Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шп 1.docx
Скачиваний:
491
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
229.38 Кб
Скачать

37. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)

Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор.

Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды. 1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.

Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.

Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.

Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды.

38. 14 Ғ.Аяғы -20 ғ. Басы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы

20 ғасырдан бастап капиталистік қоғамда мемлекеттің маңызы өзгерді. Экономиканың теңгерімділігін қолдап, дамыту жолында мемлекеттің рөлі күшейді. Әсіресе, рынок пен монополияларды бақылау барысында экономиканың жеке меншік секторымен қатар мемл. сектор, яғни “мемлекеттік капитализм” пайда болды. Мемлекет мүмкіндігінше экономиканың дағдарысын болдырмау саясатын жүргізді, халықтың табысын қайта бөлу арқылы қоғамдағы әділетсіздіктің “тігісін жатқызуға” тырысты. Осы кезден бастап нарықтық экономикаға негізделген капиталистік ш. жүйесінде кейбір мемлекеттендіру және қоғамдастыру нышандары енгізілді.

Теорияшылар капитализм жүйесінің эволюциясына әр түрлі баға берді: кейбір идеологтар бұл өзгерістерді аралас

жүйенің пайда болуымен, яғни экономикада рынок нышандарымен қатар жоспарлау нышандарының да болуымен байланыстырды, онда мемлекет төреші ретінде рыноктың жүгенсіз күштеріне бақылау жүргізіп, түзетіп отырады деп түсіндірді. Коммунистер бұл өзгерістердің мәні жүйенің жаңа жағдайға бейімделуінде деген тұжырым жасады; капиталистердің пайдасын өсіру үшін мемлекет тарапынан жан-жақты көмек қажет деп есептеді. Олар ұстанған мемлекеттік-монополиялық капитализм тезисінің мәні осында. Қазақстанда капитализмнің дамуына қажетті алғышарттар 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптаса бастады. Осы кезден бастап натуралдық ш. күйреп, сауда-саттықтың едәуір ұлғаюына мүмкіндік туды. Сөйтіп, тауар-ақша қатынасының дамуына байланысты жергілікті рыноктың кеңеюіне жол ашылды. Жекелеген сауда капиталистері өнеркәсіп орындарын салуға қатыса бастады. Алайда Қазақстанда сауданың ең артта қалған, кіріптарлыққа негізделген түрі көп тарады, бұл несиеге сатумен, өсімқорлықпен ұштастырылды. Ақшаға зәрулік көшпелі халықты жоғары пайызбен қарыз алуға мәжбүр етті. Оның үстіне есеп айырысу заттай – қоймен және малдың басқа да түрлерімен жүргізілді. Өсімқорлық қазақ даласының еңбекші халқына зор ауыртпалық әкелді. Тауар-ақша қатынастарының қанат жаюы, сауда капиталы рөлінің артуы несие алу қажеттігін туғызды. 19 ғасырдың 80-жылдары қалаларда мемл. банктердің бөлімшелері ашылып, олардың айналымы шапшаң өсе бастады. Мысалы, Семей бөлімшесінің айналымы 1887 жылы15 млн. сомға жетті. Алайда жалпы ауылда капиталистік қатынастар баяу дамыды.Тауар өндірісінің дамуымен бірге бұрын көшпелі шарушылықтың мұқтажына қызмет еткен қолөнердің де сипаты өзгерді. 19 ғасырдың аяғына қарай майдагерлік өнеркәсіп дами бастады. Мұнда тауар өндірушілер тек тұтынушылардың тапсырмасымен ғана жұмыс істеп қоймай, сонымен бірге тауарларды (киіз үй, ер-тоқым, текемет, кілем, сырмақ, ағаш ыдыс-аяқ, т.б.) рынокқа арнап өндіре бастады.19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Ресейде капиталистік қатынастың дамуына байланысты Қазақстанның шикізат көзі, өткізу рыногі, капитал жұмсау аясы ретіндегі рөлі арта түсті. Қазақстанның біраз аумағы арқылы Сібір және Орынбор – Ташкент темір жолдары салынды. Мұның өзі орыс және шет ел капиталын әкелуге жағдай жасады, осының негізінде кен өнеркәсібі дами бастады. Қазан төңкерісі қарсаңында олардың акциононерлік капиталы 71 млн. сомға жетті. Капиталистер Қазақстанның бай табиғи ресурстарын пайдаланды. Ауыл шаруашылығы өнімін ұқсататын өнеркәсіп біршама жандана бастады. Өңдеу өнеркәсіп орындары қарапайым техникамен жарақтанған, небәрі 4 – 5 жұмысшы істейтін шағын, жартылай майдагерлік кәсіпорындардан тұратын еді. Қазақстанда темір жол желілерінің тартылуы оның түрлі аудандары арасында эконмикалық байланыстардың күшеюіне, олардың белгілі бір өнім өндіруге мамандануына мүмкіндік туғызды. Әсіресе, солт. аймақтарда сауда, егіншілік қалыптасты, ал басқа аудандарда тауарлы мал ш. дамыды. Сөйтіп, Қазақстанда ауыл шаруашылығының тауар қатынастарына тартылуы күшейе түсті. Сонымен 20 ғасырдың бас кезінде капиталистік құрылыстың рөлі елеулі түрде артты. Дегенмен олар үстем сипатқа ие бола қойған жоқ. Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстанда 20 ғасырдың 90-жылдары басталған саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар экономикада нарықтық қатынастардың кең ауқымда дамуына жол ашты. Бұл қатынастардың негізінде капитализм жатыр. Бірақ капитализм, жоғарыда айтылғандай, өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтеді. Қазақстан бұл сатылардың алғашқы кезеңінде тұр. Бұл – капиталдың алғашқы қорлануының сатысы. Оны “анайы” капитализм деп те атайды. Халықтың тез арада бай мен кедейге жіктелуі, жұмыссыздықтың, жемқорлықтың, қылмыстың кең өріс алуы осы кезеңге тән құбылыстар. Қазақстан Конституциясында әлеуметке бағдарланған нарықтық қатынастарды дамытып, аралас экономикаға негізделген қоғам құру көзделген. Бұл қоғамда жоғарыда айтылған кемшіліктерге орын болмайды. Қоғамның мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеріп, жеке адамның жан-жақты дамуына жағдай жасау.