Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эконом теория 2.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
27.16 Кб
Скачать

3. Экономикалық жүйе және оның жіктелуі

Экономикалық жүйелер – экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:

1. Ашықтылық дәрежесі бойынша:

1.1. Жабық экономикалық жүйе – бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы.

1.2. Ашық экономикалық жүйе – бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.

2. Меншік қатынастары бойынша:

2.1. Дәстүрлі экономикалық жүйе – ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.

Бұл жүйенің сипатты белгілері:

- өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге негізделеді;

- әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым төмен болуы;

- техникалық прогресстің шектелуі;

- халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде артып отыруы;

- сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;

- мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.

2.2. Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе – орталықтандырылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.

Сипатты белгілері:

- өндіріс құрал-жабдықтарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы;

- экономиканы орталықтан жоспарлау;

- өндірушілердің монополиялануы;

- ресурстардың орталықтандырылған қоры.

- ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.

2.3. Нарықтық экономикалық жүйе – жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін бәсекелестікке негізделген қатынастар.

Сипатты белгілері:

- өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;

- кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;

- шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;

- шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;

- өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелестік, бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс.

2.4. Аралас экономикалық жүйе – нарықтық тетіктер мен экономиканы мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын қатынастар.

Сипатты белгілері:- әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы;

- көптүрлі меншіктің болуы;

- күшті кәсіподақ қозғалысының орын алуы;

- мемлекеттік реттеу мен түзету рөлі белсенді болып табылады.

3. Өнеркәсіптік төңкерістің және ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейі бойынша:

3.1. Индустриалдыққа дейінгі жүйе – қол еңбегіне негізделген натуралдық шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл шаруашылығына негізделген жүйе.

3.2. Индустриалдық жүйе – тауар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе.

3.3. Постиндустриалдық жүйе басты саласы – экономикалық-өндірістік емес (қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс ретінде саналатын жүйе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]