Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азастан республикасыны сайлау жйесі

.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
48.81 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының сайлау жүйесі

Қазақстандағы сайлау жүйесі[өңдеу]

Атқарушы органдардың қызметін Үкімет басқарды. Ал оның құрылуына Президент тікелей қатысады. Өз қызметінде Үкімет Елбасы алдында жауапты әрі Парламентке есеп беріп отырады. Тікелей және өздері сайлаған өкілдер арқылы халық ел басқару ісіне қатыса алады. Қазақстандағы сайлау республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқыктарын еркін жүзеге асыруга негізделген. Президентті, мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау құқығы негізінде өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті.

Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде «Қазақстан азаматтық партиясы», «Қазақстан халықтық республикалық партиясы», «Отан» республикалық саяси партиясы, «Қазақстан аграрлық партиясы» жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды.

Алдыңғы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер қоғамдық сананың түрліше тұстарын қамтыды. Өйткенмен, бұлардың ішінде саяси партиялар ғана қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде қалың көпшіліктің мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген соңғы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, ел аумағында пропорционалды сайлау жүйесі кіріктіріледі.

Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар. Қазақстанның социалистік партиясы (ҚСП) бұрынғы Коммунистік партияның тікелей мүрагері ретінде 1991 жылы 7 қыркүйек күні ҚКП-ның кезектен тыс XVIII съезінің шешімдері нәтижесінде саяси сахнаға шықты. 1991—1993 жылдары ҚСП ымырашыл саясат үстанып, солшыл-орталықшыл көзқараста болып, ықпалды болғанмен үкімет жүргізіп отырған саясатқа ашық келіспеушілік көрсете қоймады. 1994 жылдан бастап оппозициялық көңіл күйге ауысып, солға ығыса түсті.

1995 жылы партияішілік мәселелердің асқынуынан партия басшылығы мен облыстық үйымдардың саяси бағытында келіспеушіліктер туып, тұтас үйымдар коммунистер жағына шығып кетті. ҚСП қазіргі кезде нақты күші мен ықпалының жоқтығынан іске қабілетсіздігін байқатуда.

«Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы (ҚҰП) қоғамдық ұйымы алғашқыда 1991 жылы 4 қыркүйекте өткен құрылтай конференциясында Қазақстанның Республикалық партиясы (ҚРП) болып құрылды.

1999 жылы 29 мамырда Астана қаласында ҚРП-ның III съезі болып өтті, онда ҚРП «Алаш» ҚҰП болып өзгертілді. Съезде партияның жаңа Жарғысы мен бағдарламасы қабылданды, сайланбалы органның құрамы жаңартылды.

«Алаш» ҚҰП 1991—1992 жылдары айрықша белсенділік көрсетті. 1993—1994 жылдары республикамыз мемлекеттік егемендік алуына орай бірқатар саяси ұрандары көкейкестілігін жоғалтуына және басшылығы арасында алауыздык пайда болуына байланысты партияның көзқарасы едөуір өлсіреді. Ол 1995 жылғы Парламент, 1999 жылғы Елбасы сайлауларына қатыспады.

Қазақстан Халық Конгресі партиясы (ҚХКП) 1989 жылы құрылып, іле-шала Қазақстан аумағында басталып, Қазақстанның халқы және шетелдер құлшына қолдаған «Невада—Семей» антиядролық қозғалысының базасында дүниеге келді. ҚХКП 1991 жылы 5 қазан ісүні өткен I (құрылтай) съезінде бекітілді. Республикалық статусы бар Невада—Семей қозғалысының көпшілікке танымалдығына байланысты партия алғашқы кезде өз жақтастарын тауып, республиканың қоғамдық өмірінде аса зор белсенділікке ие болды. Алайда 1995 жылдың соңына карай О.Сүлейменовтың партиялық белсенділіктен қол үзуіне байланысты, ҚХКП партияішілік өзінің идеологиялық көзқарасын анықтау кезінде күрделі жағдайларды бастан кешірді.

Қазақстанның коммунистік партиясы (ҚКП) 1991 жылы қазан айында XVIII кезектен тыс (төтенше) съезден кейін құрылды. ҚКП мүшелері бұл датаны «өзін-өзі таратқан партияның қайта бірігуі» деп, ал өздерін 1903 жылы құрылған большевиктер партиясының заңды мұрагері деп есептейді. ҚКП-ны қайта біріктіру шешімі партияның XIX съезінде коммунистердің бір тобының коммунистік партияны социалистік деп өзгертуіне қарсылық білдіруінен келіп шықты.

