Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

абзац

.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
20.34 Кб
Скачать

Күні: 21.09.2015 Бекітемін:

Пәні: Қазақ тілі Класс: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Абзац. Сөйлемдердің байланысы.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушылардың абзац туралы білімдерін қалыптастыру

дамытушылық: мәтінді абзацтарға бөле тілуге, сатылай кешенді талдай білуге үйрету

тәрбиелік: Ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 27-жаттығу. «Ана тілім» жаттау

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын өткен тақырыпты еске түсірейік.

1. Мәтін деген не?

2. Мәтіннің ерекшеліктері қандай?

3. Мәтіннің тақырыбы деген не?

4. Мәтіннің неше бөліктен тұратынын қайдан білеміз?

Яғни, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Абзац. Сөйлемдердің байланысы»

Абзац (азат жол) дегенді кім қалай түсінеді?

Абзац (нем. absatz - шегініс) - қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл шегіндіріп бастау.

Абзац бізге не үшін қажет?

Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.

ІҮ. Сабақты бекіту:

Мәтінмен жұмыс (әр оқушыға бір-бірден үлестіріледі)

Кім ақылды?

Ерден мен Еркебұлан бірігіп жап-жақсы ойнап жүр еді.Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп,түйісіп қалды.

Ерден бас жоқ,көз жоқ :

-Мен саған жол бермеймін! – деп қасқайып,безеріп тұрып алды.

Ал Еркебұлан:

-Мен саған бола ерегіскім де, ойынды да бұзғым келмейді, сен өте бер, - деді де, оған жол берді.

Сонда екеуінің қайсысы тапқыр, ақылды болғаны? (М. Төрежанов.)

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.

  2. Мәтінге жоспар құрыңдар.

  3. Ерден мен Еркебұланға мінездеме беріңдер.

  4. Егер Еркебұланның орнында болсаңдар,не істер едіңдер?

  5. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазып, мағынасын түсініп алыңдар,осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

  6. Мәтіндегі тыныс белгілері туралы әңгімелеңдер.

Ой толғаныс

Талқылау кестесі

Тапсырма

Мысал

Мәтіндегі негізгі ой

Ой жүйелілігі

Ой көркемдігі

Ү. Қорытындылау:

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Мәтін неден тұрады?

  3. Мәтіннің түрлері?

  4. Абзац дегеніміз не?

  5. Абзац мәтінге не үшін қажет?

ҮІ. Үйге тапсырма:

Өткен тақырып бойынша, сөзжұмбақ не ребус құрастырып келу.

ҮІІ. Бағалау:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]