Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

bimbetov_tasymaldau_umk_kz

.pdf
Скачиваний:
178
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

қозғалытқыштарының қуаты 28 ден 300 квт дейін жетеді. Көптеген шетелдік машиналарда сумен суытылатын дизельді қозғалтқыштар орнатылған, мысалы «Дейц» (ГФР) және «Катерпиллер» (АҚШ).

Мысалы АҚШ-тың «Эймко» және «Вагнер» фирмалары бес және жеті типтік өлшемді шөмішті тиеп-тасымалдаушы машиналарын, ГФР «Гутехоффнунгсхютте» фирмасы – жеті типтік өлшемді машиналарды жасап шығарады. Тиеп-тасымалдаушы машиналарын сол сияқты «Тамрок» (Финляндия), «Франс-Лодер» (Франция), «Джарвис Кларк» (Канада), «Атлас Копко» (Швеция) және басқалары жасайды.

Кейбір фирмалар шөмішіндегі жүгін алдымен түсіретін ғана , емессонымен бірге бүйірімен де түсіретін машиналарды жасайды, сол сияқты шөмішінің артқы қабырғасын жылжымалы етіп те жасайды. Мысалы АҚШ -тың «Интерсон Ранд» және «С энд С Корпорейшн» фирмалары электрлі жетегі және аккумулятормен қоректенетінтиеп тасымалдау машиналарын жасап шығарады. Көмір шахталарына арналған бұл машиналарда сыйымдылығы 4,5-6 м3 болатын шөміші жүгін гидроцилиндрмен басқарылатын қалқанның көмегімен итеріп түсіреді. Пайдаланылған газдың жоқтығына байланысты оларды жөндеу және оларға қызмет көрсету тіпті оңай және арзан.

Шөміші және жүк алып жүруші шанағы бар өздігінен жүретін тиеп-тасымалдау машиналарын (ПТ типтес) негізінде дайындап-тілме қазбаларын жүргізгенде қолданады. Бұл машиналардың әдетте пневматикалық жетегі болады, бұл бұрғылау қондырғыларымен бірдей энергия түрін қолданумен түсінідіріледі.

4.2-суретте шөміші және жинақтаушы шанағы бар тиеп-тасымалдаушы машинасы көрсетілген. Ол тиеуші органы шөміштен 1, жүру бөлімінен, жүкті салатын шанақтан 3 және басқару жүйесінен 4 тұрады. Шөміш сапқа 5 бекітілген, ол тақташалы шынжырмен6 көтеріледі, оның жетегі ретінде планетарлы редукторы бар поршенді пневматикалық қозғалтқыш қызмет атқарады. Түсіру кезінде шөміштің жоғарғы орнында сап соқпалы рессор 7 пакетімен өз ара әсерлеседі. Бункер пневматикалық цилиндр көмегімен артқа аударылып жүкті түсіреді, осы кезде бір уақытта артқы ернеу (борт) 8 де ашылады.

Отандық өнеркәсіпте тиеп-тасымалдаушы машиналардың -ПТ4 және ПТ-6 түрлері жасалып шығарылады, олардың шөмішінің сыйымдылығы 0,2 және 0,5 м3, ал жүк көтергіштігі 4 және 6 тонна. Машиналар шаңды басу жүйесімен жабдықталған, ол шөміш

тау-кен массасын көсіп олар кезде және оны шанаққа төгер кезде су шашу арқылы қамтамасыз етіледі.

Шөміші және шанағы бар тиеп-тасымалдаушы машиналарды АҚШ «тыңЭймко» фирмасы, Швецияның «Атлас Копко» фирмасы және басқалары жасап шығарады.

4.2 – сурет. ПТ-4 тиеп-тасымалдаушы машинасы

31

Автоөзітүсіргіштер мен өздігінен жүретін вагондар. Жер асты автоөзітүсіргіштердің көпшілігінің шарнирлі мүшеленген рамасы болады. Алдыңғы жарты рамада тартқыш орнатылған, артқысында-аударылмалы шанағы бар жарты тіркеме болады, бұл тартқыштың жартылай (прицепке) тіркемеге қатысты екі жаққа да450 бұрылуын және радиусы7-8 м қисық жолдарда өтіп кетуін қамтамасыз етеді. Жер асты автоөзітүсіргіштері пайдаланылған газды екі рет тазалайтын жүйесі бар дизельді қозғалтқышпен, гидромеханикалық трансмиссиямен, рульдік басқарудың гидрокүшейткішімен, сол сияқты серпімді пневмогидравликалық аспамен жабдықталған.

Отандық өнеркәсіпте дизельді қозғалтқышы бар жүк көтергіштігі20т, қуаты 140 квт МоАЗ - 6401 (4.3 - сурет) автоөзітүсіргіші жасалып шығарылады. Гидромеханикалық трансмиссияның беріліс қорабы төрт қозғалыс жылдамдығын алға және төрт қозғалыс жылдамдығын артқа қамтамасыз етеді, авто өзі түсіргіштің ең үлкен қозғалыс жылдамдығы 35 км/сағ, жазық жерде толық жүкпен пайдалану жылдамдығы 12 км/сағ, 8-100 еңістікке 4-6 км/сағ.

