Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konc MIRAS.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
21.08.2019
Размер:
41.68 Кб
Скачать

1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы  Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында  1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады[3]. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары —Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар.  1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы   Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы  1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. [[ Қазақстандағы референдум (30 тамыз 1995 жыл). Бұл күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі  өзгерістер енгізілді.  

Қазақстан Республикасының 2-қабылданған ата заңы

1995 ж 30 тамызда референдумға қатысқын халықтың 81,9% жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады. Азаматтардан 30 мыңға жуық ұсыныстар келді және қарастырылды. Нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгеріске ұшырады.

Республика Конституциясы заң шығарушы, заң атқарушы және сот болып іс-қимылын қамтамасыз етті. Негізгі Заң адамның жоғарғы құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.

Қазақстан Республикасы Президенттік республика болып жарияланды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғарғы заң шығарушы орган болып есептелді. Оның өзі 2 палатаға бөлінеді: Мәжіліс және Сенат. Ол кезде депутат саны 77 ал қазір 107.

1995 ж Конституцияда Парламент ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Қазақстан Республикасының Сайлау туралы жарлығына қол қойды.

1993 ж Конституцияда Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берді. Бұл биліктің бөлінуі принціпін жүзеге асыру мен темежелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жібереді. Тежемілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді. Бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқты.

Кейін сайлау болып 1994 ж 7 наурызда, Республикада көппартиялықтың қалыптасуына ықпал етті. Жоғарғы Кеңесте мынадай фракциялар құрылды: Қаз Халқы Бірлігі Одағы, Қаз Халық Конгресі партиясы 22 адам, социалистік партия 12 адам, кәсіподақтар федерациясы 12 адам. Бұл 13 сайланған Жоғарғы Кеңес көрке ұзамады. 1993 жылғы Конституция әуел бастан қайшылыққа толы еді.

1993 Жылғы алғашқы конституция

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің ІХ сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы ХІІ шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күннен бастап көптеген құқықтық нормаларды: халық тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары – Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады.

1993 жылғы Конституцияның еліміздегі құқықтық жүйенің қалыптасуына және қоғамда демократиялық үрдістердің дамуына үлкен ықпалы болды.Осы Конституцияның қағидаларын іске асыру мақсатында 1994 жылғы 12 ақпанында қабылданған Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасында еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық мәртебесіне ана­ғұрлым толық сай келетін сот жүйесін одан әрі қарай дамыту көзделген болатын.   Алайда, 1993 жылғы Конституция көп жағдайда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының бұрынғы Конституциясына негізделіп жасалғандықтан, аталмыш бағдарламаның толық қанды іске асырылуында қиындықтар тудырды.Осыған орай  егеменді еліміздің даму ерекшеліктері ескеріле отыра, 1995 жылы өткізілген бүкіл халықтық референдумда қазіргі қолданыстағы жаңа Конституция қабылданған болатын.  Биылғы жылғы 30 тамызда осы Ата заңымыздың 15 жылдығы аталып өтілді.     Осы жылдар арасында аталмыш заң негізінде еліміздің сот саласында мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы болып табылатын сот билігінің қалыптасуында көптеген өзгерістер іске асты және де ол ары қарай жалғасуда.1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің қажетті кепілдіктерінің болуын қарастырды. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығы соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішінде судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін айқындап берді.

