Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Жоғары деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:

207-жаттығу

«Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек. Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз. Қазақ, қалмақ табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз, берсең, бітіміңді айт, бермесең жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.»

а) Қазыбек бидің ашық нотасында нотаның мағыналық өзегі (смыславое ядро) қандай сөйлемдермен берілген?

ә) Қазыбек би қай ғасырларда өмір сүрген? Төмендегі нұсқаны пайдаланып Кім жақын, не қымбат, не қиын?» сұрақтарына Қазыбек бидің жауаптарын айтып көріңіз.

«Кім жақын», «Не қымбат», «Не қиын». Сіздердің мақсаттарыңыз мына сөйлемдердің екінші сыңарын табу.

«Кім жақын»

Тату болса - 1) апайың жақын

2) ағайың жақын

3) досың жақын

Ақылды болса - 1) інің жақын

2) туысың жақын

3) нағашың жақын

Сыйлас болса - 1) шөберең жақын

2) келінің жақын

3) нағашың жақын

Өз ұрпағың - 1) шөберең жақын

2) досың жақын

3) әйелің жақын

«Не қымбат»

Алтын ұяң - 1) атаң қымбат

2) анаң қымбат

3) елің қымбат

Мейірімді - 1) апаң

2) атаң

3) жерің

Туып өскен - 1) жерің

2) атаң

3) елің

«Не қиын»

Таусылмайтын - 1) сөз

2) дау

3) дерт

Өзің түскен - 1) серт

2) жау

3) дерт

Жазылмаса - 1) серт

2) дерт

3) дау

б) Досыңызбен, көршіңізбен Қазыбек бидің елшілікке баруы туралы сұхбаттасыңыз.

в) Қазыбек бидің ашық нотасын еске түсіріп, Қазыбек биде дипломатқа тән қандай мінез-қасиеттер бар екенін анықтап, түйін жазыңыз.

208-жаттығу

Мына нұсқаны орыс тіліне аударыңыз:

табысқалы -

танысқалы -

шабысқалы –

Жақсы ұл еліне дос, жаман ұл еліне қас -

209-жаттығу

а) Дипломатиялық құжаттарды: вербальді, ресми, жеке, құттықтау ноталарын пайдаланып, елшілер атынан нота жазуды үйреніңіз.

ә) Мәтін мазмұны бойынша Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі туралы сөзжұмбақ құрастырыңыз.

210-жаттығу

Мәтінді оқыңыз. Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі:

«... Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдаңдар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай, жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек».

а) Мәтінде қарамен жазылған сөздерді талқылаңыздар.

ә) Мәтінен бұйрық райдағы сөздерді табыңыздар.

211-жаттығу. Мына сөйлемнің мағынасын талдаңыздар: «Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек».

Дипломат үшін басты қағида Абылай хан сөзінде бар. Қайсысы? Табыңыз.

Жақсыз сөйлем (Безличное предложение) – бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. Мысалы: Менің оқығым келеді. Енді бізге оқымасқа болмайды.

212-жаттығу Мәтін ішінен жақсыз сөйлемдерді тауып, астын сызыңыздар, қалай жасалғанын айтыңыздар.

Құнанбайдың артындағы нөпірдің өзі де тіпті мол. Санын болжап болмайды. Әбіштің оқшау ойларын Абайдың ұғына түскісі келді. Оразбайдың мына жиын алдында дауласқысы келген жоқ. Енді қолымен істегенді мойынмен көтеру керек. Оны жандыру үшін қайтадан тұтандыру керек. Ағасының пақыр болған түріне Абайдың жаны қатты ашыды. Арқа – басыңды былайғы ауыртпалықтан босату керек. Алғыс сөзден аяқ алып жүргісіз. Бұл – олардың алты ай күткен арманы. Енді ұшар кездері жақын. Әке – шешелері осының қамында.