Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

есеп

.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
1.87 Mб
Скачать

2014-2015 оқу жылы бойынша

5 «А» сыныбында атқарылған жұмыстарға сараптамалық есеп.

2014-2015 оқу жылы бойынша оқу жылының басында 5 «А» сыныбында 23 оқушы бар, оның 9-ы ұл бала, 14-і қыз бала. Сыныпта 2 үздік оқушы, 11 оқу екпіндісі болды, тоқсан соңында да осындай көрсеткіш болғанымен 4 сыныптан екпінді оқушы болып келген 2 оқушы екпінділер қатарынан түсіп қалды. Олар: Құрманғазы Жаннұр, Жақсылықов Ақтілек. Олардың орнына басқа 2 оқушы қосылды. Олар: Жұмахан Айғаным, Туғанбаева Аида. Тағы бір оқушы Байжігітов Жәнібек, тек 1 ғана сабақтан төмендеп тұр, келесі тоқсанда екпінділер қатары тағы 1 оқушыға артады деп ойлаймын. Сыныпта қыркүйек айында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Барлық оқушылар қызығушылықпен белсене қатысты.

Сынып оқу үлгерімі жағынан да, тәртібі жағынан да жақсы деңгейде. Сыныптағы оқушылардың барлығы тәртіпті, барлығы үлгереді, белсенді, жауапкершіліктері де мол, әрқашан бір-бірлеріне көмекке келуге даяр тұрады. Тапсырылған істі ыждаһаттылықпен орындайды, қорыта айтқанда сынып өте ұйымшыл. Мектептегі және қалалық сайыстарға, басқа да қоғамдық, мәдениіс-шараларға қатысады. Зияткерлік ойындар, марафондар, олимпиадалар, онлайн жүйесіндегі олимпиадаларға қатысады, шығармашылық жұмыстарға бейім оқушылар да бар. Сыныптан 4 оқушы «Ақбота» марафонына , 3 оқушы онлайн жүйесіндегі олимпиадаға қатысты. Тоқсан бойында 12 бағыт бойынша тәрбие сағаттары жүргізіліп отырды.

Қазан айының басында қарттар күніне байланысты сынып оқушылары зейнеттегі ұстаз Тиесова Қуаныш апайды қарттар күнімен және келе жатқан ұстаздар күнімен құттықтап қайтты.

Ұстаздар күніне арнап «Ұстазым-алтын діңгегім!» тақырыбына тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты өте жақсы өтті, оқушылардың барлығы белсене қатысты, осы тәрбие сағат арқылы мен сынып жетекші ретінде сыныптағы оқушылармен жақын танысқандай болдым себебі сынып сағатында балалар өз өнерлерін көрсетті, осы арқылы мен қай оқушының қандай өнері бар яғни қай жағынан мықты екенін білдім. Ал қараша айының басында «Алтын күз» байқауы болды. Осы байқауды сынып бас жүлдеге ие болды.

Сыныптың әлеуметтік жағына келер болсақ сыныпта 21 толық отбасы, 2 толық емес отбасы бар. 1 оқушы анасыз отбасында, 1 оқушы әкесіз отбасында, 5 оқушы көпбалалы отбасында, 3 оқушы аз қамтылған отбасында тәрбиеленуде. Бұл отбасыларға мектеп тарпынан көмек көрсетіліп тұрады. Осы отбасының балаларының барлығына дерлік мектеп асханасынан тегін тамақ беріледі. Мектептен алыста тұратын балаларға жолды тегін жүру билеттері берілді.

Сыныптағы оқушылардың көпшілігі үйірмелерге қатысады. Таэквондо үйірмесіне – 1 оқушы, бокс үйірмесіне-5 оқушы, «Бояулар сыры» үйірмесіне – 5 оқушы, би үйірмесіне -1 оқушы, қолөнер үйірмесіне -2 оқушы қатысады, ал қалған балалар мектепішілік үйірмелерге қатысады.

ІІ тоқсанда басында 16 қараша күні ата-аналар жиналысы болды. Онда ата-аналар І тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Күн тәртібінде сынып оқушыларының оқу үлгерімі, тәртібі қаралды. 4 сыныптан екпінді болып келген 2 оқушы екпінділер қатарынан түсіп, орнына басқа 2 бала келгені айтылды. Ата-аналарға балаларының сабағын, тәртібін қадағалап отыру тапсырылды. Тоқсан бойында тәрбие жоспарына сәйкес сынып сағаттары өткізіліп тұрды. 12 бағытты қамтыған тәрбие сағаттарында оқушыларды әдептілікке, патритотизмге, білімділікке, өз құқығын білуге, тәртіппен ережеге бағынуға, ата-анасын сыйлауға, табиғатты аялауға баулимыз. Сынып оқушылары тоқсан бойында әр түрлі олимпиадаларға, сайыстарға, марфондарға, конкурстарға қатысып отырды. Осы сайыстар бойынша марапаттаулар, мақтау қағаздары, дипломдар және сертификаттарға ие болды.

2014-2015 оқу жылында қалалық пән олимпиадасынан Шлатай Аружан қазақ тілі пәні бойынша ІІІ орынды иеленді.

Жетекшісі: Бекмурзаева Нургуль Борибаевна

ШҒА 45 – ші деңгейлі ғылыми практикалық конференция шеңберінде «Бектауата таулары» тақырыбында Мейрбекова Индира ІІІ орынды иеленді.

Тоқсан соңында жаңа жыл кеші ұйымдастырылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. ІІ қорытындысы бойынша сыныпта 1 оқушы Жұмахан Айғаным екпінділер қатарынан түсіп қалды, бұл оқушы математика пәніне 3-ке қорытылып ынтасы төмендеп қалуына байланысты болы. Бұл оқушының ата-анасымен жұмыс жүргізіліп, балаға қатты көңіл бөлу керектігі айтылды. Ал Жақсылықов Ақтілек деген оқушы екпінділер қатарына қосылды. Келесі тоқсанда екпінділер қатары тағы да 2 оқушыға толығады деп үміттенеміз. Сыныптың ІІ тоқсан бойынша білім көрсеткіші 59% пайызды құрайды. ІІІ тоқсанның басында сыныбымызға Есен Айсұлу қайта қосылып, сыныпта 23 оқушы болды.

Келешек ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімді күшейту мақсатында 5-6 сыныптар саптық сайыс өткізілді. Бұл сайыста оқушылар бөлімше болып қатысты. Теңізшілер формасын кіп, өз тобына ат қойып, саппен жүріп ән шырқады. Саптық жүрістің бірнеше түрлерін көрсетті. Осы сайыста біздің сынып І орынды иеленді

Сыныптың ІІІ тоқсан бойынша оқу үлгеріміне келер болсақ, тоқсан соңында нәтижелер бойынша ІІ тоқсанда екпінділер қатарында тұрған Жақсылық Ақтілек екрінділер қатарынан түсті, ал Жұмахан Айғаным мен Байжігіт Жәнібек екпінділер қатарын толықтырды. Сонымен сыныптың оқу сапасының көрсеткіші 61 % пайызға жетті. Бұл біз үшін жақсы жетістік.

Көктемде өткен «Қыз сыны-2015» сайысына сыныбымыздан Төлеубек Қарақат қатысып жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

"Сары - Арқа Дарыны" халықаралық лингвистикалық "British Bulldog" сайысына 13 оқушы қатысып, 7 оқушы тек І орындарды иеленді

2014-2015 оқу жылы бойында 5 «А» сыныбымен атқарылған іс-шаралар легі осындай.