Бірақ 1993 жылғы Конституцияның кемшілігі қолдана бастағаннан кейін көрінді. Онда ескі қоғамның ережелері, көбінесе кеңестік демократияның қағидаларына негізделгендіктен біздің жаңа қоғамымыздың өмір талабына жауап бере алмады. Мұнда адамның кұқықтары, бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік үкімет билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған ҚР Егемендігі туралы Декларацияда айтылған биліктің үш саласы: басқару, сот билігі, заң шығару биліктерінің әрқайсысының атқаратын рөлі бұл Конституцияда көрсетілмей қалды. Осылайша 1993 жылғы Конституция өмір талабына сай келмегендіктен, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қайтадан жаңа Конституция қабылдау керектігі туралы ұсыныс жасады. 1995 жылғы Конституцияның жобасын талқылауға 3 млн 345 мың адам атсалысып, пікірін білдірді. Яғни Қазақстан халқының үштен бірі қатысты. Жобаға 1100 түзету енгізді. Тоқсан сегіз баптың елу бесіне елеулі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұрын болмаған жаңа бөлімдер, баптар пайда болды. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы бекітілді. Референдумға сайлаушылардың тоқсан пайызы қатысып, олардың 81 пайызы Конституцияны жақтап дауыс берді. Өйткені жаңа Конституция халық пікірінің, ойының, олардың мүддесінің зандылық көрінісі болды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Елбасымен бірге бүкіл халық болып негізгі заңды жасады. Жаңа Конституцияның авторы деп біз ел Президенті мен бүкіл халықты айтуымызға болады. Ал 1995 жылғы Конституция еліміздің экономикасын, әлеуметтік-саяси жүйесінің дамуын жеделдетті, халықтың саяси белсенділігін арттырды. Заң шығарушы, атқарушы органдарды белгілеп, олардың құзыретін, жұмыс істеу тетігін өзара іс-қимылын, бірлігін заң тұрғысынан айқындап берді. 1995 жылғы жаңа Конституцияда құқық пен жауапкершіліктің пара-пар екендігі көрсетілді. Азаматтар, ұйымдар құқыққа ғана емес, сонымен бірге Конституцияда көрсетілген жауапкершілікке де ие болды. Сондай-ақ бұрынғы Конституцияда шешімін таппаған мемлекеттің тілі, жер мәселесі, азаматтық алудың жолдары, Парламенттің қос палатасының жүйесі белгіленді. Президенттің құзыреті, Сот төрелігінің қызметі, Конституциялық кеңестің өкілеттілігі сияқты күрделі мәселелердің барлығы 1995 жылғы Конституцияда заңдылық тұрғысынан өз шешімін тапты. Осы Конституцияның қабылдануының нәтижесінде еліміздегі экономикалық даму, саяси реформалардың жеделдеуі арта түсті. Халықтың саяси біліктілігі, белсенділігі артты. Олардың қоғам өміріне араласуы зандылық сипатқа ие болды. 1995 жылғы Конституцияны қабылдағаннан кейін демократиялық реформаларды жүзеге асыру нәтижесіне сәйкес Конституцияға екі рет 1998 жылы және 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Конституцияда бұрын кеткен кемшіліктердің орны толды. 1998 жылы енгізілген өзгертуге байланысты еліміздің сот жүйесінде істерді қарау алқа билер қызметінің қатысуымен жүзеге асады деген мәселе енгізілді. Яғни сот жүйесі бүкіл демократиялық елдердің жүргізетін сот талабына сәйкестендірілді. 2007 жылы енгізілген өзгертулерде де бірталай жаңалықтар болды. Мысалы, Парламенттің өкілеттілігі кеңейтілді. Депутаттар саны көбейді. Мәселен, қазіргі қолданып жүрген Конституция бойынша Парламент депутаттарының саны 154-ке жетті. Мәжіліс тарайтын болса, заң шығару қызметін Сенат атқаратын болды. Депутаттарды сайлау бұрынғы можоритарлық жүйенің орнына пропорционалдық жүйе бойынша жүзеге асырылатын болды. Яғни жеңген партия Парламенттен көп дауыс алады. Қазақстан халқы ассамблеясынан тоғыз депутат Парламентке сайланатын болады. Кейінгі Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты сот кадрларын іріктеп алу Жоғарғы сот кеңесінің құзырына берілді. Тұтқындауға санкция беру прокуратурадан алынып, Сотқа берілді. Міне, осындай демократиялық үрдістер жүргізілді. Елбасымыз айтқандай, ендігі қолға алатын нәрсе біздің Парламент кем дегенде екі партиядан тұруы керек. Енді осы мәселені жүзеге асыру реттелу үстінде. Болашақта Парламентімізде кем дегенде екі саяси партияның дауысты көп алған, заңда белгіленген өкілдері депутат боп сайланады. Конституцияға сәйкес еліміз Президенттік басқару жүйесіне өтті. Үстіміздегі жылы Қазақстанда Президенттік басқару институтының құрылуының 20 жылдығы ерекше аталып өтті.

Мұнымен бірге 1993 жылы Конституцияның бірқатар қайшылықтары да болды. Қазақстан Республикасы «қазақ ұлтын өзіндік айқындаушы мемлекеттік форма ретінде» жариялады, сондай-ақ қазақ халқы Республиканың мемлекеттік билігінің жалғыз көзі деп бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік егемендіктің негізінде  қазақ ұлтын айқындауда қиындықтар туындады.

    Конституцияда алғаш рет «зайырлы және унитарлық мемлекет» түсінігі қолданылды, ол діни ұйымдар мемлекеттерінен бөлінгендігін және ҚР аумағында саяси, сонымен қатар мәдени автономияны құру мүмін еместіг көрсетілді.

    Конституция қарама-қайшылық пен ұстамдылық жүйесін қолдана отырып билік тармағы арасындағы өзара әрекеті туралы жағдайды бектті.

 Ал, Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937,1978,1993,1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата Заңын қабылдаған болатын. Бірақ   1993 жылғы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік ережелеріне көбінесе кеңестік демократия қағидаларына негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады. Онда адам құқықтары мен бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген еді. Осыған орай 1995 жылы Конституция қабылданды. Жаңа   Конституцияның ерекшеліктері заң шығарушы, атқарушы сот билігін белгілеп, олардың құзіретін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап береді. Мемлекеттік лауазымды адамдардың, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді.

