- •Ұ(22) Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Сіз ұлы адамдар деп кімдерді атар едіңіз? Олардың ұлылығы неде?
- •Шетелдік қонақтарға халқымыздың тұсаукесер дәстүрімен таныстырыңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Қазақстан ғарышты игеруге қандай үлес қосты.
- •Қобыз аспабының жасалу тарихына байланысты сұхбат құраңыз.
- •Алматы қаласының көрікті жерлері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •8. Қазіргі жастар қандай? Жастардың тәрбиесі, мәдениеті, білімі, қызығушылығы туралы сұхбат құраңыз.
- •9. «Қазақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
- •10. Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •11.«Менің мамандығым» тақырыбына сұхбат құраңыз.
- •12. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы «Халқын сүйген – салтын сүйеді» тақырыбына өз ой-пікіріңізді жазыңыз.
- •13.Қазақстандағы мәдени орындар туралы досыңызға баяндап беріңіз.
- •14.Өзіңіз тұратын жердің экологиясы туралы жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз.
- •15. Астаның тарихы туралы сұхбат құрыңыз.
- •16. Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Шетелдік досыңызға Қазақстанның мәдени орындары туралы айтыңыз.
- •17.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Біз қалай демаламыз?
- •18. Жағдаяттық сұқбат құраңыз.Сіз Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығысыз. Сізден журналист сұқбат алғысы келеді. Сізге қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Сіз қалай жауап бересіз?
- •19.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Темекіге, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін не істер едің?
- •21.Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіз?
- •22.Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •23. Кітап мұражайы туралы сұхбат құраңыз.
- •24. Әбу Насыр әл-Фарабидің кім екенін сұқбат түрінде көршіңізге таныстырыңыз.
- •25. Халқымыздың Наурыз мейрамын тойлауы туралы сұхбат құраңыз.
- •26.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Қандай ірі кітапханаларды білесіз?
- •27.Қазақстандағы көне кітапхана жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •28.Қазақстанның көне қалалары жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •29. Ахмет Яссауи кесенесі туралы сұхбат құрастырыңыз.
- •30.«Тіл үйрену қиын ба?» тақырыбына жағдаяттық сұхбат құраңыз.
- •31.«Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •32.«Діннің мәні мен ерекшеліктері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •33.«Тәрбие тұтқасы – тіл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •34.«Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •35.«Күйеу таңдаған қыз ертегісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Адамзат тарихындағы ең ұлы адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Т. Әубәкіров, т.Мұсабаевтар туралы шағын әңгіме жазыңыз.
- •«Туыстық атаулар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Гүлдердің сыры» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Біздің ғаламшарлар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қобыз аспабының жасалуы туралы аңыз» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жазыңыз.
- •43. «Айман-Әлем артисі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақша жыл санау» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Кітап мұражайы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •46. «Күй атасы – Қорқыт» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •47. «Көне түркілердің кітап шығару ісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •48. «Мүшел жас» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •49. Жануарлардың жыл басы болуына таласы туралы жазыңыз
- •50. «Наурыз мейрамы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •51. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •52. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •53. «Отырар кітапханасы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •54. «Отырар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •«Алматы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Түркістан» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Менің өмірімдегі ең бақытты сәттер» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«66 Тіл білетін адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақ тілі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Дүние жүзінде неше тіл бар?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Ұ(22) Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
Мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат:
Мұғалім: - Музыка - халықтың жаны. Музыкалық аспаптың ең басты қасиеті- оның тілсіз сөйлей алатындығы. Аспап күйшінің рухани сыңарына айналады және оның иесі тыңдамаса да, аспабымен күй тартқан басқа адамның көңіл-күйін айна-қатесіз танып білген. Аспаптар неден жасалады?
Оқушы: - Аспаптар қамыстан, қыштан, мүйізден, түрлі ағаштан жасалады. Мембранаға, шалғы мен шекке тері, малдың терін пайдаланған.
Мұғалім: - дұрыс айтасың, сондықтан да, қазақ аспаптарына көбіне қоңыр, күмбір дыбыс тән. Музыкалық аспаптар көшпелі тұрмыстың көптеген салаларына қызмет еткен: бақсылардың магиялық салты; қойшы өмірі; аңшылық; әскери өмір; балалар мен жастардың ойыны. Ғылыми зерттеушілердің айтуы бойынша қазақ өнерінде бүгінгі таңда 5000-ға жуық күй, 10000-нан астам әндер зерттелген. Қандай атақты күйлерді білесің?
Оқушы: - Дәулеткерейдің «Бұлбұл», «Көроғлы», «Қоңыр», Құрманғазының "Сары - Арқа", " Балбырауын", "Адай", Кетбұғаның «Ақсақ-құлан – Жошы хан» күйлерін ұнатамын.
Мұғалім: - қандай керемет күйлерді біледі екенсің! Өзің ойнай аласың ба?
Оқушы: - мен домбыраны ойнаймын.
Мұғалім: - қандай керемет! өзің үйренгің келді ме?
Оқушы: - әрине, бірінші рет домбыраның дауысын естігенде таң қалдым. Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Сондықтан да, халқымның тарихын, ойларын білу мақсатында үйренгім келді.
Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
Мен және құрбым арамыздағы сұхбат:
Мен: - Салтанат, емтиханға дайындалу барысында тарихтан сұрақтарды бірге жаттасақ, есімізде көп уақытқа дейін қалады.
Құрбым: - шынында ма? Біз қазір көне түрік мәдениетін өтіп жатырмыз. Содан бастайық?
Мен: - жарайды. Мен бастайын. Көне түркі халықтарының адамзат мәдениетіне қосқан үлестерінің бірі – оның ежелгі жазуы. Осы туралы деректерді қарап шығайық. Ең алғашқы деректер XVII ғасырдың екінші жартысында белгілі бола бастады.
Құрбым: - 1790-жылдары Паллас көне түркі жазба нұсқаларының кейбір үлгілерін жариялады. Осыдан түрік жазуына шетел, орыс ғалымдары қызығушылық білдіре бастады, экспедициялар ұйымдастырды. Ядринцев бастаған экспедиция Орхон өзені бойында 2 үлкен ескерткіш тапты.
Мен: - бұл кісі туралы естімеппін. Ол не ескерткіштер болды?
Құрбым: - ондағы жазуларды қалай оқу керектігін ешкім түсінбеді. Бірақ та бірнеше жылдан кейін Томсен деген ғалым бұл жазулар түркі тілінде жазылды деген баяндама жариялады.
Мен: - есіме түсті! Ол жазуларды солдан оңға емес, оңнан солға қарай оқыды. Таңбаларды салыстырып, негізгі 38 таңбаны анықтады. Ең алғашқы оқыған сөздері тәңір және түрік екен. Бұл ескерткіштер Білге қаған мен Күлтегінге арналыпты.
Құрбым: - йә, бұлардын басқа Тоныкөк ескерткіші бар. Географиялық тілдік ерекшеліктеріне қарай көне түрік жазуы үшке бөлінеді: Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері.
Мен: - Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанада бар екен, Еуразия университетінде. Соған барып қайтсақ? (күледі)
Құрбым: - кеттік! (күледі)