Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психотех жарнама 7.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
709.63 Кб
Скачать

Сауалнама «Жарнама шараларын қолдану динамикасын анықтау» сауалнамасы.

Құрметті сауалнамаға қатысушылар! «Жарнама шараларын қолдану динамикасы» анықтау сауалнамасына өз қатынастарыңызды білдірулеріңізді өтінеміз.

1.Теледидар арқылы жарнаманы көруді ұнатасыз ба?

А) Ия

Б) Жоқ

2.Газет оқығанда зейініңізді бірінші неге аударасыз?

А)Жарнама

Б) Ақпарат

3.Журналдағы жарнамада сізді көбінесе қай жағымен қызықтырады?

А)Көрнекілігі

Б)Мәліметі

4.Радио арқылы тыңдалған жарнаманың әсері тиімді ме?

А) Ия

Б) Жоқ

5.Көшедегі жарнамаға қалай қарайсыз?

А)Оң

Б)Теріс

Аты-жөніңіз:

Жас ерекшелігіңіз:

ФК-03-3к1 тобының студенті Абильдабекова Мөлдірдің «Жарнаманы қолданудың психологиялық аспектілері» деген тақырыбындағы дипломдық зерттеу жұмысына

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш теориялық және эксперименталды бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде жарнама психологиясының проблемасына қатысты ғылыми-аппарат бөлімі жинақталған.

Бірінші яғни теориялық бөлімінде жарнаманы қолданудың психологиялық тұжырымдамалары берілген. Сонымен қатар жарнама бейнелерінің қалыптасуындағы психикалық процестердің ролі және жарнамадағы мотивация психологиясы кеңінен талқыланады.

Екінші бөлімде жарнамалы шаралар психотехнологияларының қолданбалы мәселелері ондағы суггестивті психотехнологиялар, сонымен қатар жарнаманың адам психологиясына ықпалы жайлы сөз етіледі.

Үшінші бөлімде анықтаушы эксперимент көмегімен жарнаманың адам санасына әсері зерттелінуінің эксперименталды негізі қарастырылып, оның нәтижесі өңделген. Сонымен қатар жарнаманы беруде халықтың ұлттық-этникалық ерекшеліктерін саралап негіздейтін түйінді мәселелер қозғалады. Жарнаманы дұрыс қолдануға арналған практикалық-әдістемелік нұсқаулар ұсынылған.

Қорытынды бөлімінде бүкіл жұмыстарға тұжырымдамалы пікірлер келтірілген. Қосымшада әдістеме сұрақтары және кестелер бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі бірқатар маңызды жоғары еңбектер қатарынан құралып, мәтіндегі ғылыми сілтемелер ретінде сай реттеліп берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]