– 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституция Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі конституциялық заңдарымыздан бастау алады. Ең алдымен, 1990 жылы 24 сәуірде Қазақстанда президенттік басқару формасы туралы заң қабылданды. Осы заңды қабылдай отырып, біртұтас мемлекеттік билікті атқарушы, заң шығарушы және сот билігі деп үш тармаққа бөлдік. Бұдан кейін 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияны жария еттік. Әлбетте, Егемендік туралы декларациямыз әлі заң емес еді, бірақ бұл біздің келешекте не істейтінімізді, болашақта қандай бағыт ұстанатынымызды білдірді. Бұл біздің Тәуелсіз ел боламыз, өзінің елтаңбасы, әнұраны, органдары болуы тиіс деген заңды талабымызды көрсетті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы заңды күллі әлемге паш еттік. Осы Тәуелсіздік туралы заңды қабылдайық деп 1991 жылдың шілде айында мен Жоғарғы Кеңестің төралқасына тапсырған болатын-тұғым. Бірақ бұл заң жобасы қаралмай, біраз жатып қалды. Көп адамдар «біз онсыз да Тәуелсіз мемлекетпіз ғой, оның қажеті бар ма?» дегендей немқұрайдылық танытты. 1991 жылы 9 желтоқсан күні, яғни Кеңес Одағының күйреуінен бір күн өткен соң Манаш Қозыбаев екеуіміз Жоғарғы Кеңестің төралқасының мәжілісінде «біз өзіміздің Тәуелсіздігіміз туралы заңымызды қабылдауымыз керек» деп мәселе көтердік. Сол күні еліміздің Тәуелсіздігі туралы заңының баяндамашысы болып мен тағайындалдым. Ал 1991 жылы 16 желтоқсан күні, былайша  айтқанда, Одақтың құлауынан сегіз күн өткен соң мемлекетіміздің Тәуелсіздігі туралы баяндамамен Жоғарғы Кеңестің трибунасына көтерілдім. Сол кездегі кеудемді кернеген қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Өйткені бұл қазақтың 500 жылдан соң қол жеткізіп отырған Тәуелсіздік заңы емес пе? Баяндаманы талқылауды сағат 18-ден 14 минут кеткенде бітірдік те, заңды қабылдадық. Ал сағат 18-ден 44 минут кеткенде, яғни жарты сағаттан соң бауырлас Түркия елі біздің Тәуелсіздігімізді алғышқы болып таныды. Бұл бүкіл дипломатия тарихында бірінші рет болған оқиға. Бұл заңдардың барлығы 1993 жылғы Конституциямызға негізгі материалдар болып кірді. Тәуелсіздік кезеңде екі Ата Заң – 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған алғашқы Ата Заңымыз және 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру негізінде екінші Конституциямызды қабылдадық. Мен 1993 жылғы Конституция туралы айта кетейін. Бұл Конституция үлкен талқылаулардан, айтыс-тартыстардан туған Ата Заң. Мен сол Ата Заңды жасайтын үкіметтік комиссиясының мүшесі болдым. Осы алғашқы Ата Заңды жазу барысында біраз мәселелер бойынша қызу дискуссия болды.

Атап айтқанда, қандай мәселелер пікірталасқа ұласты?

– Мысалы, кейбір комиссия мүшелері «Қазақ» деген сөзден ат-тонын ала қашты. «Қазақстан Конституциясы» дейік, «Қазақ Республикасы» дейік дегендерге қарсы болып жатты. «Қазақстан деп айтайық, біз көпұлтты елміз» деген сөздер де айтылды. Сонда менің ойланғаным, біз көпұлтты мемлекет емеспіз, көп ұлттың өкілдері бар елміз. Мұнда тұратын тек бір-ақ ұлт бар, ол қазақ халқы. Қалғандары өзінің этникалық елі бар, жері бар халықтардың өкілдері. Кейбіреулер Қазақстанда 130-дан астам ұлт тұрады дейді. Жоқ, елде бір-ақ ұлт бар. Қалғаны өзге ұлттардың өкілдері. Сондықтан біз осы екі түрлі ұғымды шатастырмауымыз керек. Мінеки, сол 1993 жылы қабылданған Конституциямыз аса бір демократиялық Конституциялардың бірі болды. Алғашқы Ата Заңымыз қабылданғаннан кейін мен оның ағылшын тілінде нұсқасын АҚШ-қа апарып, бір ай бойы таныстырдым. Американың сегіз университетінде болып, сенаторлары мен Өкілдер палатасының депутаттарымен жолықтым. Олар «сіздердің Конституцияларыңыз өте демократияшыл екен» деп жоғары баға берді. Олардың осындай ойлары, жылы лебіздері сол кездері «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жазылып жүрді.

