Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сыныпқа арналған мәтінде2р.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
70.66 Кб
Скачать

9 Сыныпқа арналған мәтіндер Астана

Қай елдің болса да, астанасының аты оның мемлекеттік рәмізі сияқты. Мысалы, Мәскеу десе - Ресей, Пекин десе – Қытай, Лондон десе – Англия мемлекеттерін көз алдымызға елестетеміз.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.

Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы суық, жазы ыстық болады.

Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол – әлемдегі көрікті қалалардың бірі.

Астана іскерлік және мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы – жаңа Қазақстанның белгісі.

Бәйтерек

Астана қаласы қазір қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр. Қала төрінде орналасқан алып «Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы. «Бәйтеректің» пішіні ұлы даланың кендігін, еркіндікке ұмтылу идеясын білдіреді.

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында «Бәйтерек» кешені идеясы қазақ халқының арманын білдіретін аңызға негізделгенін жазады. «Ежелгі аңызда былай дейді: ...көк теңіздін жағалауында өмір ағашы – алып бәйтерек өседі екен. Жыл сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар сол жұмыртқаны жеп қояды екен... Аңыз бойынша, Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады... Разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз – бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Қазақстан мақсатының көрінісі».

Сөйтіп, «Бәйтерек» кешені әрбір қазақстандықтың отаншылдық сезімін, ынтымақ пен келісім сезімін білдіріп тұруға бағытталған. Бұл сезім – біздің Отанымызға деген құрмет. Бұл – бәрімізге ортақ қасиет болмақ.

Шәмші Қалдаяқов

Халық ішінде әншілер де, сазгерлер де көп болады. Алайда бір сазгердің әнін бүкіл халық – үлкені де, кішісі де, қарты да, жасы да сүйіп айтуы сирек құбылыс. Ондай ән шығарған сазгер – ұлы сазгер.

Шәмші Қалдаяқов – бүкіл қазақ халқына ән салдырған осындай сазгер болды.

Шәмші Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ, жылы сазымен ел назарын бірден аударды. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальс ырғақтары да сондай әсем.

Данышпан ғалым-жазушы Мұхтар Әуезов Шәмші саздарын Ақан сері, Біржан салдан кейінгі «үздік құбылыс» деп бағалады. Шәмші әндері ойлылығымен, тазалығымен адам жүрегіне қуаныш, өмірге құштарлық, махаббат пен мейірім, туған елін, туған жерін шексіз сүю сезімдерін ұялатады.

Қазақстан мерейін өсірген спорт

Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Көптеген ұлттық спорт ойындары бар. Оның ішінде көбірек өткізілетіні – бәйге, көкпар, қазақша күрес, аударыспақ.

Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада Комитетінің мүшесі болды. Қазақстандық спортшылар әр түрлі жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді.

Біздің команда қысқы Наганада өткен олимпиадалық ойында 100 команда арасында 11-орынды жеңіп алды. Атлантада біз 180 команданың ішінен 26-орын алдық.

Сиднейдегі спортшыларымыздың жеңісі Қазақстанға даңқ әкелді.

Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз емес. Мысалы, боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүние жүзі мойындады. Жақсылық Үшкемпіров – күрестен олимпиада чемпионы. Дәулет Тұрлыханов – әлемнің екі дүркін чемпионы, балуан. Е.Ибраимов – Сидней олимпиадасының чемпионы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]