- •Электр тізбегінің теориясы Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Жұмысқа алдын-ала дайындық және рұқсат
- •2 Зертханадағы жұмыс.
- •3 Есеп беруді безендіру және зертханалық жұмысты қорғау
- •Есеп беруді қабылдаған ________________
- •Алматы 200…
- •4 №1 Зертханалық жұмыс. Тұрақты тоқтың түзу сызықты электр тізбегін зерттеу
- •4.1 Жұмыстың мақсаты
- •4.1 Сурет
- •4.2 Сурет
- •5 №2 Зертханалық жұмыс. Активті және реактивті элементтерді тізбектей қосу
- •5.1 Жұмыстың мақсаты
- •5.1 Сурет
- •5.2 Сурет
- •5.3 Сурет
- •5.4 Cурет
- •6 №3 Зертханалық жұмыс. Активті және реактивті элементтердің параллельді қосылуы
- •6.1 Жұмыстың мақсаты
- •6.1 Сурет
- •6.2 Сурет
- •6.4 Сурет
- •7 №4 Зертханалық жұмыс. Кернеу резонанс
- •7.1 Сурет
- •7.2 Сурет
- •7.3 Сурет
- •7.6 Сурет 7.7 Сурет
- •8 №5 Зертханалық жұмыс. Тоқ резонансы
- •8.1 Сурет
- •8.2 Сурет
- •8.3 Сурет
- •8.4 Сурет
- •8.5 Сурет 8.6 Сурет
- •7 Сурет 8.8 Сурет
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •1 Жұмысқа алдын-ала дайындық және рұқсат.......................................................3
- •2 Зертханадағы жұмыс……………………………………………….............….…3
- •Электр тізбегінің теориясы
- •050719-Радиотехника, электроника және телекоммуникация және 050704-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
- •480013 Алматы, Байтұрсынұлы көшесі 126
Алматы Энергетика және байланыс институты
Электротехниканың теориялық негіздері кафедрасы
Электр тізбегінің теориясы Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
I бөлім
Алматы 2007
құрастырушылар: Иманбаев Х.А., Оңғар Б.
Электр тізбектерінің теориясы 1. 050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация, 050704 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау. 1 бөлім. – Алматы: АЭжБИ, 2007. –35 б.
Әдістемелік нұсқауда зертханалық жұмыстарға, жұмысты безендіруге және қорғауға қатысты жалпы жағдайлар жинақталған.
Әр зертханалық жұмыстар келесідей бөлімдерден тұрады: жұмыстың мақсаты, жұмысқа дайындық, жұмысты орындау реті, жасалған жұмысқа кіріспе, жұмыс нәтижесін безендіру және түрлендіру.
Әдістемелік нұсқау «Радиотехника және байланыс» факультетінің студенттеріне арналған.
Без.23, кесте.21, библиогр.- 4 атау.
Пікір беруші: техн. ғыл. канд., доц. Ғ.С. Қазиева.
«Алматы энергетика және байланыс институтының» коммерциялық
емес акционерлік қоғамының 2007ж. жоспары бойынша басылады.
Ó «Алматы энергетика және байланыс институтының», КЕАҚ 2007 ж.
«Электр тізбектерінің теориясы 1» пәні бойынша зертханалық жұмыстардың орындау реті.
1 Жұмысқа алдын-ала дайындық және рұқсат
1.1 Сабаққа кіріспес бұрын студент, зертханалық жұмыстың тақырыбына сәйкес теориялық материалды оқу, жұмыстың мақсатымен танысу.
1.2 Жұмыстың нәтижесін орындау есеп беруді қамту керек, сонымен қатар келесілерден құралған:
а) жұмыс сұлбасы;
б) жұмысқа дайындық бөліміндегі сұрақтарға жазбаша жауап;
в) өлшеу нәтижесін жазу үшін келтірілген кестелер.