Неге соншалықты демократиялы деген Конституцияның ғұмыры екі жылға ғана жетті? Неліктен жаңа Конституция қабылдадық?

– Бұл сұраққа өзім де жауап берейін деп отырмын. Оның себебі бар. Өтпелі кезеңде бізге құзыреті мол, күшті президенттік билік керек болды. Сондықтан 1995 жылғы қазіргі Конституциямызды қабылдадық. Бұл Ата Заңымызда бұрынғы Конституцияның талапқа сай нормалары енгізілді және Президенттің өкілеттігі ұлғайтылды. Өйткені Президент Конституцияның кепілі ғана емес, ол барлық мәселелерді шапшаң шешетін оперативті орган болуы керек еді. Сондықтан біз Президентті тек мақтамай, оның жұмыс тиімділігін қамтамасыз еттік. Міне, сол 1995 жылғы Конституциямызға 14 жыл болды. Ата Заңға өмірдің ағымына сай бірнеше мәрте өзгерістер енгізілгені мәлім.

Ал 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияның принципті айырмашылығы бар ма?– Екі Ата Заңымызда түбегейлі айырмашылық бар деуге болмайды. Ата Заңның бұрынғы құрылымы, қалпы сақталды. Бірақ айырмашылығы сонда – анағұрлым икемді президенттік басқаруға мол өкілеттіліктер берілді. Сонымен қатар Парламенттің құқықтары кеңейтіліп, құзыреті біршама арттырылды. Мәселен, заң шығарушы орган Үкіметтің, министрлердің, өзге де органдардың есебін тыңдап, шақырып отыратын жағдайға жетті.

Осы арада сұрақ туындайды. 1995 жылғы Конституцияның мүмкіндігі қаншалықты? Бәлкім, уақыт көшінде жаңа Конституцияға қажеттілік болуы мүмкін бе? Өйткені 2007 жылғы Ата Заңға өзгерістер енгізіліп, күшті президенттік басқару жүйесінен президенттік-парламенттік үлгіге өтуге алғышарт жасалды емес пе?

– Әлбетте, уақыт та, Конституция да бір орында тұрмайды, уақыт талабына сай өзгерістер енгізіледі. Болашақта өмірдің нені талап ететінін біле қоймаймыз. Әсіресе, сайлау жүйесіне, партияларға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін. Шындығына келгенде, қазір көппартиялық жүйе құрамыз деп отырып, бір-ақ партиямен шектеліп қалдық қой. Кемінде екі партиялық жүйеге көшуіміз қажет. Себебі шынайы демократияның айнасы – көппартиялық жүйе. Егер мемлекетіміз парламенттік немесе жартылай парламенттік жүйеге көшеміз десе, жаңа Конституцияға қажеттілік болуы кәдік. Сол кезде ғана жаңа Конституция туралы ой-пікірлер өзекті бола түседі. Бірақ дәл қазіргі кезеңде 1995 жылғы Конституция өзінің өміршеңдігін жоғалтқан жоқ, өзінің бар қуатын, мемлекетке берерін сарп етіп біткен жоқ. Ел үшін, халық үшін мінсіз міндетін атқарып келеді. Сондықтан осы Конституция өміршең Ата Заң болады ғой деп ойлаймын. Біз осы Конституциямыздың арқасында елімізді қантөгіске жібергеніміз жоқ. Бұл Конституцияның негізінде еліміздегі көп ұлттың, көп діннің өкілдерін бір-біріне қарсы болатындай жағдай тудырған жоқпыз. Керісінше, осы Конституцияның құдіретімен, Елбасының бастауымен елдегі сан алуан ұлт пен дін өкілдерін бір бауырдай еттік. Діндердің діттегені бір – Құдай, барар жолы – сан тарау. Ал Құдайға барар жол бейбітшілікті ту етуі тиіс. Бұл Ата Заң халқымызға осындай баға жетпес игіліктерді тарту етті.–Тәуелсіз мемлекетіміздің Конституцияларын әзірлеуде қай елдердің тәжірибесіне жүгіндіңіздер. Мысалы, 1995 жылғы Конституция француздық үлгіде жасалды деседі.

– Мен сізге айтайын, барлық Конституцияларды дайындауға атсалыстым. Соңғы 1995 жылғы Конституцияны әзірлейтін конституциялық комиссияның мүшесі болғаным жоқ. Бірақ барлық талқылауларға қатыстым. Біз Ата Заң елдің көкейінен шықса екен деп жүрдік. Ана үлгі, мына үлгіге жатқызудың қажеті жоқ шығар. Бүкілхалықтық референдум бойынша қабылданған бұл Конституция елдің талабынан, көкейінен шықты деп ойлаймын.

11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]