Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы отары.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
28.16 Кб
Скачать

Енді Қазақстандағы доллардың пайда болуының екінші жолын қарастыруға көшейік.

Бұл жағдай біздің екінші деңгейлі банктердің шетелдерден тартқан долларлар көлемін, Қазақстан ішінде түрлі несиелер арқылы бөлуімен сипатталады.

Бұл келесідей жүзеге асады.

Біздің мемлекеттің коммерциялық банкі Ситибанктен несиеге долларлар алады. Содан кейін бұл банк Ситибанктен алған долларларын Қазақстанның Ұлттық банкіне келіп ауыстырады. Ұлттық банк ауадан теңге басып шығарады да, оны келген доллар көлеміне алмастырады. Ал Ұлттық банктің коммерциялық банктен алған долларлар көлемі еліміздің алтын валюта қорын құрайды. Бұл Қазақстандағы жаңа теңгелердің пайда болуының екінші жолы.

Одан әрі, бұл жаңа теңгелер тұрғындарға тұтынушылық несиелер беру арқылы Қазақстан экономикасына енеді. Алған несиелеріне тұрғындар тоңазытқыштар, автокөліктер және т.б. біздің мемлекет өндірмейтін, яғни импорттық тауарларды сатып ала бастайды. Тұрғындарға тауарларын сату арқылы теңгеге иеленген импорттаушы Ұлттық банкке келіп, теңгені долларға айырбастайды. Импорттаушының айырбас арқылы алып кеткен бұл долларлары, біздің коммерциялық банктердің Ситибанктен қарызға алған доллары екендігін атап өтейік. Долларларын алған импорттаушы оларды шетелге жібереді. Ал Қазақстанның алтын валюта қоры импорттаушының шетелге жіберілген долларларының санына байланысты төмендейтін болады.

Бұл жол арқылы біз мынандай жағдайда көз жеткіземіз: яғни мемлекетіміздің коммерциялық банктері шетелдік банктерден көп мөлшердегі долларлар көлемін алып, оны Қазақстан ішінде несие ретінде таратқан сайын, біздің ұлт соғұрлым көп көлемдегі импорттық тауарларды сатып ала отырып, өзін ауқаттырақ сезінетін болады.

Бұл мысалдарда біз Ұлттық банктің қай кезде елге келген долларларға сәйкес жаңадан басып шығарылған теңгелерді ауыстыратындығын бір нұсқасын көрсеттік.

Жоғарыда аталғандардың барлығы, біздегі теңгенің басып шығарылуы мен оның айналымға енуі біздің тауар өндірісімізге емес, мемлекетімізге енетін долларлардың санына байланысты екендігін көрсетеді.

Қорытындылай келе келесілерді айтқымыз келеді.

Мемлекетімізге түскен долларлардың саны көп болған сайын, біз соншалықты көп көлемдегі импорттық тауарларды сатып ала отырып, өзімізді ауқаттырақ сезеінеміз.

Ал мемлекетімізге түскен долларлардың саны аз болған сайын, біз соншалықты аз көлемдегі импорттық тауарларды сатып ала отырып, өзімізді кедейірек сезінетін боламыз.

Қазақстан ұлттың қажеттілігін қанағаттандыратын отандық өнеркәсібі жоқ, колониалды-шикізаттық экономикасы бар мемлекет. Мұндай экономикада тұрғындардың өмір сүру деңгейі тек елге келген долларлардың санына байланысты болатындығын ұмытпаған жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]