ҚКП-ның республикалық статусы бар. Қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты 1997 жылы 17 ақпанда қайта тіркеуден етті. Өз қызметінің басынан-ақ ҚКП елдің қоғамдық-саяси өмірінебелсене қатысып келеді. Әсіресе 1998-1999 жылдары Елбасын сайлау және Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына депутаттар сайлау кезінде елсулі де тиімді кызмотімен көзге түсті.

Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП) республикалың қоғамдық бірлестігінің 1998 жылы 17 қарашада Ақтөбе қаласында І(құрылтай) жиналысы болып өтті. Республикалық статусы бар. Өз қызметінің алғашқы күнінен бастан ҚАП саяси белсенді өмір сүруде. Саяси сахнада өз бетінше еенімді өрекет етеді. Партияның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтуға және дамытуға үлес қосу.

««Отан» республикалық саяси партиясы» қоғамдын бірлестігі — «Отан» РСП 1999 жылы 19 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдайтын республикалық қоғамдық штаб қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының шешімімен «Отан» республикалық партиясы қоғамдык бірлестігі болып өзгертілді. Республикалық статусы бар. Алғашқы күннен бастап партия елдің саяси өміріне белсене араласты. Дүниеге келген күнінен бастап «Отан» РСП, өзінің ойынша, өз алдына қойған екі басты саяси міндеттерді орындаған: қатаң ұйымдық структура құрылды және 1999 жылы елдің өкілетті органдарына парламенттік және мәслихаттық орындардың көпшілігін иемденді.

«Қазақстанның аграрлық партиясы» (ҚАП) қоғамдық ұйымы — 1999 жылы Астана қаласында өткен құрылтай съезінің шешімімен құрылды. Съезд делегаттары ауыл шаруашылығын реформалауды қолдау туралы ойларын білдірді. Республикалық статусы бар. Ол ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғау, бағдарламалық және жарғылық мақсат-міндеттерін жүзеге асыру, өзін-өзі басқару принципінде әрекет етеді. Бүкіл Қазақстан қоғамының жағдайыи жақсартуға мүдделі.

Қазақстанның демократиялық партиясы (ҚДП) қоғамдық бірлесті.і 1995 жылы зиялылар тобы құрған «Азамат» қоғамдық қозғалысының тікелей мұрагері. 1999 жылы 27 наурызда Құрылтай съезі болды Республикалық статусы бар. Елдің қоғамдық, өмірінде партия белсенді бағыт ұстанып, көптеген баспасөз конференцияларында билік құрылымдарының қызметіне байланысты кез келген мәселеге партия басшылығының пікірін білдіреді, тығырықтан шығудың өзекті мәселелері мен шаралары туралы өз ойын ортаға салады. 2004 жылм.і сайлауға катысқан жок.

''«Ауыл» шаруа социал-демократиялық партиясы» («Ауыл» ШСДП) цогамдық бірлестігі — 2000 жылы 30 қаңтарда I съезі (құрылтай) болды. Республикалық статусы бар. Партия аграрлық партиямен шынайы идеологиялық келіспеушіліктер негізінде құрылды, аграрлық партия ауыл тұрғындарының емес, «делдал капитал» мүддесін қорғайды.

Қазақстан патриоттары партиясы (ҚПП) — 2000 жылы құрылған, негізгі мақсаты — Қазақстан халықтарының ұлттық қайта өрлеуі мен қалыптасуын, еліміздің тұрақты дамуын көздейді.

Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясы (ҚДП) — 2002 жылы құрылған, Қазақстанды одан әрі демократияландыру мәселелерін талқылауға белсене атсалысуда. 2004 жылғы сайлауда Мәжіліске 1 мандатқа ие болған.

«Руханият» партиясы — 2003 жылдың қазан айында тіркелген. Партияның әлеуметтік негізі — білім және денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет салаларының қызметкерлерінен құрылған. Парти» жоғары адамгершілікті, рухани бай қоғам құру міндетін алға койыи отыр.

Республикалық «Асар» партиясы — 2003 жылдың қазан айында құрылды. Идеялық түғырнамасы «Қазақстан—2030» стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес келеді, негізінен, ол билік орындары меп қоғамның назарын халықтың әлеуметтік мөселелері мен өмірлік мұқтаждарына аударады.

1991 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда көппартиялық жүйе қалынтасты. Оның жолға койылуында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев үлкен рөл атқарды. Оның қолдауымен көптеген демократиялық партиялар құрылып, елде саяси жағдайдың дамуы қоғамды нығайтуға негіз салды.

Көппартиялық жүйенің құрылуы Қазақстан Республикасында сайлау жүйесінің дамуына өсер етті. Қазақстанда депутаттыққа кандидаттар ұсыну құқығына сайлау ұжымдары ғана ие емес, өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтардың өздері де ұсына алады.

2006 жылғы 22 желтоқсанда Астанада өткен Республикалық саяси «Отан» партиясының кезектен тыс X съезінде жаңа саяси үйым — «Нұр-Отан» Халыктық демократиялық партиясы құрылып, оның құрамына «Қазақстанның азаматтық партиясы» мен «Қазақстанның аграрлық партиясы» жөне «Асар» партиясы кірді.

2005 жылы 4 желтоқсанында өткен Қазақстан Республикасы Президентін сайлау. 2005 жылғы 25 казан күні сайлау алды үгіт насихат жұмыстары басталды. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде 5 адам: Ерасыл Әбілқасымов, Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов, Мэлс Хамзаұлы Елеусізов, Нурсултан Әбішұлы Назарбаев, Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай дауысқа түсті.

Орталық Сайлау комиссиясы сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу Ережесін жөне сайлаудың ақпаратпен қамтамасыз етілуін анықтап, кандидаттарға мемлекет есебінен берілетін басылым аумағы мен эфирден берілетін уақыт бөліп отыратын.

2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Сайлауға жалпы есеппен млн 871 мың 571 адам (яғни 76,78% сайлаушылар) қатысты.

2005 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы ОСК (Орталық Сайлау комиссиясы) республикада Елбасын сайлаудың қорытындыларын ресми түрде жария етті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына сайлаушылардың 91,15%-ы дауыс I берді.

Сайлау күні 1605 бақылаушылар, соның ішінде 403 шетелдік БАҚ өкілдері сайлау учаскелерін аралады. Олар өздерінің есептерінде, Қазакстандағы сайлаудың заңға еш қайшылықсыз, қалыпты, ресми жағдайда өткенін ерекше атап өтті.

Сайлау қорытындысын есептегенде де ешқандай жөнсіздіктер болмағаны тіркелді. Жалпы, халықаралық бақылаушылардың айтуынша, Президент сайлауы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына сәйкес өткізіліп, еркін, жариялы жағдайда өткен сайлау деп бағаланды. 2005 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының шешімімен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып тіркелді. 2006 жылдың 11 каңтарында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Мазмұны [жасыру]

1 Мажоритарлық сайлау жүйесі

2 Пропорционалды сайлау жүйесі

3 Қазақстан Республикасының сайлау органдары

4 Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері

5 Сайлау округтері

6 Сайлау учаскелері

7 Дереккөздер

Мажоритарлық сайлау жүйесі[өңдеу]

Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Пропорционалды сайлау жүйесі[өңдеу]

Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:

дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);

қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік — партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының сайлау органдары[өңдеу]

Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

республикалық Орталық сайлау комиссиясы;

аумақтық сайлау комиссиялары;

округтік сайлау комиссиялары;

учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады).

Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері[өңдеу]

Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіліктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Сайлау комиссиясының басқа мүшелерін сайлау өткізу кезеңінде олардың келісімінсіз жұмыс берушінің ұйғарымы бойынша жұмыстан шығаруға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Сайлау комиссиясының мүшесі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға құқылы. Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты көрсетілген. Олар:

ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау;

жалпы жұрт таныған әдеп нормаларын сақтау;

азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

шешімдер қабылдау кезінде әділ және тәуелсіз болу;

кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметіне жария баға беруден аулақ болу;

аталған комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға міндетті.

Сайлау округтері[өңдеу]

Сайлауды өткізу үшін еліміздін әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен бірдей деңгейлес сайлау округтері құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы 67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық. және селолық кауымдастықтардың аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртутас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады.

Сайлау учаскелері[өңдеу]

Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде, емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады. Олар біртұтас жүйе құрайды. Бірыңғай сайлау комиссиясының жүйесіне ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде ОСК және аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округтерін құрады. Сайлау округтерінің: бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп аталатын үш түрі болады. Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдерге сай сайлау учаскелері құрылады. [1]