1-тартқыш; 2-қосарланған шарнир; 3-аударылатын шанағы бар тіркеме

4.3 - сурет. Жүк көтергіштігі 20 т жер асты МоАЗ-6401 автоөзітүсіргіші

Қазіргі уақытта жүк көтергіштігі22 т МоАЗ-7406-9586 автоөзітүсіргішінің жаңа конструкциясының өндірісі басталды, жүк көтергіштігі 35т жер асты автоөзітүсіргіштің жаңа жобалық түрі жасалынып жатыр.

Шетелде жер асты автоөзітүсіргіштерді көптеген фирмалар жасап шығарады. Мысалы «Гутехоффнунгсхютте» фирмасы (ГФР) жүк көтергіштігі 12, 20, 40 және 55 т автоөзітүсіргіштердің төрт моделін жасап шығарады, «Керуна Трак» фирмасы (Швеция) жүк көтергіштігі 21 және 42 т екі негізгі моделін жасап шығарады. Автоөзітүсіргіштерді сол сияқты «Джой» және «Эймко» фирамалары (АҚШ), «АНФ» және «Блоу Нокс» фирмалары (Франция) және басқалары да жасайды. «Вагнер» фирмасы шанағының телескопты жылжитын бөлігі бар жүк көтергіштігі15-35 т автоөзітүсіргіштерді жасап шығарады. Олар аударылатын шанағы бар автоөзітүсіргіштермен салыстырғанда түсіру биіктігі ,азжәне де ыдыстық коэффициенті үлкен.

Шетел мәліметтері бойынша автоөзітүсіргіштерді пайдалану жазық және көлбеу

қазбалармен забойдан кен құдыққа дейін немесе оқпан албарына руданы жеткізу үшін ғана

 

емес, тереңдігі 300 м дейін болатын шахталарда көлбеу оқпанмен жер бетіне дейін жеткізу

 

тиімді болатыны

анықталып отыр(осыдан

терең

болғанда скиптік

көтеру

ұтымдырақ

болады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отандық

және

шетелдік

жер

асты

кеніштерінде

қолданылатын

бір

шанақ

автоөзітүсіргіштер

қималары 14-16 м2

болатын

қазбаларда

тау-кен

массасын

тасымалдау

 

үшін арналған. НИИгормаш институтында көлденеңдік габариттік өлшемдері2,2 ´2 м, жүк

 

көтергіштігі 75

т

шахталық автоөзітүсіргіш поезының(АШ 75) конструкциясы жасалып

 

шығарылған, бұл

оны

қимасы10

м2

асатын

қазбаларда

пайдалануға

мүмкіндік

береді.

 

32

Автопоезд екі тартқыштан және әрқайсысының жүк көтергіштігі15 т болатын кез-келген жаққа бүйірімен жүгін аударатын бес бір типті жүк вагондарынан тұрады. Автопоездың жетегі дизельді электрлі (дизельдің қуаты 140 квт және тұрақты токты генераторы215 квт),

әрқайсысының қуаты 45

квт болатын доңғалаққа

қабаттастырып орнатылған

электр

қозғалтқыштары бар поездың барлық мотор-доңғалақтары жетекші етіліп орындалған.

 

Автопоезд аралық горизонттарда тиеу орнынан күрделі кен-құдықтарға дейін1,5 км

қашықтыққа руданы жеткізу үшін арналған.

 

 

Өздігінен жүретін вагондардың конструкциялық ерекшеліктері шанағының түбінде

ысырмалы конвейерлердің

болуы, ол вагонға жүк

бір шетінен тиелген кезде

тау-кен

массасын шанақ бойымен таратып жаю үшін және тау-кен массасын вагоннан бункерге, конвейерге және т.б түсіру үшін қызмет атқарады.

Өздігінен жүретін вагондардың кемшіліктері әсіресе қатты және абразивті рудаларды тасымалдау кезінде шанақтың және түптік конвейердің қарқынды тозуы, жүкті түсірудің ұзақтығы (2-3 минутқа дейін). Өздігінен жүретін вагондардың негізгі қолдану аймағы калийлі рудаларды қазып алу кезінде өтуші-қазып алушы комбайндармен және руданы

жинауға арналған бункер-қайта тиегіштермен

бір комплексте пайдалану, сол сияқты

өздігінен жүретін вагонның челнокты қозғалысы

кезінде комбайнның тоқтаусыз жұмыс

істеуі қамтамасыз етіледі.

ВС типтес өздігінен жүретін вагон(4.4 - сурет) өзі жүретін шассиден, әдетте төрт доңғалақты, ысырмалы конвейері бар шанақтан, жетектен, трансмиссиядан және басқару органдарынан тұрады.

