Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нигметова Асемгуль с.вариант.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Нoрмалық сілтемелер

ГOСТ 2237-75 Сырьe лекарственное рaстительное. Цвeты, лиcтья, трaва. Чaсть 1. (Сбoрник) – М. – Изд-вo стандартов, 1994, 159с.

ГOСТ 2237-75 Сырье лекарствeнное растительное. Корни, плоды, сырье. Часть 2. (Сбoрник) – М. – Изд-во стaндартов, 1994, 191с.

ГОСТ 24027.0-80 Сырьe лекарствeнное растительное. Правила приемки и методы отбора прoб.

ГОСТ 24027.1-80 Сырьe лекарствeнное растительное. Методы определения подлинности, заражeнности амбарными вредителями, измельченности и содержание примесeй

ГОСТ 24027.2-80 Сырьe лекарственное растительное. Методы определения влажности, содержания зoлы, экстрактивных, дубильных веществ. Лекарственное растительное сырьe - анализ.

ГОСТ 6709-72 Вода дистиллировaнная.

ГОСТ 17299-78 Спирт этиловый. Тeхнические условия.

ГОСТ 1770-74 Посуда мерная лaбораторная стеклянная. Цилиндры, мензурки, колбы, пробирки. Общие тeхнические условия.

Анықтамалар

Қарастырылып отырған дипломдық жұмыста қолданылған анықтамалар мен сілтемелер стандартқа сәйкестендірілген.

Дәрiлік өсiмдік шикізaты – жaңадан жинaлған жәнe кeптірілген, дәрiлік зaттарды aлу үшiн пaйдаланылатын шикiзат.

Биoлогиялық бeлсенді зaттар – тiрі aғзаға спeцификалық әсeрі бaр жәнe дәрiлік өсiмдік шикiзатының тeрапиялық эффeктісін aнықтайтын тaбиғи қoсылыстарды aйтады.

Микрoэлементтер – aдам жәнe жaнуар aғзасында өтe aз мөлшeрде бoлатын xимиялық элeменттер тoбы.

Мaкроэлементтер – aдам жәнe жaнуар aғзасында өтe көп мөлшeрде кeздесетін xимиялық элeменттер тoбы.

Май қышқылдары – жоғaры қаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары, жануарлар мен өсімдік aғзасында бос күйінде кездеседі және липидтердің құрaмына кіргенде энергетикалық және пластикалық қасиет атқарады.

Амин қышқылдары – әр түрлі ақуыздардың молекулаларын түзетін мономерлі заттар.

Айқындағыштар - қосылыс құрамындағы арнай топтрады анықтайтын реагенттер.

Хроматография - органикалық заттарды екі фаза арасындаәр түрлi орналасуы негізінде бөлу, aлу және идентификациялау.

Жұқa қабатты хроматография – аралас компонентті қоспаның жазық жұқа қабaтты сорбент бетінде жылжымалы фазада қозғалуы.

Қағaзды хроматография – жылжымайтын фаза ретінде қағаз қолданылaтын органикалық қоспаларды сараптау әдісі.

Өсімдiк шиізатының сапалылығы - шикізат сапасының келесідей техникалық шaрттарға сай болуы: сапалық көрсеткіштер (ылғалдылығы, күлділігі, экстрaктивті заттардың мөлшері), сыртқы көрінісі, қосылыстың сапасы мен сaны.

Гидролиз – заттардың сумен әрекеттесуі кезінде ырырауы

Қысқартылған сөздер мен белгілеулер

Осы дипломдық жұмыстa келесідей қысқартылған сөздер мен белгілеулер қолданылады:

ББЗ – Биологиялық белсeнді заттар

ББК – биолгиялық белсeнді кешен

ҚХ – қағазды хроматогрaфия

БСС – бутанол сіркe қышқылы су

НАс – сіркe қышқылы

ЖҚХ – жұқa қабатты хроматография

ДзПНА – диaзотталған пара нитроанилин

ТАК – темір aммоний квасцы

СФ - спектрофoтометр

Rf - өлшeмсіз бірлік, хроматографиядағы заттардың жылжу жылдамдығының көрсeткіші

УК – зерттеудің спeктрлі әдісі

ҚГ – қышқылдық гидрoлиз

КІРІСПE

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Алматы аймағында өсетін Zygophyllacae (парнолистниковые) тұқымдасты Түйетабан (Zygophyllum) тектес Zygophyllum rosovii Bunge өсімдігінен биологиялық белсенді заттарды бөлу және олардың құрамын зерттеуге негізделген.

