте;

  4. студент практика өту үшін бекітілген бөлім қызметкерлерінің функциялары мен қызмет орнына сәйкес міндеттемелері;

  5. ұйымның сыртқы ұйымдармен, серіктестермен, қаржы-несие мекемелер мен және т.б. қарым-қатынас жасаудың тәртібі, басшылық иерархиясы;

  6. ұйым басшылығының төменгі, ортаңғы және жоғары басшылары атқаратын функциялар;

  7. басқару шешімдерін қабылдау тәртібі мен қазіргі кезде қолданылып жүрген шешімдердің орындалуын қадағалайтын бақылау жүйесі;

  8. Стратегиялық жоспарды жасау үшін қажетті материалдар мен ұйымның әлеуметтік және экономикалық даму стратегиясын жасау тәртібі

2.4. Практика туралы есепті жазу жөнінде әдістемелік ұсыныстар

Практика аяқталғаннан кейін студент практикада болған кезеңінде орындаған жұмыстары туралы есепті кафедраға ұсынады. Практика туралы есеп кәсіпорын, ұйым өкілімен және кафедрадан практика жетекшісімен тексеріледі.

Есеп-бұл тәжірибені өту барысындағы мақсатқа жету процесі сипатталатын талдау құжаты болып табылады. Есепте студент тәжірибе бағдарламасын орындау бойынша өз жұмысының мәнін логикалық түрде көрсетіп, қорытынды жасау қажет.

Барлық талапқа сай жазылған есептің құрылымы былай болу қажет:

  • Тәжірибе өту орны, уақыты. Ұйымның мақсатыні міндетін құрылымын, тәжірибе міндетінің орындалуын қамтамасыз ететін шараларды сипаттау.

  • Ұйым қызметін және құрылымдық бөлімшелер жұмысының мазмұнын реттейтін нормативтік негіздеме.

  • Тәжірибе бағдарламасының орындалу дәрежесі.

  • Тәжірибе бағыттары бойынша орындалған жұмыс мазмұнын талдау.

  • Теориялық ережелерді игеру барысында студент қандай машықтарды иегер білді.

  • Жеке берілген тапсырмалар кешенін орындалуы жөнінде қысқаша жазбаның болуы.

  • Тәжірибе бағасы және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар мен тұжырымдамалар беру.

Есеп материалдарын баяндау дәйектілігі практика бағдарламасына және студенттің жеке жұмыс жоспарына сәйкес келуі қажет. Материалдар (мәліметтер) бағдарламаның сәйкес бөлімдері (сұрақтары) бойынша жинақталады, талданады және бір жүйеге келтіріледі.

Студент есепті дайындау процесінде теорияны терең білуін және басқаруды дәл зерттей алуын, процестер мен құбылыстарды экономикалық сауатты талдау, дербес жұмыс істей алу, нақты қорытындылар мен ұсыныстар жасай алу қабілеттерін көрсетуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]