Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ATM_-_Lektsia_2_-_Politologia_-_2011.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.03.2019
Размер:
77.82 Кб
Скачать

5. Политическая мысль эпохи Нового времени и на современном этапе

Одним из основоположников теории общественного договора является английский мыслитель Томас Гоббс (1588 – 1679). В работе «Левиафан или материя, форма и власть государства» он описывает хаос естественного догосударственного существования людей, жизнь без красоты, промышленной культуры. В этом обществе были только конфликты, но люди, будучи разумными, нашли выход из хаоса – общественный договор. Они согласились передать все свои права монарху и подчиниться в обмен на закон. Политика и ее носитель, государство, по мнению Гоббса, учреждаются людьми путем договоренности между собой, индивиды доверяют единому лицу, верховной власти над собой. Государство и есть лицо, использующее силу и средство для людей, как оно считает необходимым для их мира и общей защиты. Гоббс выступал защитником монархической власти. Он утверждал, что заключив общественный договор и перейдя в гражданское состояние индивиды утрачивают возможность, изменить форму правления, освободить из-под действия верховной власти. По его мнению, могут существовать три формы государства: монархия, демократия и аристократия, которые различаются не природой и содержанием воплощенной в них верховной власти, а пригодностью к осуществлению той цели, для которой они были установлены.

При этом Томас Гоббс был твердо убежден в необходимости строго централизованной власти, отсюда – его монархически-абсолютисткие воззрения на государство.

XVII ғасырда буржуазиялық революция Европа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойышылы Томас Гоббс (1588-1679 жж.) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімінің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1755 жж.) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырды. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1775 жж.) еркіндікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек. Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Ол оқтын – оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.

Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімінің алатын орны зор. Оның көрнекті өкілдері Томас Джефферсон (1743-1826 жж.), Томас Пейн (1737-1809 жж.), Александр Гамильтон (1757-1804 жж.) болды.

Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Т. Джеффорсонның атымен байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат Америка Құрама Штаттарының «Тәуелсіздік Декларациясын» жазды.

Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философияның негізін салушы Иммануил Кант 1724-1804 жж.). Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», «Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған.

XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетарияттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын туындатты.

Карл Маркс (1818-1883 жж.) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі – тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Екінші жаңалығы капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Оның негізгі еңбектерінің бірі – «Капитал».

Фридрих Энгельс (1820-1895 жж.) К. Маркспен бірге «Коммунистік манифест» бағдарламасын жазған ең ірі саясаткер әрі философ ғалымдардың бірі болып табылады. «Германиядағы революция және контрреволюция», «Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің шығу тегі», «Людвиг Фейербах және класикалық неміс философиясының аяқталуы» және т.б. еңбектер жазған.

Маркс пен Энгельстің ізбасары В.И. Ленин (1870-1924 жж.) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды.

XX ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғылымы Леон Дюгидтің (1859-1928 жж.) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі тиіс. Ол еңбектің қоғамдық бөлінуіне байланысты тараптардың бірлесіп жұмыс істеуі капитализмнің қолайсыз жақтарын революциясыз, бейбітшілік жолымен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады. Адамдардың әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға, оған зиян келтірерлік ештеңе жасамауға шақырды.

Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде «ен жақсы» деген ұғымды білдіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын. Бірақ жаңа жағдайда оны жаң-ғыртып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Гаэтано Моска (1858-1941 жж.) мен Вильфредо Парето (1848-1923 жж.) болды.

Г. Моска саяси ілімдердің негіздері» деген еңбегінде саясат қарама-қарсы екі таптың – үстемдік жүргізуші азшылықтың (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық, еңбекшілер) – күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді.

В. Парето – «Жалпы социология жөніндегі трактат» деген еңбегінде «элита» деген атауды саяси ілімге бірінші болып енгізген ғалым.

XX ғасырда саяси ілімде өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, философы, тарихшысы, әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864-1920 жж.) болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің принципі ретінде плюрализм идеясын негіздейді.

Саяси зерттеулердің даму нәтижесінде саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты.

1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саясаттану" деген кафедра ашты. (Яғни, саясаттану алғашқы рет академиялық пән мәртебесін алды). Сол Колледжде 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектe6i құрылды.

Саясаттанудың қоғам өміріндeгi рөлінің көтерілуіне байланысты 1880 жылы АҚШ-та "Саяси ғылымдар" деген журнал шықты.

1872 жылы АҚШ-тағы сияқты Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер даярлайтын саяси ғылымдар мекте6i жұмыс істей бастады.

1889 жылы Американың Саяси жене әлеуметпк ғылымдар Академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ұғымдар ассоциациясы құрылды. Қaзip осы ассоциацияның құрамында 16 мың мүшесі бар.

XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пен ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды.

Саяси ғылым халықаралық статусқа ие болды. Бүгінri таңда Америка, Европа, шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің ең ipi университеттерi оған мамандар даярлайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттануға мамандандырылған 26 сала бойынша білім беріледі.

Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы осындай. Оны оқып білу қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің құруына белсене араласуына септігін тигізері сөзсіз.