Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАНА ЖОЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ҚАЗІРГІ Б...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
43.69 Кб
Скачать

Дана жол экономикалық стратегиясы мен қазіргі басқарушы тап арасындағы айырмашылықтар

«Дана Жолдың даму стартегиясы қазіргі басқарушы тап жүзеге асырып жатқан стартегиядан қалай ерекшеленеді?!» – деген сауалдарды бізге жиі қояды. Бізге реформаның жолы бойынша жүріп, дамыған капиталистік мемлекетті құрудан басқа амал жоқ секілді. Демек, біздің мақсатымыз ортақ. Алайда осы мақсатқа қол жеткізе аламыз ба? Аталмыш мақалада біз осы мәселеге тереңірек тоқталуға тырысамыз.

Қазіргі таңда Қазақстанда феодал-буржуазиялық құрылым немесе басқаша айтқанда монархиялық капитал жүйесі қызмет етеді. Мұндай жүйеде басқарушы тап шикізаттан түсетін пайданы қадағалайтын және осы ақшаларды өз қалауы бойынша ұлт арасында бөлу құқығына ие болатын бірнеше шағын адамдар тобы болып табылады. Біз бұл адамдардың тобын монархиялық капитал деп атаймыз. Билікті өз қолында сақтап қалу үшін, бұл топ, адамдарға нақты билік ету қабілетіне ие және сан жағынан көп тапқа негізделуді талап етеді.

Мұндай таптардың саны екеу, олар: капиталистер мен феодал-шенеуліктер. Мысалы, капиталист оған жұмыс істейтін адамдарды басқара алады. Ол оларға үкім шығара және өз қызметкерлерінен бұйрықтардың орындалуын талап ете алады. Милиция бастығы немесе әкім (феодал-шенеунік) де осындай адамдарға билік ету мүмкіндігіне ие.

Осы екі таптың ішінен монархиялық капитал әрқашанда феодал-шенеунікті таңдайды. Мұндай таңдау жасаудың себептері өте қарапайым. Себебі қандай да бір феодал-шенеунік монархиялық капиталдың бұйрықтарын орындамайтын болса, онда оны жұмыстан шығарып және оның орнына басқа феодал-шенеунікті тағайындауға болады. Ал егер капиталист монархиялық капиталдың бұйрықтарын орындамаған жағдайда, оны жұмыстан шығару мүмкін емес, себебі капиталистің артықшылығы ол иеленетін қызмет деңгейіне байланысты емес, ал оған тиесілі өндіріс орындарының бар болуында болып табылады. Сондықтан да, капиталистің билігін тартып алу үшін алдымен оған тиесілі мүлікті тартып алмақ керек. Демек, капиталистің мүлкін тартып алуға қарағанда шенеунікті жұмыстан шығару әлдеқайда оңай болып табылатындықтан, монархиялық капитал жүйесі мемлекет ішінде әрқашанда феодал-шенеунікке негізделеді.

Сыртқы әлемде монархиялық капитал жүйесі ірі халықаралық капиталға негізделеді, себебі феодал-шенеуніктерге негізделген монархиялық капитал жүйесі біздің мемлекеттегі ішкі тауар өндірісінің дамуына кедергі келтіреді. Егерде билікте капиталистер отыратын болса, онда біздің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамып, өткізу нарығы мен пайда үшін сыртқы капиталмен бәсекеге түсу қабілетіне ие болар еді. Монархиялық капиталдың Қазақстанның ресурстарын шетелдіктердің бақылауына өткізуі қолдау көрсетудің келесі бір себебі болып табылады.

Монархиялық капиталдың экономикалық платформасын қарастырайық. Халық қажеттіліктерінің басым бөлігі шикізаттан түскен түсім арқылы, ал кейіннен дамыған мемлекеттердің өндірістік тауарларына шикізаттан түскен түсімді алмастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Ұлттың өзінің өндірісі мен ауыл шаруашылығы, халықтың осы тауарларға деген қажеттіліктерін 10% дейін ғана қанағаттандырады. Бүгінгі күні Қазақстанда халық қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнеркәсіп болмағандықтан, колониалды-шикізаттық экономика қалыптасты. Мұндай экономикада, халықтың өмір сүру деңгейі елге келетін долларлардың санына байланысты болады. Біздің мемлекетімізде долларлар ағымы көп болған сайын, біз шетелдік тауарларды көбірек сатып алуға мүмкіндік аламыз да, солайша өзімізді ауқатты күйде сезінеміз. Ал мемлекетімізге долларлар саны аз түскен сайын, біз шетелдік тауарларды аз сатып ала бастаймыз да, соның негізінде өзімізді кедей сезінеміз.