1-шанақ; 2- өзі жүретін шассидің электр жетегі; 3- өзі жүретін шасси; 4-кабина; 5-түптік ысырмалы конвейер; 6-кабельдік барабан

4.4 - сурет. ВС типтес өздігінен жүретін вагон

Өздігінен жүретін вагонның жетегі кабельмен қоректенетін электрлі немесе дизельді болуы мүмкін. Отандық өзі жүретін вагондардың тізбектеліп қоздырылатын тұрақты токты қозғалтқышы бар немесе қысқа тұйықталған роторы бар айнымалы токты асинхронды қозғалтқышы бар электрлі жетегі болады. Вагонның қозғалыс процесі кезінде қорек беруші кабель кабельдік барабанға оралып немесе тарқатылып отырады, бұл кезде кабельдің барабанға бірқалыпты оралуы және тұрақты керілуі кабель ораушымен қамтамасыз етіледі.

Әрбір ернеулік қос доңғалақ әрбір доңғалақта болатын редуктордан және кардандық біліктен тұратын механикалық трансмиссия арқылы өз электр қозғалтқышынан қозғалысқа

түседі. Рульдік

басқару

қос

доңғалақтың

екеуін

де

бұратын

гидрокүшейткішпе

жабдықталған. Түптік ысырмалы

конвейердің қозғаушы білігіне

қозғалыс

өзіндік электр

33

қозғалтқыштың редукторы арқылы беріледі. Конвейерді қосу және ажырату фрикционды муфтамен жүргізіледі. Ысырмалы конвейердің екі тақташалы шынжыры болады, ысырма адымы 400-500 мм, қозғалыс жылдамдығы 0,2-0,3 м/с.

ВС типті отандық вагондардың типаждық қатарға сәйкес жүк көтергіштігі5, 10, 15, 20 және 25 т болады.

Калий шахталарында ең көп тарағандары 5ВС-15 РВ вагондары (өзі жүретін вагонның 5 моделі, жүк көтергіштігі 15 т, кеніштік жарылыс қауіпсіздігімен орындалған) және 5 ВС -15 М (модернизацияланған) вагоны. Бұл вагондар 150 өрлерге шығып кете береді, олардың тасымалдау ұзындығы 200 м дейін, өнімділігі 450-800 т/ауысым. Жүк көтергіштігі 25 т электр жетегі бар өзі жүретін вагон жасалынып жатыр.

Шетелдерде дизельді және электрлі жетегі бар өзі жүретін вагондарды АҚШ – тың «Джой» фирмасы және ГФР «Зальц-гиттер» фирмасы жасап шығарады.

Негізгі әдебиет: 1, [265-290]; 2, [31-61] Қосымша әдебиет: 3, [91-117]; 4, [379-385]

Бақылау сұрақтары:

1.Тиегіш машиналардың қолдану аймағын атаңыз және олардың әсер ету принципін түсіндіріңіз.

2.Тау-кен өнеркәсібіндегі кәсіпорындарда жұмыс істейтінтиегіш машиналар қалай жіктеледі ?

3.Жазық және көлбеу қазбаларында тау-кен массасын жинау қалай жүргізіледі?

4. Тиепжеткізуші машиналарының тиеп-тасымалдаушы машиналардан конструкциялық айырмашылығын атаңыз.

5 дəріс. Ысырмалы қондырғылар, сым арқанды тасылым. Жалпы ма -ғұлматтар. Олардың құрылысы жəне негізгі тораптары. Сым арқанды тасылымдардың түрлері жəне сұлбалары. Сым арқанды тасымалдаудың жабдықтары. Сым арқанды тасымалдаудың артықшылықтары, кемшіліктері жəне қолдану аймағы.

Дәріс конспектісі. Жалпы мағұлмат. Ысырмалы қондырғы (5.1 - сурет) ысырма шығырынан, ысырмадан, алдыңғы және артқы сым арқандардан, ұштық және ауытқытушы блоктардан тұрады.

Ысырма жұмыс кезінде қайталамалы үдемелі қозғалыс жасайды.

Ысырма жұмыстық жүрісі кезінде қопсытылған тау-кен массасының үйіндісіне еніп өзі тиеледі де жүкті жер қыртысымен сүйретіп кен құдықтағытүсіру орнына дейін(5.1, а - сурет), тазалу жұмысы кезінде сөрелер арқылы вагоншаларға (5.1, б - сурет), және дайындау қазбаларын жүргізу кезінде вагоншаларға немесе конвейерге (5.1, в - сурет) тасымалдайды.

Ысырмалы қондырғылармен тау-кен массасын жеткізу кезінде әдетте ысырмалауды түзу бойымен тіке екі барабанды ысырмалы шығырларды пайдаланып жүргізеді(5.1, а сурет). Бұрыштап ысырмалау тау-кен массасын кезектесіп жеткізетін екі ысырмалы қондырғыны пайдаланып жүзеге асырылуы мүмкін.