1.3 Сабақ басында студенттер келесілерді білу керек:
а) алдыңғы жұмыстың безендірілуін толық қорғау;
б) жұмысқа рұқсат алу үшін жеке есеп беру.
Сабақ кезінде студенттер жұмысты орындау қажет (сұлбаларды жинау, қажет өлшеулерді өлшеп, алдын-ала алынғын кестелерге нәтижесін жазу).
1.4 Оқытушы студенттің жұмысты орындау дайындығын тексеру үшін, теория бойынша бақылау сұрақтарын қою, берілген жұмыстың орындалу ретін, сұлбаға әсерін, кейіптемелерді қолдану және нәтижесін алу. Сұрақтар жазбаша және ауызша қойылуы мүмкін.
1.5 Үшінші бөлімдегі келтірілгендері орындамаған студенттер, сонымен қатар сол студенттер теориялық дайындықтары нашар болса, жұмысқа рұқсат берілмейді.
1.6 Жұмысты бұрын жасаған және безендірілген, бірақ теориялық бөлімге дайындығы жоқ студенттерге жұмысқа рұқсат берілмейді.
1.7 Жұмысты уақытында орындамаған студенттер қарыз уақытында жасау үшін созады. Бұл үшін студент алдын-ала мұғалімге жазылады. Студент жұмысқа рұқсатты жалпылама түрде алады.
2 Зертханадағы жұмыс.
2.1 Зертханада жұмыс жасау үшін мұғалім алдын-ала группаны бригадаға ( бір бригада 2-3 студент) бөліп немесе жұмысты жеке жасауға тапсырады. Бригада құрамы жұмыстың тәжірбиелік бөлімін біріге жасап, әр студент жұмыстың безендіруін жеке және де алдынғы жұмысқа өзі жеке есеп береді.
2.2 Әр бригада жеке жұмыс орынында, қажетті жұмыс қондырғыларын орналастырып жұмысты жасайды.
2.3 Жұмысты бастамас бұрын студент қолданатын аппаратураларды және қондырғыларды сырттай тексеру. Егер де байқалған ақаулар болса, тез арада мұғалімге хабарлау.
2.4 Жұмыс жүргізу немесе техникалық қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан, сонымен қатар аспаптарды дұрыс пайдаланбағандықтан болған зертханаға келген шығынға бригада мүшелері жауапты.
2.5 Жұмысты жүргізу үшін сұлбаны студенттердің өзі жинайды. Өлшеуіш аспаптарды көмекші және реттеуіш құрылғыларда алынатын сұлба қарапайым көрнекі әр нүктесінде оңай алынатындай болып орналастыру керек.
2.6 Тәжірбие басында реостаттар және басқа да реттелетін құрылғылар тізбектегі ток пен кернеулердің мәндері ең төменгі болатындай етіп ретттелу керек. Өлшеуіш аспаптар жоғарғы диапозонға ауыстырып қосылулары керек. Өлшенетін шаманы жуықтап анықтағаннан кейін аспаты өлшеуге ыңғайлы диапозонға ауыстыру керек.
2.7 Сұлбаны міндетті түрде оқытушы тексеріп және де оқытушының рұқсатынан кейін ғана тізбекті сол кернеуде қосады. Сұлба сол кернеуде оның жұмысын сол уақытта бақылап, тәжірбиелік мәліметтерді алу кезінде ғана қосылу керек. Тәжірбие аяқталғаннан кейін кернеу тезарада ажыратылу керек.
2.8 Өлшеуіш аспаптардың қажетті көрсетулері үйден дайындап алып елген есеп берудің кестесіне енгізіледі. Өлшеулер аяқталған соң нәтижелерін оқытушыға көрсету керек. Содан кейін ол сұлбаны жинауға (бұзуға) рұқсат береді. Қажет болған жағдайда қосымша немесе қайтадан өлшулерді жүргізуге керек болатындықтан сұлбаны бұзуға рұқсат етілмейді.