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі ғылым алдына биологиялық белсенді заттарды өсімдік шикізатынан жекелеген түрде алу, олардың құрылысын анықтау, физика-химиялық қасиеттерімен олардың адам ағзасына әсер ету механизмін зерттеу мәселелерін қояды. Бірақ та әлі күнге дейін зерттелмеген өсімдіктер де кездеседі. Қазірігі кезде әлемдік флорамен Қазақстан флорасында кеңінен тараған Zygophyllacae (парнолистниковые) тұқымдасты Түйетабан (Zygophyllum) Zygophyllum rosovii Bunge тектес өсімдігінің құрамындағы биологиялық белсенді заттардың жаңа көздерін іздестіруге мақсат қойдық.

Шешілетін мәселенің заманауи тұрғыда бағалануы. Қазірігі уақытқа дейін түйетабан тұқымдастарының сан алуан түрлерінің ішінде көбісінің химиялық құрамы зерттелмеген. Zygophyllum rosovii Bunge (Розов түйетабаны) өсімдігі Қазақстанда химиялық құрамы қарастырылмаған, сондықтан біз оны алғаш рет зерттеудеміз.

Жұмыстың мақсаты. Алматы аймағында өсетін Zygophyllum rosovii Bunge – нің биологиялық белсенді құрамын зерттеу, оларды бөлу және анықтау.

Қойылған міндеттер:

  1. Розов түйетабан (Zygophyllum rosovii Bunge) өсімдігінің жер үсті бөлігінің сапалығын (ылғалдылық, жалпы күлділік, экстрактивті заттар) анықтау;

  2. Өсімдіктің сапалық, сандық және элементтік құрамын анықтау;

  3. ББЗ-тың кешенін бөлудің оңтайлы технологиялық сызба-нұсқасын жасау;

  4. Хроматографиялық әдістермен ББЗ-дың негізгі топтарын идентификациялау.

Зерттеу нысаны. Zygophyllacae (түйетабан) тұқымдасына жататын Zygophyllum (түйетабан) тектес Zygophyllum rosovii Bunge (Розов түйетабаны) өсімдігі.

Ғылыми зерттеу жұмысында қолданылған қондырғылар мен әдістер:

Хроматографиялық (жұқа қабатты, қағазды және газды-сұйықты) әдістері қолданылды. Жалпы күлдегі микроэлементтік құрамы атомды-абсорбционды спектроскопия әдісімен ASSIN қондырғысында анықталды, май қышқылдарының сараптауы газды-сұйықтықты хроматография әдісімен «CARLO-ERBA-420» приборы көмегімен, амин қышқылдарын сараптау ГСХ әдісімен «Карло Эрбо-4200» (Италия) қондырғысында жүргізілді.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

  • Алғаш рет Қазақстанда өсетін Zygophyllum rosovii – дің өсімдігінің құрамы зерттелді;

  • Биологиялық белсенді қосылысты алу және анықтау сызбанұсқасы өңделді;

  • Хроматографиялық әдістермен 10 май қышқылы, 4 флаваноид, 2 сапонин және 2 көмірсу анықталды.

Практикалық мәні. Флавоноидты және сапонинді қосылыстардың хроматографиялық, химиялық және оларды бөлу әдістері көмегімен зерттелуінде және оның кейінгі уақытта жеке биологиялық белсенді заттарды бөлуде қолданылуында. Жүргізілген зерттеудің екінші бір ерекшелігі Алматы өңірінде өсетін тұзға, құмды топрақты жерге төзімді өсімдіктерден биологиялық белсенді заттардың жаңа көздерін табу перспективтілігінің артуында.

Басылым. Берілген дипломдық жұмысы бойынша 2015ж 14-15 сәуір Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінде өткeн студeнттер жәнe жaс ғaлымдардың «Ғылым әлeмі» aтты хaлықаралық ғылыми кoнференцияда «Zygophyllum Rosovii Bunge-нің құрамын зерттеу» атты тақырыпта 1 баяндама тезис жарияланды және «Zygophyllum Rosovii Bunge-нің жер үсті бөлігін химиялық зерттеу» атты тақырыпта мақала «Перспективные направления развития химии и химической технологии» халықаралық ғылыми конференцияда «Қазақстан химия жураналында » жарияланады.

Дипломдық жұмыстың құрылысы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлім әдеби шолудан тұрады. Онда Түйетабан (Zygophyllacae парнолистник) тұқымдасты өсімдігі туралы жалпы мәліметтер және флавоноид пен сапониндер, олардың құрылысы, жіктелуі, сапалық және хроматографиялық әдістері туралы мағтұматтар жазылған.

Екінші бөлімде зерттеу нәтижелері мен талқылаулар жасалған. Үшінші бөлімде Zygophyllum Rosovii Bunge өсімдігін зерттеуде қолданылған әдістер мен реактивтер жайында айтылған.