- •Зертханалық жұмыстардың тізімі
- •Зертханалық жұмысты жүргізу кезінде техника қауіпсіздігі
- •Типтік жабдықтың туралы түсініктеме және зертханалық жұмысты орындау кезіндегі электр қауіпсіздігі
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Амперметрді салыстыру әдісімен тексеру
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Тексеру хаттамасы
- •Вольтметрді салыстыру әдісімен тексеру
- •Жұмыстың орындалу тәртібі:
- •Тексеру хаттамасы
- •Электр механикалық аспаптар
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Амперметрдің өлшеу шектігін кеңейту
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейту
- •Жұмысқа дайындық
- •1. Вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейту әдістемесін оқу.
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Сандық өлшеуіш аспаптар
- •Жұмысқа дайындық
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •ЭлектронДы осциллограф
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Электронды осциллографты пайдаланып айнымалы кернеудің жиілігімен фазасын өлшеу
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Тұрақты және айнымалы ток көпірлерімен электр тізбегінің элементтерінің параметрлерін өлшеу
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Айнымалы ток тізбектерінің энергетикалық сипаттамаларын өлшеу
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Резистордың кедергісін жанама әдіспен өлшеу
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Өлшеу қорытындыларын өңдеу реттілігі
- •1. Индуктивтілікті өлшеу
- •2. Конденсатордың сыйымдылығын өлшеу
- •Электрлік емес шамаларды өлшеу
- •Жұмысқа дайындық
- •1. Температураны өлшеу.
- •2. Қысымды өлшеу.
- •2.2.2. Қысым датчигін сынау.
- •Жұмысқа дайындалу және орындау кезінде пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Зертханалық жұмысты орындағандығы жайлы бағалау
Зертханалық жұмыстардың тізімі
№ |
Зертханалық жұмыстардың атаулары |
Сағаттар саны |
1 |
Типтік жабдықтың туралы түсініктеме және зертханалық жұмысты орындау кезіндегі электр қауіпсіздігі |
1 |
2 |
Амперметрді салыстыру әдісімен тексеру |
1 |
3 |
Вольтметрді салыстыру әдісімен тексеру |
1 |
4 |
Электр механикалық аспаптар |
1 |
5 |
Амперметрдің өлшеу шектігін кеңейту |
1 |
6 |
Вольтметрдің өлшеу шектігін кеңейту |
1 |
7 |
Сандық өлшеуіш аспаптар |
1 |
8 |
Электронды осциллограф |
1 |
9 |
Электронды осциллографты пайдаланып айнымалы кернеудің жиілігімен фазасын өлшеу |
1 |
10 |
Тұрақты және айнымалы ток көпірлерімен электр тізбегінің элементтерінің параметрлерін өлшеу |
2 |
11 |
Айнымалы ток электр тізбегінің энергетикалық параметрлерін өлшеу |
1 |
12 |
Резистордың кедергісін жанама әдіспен өлшеу |
1 |
13 |
Конденсатордың сыйымдылығын және индуктивті орауыштың индуктивтілігін жанама әдіспен өлшеу |
1 |
14 |
Электрлік емес шамаларды өлшеу |
1 |
Зертханалық жұмысты жүргізу кезінде техника қауіпсіздігі
Зертханалық жұмыстардың ерекшелігіне, олардың электр тоғы соғу ықтималдығы (қауіпі) бар электр қондырғыларында орындалатындығы жатады. Әдетте студенттер электр қондырғыларда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін оқымағандықтан және квалификациясы болмағандықтан сабақты жүргізуді ұйымдастырға қатаң талап қойылады.
Техника қауіпсіздігі бойынша ережелерге және электр қондырғы құрылғыларының ережелеріне сәйкес зертханалық стендтерде жұмысты жүргізген кезде қауіпсіздікті жабдықтайтын техникалық шаралар қарастырылған, яғни корпустарды жерлендіру, қауіпсіздік сигнализациясы және блоктау, өшіргіштер, ескерту плакаттары қарастырылған.
Барлық студенттерге зертханалық жұмысты орындар алдында зертханалық стендте тәжірибе жүргізу үшін қауіпсіздік ережелері бойынша инструктаж жүргізіледі. Әрбір студент инструктажды өткендігі жайлы, ал оқытушы инструктаж жүргізгендігі жайлы техника қауіпсіздігі жұрналына қол қояды. Сабақ осы электр қондырғыларда қауіпсіздік ережелерімен таныс, білетін оқытушылармен жүргізіледі.
Зертханалық жұмысты орындау кезінде келесі электр қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
- зертханалық сабақ уақытында тыныштықты және тәртіп сақтау;
- аспаптар мен құрылғыларды күтіп ұстау;
- кернеу астында электр тізбегін оқытушы бар кезде қосу;
- электр тізбегінің параметрлерін өзгерту үшін, оны тек қорек көзінен ажыратқаннан кейін жүзеге асырылуы керек;
- зертханалық жұмысты орындау кезінде үзіліс жасағанда электр тізбегін қорек көзінен ажыратып тастау керек;
- зертханалық жұмысты орындау кезінде қатаң ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
а) сұлбаның және қондырғының ток өткізгіш бөлігін ұстауға немесе жанасуға;
б) кернеу астындағы тізбекті ауыстырып қосуға;
в) электр тізбегін, егер онда қандай да бір өзгеріс болатын болса, қорек көзіне қосуға, бұл кезде оны тек оқытушы тексергеннен кейін қосуға болады;
г) кернеу астында тұрған тізбекті қараусыз қалдыруға болмайды;
- өлшеу аспаптары мен қосқыш сымдарының бұзылғандығы байқалған жағдайда, тез арада бұл жайлы оқытушыға айту керек;
- адамды ток соққан жағдайда (немесе жарақаттанғанда) зертханалық стендті тез арада қорек көзінен ажыратып тастап, бұған жетекшілік ететін жетекшіні шақыру керек, ал дәрігердің көмегі қажет жағдайда оны шақырып, ол келгенге дейін жарақаттанған адамға сол жерде бірінші көмек көрсету керек;
- зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, оқытушының рұқсатымен электр тізбегін қоректен ажыратып, оны шешу керек, ал қосқыш сымдарды оларға арналған арнайы орынға қайтадан салу керек.
№1-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС