Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
16.02.2017
Размер:
40.6 Кб
Скачать

Ли Куан ю - «Сингапурлық ғажаптың» авторы

Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, мемлекет Малайзия федерациясына шығарылғаннан кейін Сингапурдың жағдайы күрт нашарлап кетті. Мемлекеттің өз ресурстары болмай, тіпті су мен жерді көрші елдерден импорттауға тура келді.

Ел басына күн туған осынау кезеңде саяси аренада тек Сингапурдың ғана емес, сондай-ақ барлық Оңтүстік-Шығыс Азия тағдырында маңызды рөл атқарған тұлға пайда болады. Ол - келешек мемлекеттің Ликургы, Ли Куан Ю. Томас Раффлздан кейін Сингапурдың екінші әкесі атанған Ли Куан Ю түп-тамыры қытайлық мәдениеттен бастау алатын отбасында дүниеге келген. Маскүнемдікке салынып, құмар ойындардан босамаған Ли Хунленнің Чинкун деген ұлында 1923 жылғы 16 қыркүйекте бірінші бала дүниеге келеді. Атасы өзінің барлық үмітін «Жарық сәулесіне» артады («Куан» - сәуле, «Ю» – жарық деген мағынаны білдіреді). Осыған орай, Ли Куан Ю өз естеліктерінде былай деп жазады.

«...Атам маған бала кезімнен ағылшын тілі мен еуропалық өмір салты – ең басты табыс кепілі деп айтатын, ал мен оның сөзіне әрқашан құлақ асатынмын...».

«Раффлз институтын» бітіріп, Кембриджға түскен жас жігіт соғыстың басталуымен оқуын тастап, еліне қайта оралады. Сингапур Ұлттық Университетіне түсіп, соғыс кезінде жергілікті газеттердің бірінде редактор болып жұмыс істейді. Алайда жолынан таймайтын жас патриот, соғыстан кейін Кембриджға түседі. Англияда Ли тек екі затқа құмар болады. Біріншісі – гольф, ал екіншісі – социалистік идеялар. Алғашқысы элитаға қатысты ұмтылысын көрсетсе, екіншісі халыққа деген жанашырлығын байқатады.

60-жылдары әлемдік отаршыл жүйесі қирап, соның нәтижесінде Сингапур тәуелсіздік алды. Ұлы державалар отарларын тастай салып, өздеріне тиесілі активтерін алып қашуға жөнелгенде, Оңтүстік-Шығыс Азияда хаос орнады .

АҚШ Вьетнамда соғысып жатса, Үндістан мен Пәкістан өзара қақтығыстарын шешуге тырысты. Шарль де Голль Францияны НАТО-дан алып шықса, Қытайда «мәдени революция» басталған болатын. Сәйкесінше, өзінің кішкентай аралында «мемлекет» құруға бел буған «ақымақта» (басында Ли Куан осындай лақап атқа ие болған) ешкімнің шаруасы болмаған-ды. Кейін стратег қолданған әдістің тиімділігіне дүниежүзінің көзі жетті. Нәтижесінде қайсар мінезді Ли өз халқын 3 мақсатты қатар орындауға шақырады:

- әділ де мықты және мультимәдениетті мемлекет құру;

- қауіпсіздік мәселесін шешу;

- жаңа типтегі қуатты экономика қалыптастыру.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін Ли Куан Ю Ликург принциптері мен Конфуций идеясын ұстана отырып, өз командасын жинай бастады.

 

Ли Куан ю жүргізген саясаты келесі қағидалар арқылы жүзеге асты (қысқа формада):

- Қауіпсіздік мәселесінде Англияның әскери-теңіз базасын Сингапурдан шығарғысы келмеді, өйткені ол ел қауіпсіздігінің кепілі еді.

«Сингапур қаражатты қайдан алды?» деген сұрақ жиі туындайды. Англия әскери-теңіз базасын қалыпта ұстау үшін, 55 млн.фунт қаражат береді. Кейін Англия да 50 млн.фунт қаражатты Сингапурға көмек ретінде ұсынады (25% - көмек ретінде, 75% - жеңілдікті қарыз). Тағы 50 млн. долл. қаражатты Жапониядан компенсация түрінде қайтарып алады. Мінеки, осылайша мемлекеттің қаржы және техникалық базасы нығая түседі.