Қазіргі экономикалық платформа өте тұрақсыз, себебі біздің шикізаттың бағасын басқарушы тап белгілемейді. Егер де күндердің бір күнінде әлемдік нарықта мұнайдың бағасы төмендеп кететін болса, онда тұрғындардың өмір сүру деңгейі де төмендейтін болады. Мұндай бақыланбайтын өмір сүру деңгейінің төмендеуі әлеуметтік жарылысқа және қазіргі таптың билігін жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, парсы шығанағындағы монархиямен салыстырғанда, Қазақстандағы бір азаматқа шаққандағы шикізаттан түсетін табыс төмен болып табылады. Салыстыру үшін, 2008 жылы мұнай экспортынан түскен табыс 79 млрд. долларды құраған БАӘ алайық. Бұл мемлекеттегі халық саны 4 млн. адамды құрайды. Демек, БАӘ-де жан басына шаққандағы шикізаттан түсетін табыс 20 000 долларды құрайды. 2008 жылы Қазақстанның мұнай экспортынан түскен табыс 42 млрд. долларды құраған. Еліміздегі халық саны 16 млн. адам. Сәйкесінше, Қазақстанда бір адамға шаққандағы шикізаттан түсетін табыс 2 600 долларды құрайды. БАӘ мен Қазақстан арасындағы айырмашылық сегіз есеге жуық. Демек, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің өсуі ішкі тауар өндірісінің өсуі есебінен жүзеге асырылуы қажет.

Сондықтан да, монархиялық капитал ерте ме, кеш пе елдің өзінің отандық өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға кірісуі керек еді. Басқарушы тап арқылы таңдалынған бұл жол, халықтың барлық қажеттіліктерін елдің отандық өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қамтамасыз ететін дамыған капиталистік экономиканы құру жолы болып табылады. Әлбетте, біз барлық тауарларды шығара алмаймыз және халықаралық еңбек бөлінісін де ешкім жоққа шығармайды. Мысалы, егерде жапон капиталистері автокөлік жасап шығарып, оны халықаралық нарықта сатып, сол алған табысына АҚШ ұшағын, Сауд Аравия мұнайы мен Кения кофесін сатып алатын болса, онда бұл жапонның ішкі өнеркәсібі ұлттың барлық қажетті тауарлармен қамтамасыз ете алды дегенді білдіреді. Бұл нақты мысалда жапон өнеркәсібі еңбектің халықаралық бөлінісі арқылы өз ұлтын өзінде жоқ тауарлармен (мұнай және кофе) не болмаса Жапония өндірмейтін тауарлармен (жолаушылар ұшағы) қамтамасыз етіп отырғандығын көрдік. Яғни, біз ұшақты бүгінгі күні мұнайдан түскен түсім арқылы сатып алып отырсақ, онда болашақта біз оны ауыл шаруашылығы өнімін экспортқа сатудан түскен табысқа иеленетін боламыз. Бұл жағдайда басты айырмашылық ұшақтарды бізге шикізаттан түскен түсім емес, біздің өзіміздің отандық өндірісімізден түскен түсім қамтамасыз ететіндігінде болып табылады.

Демек, қазіргі басқарушы тап дамыған капиталистік мемлекетті құру шешімін саналы түрде қабылдағандығын көріп отырмыз. Дана Жолда дәл осы ұстанымда тұр. Осы тұста қазіргі басқарушы тап стратегиясы мен Дана Жол стратегиясы арасындағы негізгі айырмашылықтарды қарастыруға көшейік.

Алдымен тұрғындар жағдайының өсуінен бастайық.