Тау-кен массасы белгілі бір алаңшадан, мысалы кең, камерадан бір ысырмалы қондырғымен жеткізілуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда шығырдың үш жұмысшы барабаны болуы керек, олар бір алдыңғы және екі артқы сым арқанның көмегімен белгілі бір алаңша бойынша ысырма қозғалысын қамтамасыз етеді. (5.1, г - сурет).

Ысырмалы қондырғылардың артықшылықтары: тиеу және жеткізу операцияларының қатар жүргізілуі , конструкциясының қарапайымдылығы, күрделі тау-кен геологиялық жағдайларда жұмысының сенімділігі, ірі кесекті қатты жыныстар мен қатты рудаларды тасымалдау мүмкіндігі, еңістік бұрышы әртүрлі трассаларда жұмыс істей алуы, тасымалдау ұзындығын оңай өзгертуі. Ысырмалы қондырғылардың кемшіліктері: өнімділігінің аздығы, тасымалдау ұзындығының шектеулілігі, сым арқандардың тез тозуы, жоғарғы энергия сыйымдылығы, оның жұмысын автоматтандырудың күрделілігі, құрастыру-бөлшектеу жұмыстарының көлемінің көптігі.

34

Ысырмалы қондырғылардың өнімділігі орта есеппен150-450

т/аусым (ең үлкен

өнімділігі 800 т/аусым) құрайды, ұтымды тасымалдау ұзындығы 20-30

м, ең үлкені, мысалы

калий рудасын қазып алу кезінде250-300 м, ысырмалау трассасының еңкіштік бұрышы 350, тасымалданатын кесектің ең үлкен ірілігі 800-1000 мм.

1-ұштық блок; 2- ауытқытушы блок; 3-алдыңғы сым арқан; 4- ысырмалы шығыр; 5-кен құдығы; 6-тор елеуіші, 7- артқы сым арқан; 8-ысырма; 9-сөре; 10-забойлық конвейер

5.1 - сурет. Ысырмалы қондырғылардың сұлбалары

Ысырмалы қондырғылардың негізгі қолдану аймағыысырмалы штректермен немесе

 

орттармен тазалау кеңістігі бойынша қара және түсті металдардың рудаларын және тау-кен

 

химиялық шикізаттарды тасымалдау, мұнда руда тазалау кеңістігінен өзінің салмақ әсерімен

 

келіп түседі.

 

 

 

 

 

 

Қума тесіктерінен түскен руданы ысырмалы қондырғылармен кен құдығына жеткізеді

 

немесе вагоншаларға тиейді (люксіз тиеу). Ысырмалы қондырғыларды кеніштік шахталарда

 

сол сияқты

қазылып

алынған кеңістікке

толтырма материалдарын беру

үшін

жән

горизонтальды

және көлбеу қазбаларды жүргізу кезінде тау-кен

массасын

тиеу

үшін

пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

Құрылысы

және

негізгі бөліктері. Ысырмалы қондырғылар жылжымалы

және

стационарлы

болып

орындалады. Жылжымалы

қондырғыларда

ысырмалы

шығыр

қабылдаушы науамен және қайта тиеуші конвейермен жабдықталған өзі жүретін шассидің үстіне орнатылған. Мұндай қондырғыларды ысырмалы тиегіштер деп атайды. Олар бірақ өте аз қолданылады.

Ең көп таралып қолданысқа ие болғандары стационарлы ысырмалы қондырғылар, олар ысырмадан шығырдан, сым арқандардан, ұстап тұратын және айналма блоктардан тұрады.

35

Ысырмалар конструкциялық орындалуы бойынша тарақты, жәшікті, тарақты-жәшікті және күректі болып бөлінеді.

Ірі кесекті абразивті рудаларды жеткізу үшін бір секциялы бір жақты(5.2, а - сурет) және екі жақты (5.2, б - сурет) тарақты ысырмалар, көп секциялы қатаң немесе шарнирліжиналмалы (5.2, в - сурет) тарақты ысырмалар кең қолданылады. Қаттылығы үлкен емес майда кесекті тау-кен массаларын жеткізу үшін жәшікті ысырмалар(5.2, г - сурет), ылғалдылығы жоғары орта кесекті тау-кен массаларын жеткізу үшін тарақтыжәшікті

ысырмалар

қолданылады, олардың

бір секциялы қатаң тарақты

ысырмалардан

айырмашылығы биіктігі үлкен емес бүйір қабырғаларының болуы.

 

Ысырмалар құйылып, дәнекерленіп

немесе құрандалып дайындалады, сол

сияқты

габаритіне байланысты олар жиналмалы немесе жиналмайтын болып орындалады.

Тарақты ысырма (5.2, а - сурет) корпустан 1, артқы қабырғасынан, оның жұмыстық жиегі тозуға берік болаттан жасалған тістермен2 арқауланған, бүйірлік тартқыштан 3 және алдыңғы және артқы сым арқандарды бекіту үшін арналған екі сырғадан 4 және 5 тұрады.

Екі жақты тарақты ысырмалар(5.2, б - сурет) екі жұмысшы жиекпен жабдықталған, осының арқасында ысырмалар кез-келген жағымен жұмыс істей алады, және егер аударылып кетсе, онда оны бұрынғы орнына қайта қалпына келтірудің қажеттілігі жоқ.

Көп секциялы тарақты ысырмалар ені үлкен болмаса да бір секциялыларға қарағанда үлкен өнімділікті қамтамасыз етеді. Оларды ені 1,6-2 м болатын қазбаларда қолданады. Тарақты шарнирлі-жиналмалы ысырмалардың шарнирленіп бекітілген артқы қабырғасы болады, осының арқасында бос жүріс кезінде қума маңында қазба төбесінің астындағы кішкентай тесіктен ысырманың өтіп кетуін қамтамасыз етеді.

Жәшікті ысырмалар (5.2, г - сурет) ендіруге арналған пышағы бар артқы қабырғасынан басқа екі бүйір қабырғасы болады, бұл тарақты ысырмалармен салыстырғанда жеткізу кезінде жоғалымның аз болуын қамтамасыз етеді, бірақта олардың қолдану аймағы тек майда кесекті жүктерді жеткізумен шектеледі.

Төменнен басып алатын күректі ысырмалар тұйық қазбаларда майда және орта кесекті тау-кен массасын жеткізу үшін қолданылады.

Ысырманың басты параметрі бұл оның геометриялық сыйымдылығы(м3). Бір секциялы тарақты ысырмалардың сыйымдылығы 0,16; 0,25; 0,40; 0,60; 1,0 және 1,6 м3; жәшіктілердің сыйымдылығы – 0,25; 0,40; 0,60; 1,0; 1,6; және 2,0 м3. Ысырмалардың әріптік белгілері болады, мысалы СГ-04; СЯ-0,6.

Тарақты немесе жәшікті ысырманың есептік сыйымдылығына V (м3) байланысты (5.2, а - сурет) оның биіктігі Н, ені В және ұзындығы L мынадай қатынасты болады. 1:2:2,5 немесе

1:2:2.

5.2 - сурет. Ысырмалардың түрлері

36

Ендіру бұрышы α майда рудалар үшін25-300, ірі рудалар үшін30-600 тең етіліп қабылданады.

Жоғарыдан басып алатын ысырма массасын G0 (кг) оны рудаға ендіруді қамтамасыз ету шарты бойынша таңдайды:

G0 = p • В,

мұндағы р- жұмыстық жиек еніне В келетін, массасы, кг/см; майда руда үшін р= 1,2 – 2,5 кг/см, ірі руда үшін p= 4-7 кг/см.

Ысырманың ені В(см) қазбаның енімен Вв (м) шектеледі, ол В=100 kВв тең болады. Жоғарыдан басып алатын ысырмалар үшін қазба енін пайдалану коэффициентіk=0,4...0,5, төменнен басып алатын ысырмалар үшін k = 0,7-0,8 тең болады.

Ортақ білікті екі және үш барабанды және барабандар мен қозғалтқыш параллель орналасқан шығырлар қолданылады. Осы ысырмалы шығырлардың конструкциялары кинематикасы және барабандарды қосу тәсілі бойынша бірдей болады және де кеңінен үйлескен детальдарды пайдалануға болатындай етіп орындалған. Шығырларды басқару қолмен, аралықтан немесе автоматты түрде басқарылуы мүмкін. Шығыр жетегі әдетте электрлі, кейде-пневматикалық жетек қолданылады.

Екі барабанды ысырмалы шығыр (5.3 - сурет) қозғалтқыштан 1, қос тісті берілістерден 2 және 3. тұратын редуктордан, планетарлы редуктордан 6 және 7 тұратын жұмыстық және бос жүріс барабандардан4 және 5, тежеуіш құрылғысынан 8 және тежеуге қажетті құрылғыдан 9. тұрады. Планетарлы редуктордың екеуі де бір-біріне бірдей орындалған.

5.3 - сурет. Екі барабанды ысырмалы шығыр Айналыс қозғалтқыштан редуктор арқылы білікке 10 беріледі, оған қозғаушыға 13 еркін

отырғызылған сателиттермен 12 ілініске түсетін күн тәріздес шестерня11 қатаң бекітілген. Сателиттер басқа жағынан басты доңғалақпен14 іліністе болады, оның сыртқы тоғыны тежеуіш құрылғысымен 8 қапсырылады. Қозғаушы 13 бос білікке еркін отырғызылған барабандармен қатаң бекітілген.