- Әскери қауіпсіздік мәселесінде Ли Куан Ю Израильден көмек сұрады. Суэц дағдарысынан кейін Израильге одақтастар керек болып, келіссөздер жүзеге асты. Израильдіктер сингапурлықтарды әскери іс-әрекеттерге үйретті. Сингапур осылайша әскери базасын нығайтып, 1971 жылы ағылшындардың әскери-теңіз базаларын қайтарып алуына дайын болды.

«Ғұламалардың жылыстау» («утечка мозгов») құбылысының алдын алу үшін Сингапур үкіметі оқуын әлі бітірмеген студенттерге жұмыс орнын ұсынып отырды. Нәтижесінде, ел экономикасының гүлденуіне кепіл болатын интеллектуалдық ресурс мемлекеттің өзінде өте көп болды.

- Мемлекеттің экономикалық стратегиясының қалыптасуында батыс қағидаларын  «үшінші әлем» елдеріне енгізуді өз  алдына басты міндет ретінде қойған Альберт Винсемиус маңызды рөл атқарды. Сингапур бюрократиялық уақыт кетіру құбылысын болдырмау үшін, шетел инвесторларына қатысты «бірыңғай терезе» қағидасын қолданды. Осыған сәйкес әрбір инвестормен барлық сұрақтар бойынша көптеген ұйымдар емес, тек бір ғана агент жұмыс жасайды. Яғни, шенеуіктер пара алу мүмкіндігінен айырылып қысқа мерзімде тиімді (эффективті) жұмыс атқарылады.  

- Ол мемлекеттің экономикалық гүлденуі мәселесін шешуде бірқатар проблемаларға тап болды. Туындаған мәселенің шешімін іздеу үшін Сингапурдың Премьер-Министрі АҚШ-тың «әулиелердің әулиесі» - Гарвардқа барады. Оның ең басты мақсаты – АҚШ-тағы Трансұлттық компанияларды қызықтыру еді. Сондықтан 1968 жылы Нью-Йорк қаласында Ли Куан Ю сөз сөйлегенде, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі басты проблемаларды сараптай келе, АҚШ-тың осы аймақтағы жарқын болашағын көрсетті. Яғни, мәселенің басқаша шешілген жағдайында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан вакуумды КСРО елдері мен Қытай толтырады деген қарсы пікір ұсынды. Бұл жерден Ли Куан Ю «америкалық психологияны» өз мүддесінде тиімді пайдаланғанын байқауға болады. Нәтижесінде бірқатар американдық компаниялар Сингапурға бет бұрды. Бұл жерде ел Президенті оларды жылы жүзбен қарсы алып, 10 жылға салық төлеуден босатты. Ақырында Сингапур тарихындағы алғашқы шетел команиясы «Тексас инструментс» өзінің филиалын ашты. Сөйтіп Оңтүстік-Шығыс Азия тарихындағы әйгілі «бизнес-қажылылық» өз бастауын ала жөнелді.

- Қалыптасқан тарихи сабақтастық нәтижесінде Сингапур өзінің қаржылық қорының 90%-ын батыста ұстап отырды. Дәл сол себепті барша әлемге қауіп төндірген әлемдік дағдарысты бұл «Азиялық жолбарыс» өте оңай еңсере білді.

- Идеологиялық тұрғыдан Ли Куан Ю Конфуций мен Ликург идеяларын өзара ұштастырып, өзіндік формула жасады.

Қазіргі таңда Сингапур жетілдірілген экономикалық құрылымға ие және әлемдік нарықтағы кез келген өзгеріске дайын. Мысалы, Қытай мен Үндістан Сингапурға қарай отырып, компьютерлік технологиялармен айналыса бастады. Бір сөзбен айтқанда, Сингапурдың осындай дәрежеге жетуі ғажап емес, бұл  Ли Куан Ю еңбегінің нәтижесі.

 

Соседние файлы в предмете Политология