- •Сөйлем. Сөйлем түрлері.
- •Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы туралы әңгімелеңіз
- •Мақал-мәтел немесе өлең жатқа айту.
- •Хабарландыру жазу.
- •Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.
- •Бейтаныс мәтінмен жұмыс.
- •Жай сөйлемнің түрлері.
- •Дос туралы мақал-мәтелдер немесе ақын жазушылардың шағармаларынан үзінді жатқа
- •Қазақстан облыстары мен қалалары – диалог.
- •Құттықтау жазу
- •Билет №7
- •Көне ескерткіштер туралы әңгімелеңіз.
- •Билет №8
- •Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем.
- •Тәуелсіздік туралы бір үзінді жатқа айтыңыз.
- •Жарнама жазу.
- •Билет №14
- •Қазақ хылқы ежелден салт-дәстүрге өте бай халық. Олар үйлену, балаға арналған.
- •Ә. Қастеев туындылары туралы әңгімелеңіз.
- •Сан есім. Сан есімнің түрлері.
- •Отан туралы- монолог.
- •Бейтаныс мәтінмен жұмыс.
- •Тұрлаулы мүшелер.
- •Абай Құнанбаев - монолог
- •Ана туралы – үзінді жатқа
- •Туған жер уралы үзінді жатқа айтыңыз.
- •«Қазақстандақ спортшылар» туралы әнгімелеңіз.
- •Берілген құрмалас сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
- •Билет №18
- •Қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы әңгімелеңіз
- •Бойынша пікіріңізді білдіріңіздер.
- •Мақал- мэтелдерді аяқтаңыз
- •Алматы қаласы туралы айтып беріңіз
- •Суретшілері туралы әңгімелеңіз.
- •Болымсыз түрі.
- •Билет №20
- •Мына сөздерге лексикалық талдау жасаңыз.
- •Табиғат тамашасы – пікір айту.
- •Мағжан Жұмабаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыз.
- •Сөйлем мүшелері
- •Билет №24
- •Павлодар облысы туралы әнгімелеп айтыңыз.
Билеты по казахскому языку с ответами (ГОСЫ 2012)
Билет №1
«Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімеленіз.
Қазақстан – Еуразия құрылығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жері ұлан-байтақ. Қазақстан – 1991 жылдан тәуелсіз ел. Егеменді еліміздің өз рәміздері бар. Олар – Ту, Елтаңба, Әнұран. Еліміздің негізгі байлығы – оның халқы. Қазақстанның байырғы халқы – қазақ халқы. Оның тарихы бай, тарихи тұлғалары көп. Сонымен қатар біздің ел – көп ұлтты мемлекет. Онда 100 астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Тәуелсіздіктің тағы бір айрықша белгісі – үлттық валюта. Ол 1993 жылдың 15 қарашасынан айналымға енді. Теңге – Қазақстан Республикасының занды төлем құралы. Астанамыз – Астана қаласы. Астана болашғы үлкен, іскерлік және мәдени орталық. Президентііміз – Н. Ә. Назарбаев. Мен Қазақстанда тұратыныма мақтанамын. Отанымды, халқымды құрметтеймін.
Сөз өнері туралы мақал-мәтел жатқа айт.
Өнер алды – қызыл тіл.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Сөздің көркі – мақал, атасы – ақыл, анасы – тіл.
Сөйлем. Сөйлем түрлері.
Сөйлем дегеніміз аяқталған ойды білдіретін, өзара байланысқан бір немесе бірнеше сөз, сөз тіркестерін айтамыз.
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем. Мысалы: Кеше мен киноға бардым.
Сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі, сұраулық шылаулар, интонация арқылы жасалады. Мысалы: Кімнің кітабы бар? Сенде кітап бар ма?
Біреуге бұйыру, тілек, өтініш мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейді. Мысалы: Сен үйге бар. Сіз кітапты оқып беріңізші.
Лепті сөйлем сөйлеушінің көңіл күйін, сезімін, қуаныш, ренішін т. б. Білдіреді. Мысалы: Ауа қаңдай таза!
Билет №2
Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы туралы әңгімелеңіз
Қазан революциясына дейін қазақтар да жазбаша тілді қолданаған. Ол кейде «шағатай», кейде «татарша кітап» тілі деп аталған. Оның өзіндік ерекшелігі – онда лексикалық тұрғыдан алғанда, араб, парсы, түркі тілдерінің элементтері болған.
Қазақ халқы Қазан революциясына дейін (1072 жылдан 1929 жылға дейін) араб алфавитін (әліпбиін) қолданды. Мәдениетпен экономиканың дамуына байланысты 1929-1939 жылдарда латын алфавитіне көшті. Бұл алфавитпен саут ашу, мектепте оқыту жүргізіліп, газет-журналдар шықты.
1940 жылдан орыс алфавитіне көшті. Қазіргі қазақ алфавитінде ана тілінің өзіндік ерекшеліктері сақталған. Олар қазақ тіліне тән дыбыстар: ә, ғ. Қ, ө, ү, ұ, ң, і, һ.
Бұл әріптер 1940 жылдан 1957 жылға дейін алфавиттің соңында жазылған. 1957 жылдан бастап өз орындары тапты.
Мақал-мәтел немесе өлең жатқа айту.
Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ.
Ата-ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
Ана жақсылығын ауырсан білесін.
Ағаны көріп іні өсер, Апаны көріп сіңілі өсер.
Он үште отау иесі.
Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Хабарландыру жазу.
Құрметті мектеп бітірушілер!
Маусымның 15-і күні сағат 16-да тоғызыншы сынып оқұшыларының кеші өткізіледі. Бәрінді мектеппен қоштасу кешіне шақырамыз.
Мектеп әкімшілігі.
Билет №3
Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі – өте бай, көркем тіл.Қазақстан Республикасының Ата заңында «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»-деп жазылған. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» алғашқы заңы 1989 жылы 22 қаркүйекте қабылданды. Бұл заңда 6 тарау, 27 бап бар. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып, үйренуде.
Қазақ тілі толық мағынада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Бейтаныс мәтінмен жұмыс.
Жай сөйлемнің түрлері.
Жай cөйлем құрамына қарай жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, атаулы болып 7 түрге бөлінеді
1. Жақты сөйлем-бастауышы бар сөйлем. Ол кейде айтылмайды, бірақ оны баяндауышқа сұрақ қою арқыла табуға болады. Мысалы: Ертең мұнда кел.
2. Жақсыз сойлем-бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. М-лы: Менің оқығым келеді.
3. Жалаң сөйлем тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. М-лы Ол келді.
4. Жайылма сөйлем -тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. М-лы Ол ерте келді.
5.Толымды сөйлем -ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. М-лы: Қыста бұл жердің ауа райы өте суық болады.
6. Толымсыз сөйлем-айтылуға тиісті тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
-Балам, қайдан келдің?
-Астанадан.
7. Атаулы сөйлем-іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. М-лы: Жаз.
Билет №4