Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айнура каз.doc
Скачиваний:
61
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
496.64 Кб
Скачать

5 Өндірістің техникалық қызметін жоспарлау

5.1 Кәсіпорындағы құралдардың техникалық қызметін және жөнделуін жоспарлау

Салада жерүсті құралдарын құрастыруды жалға алынған жөндеу цехтары: бұрғылау құралдарының жалға алынған жөндеу цехтары (БҚЖАЖЦ), құбыр бұрғылары мен құбырларды жөндеуге жалға алынған цехтар (БҚЖЖАЦ), электроқұралдар мен электрожабдықтауларды жөндеуге жалға алынған цехтар (ЭҚЭЖЖЖАЦ), мнайгаз кәсіпорындарын жөндеуге жалға алынған цехтар (МГКЖЖАЦ) жүзеге асырады. Бұл цехтар бұрғылау және мұнайгаз өндіруші кәсіпорындарда өндірістік база құрамына кіреді.

Өндірістік қызмет базасы бекітілген механикалық, энергетикалық, бұрғылық, мұнай кәсіпшілігі құралдарын, құрылғыларды және КИП пен автоматика құралдарын жүзеге асырады, жұмыс істеу жағдайында көмектеседі; механизмдер мен құралдар жағдайына жауап береді, жөндеу жұмыстарының жоспарлы және оперативті жүргізілуін, тораптар мен жеке бөлшектер модернизациясын қамтамасыз етеді; іске қосылатын объектілердегі автоматизация құралдары мен механикалық және энергетикалық құрылғылардың айналмалы жұмыс істеуін жүзеге асырады; мұнай кәсіпшілігі объектілерін қажетті тораптық және бөлшектік қорлармен қамтамасыз етеді; жаңа техникалық құралдарды сыналуға дайындық жұмыстарын жүргізеді; орнатылмаған қондырғыларды сақтау мен консервациялауды, қаржы есебін, қондырғының, құралдардың қозғалысын және техникалық жағдайын жүзеге асырады; қондырғылардың, құралдардың ескірген және істен шыққан түрлерінің сипаттамасы бойынша ұсыныстар шығарады; бөлім қорларына, тораптарға, бөлшектерге, құралдарға, қондырғыларды, механизмдерді, ұңғымаларды жөндеуге арналған материалдарға қажеттілікті анықтайды; қондырғыларды жөндеу жоспарын құрастырады (жылдық, тоқсандық, айлық); өз уақытында кәсіпорынды басқаруға негізгі кәсіпорын объектілеріндегі орындалған жұмыс нәтижелерін ұсынады.

Жерүсті қондырғыларының жөнделуі қондырғы диагностикасы және жоспарлы алдын ала жөндеу (ЖАЖ) жүйесі бойынша ұйымдастырылады.

ЖАЖ жүйесінің мәні - жоспарланған уақыт аралығының анықталған жоспарлануы бойынша, алдын ала қарастырылған жұмыс көлемімен бірге техникалық қызмет және қондырғылардың жөнделуі.

ЖАЖ жүйесі келесі іс-шараларды сипаттайды:

- техникалық қызмет көрсету;

- ағымдағы жөндеу жұмыстары;

- капиталды жөндеу жұмыстары.

Техникалық қызмет көрсету – бұл кезекті екі жөндеу жұмыстары арасындағы кезеңдегі бұйымның жасалуы немесе жұмыс жасау қабілеті бойынша операциялар кешені. Техникалық қызмет көрсету бөлшектердің үдемелі тозуын алдын алу үшін, реттеу жұмыстарын, майлауды, ақаулардың пайда болуын және олардың ескіруін өз уақытында жүргізу жолдарын анықтау үшін орындалады. Қондырғылардың техникалық қызмет көрсетуі сипаттайды:

- бұйымның техникалық жағдайын бақылау;

- жеке бұйымдарды ауыстыру, майлау, тазалау;

- ақауларды анықтау мақсатындағы реттеулер;

- ақауларды жөндеу жұмыстарының бөлігі.