Егер басты доңғалақ тежелмеген болса, онда ол планетарлы редуктордың корпусымен бірге еркін айналады, ал қозғаушы мен барабан айналмайды. Басты доңғалақты 14 тежеген

кезде, сателиттер 12 күн

тәріздес шестерняға11 қатысты

айналып,

барабанмен

бірге

қозғаушыны 13

айналысқа

түсіреді. Сөйтіп, қозғалтқыштың

үздіксіз

жұмысы

кезінде

барабандардың

қозғалыс

бағытының

қосылуы

қамтамасыз

,

етіледісонымен

бірге

ысырманың да қозғалыс бағыты өзгеріп отырады.

Шығыр шананың табанына15 орнатылған. Шығырдың корпусына роликтері16 бар бағыттаушы кішкентай рамалар бекітілген.

Шығыр қозғалтқыштарының қуаты МЕСТ15035-80 «Жер асты ысырмалы шығырлар» стандартына сәйкес 10, 17, 30, 55 және 100 кВт құрайды. Шығырдың әрбір типтік өлшемінің өзі белгілемесі болады, мысалы 30ЛС 2 СМ, 30 ЛС 2 ПМ және 55 ЛС 3 М, бұлар: бірінші екі сан киловаттпен берілген жетектің қуатын, ЛС - ысырмалы шығыр, келесі сан – барабандар

санын, С әрпі – осьтері бір немесе –П барабандар мен қозғалтқыш параллель орналасқандығын, М – модернизацияланғанын білдіреді.

37

Ысырмалы шығырдың тежеуіш рычагтарын басқару қолмен немесе осы рычагтарға аралықтан немесе автоматты түрде әсер ететін құрылғылар көмегімен жүргізіледі.

Қолмен басқару кезінде ысырма машинсті үнемі ысырмалы шығырдың жанында болады. Ысырмалы шығырды аралықтан басқару ысырманың тиелу орнының қасында болатын машинстпен жүзеге асырылады. Аралықтан басқару кезінде еңбек өнімділігі артып, ысырма қондырғысы машинистінің еңбегі жеңілденеді.

Аралықтан басқару сұлбасы алыстан шығыр барабандарын қосуды және ысырма жүгін

түсіргеннен кейін оның бос жүрісін автоматты түрде қайта қосуды қамтамасыз етеді.

 

Аралықтан

басқарылатын

шығырларда

гидроцилиндрлер

қолданылады, олардың

 

штоктары шығырдың тежеуші рычагтарымен қосылған. Цилиндрлерді басқару таратқыш

 

қорабында

құрастырылған

соленоидтардың

көмегімен

ауыстырылып

қосылаты

клапандармен жүргізіледі.

Ысырма машинистінің шығырды басқаруға арналған тасымалды блок-посты басқару

пульті таратушы қораппен иілгіш кабель арқылы қосылған.

 

 

 

Ысырмалы

шығырды

автоматтандырып

басқару

оның

жұмысын

машинисті

қатысуынсыз және сым арқан үзілген кезде қозғалтқышты өшіруді қамтамасыз етеді.

 

Соңғы

пункттерде

ысырма

жүрісін

ауыстырып

қосу

ысырмамен,

 

қондырғысының сым арқандарымен, оның барабандарымен немесе уақыт релесі көмегімен іске қосылатын бергіштерден (датчиктерден) импульстарды беру арқылы жүзеге асырылады.

Ысырмалы қондырғыларда пайдаланылатын сым арқандарөте жоғарғы беріктікте, иілгіш және тозуға төзімді болуы керек. Ысырмалы қондырғыларда қолданылатын сым арқандардың диаметрі шығыр қуатына сәйкес14-28 мм құрайды. Алты бұрымды айқастырылып өрілген сым арқандар пайдаланылады.

Ысырмалы қондырғылардың кемшіліктерінің бірі рудамен үйкеліскен кезде және барабандарға оралған кезде сым арқандардың тез тозуы.

Сым арқандардың шығыны әдетте жеткізілген 1000 т рудаға 25-40 кг құрайды.

Ысырмалы қондырығының блогы(5.4, - сурет) алып жүруге және бекітуге ыңғайлы болуы керек, оған сым арқанды кигізу және шешу оңай болу керек және массасы аз болу керек.

1- блоктың өзі; 2 – жақтары; 3- тіркеме құрылғы (вертлюг) 5.4 - сурет. Ысырма қондырғысының блогы

Сым арқанды тасылым түрлері және сұлбалары. Сым арқанды тасылым деп құрамдағы

вагоншалар

немесе

жеке вагоншалар

сым арқандар көмегімен рельсті жол бойынша

қозғалатын

шығырдың

немесе көтеруіш

машиналардың көмегімен қозғалысқа келтірілетін

көлікті айтады. Жабдықтарының қарапайымдылығы және әртүрлі тау-кен геологиялық жағдайларда қолдану мүмкіншілігі, кеніштік көлікті механикаландырудың ерте дәуірінде сым арқанды тасылымды қолдануға себепкер болды. Қазіргі уақыттта көліктің (конвейерлік, локомотивті) аса жетілдірілген тәсілдерінің пайда болып,олардың өндіріске ендірілуіне байланысты сым арқанды тасылымның үлестік салмағы үздіксіз төмендеп келеді, ал жаңадан салынып жатқан шахталарда олар тек қосалқы мақсаттар үшін(адамдарды, жабдықтарды, ағаш материалдарын көтеру және түсіру) қолданылады.