Қондырғылардың техникалық қызмет көрсету түрлері:

- пайдаланылған құжаттарда орнатылып жасалған жұмыс маңызы немесе белгіленген аралық уақыт арасында орындалатын кезендік техникалық қызмет көрсету;

- күздік-қыстық немесе көктемдік-жаздық шарттарда пайдалануға арналған бұйымдарды дайындау мақсатында жүргізілетін мезгілдік техникалық қызмет көрсету. Бұл техникалық қызмет көрсету - құрылғыларды жіберу алдындағы жылыту, жылуды анықтайтын орнатылым жүйелеріне сәйкес келетін жуып-шаюмен бірге пайдаланылған материалдардың мезгілдік түрлерін ауыстыру бойынша операцияларды сипаттайды, т.с.с.

Техникалық қызмет көрсету пайдаланылған қызметкерлермен орындалады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары (А) – пайдалану үрдісінде қондырғылардың жұмыс қабілетін атқаратын кепілділік мақсатында іске асырылады.

Қондырғылардың ағымдағы жұмысы кезінде жүргізіледі:

- қондырғының бөлшектік реттелуі;

- жеке тораптарды жөндеу жұмыстары;

- істен шыққан бөлшектерді ауыстыру;

- жинақтау, реттеу және сынау (пайдалану инструкциясына байланысты).

Ағымдағы жөндеу жұмыстары қондырғыны пайдалану орындарында, жалға алынған жөндеу цехтарына шыққан жөндеу бригадаларымен немесе жөндеу цехының өзінде, жөндеу жұмыстары арнайы жабдықтармен құралдарды талап еткен жағдайларда жүзеге асырылады.

Капиталды жөндеу жұмыстары (К) – қондырғы ресурстарын және жұмыс істеу қабілеттілігін қайта қалпына келтіру мақсатында орындалады.

Капиталды жөндеу жұмыстары кезінде өткізіледі:

- қондырғылардың толықтай реттелуі;

- тораптар мен бөлшектердің жуылып шайылуы және ахуалдылығының тексерілуі;

- қондырғылардың жиналуы және реттелуі;

- жүктеме үстінде сыналуы;

- қондырғының боялуы.

Қондырғылардың капиталды жөнделуі – қондырғылардың жөнделуі негізінде өндірістік қызмет көрсетулердің орталық базасы бойынша (ӨҚОБ) немесе жөндеу механикалық зауыттары бойынша орындалады (ЖМЗ).

Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері:

- агрегатты әдіс: жөндеу цехтарына қондырғылардың істен шыққан агрегаттарын жібереді, ал қондырғаларды пайдалану орнында оларды жөнделген немесе қордағы қондырғылармен ауыстырады;

- тораптық әдіс: жөндеу цехтарына агрегаттардың жеке жөнделмейтін тораптарын жібереді және оларды қордағы немесе жөнделгендерімен ауыстырады. Бұл әдіс үдемелі (тиімді) болып саналады, себебі, қондырғы орнатылымдарын қысқартуға мүмкіндік береді және жөндеу сапасын жақсартатын бір типті торап қорларының жөндеу цехтарында пайда болуына жағдай жасайды. Кәсіпорынның тораптардың ауыспалы қорына жұмсалған шығындары агрегаттардың ауыспалы қорын жасауға жұмсалған шығындардан әлде қайда аз;

- агрегатты-торапты жөндеу цехтарында тораптар мен агрегаттардың ауыспалы қорлары жасалынады.

Жөндеу жұмыстарын жоспарлау жөндеу циклының, жөндеуаралық кезеңінің және қондырғының жөндеу циклы құрылымының көрсеткіштерінде орналастырылады.

Қондырғыларды жөндеу циклының құрылымы – бұл жөндеу циклындағы қондырғылардың ағымдағы және капиталды жөндеу жұмыстарының белгіленген рет бойынша кезектесуі.

Жөндеу циклы – бұл екі капиталды жөндеу жұмыстары арасындағы қондырғыны пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы.

Жөндеу аралық кезең – бұл екі аралас түрдегі жөндеу жұмыстары арасындағы қондырғыны пайдаланудың ұзақтығы.

Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру және қондырғылардың қызмет көрсету жолдары:

- мамандандырылған жөндеу зауыттарындағы қондырғылардың орталықтандырылған жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- жөндеу шаруашылығы құрылымы ұйымының орындалуы;

- тасымалдау технологияларын және жөндеу жұмыстарының тиімді әдістерін қолдану;

- жөндеу жұмыстары техникалық базасының іске асырылуы.

Кесте 5.1 – Бұрғылау және мұнайкәсіпшілігі құралдарының жөнделу циклінің құрамы және ұзақтылығы

Құралдың түрі немесе таңбасы

Негізгі қорлар шифрі

Жөндеу циклінің құрамы

Ұзақтылығы, машино-сағ.

Жөндеу циклінің

Жөндеуаралық кезеңнің

Шайқағыш станоктар

43405

К-15Т-К

44000

2750

АЯП-150 орталықтан тебуші сораптар

41500

К-5Т-К

12960

2160

9МГР поршенді сораптар

41506

К-7Т-К

17280

2160

Бұрғылау жүкшығырлары, бұрғылау сораптары

43400

К-9Т-К

6000

600

Бұрғылау кілттері

43404

К-9Т-К

1000

100

Жөдеу цехтарының өндірістік бағдарламасына кіретіндер:

  • табиғи және есептік түрдегі жұмыс көлемі мен номенклатура есебі;

  • қондырғының жөнделу жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетуді жүргізудегі күнтізбелік жоспар графигін өндеу;

  • жөндеу жұмыстарының тиімділігін жоғарылату мақсатындағы техникалық-ұйымдастыру іс шаралары жоспарының өнделуі.

Құрылғылардың табиғи түрдегі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау жоспарланған алдын алу жөндеу жұмыстары: жөндеу жұмыстарының циклы, жөндеуаралық кезеңі және жөндеу жұмыстары циклының құрылымы жүйесімен қарастырылған көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады.

Ағымдағы немесе капиталды жөндеу жұмыстарының саны келесі формулада, қондырғылар түрлері бойынша немесе жеке есептелінеді:

Рi = , (5.1)

мұнда Рi – сол түрдегі қондырғылар бойынша i- ағымдағы және капиталды жөндеу жұмыстарының жылдық саны;

Оi – i-түріндегі қондырғы бірліктерінің саны, дана;

Ф – қондырғылар бірлігі қорының жылдық күнтізбелік уақыты, сағ. (8760 сағ.);

Кр.в.i, Км.в.i – машиналық және жұмыстық уақыты бойынша i- түріндегі қондырғыларды пайдалану коэффициенті;

Лi – i- түріндегі қондырғының жөнделу циклындағы ағымды немесе капиталды жөндеу жқұмыстарының саны;

Тцi – i-түріндегі, қондырғының жөнделу циклы, сағ.

Қондырғылардың жөнделу циклының i-түріндегі ұзақтылығы келесі формула бойынша есептеледі:

Тцi = Ф * Тi, (5.2)

мұнда Тi – i- түріндегі, қондырғының жөнделу циклы, жылдар.

Қондырғылардың техникалық қызмет көрсетулерінің нормативті еңбексыйымдылығы келесі формула бойынша анықталады:

Ттоi = 0,1 * Нтрi * Оi * Ni * К1 * К2 * ... * Ке, (5.3)

мұнда Ттоi – i-түріндегі қондырғылардың техникалық қызмет көрсетулерінің нормативті еңбексыйымдылығы, адам, сағ.;

Hтрi – i-түріндегі, қондырғылардың ағымдағы жөндеу жұмыстарының еңбексыйымдылығының нормасы, адам, сағ.;

Oi – i-түріндегі, қондырғылар бірлігінің саны;

Ni – i-түріндегі, қондырғылар бойынша жылдық техникалық қызмет көрсету саны;

К1, К2,...Ке – пайдаланылу шартымен есептелетін жөндеу жұмыстарының еңбексыйымдылығының және i-түріндегі қондырғыларды орындау нормасының коэффициенті;

Қондырғының ағымдағы немесе капиталды жөндеу жұмыстарының нормативті еңбексыйымдылығы келесі формула бойынша анықталады:

Тткi = Нрi * Рi * К1 * К2 * ... * Ке, (5.4)

мұнда Тткi – қондырғының ағымдағы немесе капиталды жөндеу жұмыстарының нормативті еңбексыйымдылығы, i-түріндегі, адам, сағ.;

Рi – i-түріндегі, қондырғылардың ағымдағы немесе капиталды жылдық жөндеу жұмыстарының саны, адам, сағ.;

Нрi – қондырғының ағымдағы немесе капиталды бір жөндеу жұмысының еңбексыйымдылығының нормасы, адам, сағ.;

Қондырғыларды жөндеу жұмыстары және қызмет көрсету жұмыстары бойынша жұмысқа келетін қызметкерлер (пайдалану, жөндеу персоналдары) саны келесі формула бойынша анықталады:

Чяв = , (5.5)

Мұнда, Ттоi – жоспарланған кезеңдегі, i-түріндегі қондырғының техникалық қызмет көрсетуінің нормативті еңбексыйымдылығы, адам, сағ.;

Ттi – жоспарланған кезеңдегі, i-түріндегі қондырығының ағымдағы

жөнделуінің нормативті еңбексыйымдылығы, адам, сағ.;

Ткi – жоспарланған кезеңдегі, i-түріндегі қондырғының капиталды жөндеу жұмыстарының нормативті еңбексыйымдылығы, адам, сағ.;

n – кәсіпорындағы қондырғы бірліктерінің саны;

α – цехтың өзіндік қуатымен анықталатын, капиталды жөндеу жұмыстарының меншікті салмағы, бірлік мөлшері;

Фэф – бір жұмысшының жұмыс уақытының тиімді қоры, сағ.;

В – нормаларды орындау пайызы, %.

Жұмысшылардың тізімдік есептелуі келесі формуламен анықталады:

Чсп. = Чяв. * Кп, (5.6)

мұнда Кп – келген жұмысшылар санының тізімдік санына ауысу коэффициенті.

Өнеркәсіптің әртүрлі саладағы өндірісіне, цехтарды жөндеу жұмысшыларының жалақы қоры келесі формуламен есептеледі:

а) Солтүстік аудандық үстемеақы коэффициентімен бірге, жұмысшылардың негізгі жалақысы:

Зосн. = (1 + kпр.) * (1+kр.к.+ kс.н.) * Фэф. * Cтi * Чрi, (5.7)

мұнда Cтi – i-разрядындағы жұмысшының сағаттық тарифтік мөлшерлемесі, тг.;

Фэф. – бір жұмысшының жұмыс уақытының жылдық тиімді қоры, сағ.;

Чрi – i-разрядындағы жұмысшылардың тзімдік саны, адам;

kпр. – жұмысшылардың сыйлықақысын есепке алатын коэффициент, бірлік үлестері;

kр.к. – аудандық коэффициент, бірлік үлестері;

kс.н. – солтүстік аудандық үстемеақыларды есепке алатын коэффициент, бірлік үлестері.

б) Жұмысшылардың қосымша жалақысы келесі формулалармен есептеледі:

Здоп. = , (5.8)

Здоп. = Зосн.* Кд, (5.9)

мұнда До, Дд, Ду, Дго – кезекті, қосымша демалыстардың, оқу бойынша демалыстардың, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақытының ұзақтығы, күндер;

Кд – қосымша жалақыны есепке алатын коэффициенті, бірлік үлестері.

Көмекші цехтардың инженер-техникалық жұмысшылар жалақысының жылдық қоры, тарифтік лауазымдар (қызметтік) мен штаттық күнтізбеге тәуелді келесі формула бойынша есептеледі:

Зсп. = 12 * (1+ kпр.) * (1+kр.к. + kс.н.) *Доi * Чi, (5.10)

мұнда kпр. – сыйақыларды есепке алатын коэффициенттер, бірлік үлестері;

Доi – штаттық күнтізбеде i-қызметіндегі тарифтік лауазым, тг.;

Чi – штаттық күнтізбеде i-қызметіндегі мамандар саны, адам;

n – цехтың штаттық күнтізбедегі қызметтер саны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]