Сым арқанды тасылымның негізгі түрлері, бұлар бір немесе екі барабанды шығырлардың көмегімен ұшты сым арқандармен тасып шығару және ұшсыз сым арқанмен

38

тасып шығару сым арқанды тасылымның негізгі сұлбаларыбір-бірінен қолданылатын жабдықтарға байланысты, соңғы станциялардағы жолдардың дамуына және қозғалысты ұйымдастыруға байланысты айрықшаланады (5.5 - суретте көрсетілген).

Ұшты сым арқандармен тасымалдау а және б сұлбалары бойынша еңкіштік бұрышы 5-60 кем емес көлбеу қазбаларда тасымалдау үшін қолданылады. Құрамдарды жоғары тарту шығырдың көмегімен, ал төмен қарай өзінің салмақ әсерімен жүзеге асырылады. Бір ұшты тасылым кезінде а сұлбасы бойынша бір барабанды шығыр көлбеу қазбаның жалғасында камерада жоғарғы стациядан жоғары орнатылады, ал көлбеу жолдың горизонталь жолдармен түйісуі станциялардың екеуінде де көлбеу кірмелермен жүргізіледі. Төменгі станцияда сым арқанға тіркелетін поезд І кірмесі бойынша көлбеу қазбаға тартылады да ІІ стрелкасынан

жоғары көтеріледі, ол сонан кейін

өзінің

салмақ әсерімен жоғарғы кірме

ІІІ бойынша

жоғарғы станцияның жолына түседі.

Дәл

осы

сияқты поездардың жоғарғы

станциядан

төменгі станцияға түсірілуі жүргізіледі. Еңістік

бұрышы аз жерлерде поездарды жазық

жолдарға тарту үшін итергіштер немесе маневрлі шығырлар қолданылады.

 

Бір ұшты тасылым кезінде б сұлбасы бойынша сым арқандарды ауыстырып іліп отырған көлбеу қазбаның ұштық учаскелерін жазық етіп жасайды және штректермен горизонталь кірмелер арқылы түйіседі. Бұл сұлба кезінде жоғарғы станцияның жолдарында сым арқандарға тіркелген құрамдарды көлбеу қазбаға итеру үшін итрегіштер орнатылуы қажет.

Жұмыстарды ұйымдастыру тұрғысынан а сұлбасы б сұлбасына қарағанда қарапайым және ыңғайлы, осыған байланысты бұл сұлба өмірде кең қолданысқа ие болды.

Үлкен өнімділік қажет болған кезде екі барабанды шығыр көмегімен екі ұшты тасылым қолданылады (в - сұлба). Бұл тасылым тәсілі кезінде жүк тиелген және бос құрамдар көлбеу қазбамен қарама-қарсы қозғалыстар жасайды, осыған байланысты көлбеу кірмелерді қолдану тиімсіз болып табылады(кірме стрелкасының арғы жағынан жоғарғы құрамды көтеру кезінде төменгісі тіке жол стрелкасының арғы жағынан түсу керек болар). еді Сондықтан жоғарғы станция б - сұлбасындағыдай үш жол төселетін көлбеу қазбаның аузында горизонталь алаңшада орналастырылады. Көрсетілген в - сұлбасы үшін бремсберг бойынша тасылым кезінде жұмысты ұйымдастыруда бос құрамдар орта жолға қабылданады, ол жүк тиелген құрамдар кезекпен оң жақтағы және сол жақтағы жолдарға беріледі, сөйтіп сәйкес оң жақтағы және сол жақтағы сым арқандарға тіркеледі.

5.5- сурет . Сым арқанды тасылым сұлбалары

Төменгі станция маңында құрамдар жалғыз қосушы жолдың қысқа учаскесі арқылы өтеді. Сонымен бірге жүк тиелген құрамдар әрқашан станцияның бір жағына қабылданады, ал бостары басқа жағына беріледі. В сұлбасы бойынша тасылымның а және б сұлбаларымен

салыстырғанда артықшылықтары өнімділіктің екі есе үлкен болуы құрамдағы вагоншалар салмағының біркелкілігі. Кемшіліктері: қабылдап жіберу станцияларындағы жол сүлбаларының күрделенуі, қосымша маневрлеу механизмдерін(итергіштерді) қолдану қажеттілігі және бірнеше горизонттардан тасымалдау кезінде маневрлердің күрделілігі. Г,д

39

және е сұлбалары бойынша ұшты сым арқандармен тасылым горизонталь және көлбеу

қазбалары үшін қолданылады. Құрамдардың г сұлбасы кезінде қозғалысы қазбаның қарама –

 

қарсы ұштарында орнатылған және бір орыннан басқарылатынекібір барабанды

 

шығырлармен жүргізіледі. Жол айрыспағы қазбаның екі ұштарында немесе тек бір жағынан

 

орнатылуы

мүмкін. Бірірінші

жағдайда

тиеу

кезінде жылжытып

отыратын

қосымша

 

маневрлік шығырды қолдану, бір мезгілде бір құрамды

жылжытып, ал екіншісін тиеп

 

отыруға мүмкіндік жасайды.

Екінші жағдайда бұл операциялар кезекпен орындалады.

 

 

 

Д сұлбасы бойынша тасылым кезінде екі бір барабанды шығырлардың орнына артқы

 

сым арқан мен шкивтің көмегімен құрамдарды

қарама-қарсы

бағыттарда

 

жылжытып

отыруды қамтамасыз ететін бір екі барабанды шығыр қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

Қажетті өнімділік үлкен болған кезде бұл тасылым сұлбасы екі ұштыға айналуы мүмкін

 

(с сұлбасы). Екі сұлба үшін де барабандар білігінде

қатаң

бекітілген

екі

барабанды

шығырлар

немесе

тәуелсіз

қосылатын

барабандары

бар

 

ш(ысғырларамалы

 

түрлеріндегідей)

қолданылуы мүмкін. Бірінші жағдайда барабандарға сым арқандардың тек

 

бір қабаттық орамы рұқсат етіледі, бұл тасымалдау ұзындығын шектеуі мүмкін. Д және е

 

сұлбаларының кемшіліктері – сым арқанның көтеріңкі шығыны және артқы сым арқанды

 

тіркеу

–ажырату

 

бойынша

жұмыс

цикл

уақытын

 

арттырып

жіберетін

қосымша

операциялардың болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл

сұлбалардың

екеуі

де(әсіресе е)

тек

қосалқы ретінде,

жер

асты

станцияларында

 

маневрлік жұмыстарды механикаландыру үшін қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұшсыз сым арқанды тасылымның(ж сұлбасы), жоғарыда қарастырылғандардан

 

айырмашылығы,

үзіліссіз

әсер

ететін

тасымалдау

 

қондырғыларына

жатады

және

горизонтальды сол сияқты көлбеу қазбаларда қолданылады. Жетекші

және

керуші

 

шкивтермен бағытталатын ұшсыз сым арқан, жұмыс кезінде үздіксіз қозғалып отырады, ал

 

вагоншаларды тіркеу және ажырату арнайы тіркеме құрылғылардың көмегімен жүріп келе

 

жатқан кезде қолмен жүзеге асырылады. Сым арқанға вагоншаларды беру үшін (немесе одан

 

кету) өзі жылжытатан еңістер немесе итергіштер қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұшсыз сым арқанды тасылымның артықшылықтары өнімділігініңтасымалдау

 

ұзындығына

тәуелсіздігі.

Кемшіліктері:

еңбек

сыйымдылығының

 

үлкендігі және

 

вагоншаларды тіркеу және ажырату бойынша

жұмыстың қауіптілігі, қабылдап-жөнелту

 

станцияларында

маневрлердің

орындалуы, сол

сияқты

екі

жолды

қазбаларды

 

өтудің

 

қажеттілігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиет: 1, [218-229]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша әдебиет: 14, [80-88]; 15, [325-336]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.

Ысырмалы

қондырғылардың

 

қолдану

 

аймағы,жұмыс

істеу ,

принц

артықшылықтары және кемшіліктері туралы айтыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

Ысырмалы

қондырғылардың

қандай

түрлері

қолданылады? Олардың

 

негізгі

 

бөліктерін және параметрлерін атаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Тау-кен қазбаларын өту кезінде қандай механикаландыру құралдары қолданылады?

 

4. Сым арқанды тасылымның қолдану

аймағын

атаңыз

және негізгі

 

сұлбаларын

көрсетіңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Сым арқанды тасылым кезінде қандай жабдықтар, құралдар және құрылғылар қолданылады?

6 дəріс. Конвейер қондырғылары. Жалпы мағұлмат жəне жіктелуі. Жалпы мағұлмат жəне таспалы конвейерлердің жіктелуі. Тарту күшінің үйкеліспен берілудің физикалық негіздері.

Дәріс конспектісі. Жалпы мағұлмат және жіктелуі. Тау-кен кәсіпорындарында көлікті дамытудың болашағы үлкен бағыты оны конвейерлеу болып табылады. Бұл пайдалы қазбаларды қазып алудың ағымдық технологиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]